Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР инвест саясаты.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
767 Кб
Скачать
☆

2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы

2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру

Инновациялық кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекеттік, кәсіпкерлік салаларға жоғары білім беру және жеке пайда әкелетін (комерциялық емес) салаларға бөлінеді. Мемлекеттік секторға қатысты инновациялық ұйымдардың ерекшелігі, ол мемлекеттік үкімет органдары мен қаржыландырылады. Олар негізінен қоғамдық және әкімшілік қызметке байланысты іс әрекеттерді жүзеге асырады.

Нарықтық реформалардың маңызды мәселелеріне мемлекеттік емес ғылыми-техниклық және инновациялық фирмаларды құруға көмек көрсету. Олардың иелері жеке ғалым-кәсіпкерлер, өнеркәсіптік және комерциялық кәсіпорын, шетел кәсіп орындары да болуы мүмкін. Мемлекет қаржыландырылуын тоқтатқан зерттеулерді жекеменшік ғылыми-техникалық ұйымдарға беруі немесе сатуы керек. Ол ұйымдар бірнеше жыл бойы ғылыми қызметпен айналысуы керектігі жөнінде шарт жасалуы қажет. Жоғары білім саласы, университеттерді және басқа да жоғарғы оқу мекемелерін (қаржыландыру көзі мен құқықтық статусына байланыссыз) ғылыми-зерттеу институттарын, клиникаларды, жоғары оқу орындарының бақылауындағы ғылыми-зерттеу орталықтарын қамтиды.

Өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінде жобаларды басқару бойынша қызмет көрсететін комерциялық ұйымдар көп тараған. Оларға ірі мемлекеттік бағдарламаларды басқаратын «арнайы корпорациялар» жатады.

Қазақстан мынадай ұйымдарды құру «РЭНД корпорейшн», Бруклиндік институт, Бетелевский мемориальный институт, Стелфордтық халықаралық зерттеулер орталығы мемелкеттік ғылыми техникалық және басқа да бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз етеді. Бұл инновциялық ұймдардың бәрі қаржыландыру субъектілерінің көздері бақуатты федералды бюджет, аймақтық бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттік емес қорларға, жекеменшік көздерге және аралас қаржыландыру болып бөлінеді.

Экономиканың әртүрлі секторларында ғылымиға жұмсалған шығындар тұрақталуда.

Мемлекет негізгі зерттеулерге-44% шығын, қосымша зерттеулерге 20% және 36% астамын өңдеу, құрастыру жұмыстарына бөлінген. Жиынтық шығындардағы мемелкеттердің үлесі 25% астам құрайды. Жеке секторлардың ғылымды қаржыландырудағы үлесі 70%, оның ішіне 4%-негізгі, 14%-жанама және 82%-өңдеулер құрастырылуға жұмсалады. Инновациялық жаңалық деңгейіне байланысты, инновациялық субъект қызметі радикалды немесе одинарлық жаңалықтар қалыптастыруы мүмкін.

Инновациялық қызмет субъектілері тауардың жеке өмірлік кезеңіне мамандандырылуы мүмкін немесе тауар өмірінің бірнеше кезеңін қамтуы да мүмкін. Оларға:

  • Стратегиялық маркетинг;

  • негізгі (фундаменталды) зерттеулер;

  • қосымша зерттеулер;

  • тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар;

  • өндірісті технологиялық дайындау;

  • игеру өндіріс, тактикалық маркетинг;

  • инновациялық қызмет көрсету;

  • инновациялық тауарды жөндеу.

Осылайша инновациялық ұйымдарға маркетинг бойынша ғылыми зерттеу ұйымдар, жобалау-технологиялық ұйымдар, арнайы конструкторлық бюро, фирма, кәсіпорындар, корпорациялар, концерн, сервис және жөндеу ұйымдары жатады.

Маркетингтік ұйымдардың қызметі нарық сигментімен, бәсеке мүмкіндігінің нормативтерді құрастырумен, фирма бөлімдерінде маркетинг концепциясын өткізумен олардың стратегиясын құрастырумен, өткізу жүйесімен, жарнама және шарттармен байланысты.

Инновациялық кәсіпорындар Ғылыми зерттеу және жобалау институттарының нәтижелерін материалдау мен өндірісті техникалық дайындауға мамандандырылады. Өнім өндіретін және қызмет көрсететін кәсіпорындар да осындай қызмет атқарады.

Олар нарықтық жағдайларда аз өмірлік кезең жалғастыру үшін тауар сапасын артырады. Оның өзіндік құнын төмендетеді, өндіріс технологиясын ұйымдастырады нарыққа жаңа тауармен енеді.

Қазақстан үшін жаңа ұйымдастырушылық форма болып ғылым мен жоғары технология орталығы болып табылады. Ол бас ғылыми ұйымның негізінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, инновациялық құрылымды жоғары оқу орындарын байланыстыру. Орталық статусы экономикалық нақты салаларында жоғары технологиялық ұйымдарға беріледі. Бұл мәселелер 10 бағытта топталған олардың әрқайсысы бірнеше маңызды мәселелерден тұрады. Ол нақты экономика саласының дамуын анықтайды. Олар негізінен өз өнімінің (қызметінің) бәсеке мүмкіндігін жоғарлату үшін келесідей стратегияны іске асырады:

  • патентті, тар мамандандырылған қызметті игерген, өкімін аз тұтынушылар көлеміне арналған кәсіпорындар үшін;

  • комутантты (байланыстыратын) тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, көлемі үлкен емес қысқа мерзімді сұранысқа ие болатын кәсіпорынға арналған;

  • тәжірибелі (бастаушы) жаңа немесе ескі нарық сигменттерін қайта қалыптастырумен, мүлдем басқа жаңалықтарды енгізуге негізделген.

