- •Инвестициялыј-инновациялыј јызметтi талдаудыЎ Јылыми негiзi.
- •1.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
- •Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу көзі
- •1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері
- •2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру
- •Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
- •Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
- •2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
- •2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
- •Ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдағы қызметкерлер саны
- •Ғылым саласы бойынша аспиранттар саны
- •Ғылым салалары бойынша бітіруші аспиранттар саны
- •3 Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін дамыту мен жақсарту мәселелкері
- •3.1. Инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету
- •Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері
- •3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
Инновациялық қызметті қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту, комерциялық несиелеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрғындардың нақты кірісінің жоғарлауы мен мемлкетке сенімділіктің қайта орнына келуі инновациялық қызметке тұрғындардың жинақтарын тартуға мүмкіндік береді.
Комерциялық несиелеу жабдықтаушылардың өз сатып алушыларына төлемді кейінге қалдыру түрінде, векселмен рәсімделеді. Вексельдік айналым инновациялық қызмет саласында кең таралуы мүмкін. Тұрғындардың ағымдағы жинағы бірнеше миллиард доллармен бағаланады. Бұл қаражаттардың көп бөлігі байлардың қолында. Ол тұлғалар бұл қаражаттарын қысқа мерзімде жоғары кіріс әкелетін активтерге, жинақтау көзі ретінде немесе шетелге жіберіп отыр. Шетелдерде жаңалық енгізулерді қаржыландыру үшін арнайы қор көздері тартылады, оларды кіші және орта кәсіпорындарға беру кезінде мемлекеттік кепілдік көрсетіледі.
Венчурлы инвестициялық Қазақстанда қажеттілігі қаз/ң банк жүйесінің өнеркәсіптерді қаржыландыруға мүмкіндігі жоқтығына байланысты. Қазақстанның корпоративті құнды қағаз нарығы спекулятивті болып табылады. Қазір мемлекеттік құнды қағаз нарығы экономикаға көлемді және тиімді капитал салудың көзі бола алмайды.
Қазақстан нарығындағы трансулттық компониялар (шикізат саласында, қоғамдық тауар өндіріс, телекоммуникация саласы мен жоғары технология саласында) тұрып қалған өндірістік қуаттарға инвестициялар салмайды.
Инновациялық инвестициялар (венчурлы) негізінде альтернативті капитал нарығының дамуы инвесторлар мен жаңа технологияны құрушылар арасындағы қызығушылықтардың келісуіне мүмкіндік береді.
Венчурлы (инновациялық) қорлар-инвестициялық қорлардың бір инновациялық өнімді тұтынушы мен құрушы, тұрғындардың жинақтары және мемлекет есебінен қалыптасады. Инновациялық қорлар, инновациялық жобаларды жеңілдіктер есебінен қаржыландыра алады. Ол инновациялық қызметті қаржыландырады әртүрлі көздерден қайта бөлу арқылы жүзеге асырады. Инновациялық қорлар инновациялық қорларды қаржыландырумен қатар, инновациялық кәсіпорындар мен жеке ғылымдар мен мамандарға қаржылық көмек көрсетумен айналысады.
Инновацияны қаржыландырумен байланысты тәуекел қордың акционерлік капиталындағы үлесінен бөлінеді. Пайда табу мүмкіндігі, бірнеше инновациялық жобаларға қаражат салу арқасында жоғарлайды.
Қаржы-несие қызметімен қатар, инновациялық қорлар көптеген делдалдық қызметтер атқарады-ақпараттық қамтамасыз ету, инновациялық жобалардың патенттік талдау, лицензиялау, кеңес беру және т.б. Мұның бәрі инноваторлар қызметіне оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Венчурлы инвестициялар деңгейі Қазақстанда өте төмен. Ол венчурлы инвестиция жүйесініңдамуына мүмкіндік жасайтын құқықтық негіздің болмауына, интелектуалды меншік саласындағы қатынастардың реттелмегенімен, инновациялық жобалардың нарықтық мүмкіндіктерін бағалайтын менеджерлердің болмауынна байланысты. Венчурлы қорларды басқару, инновациялық жобаларды іздеу, сараптау, талдау, басқарумен айналысатын инновациялық компаниялармен жүзеге асады. Мұндай қор, қаражаттық қаражатынан басқа, инновациялық кәсіпорындарға маркетинг, аудиторинг (бухгалтерлер мен заңгерлер) ақпараттық және т/б кеңес қызметтерін көрсетеді.
Инновациялық қызмет тәуекелді сипатта болғандықтан, венчурлы (инновациялық) қорлар өз тәуекелін диверсификациялап, бірнеше жобалар жиындығын жасау керек. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, инновациялық қорлар есебінен қаржыландырылатын 10 жобаның 9 зиянды болуы мүмкін, бірақ соңғы жоба 1000% пайда алып келуі керек, 100% пайда табу үшін. Бұл елдерде инновациялық қорларға комерциялық банктер, корпорациялар, жеке тұлғалар, инвестициялық банктер, с/қ х/а инвесторлар өз инвестицияларын салады.
