Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

34. Дидактикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау әдісі

Дидактикалық тестілеу бақылау, тексеру әдістерінің бір түрі. Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптеп өолданылуда. Оларды жалпылама 4 типке бөліп қарастырамыз:

  • Есте сақтауға және секе түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерін тексеру;

  • Зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексер;

  • Алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты жағдаяттарда пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

Теориялық оқыту үдерісіндегі тестілеу. Тексеру әдістерін таңдау тексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Білім алшылардың оқу іс-әрекеттеріне қабілеттілігін әрқайсысының соған сәйкес оқыту мақсаттарын, оқу материалын меңгеру сапасын сипаттайтын белгілі бір түрлі сапалық деігейлерге бөліп қарастыруға болады. Оларды меңгерудің төрт деңгейінде ажыратып көреткен дұрыс: 1-тану, 2-қайта жаңғырту, 3-эвристикалық, 4-шығармашылық.

Бірінші деңгейдегі тестер, білім алушыларға алдын-ала айтып қою арқылы, әрекеттерді орындайтын іскерліктерін тексеруге арналған.

Екінші деңгейдегі тестер, білім алушылардың өз бетімен есте сақтағандарын қайта жаңғырту және бұған дейін меңгерген білімдерін қолдануы бойынша іскерліктерін тексеруге арналған.

Үшінші деңгейдгі тестер, білім алушыларға эвристикалық типтегі өнімді әрекеттерге қабілеттіліктерін анықтауға арналған.

Төртінші деңгейдегі тестер, білім алушылардың бұған дейінгі алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу іскерліктерін анықтауды көздейді.

Практикалық (өндірістік) оқу әдістерін тестілеу. Оқу-өндірістік жұмыстардың сапасы ұғымына дейін еңбек өнімін сипаттайтын көрсеткіштер кешені кіреді. Бұл жалпы алғанда өлшемнің дәлдігі, өнімді әрлеу сапасы. Еңбектің өнімділігі орындаудың уақыт мөлшерінің өнімнің бірлігіне шаққандағы сипаты. Әдетте, практикалық (өндірістік) оқытудың сапасын белгіленген өлшемдік аппарат арқылы оның сапасы мен еңбектің өнімділігін диагностикалаудың негізгі құралы – біріңғай тест саналады. Орындалған еңбектің сапасының эталоны ретінде жұмыс сызбалары ретінде немесе қажетті сандық мәліметтердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, бұйымның үлгісі, құрылғылардың реттелген жұмыс параметрлері және алынған өнімнің сипаттамасы, жұмыс орнына, агрегаттарға, қондырғыларға және т.б. қызмет көрсету бойынша нұсқаулар алынады.

Тестілеу нәтижелері бойынша орындалған жұмысқа «жарамды – жараммсыз», «сәйкес келеді – сәйкес келмейді», «уақыт мөлшері орындалған – уақыт мөлшері орындалмаған» деген қорытындылр беріледі. Ал кейбір жағдайларда «мүкіс жөнінде алынады», мүкіс жөндеуге келмейді» деген қорытындылар жасауға кеелмейді» деген қорытындылар жасалуы мүмкін.

Қорыта келгенде, практикалық (өндірістік) оқытудың сапасын тестілеу арқылы диагностикалауды ұйымдастыруда келесілерге назар аударылады:

  • Оқу бағдарламаларын талдау және оның мазмұнын және мақсаттарын нені және не үшін тестілеуді білу үшін анықтау;

  • Тестерді (тестер жүйесін) мақсатқа сәйкес таңдау және дайындау;

  • Тестілеу үдерісінің материалдық-техникалық жабдықталы;

  • Сараптау комиссиясын анықтау, олардың мүшелерінің міндеттерін бөліп беру және тестер эталондарымен қамтамасыз ету;

  • Тексерушілердің білім алушылардың тест тапсырмаларын орындауларын қадағалауы, уақыт мөлшерінің орындалуын баға беруін анықтау.

Білім алушылардың үлгілері мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өзіндік баға беру, өзара баға беру сияқты белсенді әдістері қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]