Экономикасы дамыған ІҰӨ-де кіші кәсіпорындардың өнімі-50-60% құрайды. АҚШ-та кіші кәсіпорынның 60% инновациялық салада жұмыс істейді, яғни жаңа өнім шығарып, оны нарыққа өткізеді. Ұлы британияда, инновациялық кәсіпорындарға кіші кәсіпорынның 40% жатады. Қазақстанда ІҰӨ-ң 10% ғана кіші кәсіпорынның өнімін құрайды. Олардың жартысы шамамен инновациялық кәсіпорын өнімі нарықтық экономика елдерінде бағытталуымен байланысты. Американдық ғалымдардың ойынша кішігірім және орта кәсіпорындар, өз жаңалығымен нарыққа ену үшін 2 жыл, ал ірі кәсіпорындарға 3 жыл қажет.

Инновациялық кәсіпорындарды құруға себеп болатын негіз - жарғылық кіріс болып табылады. Инновациялық кәсіпорындардың алғашқы капиталы қатысушылардың алғашқы капиталынан және қарыз қаражатынан құралады.

Кіші инновациялық кәсіпорындар жоғары тәуекел жағдайында қызмет етуде. Инновациялық ұйымның мұндай жағдайда болуы, инновациялық кәсіпорындардың қызметінің әлсіз инфрақұрылымына байланысты.

Артқа тартушы факторлар кіші кәсіпорындарды негізінен Ғылыми зерттеу және жобалау институттарының кезеңінде ғана мамандандырылуға итермелейді. Ал ол жаңа өнімді өндірумен, жаңалықты игерумен салыстырғанда арзан болып табылады.

Тауардың үлкен өмірлік кезеңін қамту үшін кіші кәсіпорындар үлкен комплексті кәсіпорындарға айналу арқылы, немесе ірі кәсіпорындарға ену арқылы дамуы керек.

Экономикасы дамыған елдерде кіші инновациялық кәсіпорындарды қолданудың келесі формасы қалыптасқан:

  • тікелей қаржыландыру, жаңа өнім және технологияны құруға кететін шығындардың 50% құрайды, (АҚШ, Франция);

  • ссудаларды беру процентсіз болуы мүмкін (Швеция);

  • дотациялар барлық өнеркәсібі дамыған елдерде орын алады тәуекел мүмкіндігін есепке ала отырып инновациялық ендіру қорын құру; (Ұлы Британия, Франция, ФРГ, Швеция, Голландия)

  • қайтарымсыз ссудалар инновацияны енгізу үшін 50% шығындарға жұмсалады (ФРГ);

  • жеке кәсіпорындарда мемлекеттік салымдардын төмендету (АҚШ, ФРГ, Австрия);

  • егер жаңалық қуатты үнемдеуге болатын болса, онда салымдардан босату (Австрия);

  • жеке жаңалық ашушылардың өтініші бойынша іс қағаз жүргізуді ақысыз жүргізу (ФРГ, Голландия).

Өкінішке орай біздің елімізде ірі ғылыми зерттеу орталықтарында құрылған көптеген кәсіпорындар, негізгі ғылым мен өндіріс саласындағы делдал қызметін атқармайды.

Олар институттарда жасалған ғылыми жаңалықтарды өз қызығушылығына қолданушылар болып табылады.

Ғылыми техникалық жаңалықтар саласында мамандандырылған инновациялық ұйымдар жобаларды жасаумен, кеңес берумен бұйымды жеткізу және өңдеумен т.б. жұмыстармен айналысады. Олар өз өнімін өзі тұтынушы үшін емес, басқа қолданушының сұранысын қанағаттандыру үшін өндіреді. Сондықтан олардың қызметінің нәтижесі тауар ретінде көрініс табады да, осы себептен де инновациялық институт саласы қызметінің ерекшелігі мен мазмұнын зерттеу қажеттілігі тууда.

Инфрақұрылым бұл экономиканың жеке саласы болып табылады. Инфрақұрылым саласының ерекшелігі - ол материалдық өнім емес, қызмет өндіреді. Инфрақұрылым элементтерінің негізгі мәселелеріне экономикалық субъектілер арасында тұрақты шаруашылық байланыс орнату жатады. Инновациялық қызмет инфрақұрылымы немесе инновациялық инфрақұрылым-ұйымдастырылған экономикалық институттар жиынтығы. Олар шаруашылық субъектілер инновациялық процестерін жүргізуді қамтамасыз етеді. Инновациялық инфрақұрылымға жататын барлық ұйымдар нақты бір технологиялық және экономикалық байланыста болады. Ол байланыс инновациялық қызмет деңгейлерінің біріңғайлығын көрсетеді. Инновациялық инфрақұрылымды құрайтын ұйымдар, салалар, ұйым түрлері территориялар бойынша шетел ұйымдары мен кәсіпорындарын қосқанда бөлінеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа инновациялық инфрақұрылым қалыптасуда, оның қызметі болып инновациялық қызметті қайта өндіру жағдайын жасау табылады. Сондай-ақ олар бір-бірін толықтырып отыруы қажет. Олардың қызметінің бірдей шартпен жүргізілуі үшін салық механизмі мен қаржы-несие құралдары қолдануы мүмкін. Инновациялық қызметтердің инфрақұрылымы келесідей қызмет саласына бөлінеді.

  • көлік және байланыс;

  • информатика және телекамуникация және несие қаржылық сала;

  • қор нарығы;

  • делдалдар институты;

  • арнайы сипатта қызмет көрсететін компониялар мен фирмалар. Көлік байланыс коммуникациялық және ақпараттық байланыстар жалпы шаруашылық арналымда болады, және ұлттық экономикалық барлық салаларына қызмет көрсетеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйені құру саласында кездесетін маңызды мәселелер:

  • ақпаратты жинақтап беру және қолдану құруды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды қалыптастыру.

