- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері:
- •1.4. Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.8. Әдебиеттер тізімінің мазмұны: Нормативтік актілер
- •2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
- •1.9. Баға туралы ақпараттар:
- •Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
- •Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
- •Тақырып 4. Әкімшілік жаза
- •Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
- •Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.
- •Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.
- •Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.
- •Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
- •2.3. Семинар сабақтарының тақырыбы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған.
- •2.5. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақ жоспары.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе қарастырылмаған
- •2.8. Өз білімін тексеру үшін тест сұрақтары
- •1. Жеке адамға салынатын минимальды айыппұлдың мөлшері:
- •2. Ескерту қандай түрде жасалады:
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қашан қабылданды:
- •4. Әкімшілік қамауға алу мерзімі:
- •5. Арнаулы құқықтан айыруды кім қолданады:
- •6. Әкімшілік қамауға алуды кімдерге қолдануға болмайды:
- •7. Арнуалы құқықтан айыру жазасының мерзімі:
- •8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзімі
- •9. Қазақ сср әқ бк қашан қабылданды:
- •10. Сыбайлас жемқорлық және төтенше жағдай режим талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін мерзім:
- •11. Әқб жасаған адамға әкімшілік ұстау мерзімі қанша:
- •12. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жолы:
- •13. Лауазымды адамға салынатын минимальды айыппұлдық мөлшері:
- •14. Әкімшілік айыппұлдық лауазымды адамға салынатын максимальды мөлшері:
- •15. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық минимальды мөлшері:
- •16. Жеке адамға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •17. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •18. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға ұшырады деп есептеледі жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан бастап
- •19. Кәмелетке толмаған адам ол:
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер 3
- •Әкімшілік жауапкершілік пәні бойынша
- •«050301-Юриспруденция», «050304-Кеден ісі» мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь кµшесі, 38
Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының заңды күшіне енуі.
Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қабылданған қаулыны орындау да –юрисдикциялық іс жүргізу сатыларының бірі. Ол өзінің ерекше заңдық маңыздылығымен айырылады, өйткені әкімшілік –процессуалдық қызметтің бұл түрін іс жүргізу жөнінен анықтайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы: 1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн; 2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау: 1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды 2. Бiр адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам): 1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған; 2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған; 3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған; 4) Кодекстiң 703-бабында белгiленген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi өткен жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс. Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексте әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі белгіленген.
Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны оның көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау яғни әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам айыппұл салу туралы қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейiннен хабарлай отырып, айыппұлды әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулының заңды күшiне енген күнiнен не осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды мемлекеттiк бюджетке белгiленген тәртiппен жеке адам енгiзедi немесе заңды тұлға аударады. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау судьяның қамауға алу туралы қаулысын заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары орындайды. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату Кодекстiң 707-бабында көзделген өз еркiмен орындау мерзiмi бiткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаны қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн сотқа жiбередi. Айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен орындалады. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы қаулыны орындау - заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешiмнiң заңды күшiне енуi бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке кәсiпкер жедел орындауға тиiс. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны өздерінің құзіретіне жатқызылған құқық бұзушылықтар бойынша шекара қызметі органдары және ішкі істер органдары орындайды. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адам шығарып жіберілетін адамға бақылау жасалына отырып, өз бетімен кетуі арқылы жүргізіледі.Затты өтемін төлеп алып қою немесе тәркілеу туралы қаулыны сот орындаушысы, ал қару жөнінде – ішкі істер органы орындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Нормативтік актілер: [1], [2], [3].
Негізгі әдебиеттер: [5], [10], [12], [16].
Қосымша әдебиеттер: [1], [8], [11], [14].