Қазақстанда венчурлы қорлардың көзі болып, сауда және өнеркәсіптердің артық капиталы жеке жинақ капиталынан тұруы мүмкін. Ұзақ мерзімді қаржы капиталын, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары беруі мүмкін. Венчурлы қорлар криминалды капиталдың көп бөлігін тартуы мүмкін. Мұндай салымға тәуекел капиталын салған инвесторлардың белсенділігі олардың материалдық қызығушылығының деңгейін көрсетеді. Мұндай қызығушылық келесідей жағдайға байланысты болуы мүмкін:
жоғары пайыз алып келетін басқа капитал салу әдістерінің болмауы;
несие нарығында басқа да операциялар үшін ссудалы пайыз мөлшерінің төмендігі;
мемлекеттің ақша-несие саясатының тәуекелге қаржылық қолдауы;
өнеркәсіп-қаржылық топтардың біріктірілген қызығушылығы және т.б.
Отандық венчурлы тәуекел нарығын дамыту үшін, менің ойымша несие ресурстарының нарығында жеңілдіктерді мемлекеттік жолдармен беру, оларға қолдау көрсету, с/қ инновациялық фирмалар мен венчурлы кәсіпорындарға салықты төмендету керек.
Инновациялық жобаларды қаржыландыруда белсенді орынды шетелдерде зейнетақы қоры алады. Бірақ Қазақстандағы зейнетақы қорлары комерциялық қызметпен айналысуға құқы жоқ. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтерін орналастырумен арнайы компаниялар айналысады. Бұл қорлармен арақатынасы активтері басқару келісім шарты негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері инновациялық жобаға салынған біздің елде 10% аспайды. Ал экономикалық дамыған елдерде зейнетық қорлары ірі инвесторлар болып табылады. Қазақстанның зейнетақы қорларының инновациялық жобаларды қаржыландыруын жоғарылату үшін олардың қызметін арнайы заңдарға, негідеп, нормативті қамтамасыз ету керек.
Инновациялық процестерді жанама қаржыландыру түрі болып-франчайзинг табылады. Франчайзинг-жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір тауар белгісі арқасында, тауар немесе қызмет өндіруге, немесе сатуға лицензия беруі. Франчайзинг өндіріс технологиясын қалыптастыру, нарықты қамтуға, қызметкерлерді оқытуға, жарнамаға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді сондай-ақ басқа да қаржылық, технологиялық және коммерциялық көмек көрсетеді. Бұл жаңа кәсіпорындар өзі жеке құру кезінде п/болатын тәуекел деңгейін қысқартады. Келісім шартта лицензия берілетін мерзім, тауар және қызмет өндірілетін немесе сатылатын территория, төлем түрі көрсетіледі.
ҚР ТМД елдерінің ішінде тікелей шетел инвестициясын тартатын негізгі мемлкеттің бірі болып табылады. ТШИ көлемі бойынша екінші орынды алады. Қазіргі таңда ТШИ Қаз. Эк/ң кейбір секторларында маңызды орынды алады ТШИ негізінен көп табиғи ресурсы бар секторларына бағытталады, ТШИ 50% мұнай-газ өнеркәсібіне салынуда.
Шетел инвесторлары және жалпы шетел капиталы ағынының өсуі ҚР-ғы өтпелі кезеңінің жеңіл болуына әсер етеді. Бұл ішкі қаржы ресурстарының жетіспеуі мен маңызды сыртқы әсерлердің болмауы себептеріне байланысты да маңызды болып табылады. Осы шетел инвесторлары арқасында жаңа нарыққа және шетел ноу-ход, технология мен иновациялық процестерді жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Капиталдың көп ағымы Қазақстан экономикасын жақсартудың негізгі шартының бірі болып табылады.
Шетел инвестициялары Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін артыруға үлес қосуы мүмкін. Себебі шетел капиталының тікелей салымдары, елдің сыртқы қарызын көбейтетін несиелерге қарағанда тиімді болып табылады. Шетел инвесторларын тарту бойынша мемлекеттік стратегия қаз/ң экон/ң өсуіне жағдай жасайды. Ол отандық экономика саласында жаңа технологияны тартуға мүмкіндік береді. Экономиканың нақты секторына шетел инв/сын тарту бойынша, мемлекеттік стратегияны іске асыру, елде оңтайлы инвесторлық жағдайды қалыптастыруға жол береді. Осы мақсатта басқарудың мемлекеттік органдары шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер жүйесін құрып, оны салық және кеден кодекстерінде бекітуі керек.