  • Қазақстандықтардың ақпараттық мәдениетті игеру және компьютерлік сауаттылыққа үйренуі.

Ақпараттық инфрақұрылымның негізгі элементіне, кітапханалар, кітап саудасы, ғылыми баспалар мен екінші реттік ғылыми ақпараттар жатады. Нарықтық жағдайларда ғылыми әдебиеттерде шығарылымының шығындардың көп кетуі себебінен, шығарылатын кітаптар қысқарды. Ол ғылыми-техникалық журналдар мен қоғамдық ғылыми журналдар санының көбеюі есебінен өтелуде.

Өнеркәсіп саласындағы технологиялар жиыны - олар әдеттегі текнологиядан өзінің техника-экономикалық сипатымен артық болады. Қазақстанда бірыңғай ақпараттық технологиялық жүйе құру үшін белсенді мемелкеттік қолдау қажет, ол қазіргі заманғы техника мен эксперттік қызметті ұйымдастырумен қамтылуы мүмкін.

Инновациялық саладағы банктердің негізгі қызметі ғылыми-техникалық жаңалықтарды құру мен таратуды қаржыландыру және несиелеу. Банктер жаңалықтың барлық кезеңін қаржыландыруы мүмкін. Несие жоғарғы ұйымдардың кепілдігімен, өтініш берушінің қоры есебінен, жаңа өндірілген өнімді беру келесімі мен берілуі мүмкін. Бұл жағдайда несие беру үшін пайыздық мөлшер тиімділігінің деңгейіне, өтелу мерзіміне, несиелік тәуекел деңгейіне байланысты беріледі. Банк нәтижені бірге қолданушы болуы мүмкін, ол жаңалықты іске асыру нәтижесінде алынған кірісті алып несие шығындарын жабуға мүмкіндігі бар. Банк инновациялық кәсіпорындарға мынадай қызметтер көрсетуі мүмкін ақпараттық, кеңістік, ғылыми-техникалық, жарнамалық, болжамдық коньюнтуралық.

Проценттік мөлшер көлемін анықтауға әсер ететін факторларға жататындар:

- инновациялық жобаны өткізу кезінде алынатын пайда;

  • шығын көлемі;

  • инвестициялық немесе банк қорының қарыз саласының жалпы өтелетін шығын ішіндегі көлемі;

  • инновациялық жобаны іске асыру мерзімі.

Нақты көрсеткіштердің жоспардан ауытқуы шаруашылықтың тәуекел көрсеткішін сипаттайды.

Тәуекел коэфиценті оңтайлы болуы үшін инновациялық жобаның нәтижесі оңтайлы болуы керек. Ол несиені төлеуге кететін ақша сомасының, яғни процент мөлшерлерінің төмендеуіне алып келеді. Егер тәуекел коэфиценті инновациялық кәсіпорындардың процент мөлшері нормативті көлемнен төмендейді. Егер тәуекел коэфиценті теріс болса онда несиеге төлейтін процент мөлшері жоғарылайды. Жаңа өнімді шығару мен игеру көп инвестицияны қажет етеді. Опцион кәсіпорындарға процентсіз несие алуға мүмкіндік береді, бұл жағдайда сатып алушы брокер алдын-ала төлемді жүзеге асырып отырады. Шарт бойынша кәсіпорын жеткізуден бас тарса, онда пайыз мөлшері барлық комерциялық банктердің мөлшерінен төмен болмайды.

Қазақстанда инновациялық кәсіпкерліктің дамуына акциялардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін құндық қағаздар институтының инфрақұрылымын қалыптастыру әсер етеді. Негізгі қажеттілік болып инновациялық кәсіпорындарды венчурлы қаржыландыру жүйесін қалыптастыру табылады. Олар негізінен венчурлы қорларға негізделеді. Мұндай қорлар нарықтық экономикасы бар елдердегі инновациялық кәсіпкерлік саласында басенді қызмет етеді. Бірақ біздің ел үшін қаржылық инфрақұрылымның жаңа құбылысы болып табылады.

Нарықтық экономикалы елдерде инновациялық кәсіпкерліктің көп тараған түрі болып тәуекел іскерлік жатады. Оған әртүрлі кәсіпкерлік кіреді. Қаржылық және жеке меншік инновациялық. Тәуекел іскерлігінде екі субъекті бөліп көрсетуге болады. Венчурлы капитал компаниялары және олардың қаржыландырылатын кіші инновациялық фирмалар. Тәуекел іскерлігі нарықтық экономикада бәсекені белсендететін маңызды қызмет атқарады.

Венчурлы капитал жаңа инновациялық компаниялар құру негізінде ұзақ мерзімді және болашақта үлкен кіріс әкелетін тәуекел инвестициясын жүзеге асыру үшін арналған. Сонымен қатар ол елде қызмет етіп жатқан фирмаларды дамыту және жаңартуды, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді қаржыландыруды жүзеге асыруы мүмкін.

Венчурлы инвестициялар кәсіпкерлік жобаларды қаржыландырады. Венчурлы капитал ғылыми-техникалық жаңалықты таратуда маңызды орын алады. Тәуекел капитал инновациялық жобаларды қаржыландырушы, банктік және өнеркәсіптік капиталдардан бірнеше штаттары бойынша ерекшеленеді. Капитал салушылар егер фирма сәтсіз болған жағдайда өз қаражаттарын жоғалтуы мүмкін екендігін сәтті болса ғана үлкен пайда алатынын есепке алады. Тәуекел капиталы ұзақ мерзімді инвестицияға арналған. Капиталист жаңа ойдың болашағы бар екеніне көз жеткізу үшін 3-5 жыл қажет, ал салынған капиталдан пайда көру үшін 5-10 жыл күту қажет.

