- •Инвестициялыј-инновациялыј јызметтi талдаудыЎ Јылыми негiзi.
- •1.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
- •Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу көзі
- •1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері
- •2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру
- •Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
- •Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
- •2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
- •2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
- •Ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдағы қызметкерлер саны
- •Ғылым саласы бойынша аспиранттар саны
- •Ғылым салалары бойынша бітіруші аспиранттар саны
- •3 Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін дамыту мен жақсарту мәселелкері
- •3.1. Инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету
- •Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері
- •3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
Ғылыми-техникалық мүмкіндік-бұл қоғамдық материалдық және ұйымдастырушылық шартымен бірлесіп жинақталған білім деңгейі. Бұл білімді ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресте қолдануды қамтамасыз етеді. Ғылыми мүмкіндік ғылыми жүйенің өз қажеттіліктері мен қоғам жүйесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Соңғы ғылыми нәтиже болып-таза ғылыми өнім табылады. Бұл өнімді өндіруде ғылым үлесінің көлемі, ғылыми мүмкіндігін жағдайының интеграция көрсеткіші болып табылады.
Ғылыми–техникалық білімнің қалыптасуы адамдардың шығармашылық іс әрекетінен жүзеге асады. Адамдар табиғат пен қоғам туралы білімді толықтыруды, таратуды және қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл білім арқылы өндірісті жақсартуға, адамдардың өмірінің жағдайын жақсарту мен олардың мәдени деңгейін көтеруге, табиғат пен адамдардың қатынастарын тиімді құрастыруға болады. Ғылыми-техникалық мүмкіншілік бұл:
жинақталғанбілім жиынтығы (ақпарат) кадрлар жиынтығы;
материалдарды-техникалық қаражаттандырудың жиынтығы.
Ғылыми-техникалық жетістіктер мен иновациялық қызмет, материалдық байлық пен адам кап-ң сапасын көтерудің негізгі көзі б/т. Ұлттық экономикалық құрылымдалуы ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерінің салалық аймақтық болып бөлінуіне алып келеді.
Салалық құрылымға материалдық өндірістің, өндірістік емес саланың, оған кіретін кәсіпорындармен ұйымның мүмкіндіктері кіреді.
Аймақтық құрылым елдің әкімшілік және экономикалық бөлімдерінен тұрады (республика, экономикалық аумақ, аудан, қала). Ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді бөлудің тағы бір түрі. Жекеменшік түріне байланысты, мемелкеттік мүмкіндік және жекеменшік түріндегі мүмкіндіктер.
Ғылыми техникалық мүм-ң сапалы көрсеткіштеріне қарап негізгі ғылымилық даму деңгейін бағалауға болады.
Оның ішінде мамандандырылған құрамды, х/а ғылыми ұйымдарға мүшелерді, х/а премия лауреаттарының санын бөліп көрсетуге болады. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар нәтижесі келесі көрсеткіштермен бағаланады: енгізілген жаңалықтар саны, патенттер мен авторлық куәлік саны түрлері бойынша.
Қаз-қ ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің ақпараттық базасы-ғылыми-техникалық ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының статистикалық есеп мәліметтері б/т. Ол жерді кадрлар мен матер-техникалық негізді құрастырушылар көрсеткіштері толық, ал ақпараттық құрам мәліметтері толық емес көрсетіледі. Ғылыми-техникалық мүм-ң құрылу динамикасын, әртүрлі елдегі ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарға жұмсалатын шығын деңгейімен ғана емес, сондай-ақ ұлттық табыс қатарларымен де анықтауға болады. Ол елдегі ғылыми-техникалық қызметтердің алға жылжуын сипаттауға мүмкіндік береді.
Ғылыми-техникалық мүмкіндікті бағалау тек теориялық жағынан емес, сондай-ақ оның дамуын болжау үшін қ-т. Осы уақытқа дейін елдің ғылыми техникалық дамуын сандық және сапалық бағалаудың жалпы әдісі анықталмаған. Ғылыми-техникалық мүмкіндік нақты эк-қ, техникалық және ж-к мәселелерді шешуде маңызды орын алады.
Ғылыми әдістерде ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді суреттеуге және құрамдас сипаттар (кадрлық, материалдарды техникалық) және қаржыландыру көрсеткіштері (ағымдағы жалпы маңыздар мен капитал салымы) қолданылады. Ғылыми-техникалық мүмкіндікті бағалаудың жалпы әдісі ретінде ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарға кеткен шығын көрініс табады. Негізгі зерттеулер (38 жыл), жанама зертеулер (12 жыл).
