- •Инвестициялыј-инновациялыј јызметтi талдаудыЎ Јылыми негiзi.
- •1.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
- •Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу көзі
- •1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері
- •2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру
- •Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
- •Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
- •2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
- •2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
- •Ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдағы қызметкерлер саны
- •Ғылым саласы бойынша аспиранттар саны
- •Ғылым салалары бойынша бітіруші аспиранттар саны
- •3 Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін дамыту мен жақсарту мәселелкері
- •3.1. Инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету
- •Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері
- •3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
Мемлекеттің ғылым саясатының стратегиялық мақсаты-ғылымды жалпы қоғамдық ресурсқа, динамикалық, өзін өзі басқаратын, көп деңгейлі мемлекет, қоғам қолдайтын, білім өндірісінің іскерлік жүйесін құру. Оған көлемді негізгі зерттеулер, ғылыми зерттеу институттары кіреді және еліміздің экономикасы дамыған елдер қатарына кіруін қамтамасыз етеді.
Оның әсер ету-уақыты-жаңа шаруашылық принциптерге негізделген экономиканың тұрақталу және тоқырау кезеңін қамтиды. Мемлекеттің ғылым саясатының тактикалық мақсаты-ғылыми мүмкіндіктердің ең күштісін сақтап қалу; ғылымның тоқырауға қарсы ғылыми мүмкіндіктерін іске қосу; ғылымының кезеңдермен дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасау. Сонымен қатар МҒС басқа да мақсаттарды қамтиды-саяси мақсат: саяси ресурс ретінде және ел іші мен сыртында болып жатқан қоғамдық процестерге әсер ету құралы ретінде мемлекетке қажет ғылыми мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; ғылым саласында мемлекеттік күштің механизмі мен тиімді органдарын құру; қоғамдық-саяси құрылымдарды ғылымның дамуына итермелеу; ғылымдардың құқын анықтау және іс жүзінде оларды қорғау.
МҒС-алдында ғылыми және ғылыми техникалық мақсаттар тұр. Олар жаңа ғылыми ақпараттық кең көлемін қамтиды; біздің елдің ғылымының дамыған ғылыми әлемдік нәтижелерден қалмауы; елдің айналым мүмкіндігі мен қауіпсіздігін сақтау.
МҒС әлеуметтік мақсаттары келесілерден тұрады: отандық ғылыми интелегенцияның қорғалуы мен жоғары әлеуметтік статуспен қамтамасыз етілуі; ғылыми нәтижелерді қолдану үшін, өмір деңгейінің өсіміне жету үшін, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қамту үшін, оның демакратиялауға нарықтық экономиканы дамыту қажет.
МҒС мақсаттарын аяқтай отырып, оның ұйымдық-институционалдық мақсаттарын көрсетіп өткен жөн: ғылымның нәтижелілігін арттыру үшін ғылымның ұйымдастырушылық-институционалдық өзгеруін қамтамасыз ету керек.
МҒС мақсаттары оның принциптерімен тығыз байланысты болып отырады. Оларға жататындар:
Ғылымға ұлттық жаңаланудың негізгі ресурсы ретінде көз қарастың болуы; отандық ғылыми мүмкіндіктерге көп назар аудару, негізгі зерттеулерді жанжақты қолдау;
Ғылыми шығармашылыққа еркіндік беру, ғылым саласын кезеңмен демократизациялау, оған өзін өзі басқару мен мемлекеттік реттеудің кіруі;
Елдің басты ғылымдарына жоғары қоғамдық жағдай және өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, зерттеушілердің интелектуалды меншігін қорғау;
Ғылымның гуманитарды артықшылығын өлшеу, Қазақстандықтардың өмірлік сапасын анықтайтын салада зерттеулерді бірінші кезекте дамыту;
Ғылыми зерттеулердің бәсекелестігі мен оны мемлекеттік қолдау;
Ғылым мен білімнің интеграциясының бірігуі, оларды іскерлікпен, инновациялық қызметпен және сол ғылымдардың кәсіпкерлігімен бірігуі;
Ғылым берілгендері мен тәжірибелік бағаларды ғылымдардың ұсыныстардын маңызды саяси, әлеуметтік және экономикалық шешімдерді қолдауда қолдану, ғылымның маңыздылығын тарту;
Отандық ғылымды әлемдік ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау.
МҒС-ң принциптері мен мақсаттарын атап көрсету арқылы оның маңызы жайында сұрақтарды нақты анықтап шешуге болады. МҒС-ң приоритеттері – бұл объектілер (ғылыми бағыттар, салалар т.б.), субъектілер (ғылыми ұйымдар, коллективтер, ғылымдар) ғылыми ұйымдардың формалары мен әдістері, өмірлік қызығушылықтарға саяси мақсаттарға ең аз мөлшерде сәйкес келетін. Ғылыми ұйымдар және де әлеуметтік-экономикалық, технологиялық дамудың әрбір сатысын, сондай-ақ елдің ресурсты-қаржылық шектеулері әлемдік тенденцияға тарихи-мәдени және ғылыми әдеп-ғұрыптарға қарағанда бұл приоритеттің құрылуы қоғамдық мүдделерге бағытталуы тиіс.
Ол қайта құруды дамытудың негізін салу үшін және Қазақстандық экономиканың бәсекелестігін әлемдік нарықта жоғарылату үшін қызмет көрсетеді. Ғылыми техникалық және экономикалық көпқырлық еліміздің ғылыми приоритет түсінігін объективті түрде кеңейтеді. С.қ. ғылыми техникалық интеллигенцияның әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде орнын ұлғайтады. Қазіргі уақытта приоритет негізінде келесілерді санауға болады: Қазақстанда және әлемдік ең дамыған ғылымның жаңа бағыттары мен технологиялары;! Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен тікелей байланысты; ғылым және технология салалары; нәтиже әкелетін немесе нәтижеге жеткізетін ғылыми және ғылыми техникалық бағыттар, олар нарықтық экономикадағы әлеуметтік және материалдық даму базасы болып табылады.
МҒС-ң стратегиялық приаритеті ретінде іргетасының зерттеулер қажет. Ал берілген сала үшін ерекше приоритеттерді анықтау тек дағдарыс және экономиканың тұрақтану кезеңінде ғана ақталған болып табылады. С.ғ. ғылыми саясатты өзгертуде маңызды.
Технократтық тенденцияларды өтеу, ғылымның дамуында маңызды құрылғы болуы тиіс. Нәтижесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиын кезеңінде шешуші роль атқаратын гуманитарлы зерттеу мен маңыздылығы жоғары нақты есепті қажет етеді.
Ғлымның және техниканың дамуының приоритеті бағыттарының қатарына қоғамдық маңызды әлеуметтік-технолгияларды, ғылым саласындағы менеджмент, инноватика және жоғары технологияларыд жатқызуға болады.
Приоритеттерді құру және жүзеге асыруды әр-түрлі ғылыми бағыттар режимін қолданған дұрыс: шетелдегі жетістіктерді бақылауды қамтамасыз етуді минимумға дейін қысқарту, отандық ғылым мен білім саласындағы оның бейімделуі және талдау қабілеті; жетістіктер шеңберін, бағыттарын, деңгейін қарапайым түрде қайта қалпына келтіру; бірте-бірте жаңару, дамуды құру.
Қорыта келгенде, мемлекеттік ғылыми саясаттың әдістемелік негіздері туралы сұрақты ерекше атапайту қажет. Бұл сұрақты шешу бүгінгі және ертеңгі күннің отандық ғылымның дамуында үлкен маңызы бар.