Тәуекел капиталы әдетте несие түрінде емес жарғылық капиталға салым ретінде көрініс табады. Үлесіне қарай капитал салушы қаржыландырушы фирманың болашақ пайдасын алуға құқы бар. Тәуекел капиталын салудың мақсаты: кәсіпкерлік кіріс емес, осы фирманы жоғарғы деңгейге көтеріп оны болашақта үлкен ақшаға сату немесе қор биржасында оның акцияларын тиімді сату болып табылады. Сондай тәуекел капиталистері басқару, кеңес беру беру және басқа да іскерлік қызмет көрсету үшін өз қаражаттарын алмай жұмсайды.

Тәуекел (венчурлы) қаржыландырудың ортасы болып АҚШ табылады. Ондағы алғашқы венчурлы қорлар екінші дүнеиежүзілік соғыстан кейін пайда болды. АҚШ-та тәуекел капиталының үш негізгі ұйымдастырушылық формасы құрастырылған.

  • үкімент қарамағында болған кіші іскерлік инвестициялық компаниялар;

  • тәуекел капиталының арнайы тәуекел бөлімшелері;

  • ірі корпарациялардың арнайы тәуекел бөлімшелері.

Тәуекел капиталының арнайы компаниялары инновациялық фирмаларды қолдау бойынша бірнеше ақша қорларын басқарады. Көптеген компаниялар бірнеше инновациялық фирмалардың жаңа жобаларына қаражат салады. Сонда тәуекел төмендейді. Нәтижесінде инновациялық фирмалар бірнеше компаниялардан қаражат алып отырады.

Барлық өнеркәсібі дамыған елдерде венчурлы қаржыландыру жүйесін қалыптастыруда негізгі орынды мемелкет алады. Ол салық ақпараттық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды құру және құқық саласындағы саясат жүргізуді жүзеге асырады. Венчурлы қорлардың құрылтайшылары комерциялық банктер. Халықаралық қаржылық құрылымдар, Қазақстанның ғылыми академиясы және оның бөлімдері инновациялық кәсіпорындар болуы мүмкін.

Венчурлы қор қызметінің негізгі мақсаты, Қазақстанда іске асатын комерциялық іскерлікке салынатын инвестиция нәтижесінен кіріс алынады.

Венчурлы қордың негізгі қызметі келесімен болуы мүмкін.

  • алдын-ала зерттеулерді қаржыландыру, жаңалық енгізудің болашақ нарығын бағалау, болашақ компаниялардың бизнес-жоспарын өңдеу, жаңалықты потенттеу, потенттер мен лицензияларды сатып алу құқығы;

  • инновациялық кәсіпорындарды құру, оның қызметін дамыту үшін қаржы болу; олардың өнімі мен қызмет көлемін кеңейтуді қаржыландыру;

  • инновациялық кәсіпорындардың акцияларының өтімділігін қамтамасыз ету.

Мұндай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін венчурлы қорлар құнды қағаздар нарығын талдау керек. Қор нарығына шығудың стратегиясын қалыптастыру, олардың инновациялық жобаларының экспертизасын жүргізу керек. Ел үшін ақпараттық және кадрлық қамтамасыз етуді жүргізу қажет. Венчурлы капитал нарығын құру, венчурлы қор қызметіне негізделеді. Біздің еліміздегі қаржы несие саласының қызмет етуінде негізгі орынды инновациялық қорлар алады. Аймақтық инновациялық қорлардың негізгі қызметіне қамтамасыз ету жатады, қызмет ету көлемінің аздығы мен қалыптасу әдістерінің дамымағандығына қарамастан инновациялық қызмет саласын кеңейтуге арнайы инновациялық қорлар әсерін тигізеді.

Делдалдық қызмет көрсету нарығы (талдау, эксперттік, жарнама, ақпараттық, аудиторлық жүйе). Инновациялық процестің таралуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл қызметтерді арнайы биржалар, талдау орталықтары, жаңалықты потенттеумен, лицензиялаумен стандартизациялау және сертификациялармен айналысатын фирмалар атқаруы мүмкін.

Өтпелі кезең қиындықтары (елдегі бәсекелік, ортаның болмауы, өндіріс көлемінің төмендеуі, инфляцияның өсуі) инновацияның инфрақұрылымының қызмет ету жағдайына кері әсерін тигізеді. Арнайы инновациялық делдалдардың мақсаты-инновациялық процесті дамыту арқасында өз делдалдың пайдасын алу. Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды құрудың негізгі бағыты болып инновациялық орталықтарды ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады. Солардың арқасында инновациялық саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушылық көзқараспен өнеркәсіптік к/о технологиялық парктер-бұл бірнеше өнеркәсіптік, ғылыми кәсіпорындар және ғылыми өндірістік фирмалар орналасқан кеңістік. Парк әдетте бірнеше қызмет етуші секторларға бөлінген болады. Қолданушы-кәсіпорындардың орналасуы үшін инфрақұрылымды жайғастырылған және бірыңғай басқару органы болады, ол паркты бағдарлаушы түрінде көрініс табады. Паркте бағдарлаушы қолданушы кәсіпорындармен шарттарға отырады, инвест-жобаларды таңдайды, парктың қызмет етуін бақылайды. Ғылыми технологиялық парктер жаңа технологияның дамуын қаит-з етеді. Парктік орналастырудың артықшылықтары:

  • бастапқы және инвестициялық шығындардың қысқаруы;

  • ағымдағы өндіріс шығындарының қысқаруы;

  • көлік шығынының төмендеуі;

  • кәсіпкерлік іскерлігінің тәуекелі төмендейді, және қауіпсіздік деңгейі жоғарылайды;

  • қосымша қызметті қолдану барысындағы үстеме шығындардың қысқаруы.

