- •Инвестициялыј-инновациялыј јызметтi талдаудыЎ Јылыми негiзi.
- •1.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
- •Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу көзі
- •1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері
- •2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру
- •Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
- •Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
- •2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
- •2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
- •Ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдағы қызметкерлер саны
- •Ғылым саласы бойынша аспиранттар саны
- •Ғылым салалары бойынша бітіруші аспиранттар саны
- •3 Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін дамыту мен жақсарту мәселелкері
- •3.1. Инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету
- •Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері
- •3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
2003-2015 жж Қазақстаның өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы жасалды оның Авторлары-өнеркәсіп және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Президенттің тапсырмасымен жасалған бұл бағдарлама бірінші кезектегі мәселелердің бірі әрі маңызды болып табылады. Бұл бағдарламаны жасау үстіндегі жұмыс былтырғы жыл бойы жасалды, осы уақыт аралығында өнеркәсіптік саясатқа деген көз қарас бірнеше рет ауысты. Вице-премьер Карим Максимовтың бастауымен жұмыс тобы құрылып бағдарламаның соңғы жобасы жасалды. Үкімет басшысының бағалауы бойынша ұсынылған бағдарламаның негізгі ерекшелігі болып мемлекет пен жеке сектор арасында бағыныштылық принципінің болмауы. Соңғы нәтижеде өндіріс орындарындағы қазіргі шикізат бағытын, отандық кәсіпорындардың жоғары қосымша құнды өнім өндіруге бағыттау маңызды болып табылады.
К.Максимовтың айтуынша біз өнеркәсіптік кезеңнен ақпараттық кезеңге аттадық, бұл жағдайда ақпарат пен жаңа білім саны әр сегіз ай сайын екі еселеніп құрады. Ақпараттық қоғамда экономиканың қозғалысы мен дамуы инновациясыз мүмкін болмағандықтан бағдарламаға «инновациялық» деген түсінік енгізілді. Бұл құжаттың маңыздылығы мен ұзақ мерзімділігін білдіру үшін оған мемлекеттік деген статус беру ұсынылды.
Бағдарламаның мәні өндіріс және жоғары сапалы өнімді экспорттау есебінен, мемлекеттік қолдау арқылы ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу, бәсекелі өнеркәсіпті дайындау мен жоғары технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау.
К.Максимов маңызды мәселелердің бірі ретінде қорытындылаушы кезеңде өңдеу өнеркәсібінде орташа жылдық өсімінің 8,4 пайызға еңбек өнімділігі-үш есе өседі деп, ЖҰӨ қуаттылығының екі есе төмендеуін атап айтты. Бұл үшін жобада «кәсіпкерлік» жақсы. Ол үшін қаржылық институттарда оңтайлы «кәсіпкерлік» ортаны қалыптастыру қарастырылған. Осының нәтижесінде жеке секторлар сыртқы және ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие болатын бәсекелі өнім өндіруге ұмтылатын еді сонымен қатар ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндіріс, әлемдік сапа стандартына кему, аймақтық экономика мен әлемдік жүйеге интеграция, ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қатысу қажет.
Бағдарламаны үш кезеңге бөліп іске асыру жоспарланған. Бірінші кезеңде, ол 2003 пен 2005 ж аралығында созылады, заңдылық пен салалық даму бағдарламасына өзгеріс енгізу, білімді, ғылымды қаржыландыру көлемін анықтау жоғары квалификациялы мамандарды дайындау, даму институттарын құру, жоспарланған. Олар арқылы мемлекеттің жобаларға қатысу мүмкіндігі туады, бәсекелік өнім өндіру өндірісінің жүйесін құруды жүзеге асыру қарастырылған. Жоғары қосымша құнды өнім өндіру, әртүрлі салалардағы негізгі кәсіпорындардықолдау, әлемдік, нарыққа экспортпен шығу мүмкіндіктерін жоғарлату мәселелеріне көп назар аударған.
Екінші кезеңде – 2006-2010 – жеке сектордағы ынталанушыларға көп назар аударылып жобаларды қаржыландыратын инвесторларды іздестіру сондай-ақ басқару, оқытушылық, инженерлік техникалық және жұмысшы кадрларын дайындауға көп назар аударылады. Сондай-ақ негізгі және көмекші объектілерді қайта жөндеу мен құру жоспарланған.
Үшінші негізгі кезеңде (2011-2015 жж) ұйымдастырушылық әдістерді реттеу, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің бәсекелілігін арттыру және экономиканың құрылымын өзгерту және экспортты диверсификациялар жоспарланған.
