Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

1. Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.

  • Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.

  • Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.

  • Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.

  • Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.

Мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады! (әрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы сатыда жинай аласыз).

Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді. Бұл «мақсаттарды» айқындайды. Оқушылар олардан оқу пәнін анық түсінуді, сондай-ақ бірқатар мақсаттарды талап ететін өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Одан басқа, оқытудың тиімді әдісі болып табылатын оқыту үдерісінен дайын жұмыс шешімдерін алу жолымен мақсаттарды оқып-біледі.

Бұл тамаша тәсілдің көмегімен оқушылар өздерін сіздің бағалай алатыныңыздан артық бағалайды, бірақ оның пайдасы тек бұл ғана емес. Аталған әдісте бір «жасырын хабар» бар. Ол оқушыларға қателерді болдырмауды және оларды түзетудің жолын көрсетеді, алайда бұдан басқа ол қателерді жібермеуді және оларды түзетуге болатындығы туралы түсінік береді. Ол оқушыларға оқудағы жетістіктің туа біткен талантқа емес, жұмысты тиісінше орындауға байланысты екендігін көрсетеді. Мұндай хабарламаның маңыздылығын асыра бағалау қиын, дәлелденгендей бұл оқушылардың ынтсы мен жетістіктеріне зор әсер етеді. (Двектің тарату материалын қараңыз, moonfruit сайтындағы дәлелдеме туралы бет).

Оқушылардың жұмыс туралы тамаша пікір қалыптастыратындығына немесе қалыптастырмайтындығына қарамастан, Сізге үнемі араласа беруге болмайды. Қажетті нәтиже - оқушылардың өз пікірлерін түсіндіре отырып, қателерді түзету үшін жеке мақсат қоя білуіне байланысты. Егер осындай нәтижеге қол жетсе, бұл жеткілікті. Әрине, мен мұғалімдер оқушылардың жұмысын бағалауға тиіс емес деп отырған жоқпын, бірақ оқушылардың өзара бағалауының айрықша тиімді екенін еске сақтау керек.