Ғылыми парк-ң бастамасы АҚШ және Ұлыбританияда шыққан. Олар университеттер территориясында орналасып, дамыған технологияны лабораториялық зерттеу топтары және өнеркәсіптік технологияны инновациялық кәсіпкерлікті қамтамасыз етеді. Американдық ғылыми парктиканың 3 түрлі моделі бар:

  • ғылыми парктер;

  • зерттеу парктері;

  • инкубаторлар.

Инкубаторларды құрудың мақсаты-кішігірім иновациялық кәсіпорындарға ғылымдарға мамандықтырға алғашқы көмек көрсету «Бизнес инкубаторлардың» тиімділігі ірі кәсіпорындармен үкіметтің қолдауына байланысты болады. Германия мен Ұлыбританиядағы ғылыми парктердің құрылымын қалыптастырушы ұйымдар болып инновациялық орталықтар мен ғылыми-технологиялық мекемелер жатады. Франция мен Бельгияда ғылыми парктер зерттеушілермен айналысатын ірі кәсіпорындардың маңында өнеркәсіптік аймақ ретінде қалыптасады. Осыған байланысты Франция ғылыми парктер технополистер деп, ал Германияда инновациялық және технологиялық орталықтар деп, Ұлыбритания мен Голландияда ғылыми парктер, Бельгияда зерттеу парктері, деп аталады. Әртүрлі ғылыми парктердің ұқсастығы орналасқан кәсіпорындар өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықты ендіруді жүзеге асырады. Батыс Европа елдегі инновациялық орталықтар американдық инкубаторлық ұқсас қызмет атқарады. Олар ғылымдар мен кәсіпкерлерді байланыстырып, инновациялық орталықтарға қоғамдық және меншік қаражаттарын тартады, жаңалықтарды өндіріске енгізеді, жаңа өнімге лицензия рәсімдейді. Ғылыми парктердің жапондық моделінің ерекшелігі ғылыми жағынан сыйымды өнеркәсіптік өндірістер жаңа технополис қалаларына бағытталады. Ол ақпараттық жүйелер, биотехнолгиялар жаңа материалдар дамуы жағынан елдің алға басуын қарасытып, елдің аймақтық дамуының тиімділігін мақсат етеді.

Қазақстанда өнеркәсіптік және технологиялық парктерді құру, келесі мәселелерді шешуге көмектеседі.

  • өндірістік инфрақұрылымның дамуы мен қазақстанда жаңа кәсіпкерлік іскерлікті қолдауды жеңілдетеді;

  • кәсіпорынның технологиялық жаңаруын жеңілдетеді;

  • қазіргі заманға сай өндірісті ұйымдастырады;

  • нақты экономикалық секторға инвестицияны тартады;

  • ірі қалалардағы кіші орта және венчурлы іскерліктің дамуына үлес қосады;

  • кіші қалалар мен қиын аймақтардағы экономикалық базаны тұрақтандырады.

Инновациялық қызмет ерекшелігі оның экономикалық қызмет атқаруында: коммерциялық және коммерциялық емес айырбасқа эн. Тех-қ жетістіктерді тартады. Осы арқылы өндірістік тәжірибені ұлттық және халықаралық деңгейде таратады. Коммерциялық емес айырбас арқылы нақты өндірістік саладағы мамандарды оқыту мен дайындау үшін ақпараттық, жарнамалы-техникалық ғылыми-техникалық сипаттағы білімдер беріледі. Ол ғылыми-техника және өндіріс жағдайларын талдау мен болашағын анықтауға мүмкіндік береді. Коммерциялық емес айырбасқа жалпы қоғам қол жеткізе алатын мәліметтер, материалдар, басылымдар қатысад. Ғыл-техникалық жетістіктер мен технологиялық жаңалықтар мен коммерциялық емес түрде алмасу ғыл-техникалық басылымдар арқылы жүзеге асады. (кітаптар, рефераттар, статьялар потентік қорлар және т.б.) Комерциялық емес салаларға коммерциялық әдістерді қолдансақ ел техникалық дамуды және қоғам білімін тоқтатар еді, білімді жинақтаумен беру процесін қиындатар еді.

Инновациялық өнім объектік коммерциялық айырбастау инновациялық нарықта жүзеге асады.

Инновациялық нарық ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жиынтығынан тұрады. Ол инновациялық қызмет нәтижелерін айырбастау процесінде пайда болады. Инновация нарығы инновациялық сипаты бойынша (лицензия нарығы, технология нарығы) сатып алу типі бойынша (кәсіпорындар мен ұйымдар) меншік түрі инновацияны өткізу орны бойынша бөлінуі мүмкін. Лицензия нарығында айырбас объекті болып интелектуалды өнімді қолдану құқы, сонымен қатар тексеруден өткен технологиялар жатады. Бұл нарық тәжірибеде өз тиімділігін дәлелдеген технологиялық процесстер мен өндірілген өнімдер сатылып, сатып алынады.

Инновацияның сыртқы және ішкі түрлері болады. Нақты бір елде ескірген технологиялар дамымаған елдерге берілуі мүмкін:

  • өнеркәсіптік өндіріспен экологиялық жағдай ды жақсартады;

  • өнеркәсіптік жылжымайтын мүлікпен ипотекалық несиелеу тәжірибесін дамытады.

