Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аким жауап.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536 Кб
Скачать
☆

Тақырып 4. Әкімшілік жаза

  1. Әкімшілік жазалардың ұғымы және мақсаттары.

  2. Әкімшілік жазалардың түрлері.

  3. Әкімшілік жазаларды қолдану.

  4. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы.

Әкімшілік жазалар әкімшілік – мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Әкімшілік жаза, - делінген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 44 – бабында - осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

Сондай – ақ осы бапта әкімшілік жаза қолданудың мынадай мақсаттары белгіленген:

А) әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу;

Ә)құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу; Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттырудыоның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды.

Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 45 – бабында әкімшілік жазалардың мынадай түрлері белгіленген:

  1. ескерту жасау;

  2.       2) әкiмшiлiк айыппұл салу;

  3.      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою;       4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу; 

      5) арнаулы құқықтан айыру;

      6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; 

      7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 

      8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 

      9) әкiмшiлiк қамауға алу; 

      10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.

      Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың негізгі ережелерi Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің жеке тарауында реттелінген. Оларға мыналар жатады:

  • Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы ережелерi - әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс. 

  • Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар - кiнәлi адамның өкiнуi;кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау және тағы басқалар.

  • Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар- құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;  бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;  кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;  басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау және тағы да басқа мән-жайлар Кодексте көзделген.

  • Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу - судья мүлiктiк зиян келтiрген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, егер зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешумен бiр мезгiлде осындай зиянды өндiрiп алады.

  • Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу - Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

  • Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм және басқалар.

Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы – бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерi Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға және он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi,сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік актілер: [1], [2], [3]. [4].

Негізгі әдебиеттер: [5], [10], [12], [16].

Қосымша әдебиеттер: [1], [8], [11], [14].