Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде

Оксфорд Колледжінен Кэрол Найссен аталған стратегияны «Шаштараз ісі және сұлулық» пәнінде өзінің оқушыларымен бірге пайдаланады. Ол осы стратегияны бүкіл оқытушылар тобымен бірге пайдаланады, бірақ оны бір мұғалімнің пайдалануына арнап, оңай бейімдеуге болады.

Әр мұғалім әр сабақтың басында міндеттер қояды. Оқушылар арнайы осыған арналған дәптерлеріне белгілеп алады.

Оқушылар өз оқуын әр сабақтың соңында осы тапсырмалар аясында қарастырады.

Апта сайын оқушыларға арналған оқыту семинарлары өтеді, бұл семинарларда оқушылар бүкіл аптаның міндеттерін талқылап, неғұрлым көбірек алаңдаушылық тудыратындарын таңдап алады.

Мұғалім мұндай сабақта бүкіл сыныпта қиындық тудырған кез келген мақсат бойынша жұмыс жасайды.

Оларда қиындық тудырған тапсырмаларды шешу үшін оқушылардың жеке жұмысына көмектеседі.

Бұл үшін жиналысты бүкіл білім беру бағдарламасын өте жақсы білетін және дайындықсыз-ақ сөз сөйлеуге шыға алатын мұғалімнің өткізуі талап етіледі. Сондай-ақ, қажетті кітаптар мен басқа да оқыту материалдары болуы қажет.

Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау

Оқушылар үшін осы тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және сынып үшін «бұны қалай орындау керектігін» үлгілеу қажет.

  • Мұғалім бұл тапсырмада оқушылардың өз жұмыстарын өздері бағалауға тиіс екендерін және мұғалімнің оларды бағаламайтынын түсіндіреді (Алайда, мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын тексере алады).

  • Оқушылар сұрақтар сериясынан тұратын жаттығуды орындайды. Келесі кезең алдында өз жұмыстарын аяқтаған бойда тексеру жүргізеді.

  • Оқушыларға жауап үлгілері немесе мысалдар үлестіріледі. Оларда бағалар нұсқалары болуы мүмкін.

  • Оқушылар осындай үлгі жауаптар көмегімен өз жұмыстарына баға қояды. Егер олар жауапты немесе олардың жауаптарының неліктен дұрыс еместігін түсінбесе, көмек сұрамас бұрын, бұл туралы өздері ойлануға тиіс. Мұғалім қажет кезінде көмегін береді, бірақ жұмыс үшін баға қоймайды және әдетте оқушының өз жұмысына қойған бағасын да тексермейді.

  • Сосын оқушылар келесі сұрақтарға және т.с.с. кірісе алады. Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау біртіндеп, мысалы әрбір екі сұрақ бойынша өткізілуі мүмкін.

  • Оқушылар қалаулары бойынша өз қателерін түзете алады. Алайда, олардың бұл жұмыстарды бағалау үшін мұғалімге бермегені жақсы. Егер олар мұғалім мұндай жұмысқа баға қоятынын білсе, онда үлгілерден дұрыс жауаптарды көшіріп алады және оларды түсінуге тырыспайды! Егер мұғалім олардың жұмысын бағаламайтын болса, онда оларда өз жұмысын зерделеуге деген ынтасы болады.

Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «ымыралы» әдіс болып табылады.

Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындап көріңіз. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет!

Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Сіз олардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне аласыз. Олардан «осыны орындаудың ережелері қандай» деп сұраңыз. Жауап алғаннан кейін дұрыс жауаптарды белгілеңіз және «неліктен?» деп сұраңыз, яғни, аталған ереженің «неліктен» қолданатынын сұраңыз.

Қалыптастырушы тесті арқылы өзін-өзі бағалау

Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тест орындайды.

Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды.

Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады және олар төменде көрсетілгендей әрқайсысын белгілеу қажет:

  • Егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен (абайсызда болған қателерді қоспағанда).

  • Егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен.

  • Егер олар сенімсіз болса, сарымен.

Сіз тестіні орындай алдыңыз ба: Аты:

Қызыл

Орындай алмаймын

Сары

Сенімді емеспін

Жасыл

Орындай аламын

синус

косинус

тангенс

Пифагор

Оқытушы өз білімі мен біліктерінің мұндай тексерулерін қарап шығады. Егер тапсырманың жанында көп қызыл нүкте тұрса, онда мұндай тапсырма қаралған.

Оқушылар өздерінің әлсіз жақтарына пікір ретінде іс-әрекеттер жоспарын жазады. Мысалы, “Мен Пифагор теоремасын қолданатын кезде квадрат түбірге қатысты өз жауабымды білуге тиіспін”

Осындай іс-әрекет жоспарын оқытушы немесе топтасы тексеруі мүмкін (жақын досы болмағаны дұрыс). Мысалы, оқушылардан олар жұппен жұмыс жасаған кезде, сұрақтардың қалай құрылғанын түсіндіруді өтінуге болады (Бұдан әрі жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндіруді қараңыз).