Қазақстанда мұндай парктикалады құру үшін сәйкес заңдарды бұзып, қабылдап, құқықтық реттеуді қамтамасыз ету керек. Ол басқа да заңдармен байланыстырылуы қажет. (жер туралы, ипотеке, шетел инвестициялыры жөнінде, еркін экономикалық аумақтар жөнінде). Ол елдер үшін жаңалық болуы, яғни инновация ретінде көрініс табады. ХХ ғасырдың 2-ші жартысында. Экономиканың дамыған елдерінде қалыптасқан инновация нарығы (инновация өнімі) кейбір сипаттары бойынша тауар нарығына ұқсас болып табылады. Инновация өнімінің объекті, тұтынушы құнының жалпы белгілеріне ие жаңа тәуекелді, өнеркәсіптік қажеттілікті болып табылады. Ол қолданушыларға қосымша пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл объективті белгілер инновациялық өнімнің көптүрлігіне қарамастан ол өнімдердің бір нарықта жинақталуына мүмкіндік береді. Бұл нарық сатушы (инновациялық өнім объекті құрушы) мен оны тұтынушылар сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесінен тұрады.

- Инновациялық қызмет өнімін коммерциялық айырбастаудың қалыптасуы өндірістік қатынастардың тарихи дамуының нәтижесі болып табылады. Бұл процес ғылыми-техникалық инновацияның және өндірістік қызмет саласындағы қоғамдық еңбектің бөлінуіне байланысты.

- Айырбастау саласына түскен инновациялық өнім тауардың барлық белгілеріне ие, ал оны айырбастау келісім шарттары арқылы жүзеге асады.

- Инновациялық өнім объектіні сақтау саласында нарықтық механизм іске асады. Оның негізгі элементтеріне сұраныс және ұсыныс және баға. Инновациялық өнім объектінің ұлттық нарығы сандық сипаттан, салалық және географиялық құрылымынан өзінің жарнама түрінен, бағаны есептеу әдісінен, құқықтық нормалардан тұрады. Дамыған елдердің ұлттық нарығы негізінде әлемдік инновациялық нарық қалыптасады.

Инновациялық өнімнің ұлттық нарығына компьюктуралық факторлар әсер етеді. Жалпы факторға циклдық ауытқулар жатады. Арнайы компьюктура құрастыратын факторларға ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің жағдайы мен өндірістік сала жатады. Инновациялық нарық құрамына ғылыми-техникалық өнімді өндірушілер инновациялық өнім өндірушілері және оны тұтынушылар кіреді. Инновациялық қызмет ерекшелігі оның субъектінің 2 түрлі болатынын анықтайды. Олар ғылыми-техникалық өнімді сатып алушы және сақтаушы болады. Сатушылар арасындағы бәсеке өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, сапасын көтеруге, өндіріс шығынын төмендетуге, тиімділікті жоғарлатуға мәжбүр етеді, яғни бәсеке инновациялық нарықтың дамуына ықпал етеді. Инновациялық нарықтағы негізгі бәсеке қатынастарының субъектері болып инновациялық нарық жатады. Ол ғылыми ұйым мен уақытша ғылыммен, ұжыммен, ғылыми техникалық өнімді өндіруші нарығындағы жоғары оқу орындар мен келісімге отырады.

Нарықтық экономика жағдайында бәсеке, кәсіпкерге ең тиімді тұтынушыны таңдауға мүмкіндік береді. Нарық ғылыми-техникалық және инновациялық өнімнің өндірістік шығындарын анықтайды, сол арқылы бағаны қалыптастыратын нарықтық құн анықтайды, сол арқылы бағаны қалыптастыратын нарықтық құн анықталады. Инновациялық өнімнің ажырамас бір бөлігі болып оның құны табылады, яғни нарықтағы бағаланған құны. Инновациялық өнімнің тұтыну құнының ерекшелгі оның құнын және қалыптастыру әдісін анықтауға әсер етеді.

Инновациялық өнімннің бағасын қалыптастырудың қиындығы олардың объектінің тех материалдық емес, иедеалдық көрініс табуында. Инновациялық объект жаңалығымен ерекшеленіп жеке сипатта болуына байланысты оларға нақты баға қою мүмкін емес. Ол бағаны қалыптастыру барысында жаңалықта қалыптастыруға кеткен шығынмен байланыстыруға болмайды. Себебі инновациялық салада нақты шығын көлемі мен пайда көлемі арасындағы тікелей байланыс бола алады, сонымен қатар инновациялық өнім бағасы, бірнеше факторлар әсерінен пайда болады. Сондықтан негізгі бағаны анықтағанда инновациялық өнімнің жоғарғы және төменгі бағалар ауытқуын қолдану керек.

Инновациялық өнім иесінің бағасы қызметкерлердің еңбек ақысы мен материалдарының шығын сомасынан, сондай-ақ инновациялық сипаттағы өнімнің пайдасынан қалыптасады. Сатып алушы бағасы кіріс арасындағы айырмашылықтан тұрады. Жаңалықты енгізуден жоғары экономикалық тиімділік алу үшін, оны қалыптастыруға кеткен шығын көлемі аз болуы керек.

Инновациялық процесте шығындар мен нәтижелер арасындағы байланыс аз болады, материалдық өндіріс саласына қарағанда инновациялардың құндылығы инновациялардың пайдалылығымен анықталады, яғни экономикалық субъектілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігімен тұтыну үшін инновациялық өнім объектінің құндылығы, оның әкелетін пайдасының оның баға қатынасы мен анықталады. Яғни

Ө жаңа Х Б ескі П и Х Цст

Қ= --------------------- - Ө ескі Ц= ----------------------------

Б жаңа Ц н

мұндағы:

Ө жаңа Ө ескі – жаңа және ескі өнім пайдалылығы.

