- •Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері
- •Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек
- •1. Жұптарда өзара бағалау
- •2. Топтардағы өзара бағалау
- •3. Оқушылардың түсіндірулері
- •4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
- •5. Өзін-өзі бағалау
- •Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
- •Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары
- •7. Түсіндірме тапсырмалар
- •8. Түзетулерді орындау
- •9. Диагностикалық сұрақ
- •10. Шеберліктің қол жеткізілген деңгейінің тестісі
- •11 Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"
- •12. Тұжырымдамалық картаны тексеру
8. Түзетулерді орындау
Сіздің алғашқыда дұрыс түсінбеген сұрақтарға жауап алуыңыз - Сіздің дұрыс емес түсініктерді ұмытуыңыздың және түсінуді жақсартуыңыздың кепілі. Егер оқушылар өздерінің қателерін дұрыстау керектігін білетін болса, олар барынша мұқият бола бастайды. Дегенмен, жай ғана мүлт кетуден болатын қателер, әдетте, еленбеуі, ал бірқатар қателер түзетуді талап етуі мүмкін.
Осы стратегия, көптеген оқыту стратегиялары сияқты, өте қарқынды пайдаланылуы мүмкін. Егер Сіз оқушылардан өздерінің барлық жұмыстарын түзетуді өтінсеңіз және олар осылай жасауды жалғастыра алмайтын болса, бұл іс аса жалықтыратын болып саналуы мүмкін. Алайда бұл әдістің пайдаланылуы жеткіліксіз болуы мүмкін. Тапсырмаларды қалай дұрыс орындауын түсіну қажет болса, оқушылар кейде тапсырмалардың басқа түрлерін орындау керек.
9. Диагностикалық сұрақ
Бір ғана студентті сұрауға арналған мынадай екі балама тәсілді салыстырыңыз.
Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?» Студент: Иә |
|
Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?» Студент: Иә Оқытушы: «Неліктен?» Студент: Себебі тақ сан |
Бірінші сұрақ Блум Таксономиясының төменгі деңгейінде нақты және жасырын, танылмаған бола тұрып, студенттің жай сандардың – тақ сандар сияқты екенін дұрыс түсінбегенін көрсетті.. ‘Неліктен?’ сұрағы түсіндіру қажет болғаны үшін берілді, ол дұрыс емес түсіндіруді байқады. Келесі сұрау және түсіндіру қажет болған жағдайда дұрыс емес, ұсынуды барынша толық анықтау, сосын оны түзету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Сұрау – қателерді табу және оларды түзетуге арналған өте жақсы және жедел әдіс, бірақ ол егер сұрақтар диагностикалық болып табылатын және егер кезекті түзету болатын кезде ғана жұмыс істейді. Зерттеу сұрақтарын беріңіз және кезекті дұрыс емес сұрақтар нәтижесінде дұрыс емес ұсынулар туралы ойланыңыз. QCA материалында математика оқытушылары үшін осы әдістемеге қатысты қызықты нақтылаулар ұсынылады.
10. Шеберліктің қол жеткізілген деңгейінің тестісі
Шешуші тармақтарға сүйене отырып, қарапайым тексеру тапсырмасын немесе тесті өткізіңіз. Олар оқушылар үшін кез келген қызметті қамти алады:
негізгі фактілерді еске түсіруге арналған сұрақтар;
бірқатар жай есептерді орындау;
практикалық жұмыс;
бірнеше қарапайым емтихан сұрақтары және т.с.с.
Оқушылар өздігінше бағалайды. Оқушылар өз жауаптарын Сіз беретін жауаптар үлгісімен салыстырады және өздеріне бағалар қояды. Жауап үлгілерін қабылдау үшін және өз жұмыстарына өзіндік бағалау үшін сұрақтар жеткілікті түрде жеңіл болуға тиіс.
Оқушылар өздері дұрыс түсінбеген сұрақтарды белгілейді және осы сұрақтарға дұрыс жауаптарды белгілейді. Олар аудиториядан тыс, дұрыс түсінбеген сұрақтармен жұмыс жасау үшін, тест көшірмелері мен жауап үлгілерін ала алады.
Оқушылар бірінше рет дұрыс жауап бермеген сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындайды. Олар балама түрде өздері дұрыс түсінбеген ұқсас сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындай алады. Бұны бірінші тестіден кейін бірнеше күн өткен соң орындауға болады және көп уақыт алмайды. Егер оқушыларға көп сұрақтарға жауап беру қажет болса, олар бұны бос уақыттарында жасай алады. Оқушылар сондай-ақ қайталайтын тестілерді өздері бағалайды. Оқушылар кей жағдайларда осыған ұқсас, бірақ басқа тестіден өте алады.
Оқушылар кез келген жетістіктері туралы хабарлап отырады. Олар өздерінің алдына мақсат қояды, мысалы, 8/10 бағасын алу және олар көздеген мақсаттарына жеткенше жұмысты жалғастыратын болады.
Жоғарыда көрсетілген шешуші тармақтарды өзара түсіндірген кезде, оқушылардың материалды және оның құрылымын түсінгенін тексеріңіз, кем дегенде, «не» деген сұрақ қанша рет кездессе, оқыту пәніне сонша рет назар аударыңыз. Онда кейбір су асты тастары болатындықтан, осындай әдістеме туралы барынша толық түсінік алу үшін Джеффри Петтидің ‘Бүгінгі оқыту’ кітабын қараңыз.
