Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

11 Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"

Бұл қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісіне қарағанда, шамалы қатаңдау ,сонымен қатар, барынша көңілдірек тапсырма. Мен барлық деңгейдің оқушылары үшін осы ойын нұсқасын сипаттаймын, бірақ ол барынша озық оқушылар үшін оңай бейімделген болуы ықтимал.

Өткен аптаның немесе екі аптаның оқуын, тақырыпшаларының жауаптары бар, қол жеткізген шеберлік деңгейінің үш немесе төрт сұрағын жазатын оқушылар командаларының арасында бөліңіз. ( Блумның таксономиясы бойынша төменгі деңгей). Осы сұрақтар мен жауаптар маңызды материалдар бойынша құрастырылып, шынында да қол жеткен шеберлік деңгейінің сұрақтары болып табылатынына және жақсы жауаптар болатынына көз жеткізе отырып, тексеріңіз. Топтар одан әрі әрекет ету үшін өз карточкаларының жеткілікті көшірмелерін жасайды.

Төменде дағдыларды иелену тақырыбындағы ойын үшін сұрақтары бар каротчка үлгілері берілген. Осы сұрақтар мен жауаптарды жазған оқушылар көп нәрсені үйреніп қалған. Сұрақтарды мәтіндік редактордағы кестеге салуға болады. (Егер сіз жолдар мен бағандарды біркелкі бөлу үшін «Автоіріктеуді» орнатсаңыз, онда барлық карточкалар бірдей өлшемде болады). Содан соң қажет болған кезде сіз әр тақырып үшін әртүрлі түспен жұқа карточкаларға басып шығара аласыз және сұрақтар жазылған карточкаларды кесе аласыз. Басқаша жағдайда, олар қолдан жазылуы мүмкін.

Сұрақ:

Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестіне сұрақ қою үшін қолайлы екі басты сипаттаманы келтіріңіз

Жауап: 2-уін таңдаңыз:

Сұрақ өмірдегі білімді тексеріп, Блумның таксономиясы бойынша төмен деңгейде болуға тиіс.

Материал практикада қолданылған шығар

Сұрақ:

Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісі мен жай тесті арасындағы екі басты айырмашылықты келтіріңіз

Жауап: 2-інің біреуін таңдаңыз:

Оқушылар түзету жұмыстарын жасауға тиіс. Қорытындысында, барлығы тестілеуден өтеді. Мұнда бағалар қойылмайды, жай ғана өткені немесе әлі өтпегені анықталады. Сұрақтар Блум таксономиясы бойынша төмен деңгейлі болып табылады.

Оқушылар өз тобының сұрақтарын келесі топқа береді, сонымен, әр топ бірқатар сұрақтар алып, сұрақтар алмаса береді. Басқаша жағдайда, оқушылар жұппен карточкалардың толық жинағымен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне кезекпен сұрақтар қояды. Егер оқушылар сұраққа дұрыс жауап беретін болса, олар өздерінің фишкасын ойын сөресінің төбесіндегі бір квадратқа орын ауыстырады да, тау шыңына жақындай бастайды. Сұрақтар жазылған карточкалар қанша болса, квадрат та сонша болады. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда олар өздерінің «дұрыс жауап берілмеген карточкасын» сақтап қалады да, ойын кезінде дұрыс жауапты зерделеуі мүмкін. Тау төбесінің алдындағы бір квадрат, оқушылар өздерінің барлық «дұрыс жауап берілмеген карточкаларына» екінші рет жауап беру мүмкіндігін алатын, «базалық лагері» болып табылады. Ойынның міндеті төбеге алғашқы болып бару емес, екі «альпинистен» құрылған команда үшін екеуінің де тау төбесіне дейін жеткенінен тұрады.

Оқушылардың сұрақ қою мен бір-біріне жауап беру саласындағы зерттеулер тәсілдің жетістікке жетуді елеулі түрде жақсартатынын көрсетті. Неліктен бұлай болады?