Б жаңа Б ескі – жаңа және ескі өнім бағасы.

Қ-тұтыну үшін жаңа өнім пайдалылығы өндіруші үшін инновациялық өнім құндылығы оның алатын қосымша пайдасына байланысты.

Тұтынушы үшін инновациялық өнім құндылығы қосымша пайдасымен анықталады. Оның ең төменгі көлемі капиталды қолдану бағасына байланысты. Осылайша енгізілген жаңалықты қолдану, ең үлкен жалпы пайда алып келуі керек, яғни егер инновациялық өнімді алу үшін тұтынушы аз қаражатын жұмсаса, онда қосымша пайда (көздері) көлемі депазит пайызынан жоғары болуы керек. Егер қарыз қаражатын жұмсаса несие пайызынан көп болуы қажет. Осылайша енгізілген жаңалықты қолдану көп жиынтық кіріс алып келуі керек. Сондықтан инновациялық салада келісілген баға қолданылады. Әлемдік нарықта қалыптасқан лицензия бағасы, мысалы қосымша пайдаға жаңалықты енгізушінің үлесі түрінде анықталады.

Инновациялық өнімді қолдану нәтижесінде алынатын

Ц=К х Р х П х Т

мұндағы.

К - инновациялық өнімді сатушы мен сатып алушы арасында пайданы бөлу коэфиценті;

Р – инновацияны қолдану нәтижесінде алынатын әрбір өнім бірлігіне шаққандағы қосымша пайда;

П – бір жылдық өнім көлемі;

Т – лицензиялық келісімнің қызмет ету мерзімі (жылмен) тауар түрінде инновациялық өнімнің ерекшелігін есепке ала отырып, оның бағасы оны құруға кеткен шығыннан ғана емес, с/қ инновациялық өнімнің құндылығынан тұруы керек. Тиімділік көлемі енгізілген жаңалықтан алынатын ақша қаражатының сапасы мен жаңалық енгізуге кеткен жалпы шығын сомасы арасындағы айырмашылықпен анықталады. Инновациялық өнім бағасының шегі нарық бәскесінің заңдарымен реттеледі. Өндірушілер құн заңын ескерместен экономикалық негізсіз баға қоя алмайды. Бәсеке ғыл/техникалық және инновациялық қызметтің шығындарын азайтуды, іс-жүзіндегі бәсекелерді, олардың күшті және әлсіз жерлерін анықтайды. Бәсекелестер келесідегідей топтасуы мүмкін.

  • осы сияқты тауар түрін ұсынушы компаниялар.

  • бұл тауарды алмастыратын өнімді өндіруші компаниялар.

Бірінші топқа жапондық «Хитачи», «Фуджицу», және т.б. компаниялар жатады.

Олар басқалардың енгізген жаңа технологиясын сапалы, сенімді және арзан өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қолданады. Екінші топқа американдық «моторолла», «тексас» инструменті және т.б. фирмалар жатады. Ол өндірісте өздерінің техникалық ойларын қолоданады және жаңа өнім түрін өндіруде басты орын алады. Инновациялық өнімдердің бәсекелік мүмкіндігі:

- оны нарықта өткізудің негізгі шарты тағы да сол сияқты. Ғылыми техникалық прогресстің дамуы жағдайында өндірістік фирмалардың арнайы қызмет бөлімдері әлемдегі енгізілген жаңалықтар мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуын бақылап отырады. Оның коммерциялық мақсатта қолдану мүмкіндігін анықтау үшін Американдық фирмалардың 90% технологиялық болжам мәселесімен айналысып, НИОКР-ғы жұмсалатын шығындардың 1% осы мақсаттарға жұмсайды. Өнеркәсібі дамыған елдердегі ірі фирмалар басқа фирмалардың жаңалықтарын жиі қолданады. Осының нәтижесінде әлемдік нарықта өз тауарларының жоғары бәсекелестігін ұстап тұрады. Жапондық компаниялар лицензиябойынша сатып алынған ғылыми-техникалық шығындардың үштен бірін жұмсайды. Инновациялық өнімді сатып алудың нәтижесін кәсіп орынның барлық қызметіне әсер етуі мүмкін.

Инновациялық өнім объекті сату туралы ұсыныс әртүрлі көздерден түсуі керек-көптеген кіші фирмалардан, жеке зерттеушілерден егер инновациялық өнім өндірістік қызметке сай келмесе, онда соңғылары осы инновациялық нарықта сатуы мүмкін. Нарыққа көбінесе потентпен қорғалған үлгілер, технологиялық процестер, жаңа конструкциялар шығады.

Коммерциялық процестер басқарудың мәселелері (стратегиялық әрбір кезең біткен соң инновация бағытын таңдау, қаржы көздерін іздеу, қаржылық қамтамасыз ету, жоспарын құру) және тактикалық (маркетинг, жарнама, сатуды жүзеге асыру, сату кезінде инновациялық меншікті басқару) болып бөлінеді. Инновацияны коммерцияландыру аймағына инновациялық өнімді нарыққа шығару және қалыптастыру кезеңі жатады.

Инновациялық өнім объектілерінің бәрі комерцияланбайды. Инновациялық өнімді тұтынушылар одан экономикалық тиімділікті күтеді. Экономикалық тиімділікке келесілер кіреді.

  • тікелей экономикалық тиімділік (еңбек өнімділігінің артуы, ресурстарды үнемдеу осының нәтижесінде өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендету)

  • техникалық тиімділік өнім сапасын жақсарту, сыртқы және ішкі нарықта оның бәсеке мүмкіндігін қамтамасыз ету

  • әлеуметтік тиімділік, еңбек жағдайын жақсарту, адамдардың денсаулығын сауықтыру олардың жан-жақты дамуы, сондай-ақ тұрғындар үшін тауар және қызмет өндірісін жоғарлату және сапасын жақсарту.

