Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары

Жоғарыда айтылғанға қатысты осындай әдісті пайдаланған зерттеу математикалық ойлау бойынша әзірлікті екі есе дамытты (Блэк және Вильямның шолуын қараңыз (1998).

Оқушыларды мақсаттарды зерделеуге және талаптарға жауап беретін жұмыс ерекшеліктерімен таныстыруға мәжбүрлейді.

Оларға одан әрі қалай даму керектігі туралы шешім қабылдауға, яғни, іс жүзіндегі дағдылар мен оқытудың мақсаттары арасындағы ауытқушылықты анықтауға көмектеседі.

Оқушыларға өздерінің оқуы бойынша жауапкершілік жүктейді.

Оқушылар өздері туралы оқушы ретінде ойланады, осылайша қалай оқу керектігін үйренеді, бұл 'метатану' (ойлау туралы ойлану және өзінің оқуын өзіндік басқару) көптеген зерттеулерде оқыту үдерісін айтарлықтай жетілдіру ретінде қарастырылған болатын.

Көптеген теоретиктердің пікіріне сәйкес, өз білімін өзіндік бағалаудың ең маңызды артықшылығы осында: оқушылардың жетістік немесе сәтсіздіктің талантқа, сәттілікке немесе қабілетке байланысты емес, іс-тәжірибеге, жігерге және дұрыс сратегияларды қолдануға байланысты екенін түсінуге мәжбүрлейді. Оқушылар осыны түсінген кезде, олар өзін-өзі жетілдіруге ынталанады. Осы мәтіннің соңындағы мінез-құлықтың жеке түсініктемесін қараңыз.

6. Жалған баға

'Жалған' тапсырма – бұл жалған баға беру мақсатында мұғалім жасайтын тапсырма. Ол оқушының қиялынан жасалған болып ұсынылады. Мысалы:

Мұғалім ‘X’ және ‘Y’ екі тапсырмасын береді және оқушылардан оларды бағалауды өтінеді.

Математика немесе сол сияқты пәндер бойынша оқушыларға тапсырмалардың жауаптары беріледі:

Тапсырманың бір бөлігі бірдей дұрыс жауаптарды қамтиды, бірақ әдістер түсіндірілмейді және негізделмейді, кей жауаптар өте ұзақ, ал жұмыс мүлде түсініксіз.

Тапсырманың басқа бөліктері дұрыс емес жауаптарды қамтиды, бірақ әдісі дұрыс, толық түсіндірілген және негізделген, ал жұмыс жақсы әзірленген және түсінікті етіп баяндалған.

Оқушылардың көбісі мақсат дұрыс жауап алу деп болжайтындықтан, әдіс және жұмысты қарастырмай, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.

Жазбаша жұмыс үшін: Тапсырманың бір бөлігіде көп техникалық терминдер мен әсерлі сызбанұсқалар берілген, өте күрделі грамматикалық ұзақ сөйлемдер бар. Алғашқыда жалықтыратын болып көрінген жұмыс, сұраққа жауап бермейді. Екінші жалған тапсырма - қысқа, техникалық терминдерді қажет болатын жерлерде ғана пайдаланады және сұраққа өте жақсы және қысқа жауап береді. Тағы да, оқушылар әдетте тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін оқыған кезде, олар оған жеткілікті назар аудармайтындықтан немесе оларды жеткілікті түрде жақсы түсінбейтіндіктен, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.

Екі жағдайда да сынып талқылауды оқушылар өз бағаларын қойғаннан кейін өткізеді. Бұл оқыту мезеттерін атап өту және жақсы жұмыс өлшемдерін түсіндіру үшін пайдаланылады. Бұл талқылау өте маңызды және тапсырмалар көшірмелері бірдей болғандықтан, барлық оқушылар өз білімдерін өздері немесе жұптасқан жұмыста бағалайды. Мұғалім назарын осы жұмысқа және өлшемдерге бағыттай алады. “ ‘X’ жұмысына қараңыз. Өз жауабаңызды 3-сұрақ талап ететіндей етіп негіздей алдыңыз ба? Жауапты негіздеу нені білдіреді? Енді ‘Y’осыны қалай жасағанына қарап көрелік …”

Сіз жалған бағалауды бірінше рет пайдаланған кезде, оқушыларға бір тапсырмаға “А” бағасы қойылғанын, ал екіншісіне ‘D’ қойылғанын айту және олардан қайсысының қандай екенін сұрау қызықты. Әдетте, осылай болатындықтан, олар керісінше бағалайтын кезде, олардан тапсырманы үйде пысықтауды және негіздемелер әзірлеуді өтініңіз.

Оқушылар алғашқы рет жалған бағалауды орындайтын кезде, оларға бағалау өлшемдерін ұсынуға немесе ұсынбауға да болады. Егер бағалау өлшемдері берілмесе, өлшемдердің қаншалықты маңызды екенін және олардың неліктен болатынын атап өте отырып, жұмысты талқылауды аяқтауға болады. Дегенмен, егер өлшемдер соңынан көрсетілетін болса, оқушылар тек қана ұтады, олар осылайша оларды талқылауда байқап көретін және олардың нені білдіретінін зерделейтін болады. Жалған бағалау – оқушыларды бағалау өлшемдерін және бағалау әдісін түсінуге шын мәнінде мәжбүрлейтін озық тәсілдердің бірі. Мұғаліммен бірге талқылау кез келген дұрыс түсінбеушілікті түсіндіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жалған тапсырма шын мәнінде оқушының атын көрсетпей алдыңғы жылы орындаған тапсырмасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Сіз тіпті оның аты көрсетілмейтін болса да, авторлық құқық туралы заң орындалуы үшін, осы оқушының рұқсатын алуға тиіссіз. Егер оқушылар жұмыстарын электронды түрде ұсынатын болса, онда осындай мақсаттар үшін жұмысты сақтап қою аса қиын емес.

Көптеген оқушылар белгілі бір деңгейде 'сипаттау', 'түсіндіру', 'талдау' және 'бағалаудың' іс жүзінде ‘бірдеме туралы жазу’ дегенді білдіретінін болжайды Жалған бағалау шынында оларға бағалау әдісін түсінуге көмек береді.

Басқа пайдалы әдіс 'шешімдер - шешімдер' пайдалану болып табылады. Оқушыларға сөз тіркесін немесе мәтіннің қысқа параграфтарын сипаттау, түсіндіру, талдау және бағалауды жіктеу үшін береді.

Тапсырманың бір бөлігін жалған бағалау

Жоғарыда сипатталған сияқты, тапсырманың екі бөлігін немесе оларды талқылауға арналған уақыт әрқашан бола бермейді. Оқушылар ұқсас немесе бірдей тапсырмаларды орындаған соң бірден оларды түсінікті өлшемдермен салыстыруда өткен жылғы тапсырманы бір жақсы бөлігін ұсыну өте жақсы үй тапсырмасы болып табылады.

Оқушылар, негізінде, осыған ұқсас көп мысалдардан жақсы тәжірибе үйренеді. Бұл – оқудың өте табиғи тәсілі, жануарлар осылай үйренеді, ал біз түптеп келгенде – жануарға ұқсаспыз!

Оқушылар бірінші рет өздері бағалайтын жақсы жұмысты үстіртін көшіріп алуы мүмкін, бірақ мұғалімнің шебер түсіндіруінен кейін олар осындай жақсы жұмыстың маңызды ерекшеліктерін зерделейді және өздері көретін нәрсені жаңа жағдайларға бейімдейді.