Қаржылық емес активтерге салынған инвестиция көлемі жылдан жылға өсуде соның ішінде компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге салынатын инвестиция әр жылы әртүрлі болып бірде артып бірде кеміп отырғанын келесі кестеде көруге болады. Мысалы 1999 ж 4505, 2000 ж 10257 көтерілген болса, ал 2001 ж 2616 төмендеп 2002 ж 6552 аз ғана жоғарылаған (нақты бағамен млн. тг). Бұл тербелістер өз еліміздегі бағдарламалық қамтамасыз етулердің дамығанын көрсетеді.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлеміде жылдан жылға көбейіп келуде. Оның ішнде мемлекеттік инвестиция көлемі азайып Мыс, 1999 ж 18,9%, ал 2003 ж 1 жарты жылдығында 13,2% ғана құраған. Жеке меншік секторындағы инвестиция жағдай да солай мысалы 1999 ж жалпы нег. Кап. Салынған инвестиция көлемінің 72,9%, ал 2003 ж 1 жарты жылдығында 56,6% көрсетіп тұр. Шетел инвестициясы керісінше өсуде 1999 ж 8,2%, 2002 ж 30,2% өскен.
Экономикалық қызмет түріне байланысты негізгі капиталдарға инвестицияны талдап қарастырсақ, онда балық аулау және балық өндіру саласына ешқандай инвестицияның бөлініп жатпағанын көреміз. Ал ең көп инвестиция көлемі таукен өнеркәсіптеріне тиіп тұрғаны анық және ол жыл сайын өсуде 1999 ж 42,0% құраса, 2003 ж 1 жарты жалдығында 50,6% өскенін байқауға болады. Соңғы жылдары көлік және байланыс саласына инвестиция салымының өсуі байқалуда мысалы 1999 ж 7,5%, ол өсе келе 2003 ж 17,9% жеткен, ал қаржы қызметі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жекеменшік қолдану, қонақ үйлер, әлеуметтік салаларға салынған инвестиция көлемі жылдан жылға азаюда. Елімізде білімге назар аударып жатқанын көрсететін жақсы көрсеткіштердің бірі болып келесідей мәліметтерді келтіруге болады. Себебі инновациялық қызметті іске асыруда міндетті түрде жоғары білім талабы қойылады. Соңғы статистикалық мәліметерді талдап қарасақ, онда білім саласына бөлініп жатқан инвестиция көлемі жылдан жылға өсуде 1999 жылы 1057 млн., 2000 жылы 3981млн., 2001 жылы 6914млн., 2002 жылы 7976млн., ал 2003 жылдың бірінші жартысында 4895млн. теңгені құраған. Пайыз түрінде көрсететін болсақ, негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесінде, білім саласына бөлінген инвестицияның мөлшері келесідей болған: 1999 жылы 0,3%, 2000 жылы 0,7%, 2001 жылы 0,8%, 2002 жылы 0,7%, ал 2003 бірінші жартысында 1,3% құраған.
Несие нарықтық қатынастар сипатына көбірек сай келеді. Ол инновациялық қызметтің барлық кезеңдерінде қолданыла алады. Коммерциялық банктер ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды келісіп шарт негізінде несиелей алады. Төлем ақысын жұмыс толық біткен соң төлейді. Банк инновациялық жобаның координатары қызметін, ақша қаражаты ретінде белгілі бір орган атынан атқара алады. Бұл салынған қаражаттың тиімділігін арттырады және жүзеге асырушының жауапкершілігін артырады. Несие көбіне кәсіпорындардың өзінде инновациялық қызмет жүргізілсе қолданылуы мүмкін, себебі бұл кәсіпорындардың өзінің айналым қаражаттарын бөлуді қажеттейді.
Қазақстанда ұзақ мерзімді несиелердің тәуекелі жоғары, оларға деген пайыз мөлшері ең төмен болып табылады. Ол қарыз алушылардың қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігіне байланысты. Қазақстан банктері тек меншік капиталы жетіспеумен емес, резервтік мөлшердің жоғары болуымен сипатталады.
Инфляцияның төмендеуі, ақша массасының қысқаруы банктердің капитал салымының жаңа салаларын іздеуге мәжбүр етеді. Бірақ спепулятивті операциялардан бастартып, өндірісті несиелеуге бас бұрған банктер күрделі қаржылық проблемаларға ұшырауда. Инвестицияны қажет ететін өнеркәсіптердің 1% ғана несие қайтаруға мүмкіндігі бар.
Экономикалық әдебиеттерде комерциялық банктердің инновациялық қызметті несиелеуге бағытталған ұсыныстары көп. Кей жағдайларда банктердің пайдасының бір бөлігін бюджеттік емес инновациялық қорларды қалыптастыру үшін әкімшілік құқықтық әдістерді қолдану ұсынылады.
