- •Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері
- •Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек
- •1. Жұптарда өзара бағалау
- •2. Топтардағы өзара бағалау
- •3. Оқушылардың түсіндірулері
- •4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
- •5. Өзін-өзі бағалау
- •Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
- •Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары
- •7. Түсіндірме тапсырмалар
- •8. Түзетулерді орындау
- •9. Диагностикалық сұрақ
- •10. Шеберліктің қол жеткізілген деңгейінің тестісі
- •11 Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"
- •12. Тұжырымдамалық картаны тексеру
12. Тұжырымдамалық картаны тексеру
Бұл жұмыс түсінудің терең деңгейлеріне бағытталған артықшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оқытуда ұзақ уақыт еске сақтауды дамыту үшін, біріншіден, ол құрылымды болу тиіс және бұл оқыту стратегиясы оқушылардың өз түсініктерін құрылымдауын талап етеді және бұл құрылымның тұрақты болуын тексереді.
Оқушылар өздерінің жеке концепт-картасын жасайды. Оқушылардан тақырыпты аяқтаған соң, басты сәттерді жинақтап, негізгі арақатынастар мен ұстанымдарды қамтитын «концепт-картаны» немесе крест тәрізді диаграмманы толтыруды өтінесіз. Осыны жасау тәсілдерінің бірі – барлық қалған тақырыптар осылармен байланысты болғандықтан, негізгі ұстанымдар, өлшемдер, себептер немесе сұрақтардан және т.б. басталатын принцип-Картаны жасау. Балама ретінде оқушылардан барынша дағдылы мазмұнға негізделетін картаны жасауды өтінуге болады.
Оқушылар өз карталарын топтарда үш-үштен салыстырады. Олар өздерінің карталарын, сосын бір-бірінің карталарын жетілдіру бойынша шаралар ұсынады.
Мұғалім олардың карталарын көрсетеді.
Топ олардың карталары мен мұғалім картасының арасындағы айырмашылықты белгілейді, оларды талқылайды, содан соң өздерінің карталарын, кейін бір-бірінің карталарын жақсарту шараларын ұсынады.
Осы жетістіктерге қол жеткізілді.
Осы қызметті сол тақырып бойынша шолу ретінде қайталауға болады.
Қалыптастырушы оқытудың қандай ерекшелігі бар?
Профессор Джон Хэтти кез келген басқа факторға қарағанда, оқыту сапасына кері байланыстың көп ықпал ететінін көрсетті. Сэдлер орын алуға тиісті оқу үшін оқушылар төмендегілерді білуге тиіс екенін көрсете отырып, кері байланысқа талдау жасады:
Мақсаты, мысалы, "Менің тригонометрия бойынша тікбұрышты үшбұрыштың шешімін табуым үшін дұрыс әдісті пайдалануым керек. Мен диаграммаларды дұрыс пайдаланып, өзім қолданатын әдістер мен теңдеулерді көрсете отырып, өз жұмысымды дұрыс жоспарлап, есептеулерді жасау барысында неғұрлым аз қате жіберуім керек".
Олардың бастапқы жағдайы: олар мақсатына қаншалықты жетті. Мысалы, олар нені дұрыс жасайды, ал нені дұрыс жасамайды. "Мен, әдетте, дұрыс әдісті пайдаланамын және өз жұмысымды тиісті түрде көрсетемін, менің диаграммаларым анық және мен өз жұмысымда оларды жиі қолданамын".
Мақсат пен олардың бүгінгі позициясы арасындағы үзілісті қалай жеңу керек, мысалы, "Менің синусты тангенспен шатастырмайтыныма көз жеткізуім керек. Мен күрделі диаграммалардағы тікбұрышты үшбұрыштарға дұрыс бөлуге тиістімін".
Қалыптастырушы оқыту стратегиялары (дамуға ықпал ететін), әдетте анық тәсілмен, ақпараттың осы үш маңызды бөлігін қамтамасыз етеді. Кері байланысты мұғалім ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жақсы ұсынатынына назар аударыңыз. Бұл, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылады.
Сілтемелер.
http://geoffpetty.moonfruit.com
“Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау” 2-басылым, Джеффри Пэтти, Нэльсон Торнс жариялаған (1998)
Issue 1
Date: 16/12/2011
