- •Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері
- •Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек
- •1. Жұптарда өзара бағалау
- •2. Топтардағы өзара бағалау
- •3. Оқушылардың түсіндірулері
- •4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
- •5. Өзін-өзі бағалау
- •Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
- •Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары
- •7. Түсіндірме тапсырмалар
- •8. Түзетулерді орындау
- •9. Диагностикалық сұрақ
- •10. Шеберліктің қол жеткізілген деңгейінің тестісі
- •11 Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"
- •12. Тұжырымдамалық картаны тексеру
4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады.
Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасайды:
Не дұрыс емес?
Бұл неліктен дұрыс емес?
Бұны қалай түзетуге болады?
Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндіреді.
Егер оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқайтын болса, оны көрсетуге тиіс.
Сосын мұғалім оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұрайды және олардың жауаптарын құптайды немесе теріске шығарады. Мұғалім дұрыс қабылданбаған түсінікті мұқият түсіндіруі тиіс.
Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма. Оқушыларды шатастырмау үшін, мұндай тапсырмадан тақырыпты бастапқы оқыту сатысында аулақ болу қажет, бірақ ол тақырыпты меңгертудің соңында түсініктегі тұрақты қателерді анықтау және түзету үшін өте пайдалы. Егер оқушылар қателерді байқай алмайтын болса, демек, олар өздерінің жұмыстарын тексере алмайды.
Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер оқушы синусты тангенспен шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).
Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.
5. Өзін-өзі бағалау
Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады
Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
Үлгілер:
Оқушылар жаңа ғана кестені дайындады, олар өз жұмыстарын бағалау үшін сабақ барысында әзірленген және түсіндірілген бағалау өлшемдерін пайдаланады.
Оқушылар сабақ басында үш міндет қойылған «Шашты бояу» тақырыбында сабақ өтті. Тапсырмалар экранда көрсетіледі және оқушылар өздерінің оларды орындағаны немесе орындамағаны туралы талқылайды.
Оқушылар «Жазық аңғарлар» тақырыбында үш сабақ өтті. Мұғалім «Мен енді картадан жазық аңғарларды анықтай аламын» және т.с.с. нысанында болымды пікірлердің тізбесін жазады. Оқушылар бұл мақсаттарға қол жеткізе алатындықтары туралы бірігіп талқылайды.
Оқушылар екі таныстырылымның біріншісін енді ғана аяқтады. Олар алдын-ала анықталған өлшемдер бойынша бағалау жүргізеді және содан кейін келесі таныстырылым үшін жеке мақсаттар қояды.
Мұғалімнің бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалауға көмек ретінде сырт көзді пайдалануы
Төменде математика, жаратылыстану пәні және т.с.с. бойынша есептеулер үшін баға қоюға арналған сырт көз үшін бағалау берілген. Ол оқушылардың жігерін қалыпты түрде баға алуға емес, ең маңызды дағдыларға шоғырландыруға көмектеседі. Сырт көз бағалаудың қосымша үлгілерін алу үшін http://geoffpetty.moonfruit.com қараңыз.
Бағалау критерийлері |
баға |
Мұғалімнің бағалауы, өзара, өзін-өзі бағалау |
Әдістер: мақсаты – оны тиісті дәрежеде, мүмкіндігінше неғұрлым қарапайым және сауатты орындау. |
|
|
Расталған әдістер: Пайдаланылған қағидалар немесе формулалар түсіндірілген |
|
|
Жұмыс: мақсаты – жұмысты түсінікті етіп жасау; оны аяқтау; оңай орындау; қажеттілігіне қарай, пайдаланылған қағидалар мен формулаларды көрсету. |
|
|
Қабылданған шаралар: мақсаты – өзінің жұмысындағы қателерді тексеру және оны лайықты түрде ұсыну |
|
|
Түйінді күшті жақтары
|
|
|