Үкімет инвестициялаудың маңызды бағыттарымен қатар, нақты секторды несиелеудің жаңа құралдарын да ұсынуда, мысалы авиациялық лизинг. Менің ойымша инновациялық салаға қызмет ету үшін несие мекемелерінің қызығушылығын арттыруға бағытталған күрделі әдістер қолдану керек:
инновациялық жобаларды іске асырушы кәсіпорындардың жедел қарыз сомаларын қасқарту немесе мүлдем жою;
отандық кәсіпорындардың инновациялық жобаларын несиелеуші комерциялық банктердің міндетті резерв көлемін 50% төмендету;
комерциялық банктерден алынған несиелерді өз мерзімінде қайтаруға кепілдік беру. Оны Ұлттық банктің белгілі мерзімге пайыссыз несиелеу арқылы жұзеге асыру;
инновациялық процестерді несиелеу мақсатында Ұлттық банктердің ресурстарын комерциялық банктер төмен пайыз ставкаларымен беру.
Инновациялық қызметтің барлық кезеңдерін несиелеуші комерциялық
банктерге салық салу бойынша жеңілдіктер көрсету керек. Еліміздегі инновациялық қызмет саласын дамыту үшін инвестицияны тарту мәселесіне назар аударып, оны қолға алу керек.
Сонымен қатар инновациялық қызметте лизингтің алатын орны маңызды. Лизинг-кәсіпкерлік құрылымның және қаржылық институттардың байланысу формасы. Ол инвестициялық белсенділіктің өсуіне және кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау әдісі болатын лизинг ретінде уақытша бос немесе тартылған қаржыларды инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметті түсінуге болады.
Лизингтің дамуына байланысты «жаңа» теория қалыптасты, ол неге тұтынушылардың жеке меншік құқы мен оны қолдану мүмкіндігінен ажыратуын қарастыра бастағанын түсіндіреді.
Осы теорияға сүйене отырып, өндірушілердің басты мақсаты-көп өндіру үшін активтерді жинақтау. Сондықтан тұтынушылар жол принципін, ал банктер клиенттің алдынғы нәтижелеріне қарап несие беруге жақын болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі замандағы дамуы өндірістің дамуы мен жаңалануы, сондай-ақ өнімді өткізуде өтімді қаражаттардың жетіспеушілігін анықтады. Өндіріс саласына инновацияны енгізу қажеттілігі, лизинг операцияларының кең таралуына жол ашты. Көптеген кәсіпорын үшін лизинг-қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады. Осылайша лизингтік келісімдер, инновациялық процесті белсендіреді, лизинг алушы кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жақсартады, кіші және орта бизнестегі бәсеке жағдайын көтереді.
Сондай-ақ лизингті қаржылық қиындыққа шалдықпаған трансұлттық кәсіпорындарда тұтынады. Осылайша АҚШ-та фирмалардың 80% лизинг шартының негізінде өздеріне қажет машиналар мен құрылғыларды алуда. лизинг капитал салымын қаржыландырушы ретінде 50 бастап қолдана бастады. Лизингтік операциялар келесі белгілері бойыша бөлінеді:
шартқа тұрушы қатысушылар құрамы;
лизингке берілетін зат түрі, оның өтеу деңгейі;
амортизация шарты;
қызмет ету көлемі;
операциялар жүргізілетін нарық секторы;
салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатнас;
лизинг төлемдерінің сипаты.
Қаржы лизинг көбінесе қымбат құрылғыларды бақылау-өлшеу техникасын, ЕЭМ, көлік құралдары және т.б. қажет ететін ірі техниканың инновацияны тез игеру қажеттілігі туғанда қолданылады. АҚШ-та лизинг үлесі машина мен жабдықтардың жалпы соммасының 30%-і құрайды. Қаржылық жол жөніндегі келісім шарт бойынша (лизингте) жалға беруші (лизинг беруші) нақты сатушыдан келісім шарт бойынша бір меншік түрін жалға алушыға (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша қолдануға береді:
«Стандартты» келісім шарт («Standard financial lease») лизинг объектінің иесі лизинг берушінің өзі болмаса. Бұл операцияда үш партнер қатысады, ал лизинг операциясына келесі кезеңдер кіреді: жабдықты сатып алу, меренг құралын жалға және сатуға опцион. Қарым қатынастардың үш нақты сипатын лизинг шартына қатысушы үш субъектті көрсетеді: жабдық иесі (лизинг беруші), жабдықты қолданушы (лизинг алушы), жабдықты сатушы (өндіруші-кәсіпорын);
«қайтымды лизинг» келісім шарты (lease-back); лизинг құралының жабдықтың иесі жабдықтаушы лизинг берушіге оны сату сатып алу шартымен және сол жабдықты қаржы лизингі шартымен сатып алады. Бұл келісім шарт алғашқы иемденушіге өзінің қаржылық жзағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл келісім шарт түрі инновациялық қызмет саласында кен таралған.
«жабдықтаушы» келісім шарт түрі (“deliver”), лизинг құралы лизинг беруші. Сатылады және қаржы лизингі шартымен бірінші болып сатып алынады. Сондай-ақ соңғы тұтынушы болып үшінші тұлға табылады.
Лизингтік компаниялар, жалға алушыға тек құрылғыны жабдықтаушы таңдау құқын ғана емес сондай-ақ келісім объектін қабылдау құқын да береді. Қабылдаған құрылғының жөндеуін өндіруші кәсіпорындар және жалға алушының өзі жүргізеді.