Осы шарттардың орындалуы, отандық экономиканың 9-9,5% жылына өсуіне, өңдеу өнеркәсібінде-8,4%, ЖҰӨ 2015 жылға 2000 жылмен салыстырғанда 3,5-3,9 есе өсуіне алып келеді деп есептеуге болады. Алдын ала есептеулер бойынша қойылған мәселелерді жүзеге асыру үшін аталған салаларға инвестиция жыл сайын 1,2 млрд. доллардан салыну керек жеке инвестицияларды қоса алғанда. Мемлекет тарапынан инвестициялар көлемі 260 млн. доллардан кем болмауы керек.
Ол үшін даму банкінің несиелік мүмкіндігін жоғарлатып, қаражатын тарту жоспарлануда. Ол қаражат, өндірісті техникалық қайта қаруландыру мен жаңалатуға бағытталған инвестициялық жобаларды қамсыздандыруға бағытталады. Сондай-ақ инновациялық қор, ғылым қоры мен кіші кәсіпкерлікті қолдау қорының мүмкіндіктерін тұтыну жоспарлануда.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келимбетов өз сөзінде, мұнай газ өнеркәсібінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес бұл шикізаттардан түсетін кіріс көлемі 2001-2005 жылдары 11% құрайды. Келесі бес жылда мұнайды өндіру жыл сайын 19% өсіп отырады, ал 2011-2015 ж – 8,4% құрайды. Жалпы осы кезеңде «қара алтын» өндіру 35 млн. тонна 180 млн. тоннаға артады деп айтты. Осындай даму ырғағымен министрдің бағалауы бойынша Қазақстанның ЖҰӨ он бес жылда үш есе өседі.
Бірақ бәрі мұндай өңай емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикалық құрылымдық өзгеруі шамамен 30 жылды қамтиды, егер осы мәселені қазір шешіп қолға алмасақ, онда кейін ол қиынға және қымбатқа түседі. Бір өнімге жұмсалатын капитал деңгейінің жоғары болуы, ғылыми және инновациялық жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік бермеуде. Мысалы, ЖҰӨ-ң бір долларына кеткен электр қуаты жағынан, өнеркәсібі дамыған елдерден 10 есе арттамыз. 2002 жыл басынан негізгі құр/ң тозу пайызы орташа есеппен 33%, ал өңдеуші өнеркәсіптері, а/ш мен көлік салаларына 50% асады. Менеджмент деңгейін көтеру, еңбек өнімділігін жоғарылату және өндірістің материал сыйымдылығы мен қуат сыйымдылығы-бәсекелесуді жоғарылатудың негізгі мәселелері болып табылады. Ал шикізат конъюнктурасына тәуелділік деңгейіне қарсы тұру үшін, шикізат емес салаларының бағытына ,ылыми-техникалық енгізулерді белсендететін мемлекеттік саясат жүргізу қ/т. Өндірістік және ғылыми мүмкіндіктерді толық тарту үшін, бағдарламада технопарктерді ұйымдастыру қарастырылған.
Инновациялық үрдістер, олардың жаңа өнімдерге және жаңа техникаға қолданылуы экономикалық дамудың негізі болып табылады. Қазіргі инновациялық үрдістер өте күрделі. Олардың даму заңдылықтарына талдау жасау үшін жаңалық енгізудің әртүрлі ұйымдық-экономикалық жақтарымен айналысатын мамандар-инновациялық менеджерлер қажет. Олардың міндеті-инновациялық үрдістің дамуына ықпал жасау, мүмкін болатын қауіп-қатерді және оларды шешу жолдарын талдау.
Нарық экономикаға өнімді жаңартуға мүдделі жеке фирмалар бәсекесі бәсекелес жаңалық енгізу нарығының болуы тән. Сондықтан, инновациялық менеджерлер қатысатын, жаңалық енгізуді нарықтық таңдау бар. Мұның бәрі инновациялық менеджерлерге жоғары талаптарды анықтайды. Олардың ғылыми-техникалық және экономикалық-психологиялық әлеуеті инженерлік экономикалық білімі дәстүрлі менеджер және оқу-зерттеу сапасына ие болу керек. Жаңалық енгізу тиімділігін бағалай алатын білікті экономист болу керек. Ол үшін ЖОО-да білім беру деңгейін жоғарылату жолдарын қарастыру қажет.