  • Ғылыми техникалық өнімді лицензияны сатудың сыртқы экономикалық тиімділігі.

  • Жүйелік тиімділік бір объектте жинақталған бірін-бірі толықтыратын құрылғылар қолдану нәтижесінде т.б.

Нарықтық экономикасындағы инновациялық қызмет пайда әкелуге бағытталған. Енгізілген жаңалықтың экономикалық бағалаудың негізгі нәтижесі болып, экономикалық тиімділік болып табылады.

Экономикалық тиімділік жаңалық енгізуден түсетін пайдадан тұрады.

Экономикалық бағалау нәтижесі бойынша стратегиялық жоспарлау жүзеге асады. Бизнес-жоспар құрылады, кәсіпорынның болашақ пайдасы есептеледі. Осылайша экономикалық тиімділік пайданы немесе зиянды экономикалық бағалаудың жалпылама көрсеткіш болып табылады.

Процестік инновация кезінде бірнеше техникалық варианттарды салыстыру арқылы, оған кеткен шығындардың ең төменін анықтау арқылы таңдайды. Ол келесі формуламен анықталады.

С+КхЕн→min,

мұндағы:

С-ағымдағы шығындар (өзіндік құн)

К-капитал салымы

Ен-салыстырмалы тиімділіктің нормативті коэффициенті.

Жаңа инновациялық өнімнің толық өзіндік құнын есептегенде өнім өндірісіне кеткен ағымдағы шығын сапасын, өндірістік және өндірістік емес шығындардың жалпы көлемін ескеру керек.

Экономикалық бағалау кезінде маңызды орынды жаңа өнім бағасындағы пайданың үлесі алады.

Жаңа өнімді өндіруден болатын алдын-ала экономикалық тиімділік көбіне келесі формуламен анықталады.

Ээп=(Цп-Сп)х ,

мұндағы:

Цп-жаңа өнімнің алдын-ала жобалаған бағасы.

Сп-жаңа өнімнің алдын-ала жобалаған өзіндік құны.

-жаңа өнім өндірісінің алдын-ала қарастырылған көлемі.

Жаңа өнім өндірісінің тапсырыс беруінің келісіміне немесе нарықтағы өнімінің көлемі тапсырыс берушінің келісіміне байланысты болып табылады.

Инновациялық нарықты қалыптастырмай ұлттық өнімінің бәсеке мүмкіндігін артыру мәселесіне шешу мүмкін емес. Жаңа тауар өндіру нәтижесінде жаңа нарықты игеру, оған бақылау орнату, оған баға қойып, одан жоғары пайда көру ірі кәсіпорындар үшін де қиынға соғады.

Бір өнімнен екінші өнімге тез өту үлкен қаржылық шығындарды талап етеді. Сондықтан жаңа өнім өндірумен кіші және орат кәсіпорындар айналысады. Ірі кәсіпорында қолданылатын жаңалықтар көбіне шағын және орта кәсіпорындардың инновациялық қызметінің нәтижесі болып табылады.

Венчурлардың қызметінің нәтижелеріне целлофан қаламсап, вертолет (тікұшақ) кинескоп, инсулин, түрлі түсті фотосурет және оны баспаға шығару, микропроцессорлар және т.б.

Кіші бизнесті (іскерлікті) инвестициялау дамушы технологиялар негізінде аз ресурсты талап етеді.

Қазақстанда қалыптасып жатқан инновациялық нарықтық бірнеше ерекшеліктері бар. Олар нарықты өзгерту кезеңіндегі экономиканың тоқырау жағдайында болуына байланысты. Оларға жататындар.

  • тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің қажетті қаражатының болмауы.

  • инновациялық нарық өнімінің өзінен емес сол инновациялық қызметті жүзеге асыра алатын ұйымдардан, ұжымдардан жеке мамандардан тұрады.

  • Инновациялық ұйымдар қазіргі кезде басқа жақтап таратылған венчурлы капитал есебінен өз жұмыстарын еркін жүргізе алмайды.

Қазақстан жинақтау саласында ерекше жағдай қалыптасқан сауда, банк және сақтандыру секторларынан түскен капитал өндірістік және инновациялық салаға түспейді. Жақын арада бұл капиталдар инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болады деп те айтуға болмайды, оған сенім жоқ. Инновациялық өнімді тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы қатынастың нәтижлі болуы үшін, инновациялық қызметті коммерцияландырумен айналысатын макроқұрылым қалыптасуы қажет. Бұл тұрақтылық инвесторлардың инновациялық қызмет субъектілерінің қызығушылығының арттыратын сәйкес инфрақұрылым құрылуы керек. Ол шаруашылық субъектінің нарықтық сұранысын анықтайды.

Қазақстан жағдайының ерекшелігі елде инновациялық нарық енді ғана қалыптасуда мемелкеттік инновациялық саясатты жүзеге асырумен байланысты инфрақұрылымның өзгерістер жүзеге асырумен байланысты, инфрақұрылымның өзгерістер нарықта инновацияны коммерциялау процесін жеделдетуі мүмкін.

Ғылыми сыйымда өнім үлесінің көбеюі тауар құнындағы еңбек ақының өсуіне алып келеді, яғни ел ішіндегі төлем қабілеттілігін жоғарлатады. Өнеркәсіптік өндіріс үшін коньюнктура төмен болғандықтан мемелкет ғылыми сыйымды өнімді өткізудің ішкі және тұрақты сыртқы нарығы жоқ. Біздің елімізде мемелкеттік деңгейде коньюнтуралық өнім түрін анықтап, оған қажет технологияны қалыптастыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]