Лизинг-бұл жалағ берушінің жалға алушыға нақты затты, белгілі бір уақытқа беру келісімі. Лизингте ең азы үш қатысушы болуы керек: өндіруші, лизинг компаниясы, жалға алушы.
Жалға беруші ретінде лизингтік операцияларға келесілер кіреді:
қаржылық лизинг компаниялары;
арнайы лизинг компаниялары;
брокерлік лизинг компаниялары;
лизингпен айналысатын өнеркәсіп корпорациялары мен банктердің бөлімшелері;
банктік ұйымдар;
сақтандыру және зейнетақы қорлары.
Лизингте маңызды орынды банктер алады. Олардың қатысуы тікелей (егер олармашина және құрылғыларды өздері лизингке берсе) және жанама (егер олар лизингтік компанияларға ссудалар берсе) түрде жүзеге асады. Ірі лизингтік операция әдетте банктің қатысуынсыз жүзеге аспайды. Осылайша АҚШ-та 70жж 100 млн. долл. активі бар әрбір бесінші банк, тікелей лизингкке қатысқан; лизингтік операцияларға қатысушы банктер саны 500 асқан.
Сақтандыру компаниялары да тікелей және жанама түрде лизингке қатысады. Лизингттің негізгі артықшылығы, кәсіпкер құрылғыны алуға немесе жаңа өндірісті ашуға ірі шығындарды жұмсамайды. Бұл кіші және орта инновациялық кәсіпорындарға ыңғайлы. Мерзім өткен соң жалға берушіге зат қайтарылады немесе өзінің меншігі болып қалады. Тағы бір артықшылығы ол аванстық төлемді қажет етпейді, ол дамушы кәсіпорындардың материалдық негізін жаңартуға мүмкіндік береді. Ескі құрылғыларды жаңамен ауыстыру арқылы лизинг моральдік ескіру тәуекелін төмендетеді. ЭЕМ өндірісіндегі лидер болып табылатын IВМ және Хеrох көшірме техникасы фирмалары жыл сайын жаңа үлгілер шығарып, ескілерін лизингке бере отырып 50-70% кірісін қамтып отыр.
Өкінішке орай Қазақстанда лизинг қызметі нарығының инфрақұрылымы қалыптаспаған, лизингтік қызмет көрсету мүмкіндігі бар лизингтік компаниялар жоқ. Лизингтік операциялардың негізгі қатысушылары-банктер лизингтік келісім агенттеріне қызмет етуге мүмкіндігі жоқ.
Қазақстанда лизингтік іскерлікті мемлекеттердің орны мен оған инновациялық бағыт беруге маңызды болып табылады. Инновациялық кезеңнің ұзақтығы мен мұндай өңдеу жұмыстарының құнының жоғарылығын есепке ала отырып, лизингтік келісімдерді әртүрлі көздерден қаржыландыруды қолдану керек. Жаңа өнімді өндіруші үшін лизинг тауарды нарықта ұсынудың негізгі құралы болып табылады.
Инновациялық қызметті жүзеге асырудың қиындықтары қатысушылардың тәжірибесінің болмауына, айналым құралдарының аздығына байланысты болып табылады. Инновациялық жобалардың көбі кіші және орта кәсіпорындарда жүзеге асады. Себебі көптеген ірі ескі кәсіпорындардың басшылары инновациялық процесті тиімді басқарып, енгізе алмайды, әртүрлі қолайсыз жағдайларды болдырмайдың негізгі бір жолы-сақтандыру болып табылады. Инновациялық салада тәуекелге бейімді екі капитал салымының құралы бар: құрылған жаңалықтар және техника-технологиялық база. Сондай-ақ олар меншікті ғана сақтандырып ғана қоймай, инвестициялық құралдар мен кәсіпкерлік қызығушылықтарды қорғауды ұйымдастырады.
Инновациялық қызмет субъектілері мен олардың материалдық құндылықтары әртүрлі қауіптерге төнуде. Олар инновациялық өнімнің тиімділігіне кедергі жасайды. Инновациялық салаға әсер ететін қауіптің бәрін есепке алып алдын алу мүмкін емес.
Инновациялық қызметті іске асыру процесінде келесідей сақтандыру түрлерін бөліп қарастыруға болады:
өз қызметін атқару барысында денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру;
тұтынушыларға келтірген зиян келтіргені үшін өндірушілердің жауапкершілігін сақтандыру;
қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыру;
өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкерлікті сақтандыру.
