Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аким жауап.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536 Кб
Скачать
☆

Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.

1. Іс жүргізудің құқықтық негіздері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтық міндеттері. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекс материалдық және іс жүргізу нормаларымен соттан тысқары да, сондай-ақ сот тәртібімен де жүзеге асырылатын әкімшілік – юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттейді. Онда ең алдымен тиісті органдар мен лауазымды адамдар нақты істерді қараған кезде басшылыққа алатын құқықтық негіздер, яғни негізгі жөн-жобалар заңды түрде бекітілген. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртiбi -әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi Кодекспен айқындалады.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар лауазымды адамдар туралы бұдан бұрынырақ айтылғандықтан, әкімшілік іс жүргізудің өзге қатысушыларына тоқталсақ. Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексте оларға мыналарды жатқызған: Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам - ол өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөнiндегi қаулыға шағымдануға, одан үзінді алуға және істегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.

Жәбiрленуші бұл - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық жағынан зақым келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдануға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.  Жеке адамның заңды өкiлдері. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйiне байланысты өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айрылған жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам. Куә-әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн.  Куәгер - Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады.  Маман - әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады. Аудармашы болып бiлiмi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде қажет болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн), iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы болып тағайындалады. Прокурор Кодекстiң 583-бабында көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға құқылы. Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етедi және оларды тексеруге қатысады; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп отырған адамға қатысты, оның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстiң қаралу процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн баяндайды; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу - өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары яғни әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы: 

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу; 

2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау; 

3) алып келу; 

4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу; 

5) құжаттар мен заттарды алып қою; 

6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру; 

7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу;

8) тексеру;

9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруге болады яғни, мұнда өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады. Сондай-ақ заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн: 

1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу; 

2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою; 

3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою. 

3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi. 

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік актілер: [1], [2], [3].

Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [5],[16].

Қосымша әдебиеттер: [1], [4], [7],[19]