Сандық көрсеткіштерге жататындар:
ғылымнның салалары және ұлттық экономика саласы бойынша ғылыми зерттеу және конструкциялық жұмыстарға жұмсалған шығын көлемі;
ғылыми секторлары бойынша (негізгі, жанама жоғарғы оқу орны, өндірістік) ғылыми салалары бойынша ғылзерт және конс-қ жұмыстар саласындағы жұмыс істеп жатқандар саны.
Ғылыми техникалық қызметті қаржымен қамтамасыз ету ғылыми-техникалық мүмкіндікті толық құрастырушы болып есептелмейді, бірақ оны сипаттаушы б.т.
Кадрлық құрамды бағалау келесі көрсеткіштермен жүзеге асырылады:
қызмет ету түріне байланысты персонал саны (негізгі және жанама зерттеулер), квалификациялық тобы бойынша адамдар саны (жоғары квалификациялы ғылым қызметкерлері-докторлар мен ғылым кандидаттары, ғылыми атағысыз ғылыми қызметкерлер, жоғары және арнайы орта мамандандырылған білімді ғылыми-техникалық персонал, көмекші персонал, жұмысшы кадрлары);
қызмет ету құрылымы бойынша сандарды бөлу.
1991 ж басында Қазақстанда 276 ғылыми ұйымдар болған, оның ішінде ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары да бар. Ол жердегі қызметкерлер саны 50,6 мың адам болған, оның ішінде ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкциялық және технологиялық жұмыстарын атқарушылар саны 3/3 мың адам, ал жоғары оқу орындарында сабақ беріп осындай жұмысты атқарушылар-8,2 мың адаммен бірге жалпы саны 39,5 мың адам болған.
Қазақстанның ғылыми-зерттеу жобалау-конструкторлық ұйымдар мен ЖОО-ң саны Қаз. Мем. ғылыми-техникалық зерттеу институтының зерттеулері нәтижесінде 1995 ж басында 406 болған. Оның ішінде мемелкеттік статистика комитетінің берілгендері бойынша 283 ұйым ғылыми-техникалық қызметпен айналысқан:
154-ғылыми ұйымдар, 48. ЖОО; 41-жоба және жобалау-конструкторлық ұйымдар, 18 өнеркәсіп бөлімшелері және 22 басқа да ұйымдар зерттеулер мен өңдеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ары қарай, осы күнге дейін дамуы келесі кестеде көрсетілген.
кесте Зерттеулер мен өңдеу жұмыстарын жүргізген ұйымдар саны
|
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
Жалпы ғылыми ұйымдар Барлығы: |
282 |
257 |
259 |
267 |
Бұл кестеде және басқада көрсетілген мәліметтер 2003 жылдық статистикалық мәліметтерінен алынған. Осы кестенің мәліметтері бойынша 1994 ж бастап 1999 ж дейін ғылыми ұйымдар саны азайып келіп, 1999 ж бастапқы 1994 ж қалпына келген. Ал 2002 ж ғылыми ұйымның саны тағыда азайған. Бұл, нарықтық экономикаға өту кезіндегі тоқырау жағдайда ғылымға көп назар аудармай, өндірістің тоқтап қалуына байланысты болған. Ал 1999 жылдан бастап ғылымиға бюджеттік қаржы бөлініп, бір қалыпты жағдайда әлі де көшуде.
Осы ғылыми зерттеу ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлер саны статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл сайын өсуде. Жалпы ғылыми қызметкерлердің ішінде 2002 ж алып қарасақ докторлардың үлесі 6,3%, ал кандидаттар үлесі соңғы жылы 21,5% құрайды. Зерттеушілер мен техниктер арасында докторлар-8,7%, ал кандидаттар-25,0% құрайды. Яғни ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруда кандидаттар саны докторларға қарағанда көп болады. Ал көмекші персонал арасында докторлар мүлдем жоқ. Ол түсінікті ақ болады. Ал кандидаттардың 0,1% ғана көмекші персонал ретінде жұмыс атқарған. Бұл соңғы 2002 ж жағдайын талдай отырып шығарылған көрсеткіштер. Ал қалған алдыңғы 1999, 2000, 2001 жылдардың мәліметтерін келесі кестеден көруге болады. (21.3.)
кесте