Қорытынды
Қазақстан Респуликасының экономикасының жаңа, сапалы жағдайға көшуі барысында инновациялық мүмкіндіктер маңызды деңгейге көтеріле бастады. Инновациялық мүмкіндіктер экономиканы қайта ұйымдастыруға, ғылыми сыйымдылықты, өндірісті, техниканы дамытуға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық қызметті талдауды қажет ететінін дәлелдейді. Біздің еліміз үшін экономикада инновациялық процесті қолдау бойынша, дамыған елдердің тәжірибелерін шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Сондықтан инновациялық қызмет мәселелерін теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылыққа мәртебелі түрде енуі бойынша маңызды жұмыстар атқару қажеттілігіне тікелей байланысты болып табылады. Қазақстанның көптеген салаларының артта қалуы осы инновациялық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің артта қалып дамымауына байланысты.
Инновациялық өндіріс пен өнім бәсекелестігінің дәрежесін көтерудің бірден бір жолы елдің инновациялық мүмкіндігін, ғылыми-техникалық және өндірістік мүмкіндігіне талдау жасау. Менің магистрлік ғылыми-зерттеу жұмысында осы сияқты мәселелердің шешу жолдары қарастырылған.
Жалпы айтатын болсақ инновациялық белсенділіктің жоғары шегі тоқырау кезеңіне келеді. Себебі сол кезде жаңа салалар мен түбегейлі өзгерістерге қажеттілік туады. Ол үшін ғылым саласына басты назар аударған жөн. Ғылым саласының өнімін материалдық өндіріске айналдыруды қамтамасыз ететін сала-ұлттық экономиканың инновациялық саласы болып табылады. Сонымен қатар инновациялық қызмет материалдық емес формада болуы мүмкін. Ол ғылым мен техника жетістіктері түрінде көрініс табады.
Инновациялық қызмет жаңа ғылыми-техникалық білімді қолдану арқасында өндіріс факторларының жаңа деңгейлі қарым-қатынастарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Инновациялық өнімнің құнын есептеу ерекшелігі-кеткен шығынмен емес оның қоғамға алып келетін пайдасымен есептеледі.
Инновациялық қызметті дамыту үшін өнеркәсібі, дамыған елдерде көп тараған, шаруашылық әдістер мен стратегияны қолдану келісіміне назар аударған жөн. Осының арқасында ғылыми-техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді толық қолданып мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қажет.
Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін әрине қаржы қаражаты қажет болып табылады. Ол қаражаттарды тартудың бірнеше көздері бар мысалы шет елден инвестиция тарту арқылы инновациямен қаржыландыру. Қазіргі таңда шет мемлекеттері Қазақстанға тікелей инвестицияға қарағанда несие беру құштар. Мұның себебі несие үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ. Мерзімді қажет етеді. Біздің еліміз үшін тікелей инвестициялық тиімсіз жағы инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да, Қазақстандықтардың мүддесі қажет еткен сала яғни инновация саласында ескерусіз қалады. Сондықтан инновация саласын қаржыландыру үшін басқа көздерді жолдарды, әдістерді іздеу керек. Сондай-ақ бұл жұмысында ҚР-ғы шетел инвестицияларын құқықтық реттеудің жалпы мәселелері қарастырылған. Бұл жерде тікелей инвестициялар туралы заң мен шетел инвестициялары туралы азаматтық кодекс арасында пайда болатын кейбір қайшылықтардың шешу жолдары келтірілген.
Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру мәселелерінде. ҚР-ғы инновациялық қызметтердің даму дәрежесі талданған. Өкінішке орай біздің елімізде ірі ғылыми орталықтарында құрылған көптеген кәсіпорындар ғылым мен өндіріс саласында делдал қызметін атқармайды.
Қазіргі таңда ҚР-да жаңа инновациялық инфрақұрылым қалыптастыруда, оның қызметіне инновациялық қызметті қайта өндіру жағдайын жасау табылады.
Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды құрудың негізгі бағыты болып инновациялық орталықтарды ғылыми технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады.
Инновациялық саланы дамыту мен оған иновация тартуға назар аударудан алдын, инновациялық қызметтің негізін құрайтын Республикадағы ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің дамуына көңіл бөлу керек. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновациялық қызмет материалдық байлық пен адам капиталының сапасын көтерудің негізгі көзі болып табылады. Елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін талдай отырып, Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жобалау-ұйымдары мен ЖОО-ң саны, ондағы ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми-техникалық қызметкерлер саны, аспиранттар, докторлар, кандидаттар санын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру мәселелерін талдай отырып, қазіргі таңда тек мемлекет жинақталған ғылыми-техникалық мүмкіндіктің құлдырауға ұшырауынан сақтап қала алды деген қорытындыға келуге болады. Сондай ақ мемлекет ұзақ және қысқа мерзімді несиелеу арқылы ғылымның дамуына қажет қаржының ресурстарды көмектесе алады, ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағытын арнайы бағдарламалар жасау арқылы жүзеге асыра алады.
