Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

22. Өндірістік оқыту әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.

Білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемелерінің бұрын қолданылып жүрген барлық түрлері де өндірістік практика жағдайында оқушылардың таным процесін кеңейтуде, кейбір кәсіптерді есіне түсіруде кеңінен қолдау табады. Әсіресе, өндірістік оқытуда оқушылардың танымдық белсенділік әрекетін дамытатын, қабылдау – жаңғырту, иллюстративті – түсіндіру, еске алу, іздестіру, ішінара іздестіру (эвристикалық әңгіме) зерттеу және проблемалы оқыту әдістері бұйымды, затты сипаттау, мәнін ашу, оның жасалу я өңдеу технологиясын түсіндіргенде көбірек пайдаланылады. Сондай – а, өндірістік оқыту барысында оқушыларды ынталандыру, оқу мотивациясы, оқу – танымдық әрекеттерін жандандыру бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері де қажет кезінде тиімді пайдаланса өз жемісін береді. өндірістік оқыту шебері практикалық оқытуда оқушылардың творчествалық және ой – қиялын дамытатын, курсты оқу мазмұнын игерткенде білім, білік және дағдылық қасиеттерін проблемалы – іздестіру әдісіне бағыттаса түпкі нәтижеге жету мүмкіндігі молая түсетіні байқалып жүр.

Сөйлеу әдісі – бұл әдістердің көмегімен ақпараттарды (білімді) жеткізетін құралдар сөз және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатын түрлері кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелесу, дискуссия, лекция,кітаппен жұмыс.

Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады.Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады.

Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.

Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс - әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек қолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал – жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Мына төменде: Еңбек процесін көрсету плакатының жалпы сұлбасын беріп отырмыз.

Еңбек қимылын біртұтас, қалыпты жұмыс жағдайындағы қимылмен көрсету.

Еңбек қимылын өте баяу, тақтап, әрбір кезеңге сипаттама беріп, іс - әрекеттерді элементтерге бөліп көрсету

Еңбек қимылын біртұтас, қалыпты жұмыс жағдайындағы қимылмен

көрсету.

Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік:

  • Көрнекі құралды көрсету қимыл – тәсілдермен үйлестіріліп, техникалық – технологиялық, талаптар онда сақталуы қажет.

  • Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн, ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.

  • Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек.Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.

  • Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.

Көрнекі құралдардың келесі түрі – экрандық (аудио, бейне) материалдарды пайдалану тәсілдері. Өкінішке орай, алдыңғы айтқан көрнекі құрал түріне қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу фильмдері, диафильмдер, слайдтар т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді теориялық оқытуда көбірек қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен ертеректе шығарылған фильмдер мен диафильмдер қолданылады (олар көбінесе слесарлық жұмыстарды атқаруға, олардың операцияларының орындалу бірізділігін көрсететін фильмдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған бейнефильмдер мен ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері мол. Өндірістік оқыту материалдарын игертуде пайдаланылатын әдістің бірі – оқушылардың өзіндік бақылауы. Бұл әдіске жататындар - өндірістік экскурсия, практика өткізілетін цех, учаскемен ондағы құрылғылар мен жабдықтармен таныстыру.

Оқушыларға алдын – ала бақылаудың мына тәсілдерін үйрету керек:

  • Бақылаудың мақсаты мен тәртібін хабарлау;

  • Негізгі нысанды ажырататын бақылау;

  • Бақылау біткен соң, нәтижесін білу үшін жауап беретін сұрақтарды беру;

  • Бақылау кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескертіп, оны жою жолдары туралы нұсқау беру;

  • Оларды ұдайы назарда ұстап, көмек беріп отыру;

  • Оқушылардың өзіндік бақылауының қорытындысын жүйелі шығару;

Өндірістік оқыту шебері нұсқауымен 2-3 оқушы іс – қимыл әрекеттерді қайталап көрсетіп береді. Олар кәсіби қимылдық тірек элементтері болып, бірдей я әртүрлі әрекеттер болуы да мүмкін.

Мысалы: Слесарь – жөндеуші мамандығы үшін бұл тегістеу тәсілдері, қиғаштап аралау не кесу, жону жұмыстарының кезеңдерімен атқарылуы болып табылады. Сондай – ақ әмбебап – жонғылағыш, бақылау - өлшеу аспаптарын ретке келтіруші. Сәндік бұйымдар шебері (мастер декоративных изделии) мамандақтары бойынша тиімді практикалық жұмыстың соңына таман бүкіл оқушылар ұжымы, іс - әрекеттерді өз бетінше қайталап, тұтастай атқарады. Оқытушы не өндірістік шебер бұл кезде бұрынғы жіберген кемшіліктерін қайталау жағын ескетеді.

Сонымен қорытып, өз пікірін білдіреді.

Жаттығу - өндірістік оқытудың негізгі әдісі оқулықтарда, әсіресе, практикалық жұмыстар кезінде жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету, өндіріс шеберінің алдындағы нұсқау беруі туралы т.б. мәселелер жеткілікті айтылған. Практикалық курс бағдарламасы жаттығу әдісі арқылы материалды игертуге бағытталуы тиіс. Оқулықтарға жазылған тәсілдерді іске асырып, оны дағдыға айналдыру үшін шебер де, оқушы да ерінбей тер төгуі қажет, онсыз кәсіпке машықтану – қиын іс. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық жұмыстарды бөлімдерге бөліп алдын – ала мұқият өзі танысып алуы қажет. Әрбір өтілген әрі алда өтілетін практикалық жұмыстар кезең – кезеңімен бір – бірімен сабақтасып жатқаны жөн. Жаттығуды өтпес бұрын алдымен атқарылар іске жалпы сипаттама беріп оған талдау жасалынады. Сосын қимыл - әрекеті бірнеше рет қайталайды, мұнда сандық көрсеткіштер бірте – бірте сапалық көрсеткішке ұласуы тиіс. Кейде, бұл әрекеттер біліктілік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізуі де мүмкін.

Келесі маңызды тақырып атауы – жаттығуларды жіктеу.

Оны 2 жақтан қарастыру керек:

  1. Дидактикалық мақсаттылығы;

  2. Жаттығу мазмұны;

Жаттығуларды мазмұнына қарай жіктеу өндірістік оқыту кезеңдеріне сай келеді. Мына төмендегі кесте бойынша (үлгі) жаттығуларды түрлі санаттарына қарай жіктеу соңғы уақытта кәсіптік білім беру саласында жиі қолданылып жүр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]