Инновацияға бағытталушы капитал нақты инвестициялар түрінде көрініс табады. Оны келесідей сипаттар бойынша жүйелеуге болады:
инновациялық қызметке бақылау жүргізу және енгізу түрі бойынша: тікелей, портфельді, несие ретінде қаражат тарту;
инвестициялар түрі бойынша: қаржылық инвестициялар: қаржылық инвестициялар, интелектуалды инвесторлар, меншік құқы;
меншік түрі бойынша: мемлекеттік, жекеменшік, аралас;
жеңілдік түрі бойынша: жеңілдетілген, жеңілдетілмеген;
анық экономикалық жүйеге қатынасы бойынша: резиденттік, резидентті емес;
қаржылық қамтамасыз ету әдісі бойынша: венчурлы, лизингті, факторлы, аралас.
Жалпы инновацияны қаржыландыруда шетелден инвестициясын тартпай ақ жоғарыда көрсетілген формаларда жүзеге асыруға болады.
Қорыта келе ұлттық экономика шегінде ғылыми-техникалық жаңалақты қалыптастыру мен тартуға кедергі болып, оның иелерінің құқығының қорғалмағандығы, қаржының жетіспеуі, инновациялық процеске қатысушылардың қызығушылығының болмауы сияқты мәселелер табылады. Сондықтан осы мәселелерді шешуде мемлекет маңызды орын алып, инновациялық кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасауы керек.
Ұсыныстар
1. Несие % инвестиция тиімділігін қамтамасыз ететін деңгейде болу керек.
2. Инновациялық қызметке қатысушылардың қызығушылығын ескеру: лизингтік схема, франчайзинг, комерциялық несиелеу, жалға беру, капиталға үлестік қатысу, инновациялық процестердің барлық деңгейін сақтандыру.
3. Қазақстан Республикасының мақсатына қол жеткізу үшін:
жаңа технологияларды енгізу, инновацияларды жүзеге асыру ішкі нарықта жоғары сапалы тауар өндіру мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Отандық тауар өндірісті тұрақтандыру мен мемлекеттік қолдау.
4. Басты назарды қаржыны көбірек тартуға емес, оны ең алдымен тиімді, ұтымды пайдалана білуге аудару керек.
5. Шетел инвесторлары туралы заң уақытша құбылыс болып табылады.
6. Мемлекеттік емес ғылыми-техникалық және инновациялық фирма құру.
7. Тауардың үлкен өмірлік кезеңін қамту үшін кіші кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға айналу немесе ену арқылы дамуы керек.
8. Ақпаратты жинақтап беру және қолдануды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды қалыптастыру.
9. Қазақстанның ақпараттық мәдениетті игеру және комп-к сауаттылыққа үйрету.
10. Ғылыми-техникалық кадрлардың сапасын, санын жоғарлату.
11. Иновацияны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
12. Инновациялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындарда жеңілдіктер беру несие пайызын төмендету.
13. Өнеркәсібі дамыған елдердегі көп тараған шаруашылық әдістер мен стратегияны қолдану келісіміне назар аудару керек.
14. Қазақстан да ғылыми-техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді барынша толық қолданып мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қажет.
15. Инновациялық қызметке қатысушылардың қызығушылығын арттыру керек.
16. Иелерінің құқы қорғалмаған (кедергі).
17. Мемлекеттік емес ғылыми-техникалық және инновациялық фирмалар құруға көмек көрсету.
18. Ғылым мен жоғарғы технология орталығын құру (ол ғылыми ұйымның негізінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды инновациялық құрылымды, ЖОО байланыстырады).
19. Қазақстанда біріңғай ақпараттық технологиялық жүйе құру үшін белсенді мемлекеттік қолдау қажет.
20. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде конюнктуралық өнім түрін анықтап, оған қажет технологияны қалыптастыру керек.
21. Инвесторлардың инновациялық қызмет субектісінің қызығушылығын арттыратын сәйкес инфрақұрылым құру керек.
22. Мемлекеттік шекарасы арқылы дамыған техника және технологияны енгізуде кеден салығын толық жою.
Пайдаланылған әдебиеттер
Конституция (Негізгі заң) ҚР 30.08.95 ж .
Азаматтық кодекс ҚР –Алматы, 1995 ж.
«Патенттер жөнінде» ҚР заңы16 маусым 1999 ж.
«Ғылым және мемлекеттің ғылыми-техникалық саясты жөнінде» ҚР заңы. 15 қаңтар 1994 ж.
«Авторлық және аралас құқық қорғау жөнінде» ҚР заңы 10 маусым 1999 ж.
«Ғылым жөнінде» ҚР заңы Казахстанская правда, 9 маусым 2001 ж.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан - 2030» // Казахстанская правда, 11 қазан 1997 ж.
«2003 ж Республикалық бюджет жөнінде » ҚР заңы, 15.12.2002 Казахстанская правда, 30 желтоқсан 2002 ж.
«2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық дамуын іске асыру жөнінде» ҚР Президентінің үкімі // Казахстанская правда, 12 желтоқсан 2001 ж.
2010 жылға дейін ҚР даму стратегиялық жоспары. – Астана, 2001 ж.
2000-2002 ж.ж. Реформаларды тереңдету жөнінде ҚР Үкіметінің іске асыру бағдарламасы // Вести Казахстана 21 желтоқсан 2001 ж.
2002-2006 жылдарға ҚР аймақтық саясатының концепциясы –Астана, 2001 ж.
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары 2002-2004 жылдарға // Казахстанская правда, 15 желтоқсан 2001 ж.
Назарбаев Н.А. Десять лет, равные столетию. Речь на торжественном собрании, посвященном 10 летию независимости Казахстана // Казахстанская правда17 января 2001 г.
Назарбаев Н.А. 10 лет Независимости: мир, прогресс и общественное согласие. Речь на Ассамблее народов Казахстана // Казахстанская правда, 25 октября 2001 г.
Назарбаев Н.А. Наука должна служить народу. Речь на сессии Академии наук, повещенной 10-летней независимости // Казахстанская правда, 7 ноября 2001 г.
Баев Л.А. Системный подход и определению инноваций. В сб.: Современные технологии в социально-экономических системах.-Челябинск: издательство ЧГТУ, 1995 г.
Завлин П.Н. Инновационная деятельность в условиях рынка.-СПб.: наука 1994 г.
Инновационный менеджмент. Пдо. Ред. Ильянсковой С.Д. –М.: Банки и биржи, 1997 г.
Лапуста М.Г. , Шармукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности М:1998 г.
Липсиц И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа.-М.: БЕК, 1996 г.
Карипов Г. Инновационный менеджмент-Алматы, 1997 г.
Маркетинг инновационного проекта –Киев: ВИРА-Р, 1998 г.
Мединский В.Т. Шармукова Л.Г. Инновационное предпринимательство-М., 1997 г.
Нарлбаев К., Джуманбаев С. Инновационный менеджмент-Алматы, 1997 ж.
Поршнев А.Г. Управление инновациями в условиях перехода к рынку.-М.:РИЦЛО «мегополис-контакт», 1993 г.
Управление исследованиями и инноваций. – М.: Наука, 1993 г.
Управление научно-техническии развитием в ведущих странах мира. Б.А. Кембаев, Ю.В. Комлев. Алматы. Каз гос ИНТИ: 1998 г.
Уткин Э.А. Морозова Г.И. Инновационный менеджмент –М., 1996 г.
Инвестиции М.В. Игошин Учебник М 2001.
Инвестиционный бизнес Равинский И.А. Новосибирск 2000 г.
Инвестиционный ресурсы В.К. Гуртов М.2002 г.
Экономическая оценка инвестиций. Д.С. Алексанов В.М. Комелов М..: 2002 г.
Э.И. Крылов, В.М. Власов, И.В. Журавкова Анализ эфективности инвестиций и инновационной деятельности предприятия М.: 2003 г.
Инвестиционная стратегия В.А. Чернов М.: 2003 г.
Инвестиционная стратегия В.А.Чернов М.: 2003 г.
Инвестиционный процесс на предпрятий Г.А. Маховиков, В.Е. Кантор М.: 2001 г.
Инастранные инвестиции: Россия и мировой опыт. Н.Вознесенская М.: 2002 г.
Организация и финансирование инвестиций. И.В.Сергеев, И.И.Веретенникова, В. Яновский М.: 2002 г.
Д.А.Ендовицкий, Л.С.Коробейников, Е.Ф.Сысоева. Практикум по инвестиционному анализу М.: 2003 г.
Методы оценки инвестиционных проектов В.В.Ковалев М.: 2003 г.
Организация и финансирование инвестиций Я.С.Мелкумов М.: 2001 г.
Инвестиции: сущность, виды, механизмы функционирование Г.И.Иванов. Ростов Дону 2002 г.
Казахстан: анализ торговой и инвестиционной политики Алматы-Астана 2002 г.
Инновационные деятельность Д.И.Кокурин экзамен. М.: 2001 г.
Ермасов С.В. Финансовое стимулирование инновационной деятельности – СПЭА, 1997 г.
Лямеков А.П. Философия техники и технологии творчества. – С пб, 1996 г.
Макарова И.В. Предпринимательство: стимулирование инновационного поведения: Препринт.-Екатерингбург, 1997 г.
Қазақстан аймақтарының сандары. Қаңтар-желтоқсан. Шымкент, 2003 жыл. ОҚО статистика басқармасы.
Статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 2003 ж. Агентство РК по статистики.
Савченко В.Е. Современное предпринимательство экономические и организационные основы. Проблемы формирования и регулированио. М.: Экономика, 1997 г.
Сайман Г.А. Теория принятия решений в экономической теории и науке о поведении. – В.нн: Теория фирмы. – Спб, 1995 г.
Сахал Д. Технический прогресс: концепции, модели, оценки. СПб.: Ф и С. 1998 г.
Чайковская Н.В. Дисциплина инновационного рынка: формирование и эффективность. – М: Луч. 1995 г.
Шевченко С.М. Стратегия иновационного развития преприятия. Учебное пособие К пб: Г УЭФ, 1998 г.
