Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

35. Кәсіптік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі ұйымдастырудың қиындығы, оның өзгерісті, динамикалық, қозғалмалы болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.

Ә.У.Усманов және К. Өстеміров сияқты қазақстандық ғалымдардың пікірінше кәсіптік білім беру орындарында тәрбие жұмысының төмендегідей ерекшеліктері бар: тәрбиелеушілер санының шектеулігі; курстан курсқа өткен сайын оқыту жұмысының өндірістік сипатының күрделенуі; тәрбиеленушілерді түзету және қайта түзетужұмстарымен тығыз байланыста жүргізілуі; өндірістік оқыту мен өндірістік практика кезінде еңбек ұжымының тәрбиесін, оның факторларын есепке алу қажеттілігі.

Бұндай ерекшеліктер ең алдымен бұл үдерістің мақсат-бағдарлы болып табылатындығы көрсетеді. Сондықтан оны ұйымдастыруда тәрбие мақсатының тәрбиелеушіге жақын рі түсінікті мақсатқа айналуы тиіс. Нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы қазіргі тәрбиелеу үдерісі сипатталады. Рсы тұрғыдан алғанда, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2009ж. 16 қараша №251 бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылған «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамырытәрбиелеуден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет ететіндігіне айрықша мән берілетіндігіне сәйкес кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің проблемалары ерекше назар етуді қажет етеді.

Бүгінгі таңдағы кәсіптік оқу орындарындағы еңбек тәрбиесі жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыруды, адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтапжаңа өндіріс қоғам жасауға талпындыруды көздейді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйелі дамуының ұлттық кадрларды даярлау жүйесін дамытуды елдің әлеуметтік – экономикалық ұмтылысқа жетуіндегі негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі ретінде айқындау; адам ресурстарын дамытуға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің абыройын арттыруға бизнес құрылымдардың, жұмыс берушілердің қабілеттілігін жан-жақты ынталандыру; техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрлардың даярлаудың жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуүшін қолайлы жағдайлар құру сияқты негізгі басымдылықтарын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Кәсіптік оқу орындары тәрбие үрдісі келесі ерекшеліктері ескерілуі тиіс:

Біріншіден, кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі – көпфакторлылығымен ерекшеленеді. Өйткені ондағы көптеген объективті, субъективті факторлардың әрекеттері бұл үдерістің өте күрделі екендігін байқатады. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдайларды біілдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты шешуіне көмектеседі. Ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен объективті жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады.

Екіншіден, кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі білім алу кезеңдерін басынан аяғына дейін жалғасатын өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Тәрбие үдерісі үшін тәрбиелік ықпал ету басынан бастап, соңғы нәтижелер арасының алыстығы, ұзақтығын айқындайды.

Үшіншіден, кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің тағы бір ерекшелігі – оның үзіліссіз болуы. Кәсіптік оқу оррындарындағы тәрбие бұл жұмыстың белгілі бір мақсатты көздейтін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесу үдерісі.

Төртіншіден, кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі – кешенді үдеріс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы алма-кезек жүзеге асырылмайды, тәрбие міндеттері бір мезетте қарастырылатындықтан педагогикалық ықпал ету кешенді сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады.

Бесіншіден, кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі – екіжақты сипатымен ерекшеленеді. Олар тәрбиешіден тәрбиеленушінге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай (кері байланыс). Үдерісті басқару негізінен кері байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушіден түсетін ақпараттар арқылы ерекшеленеді. Осы кері байланысты тәрбиеші көп пайдаланса, соғырлұм тәрбиелік әсер де жоғары болады.

Қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы тәрбиелеу үдерісі нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы сипатталады.

Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісін ұйымдастыру үдерісі – күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде, өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі талаптарымен құрылған мынадайжүйелер белгілі: кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің мақсаты, міндеті, мазмұұны, үдерістің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, үдерістің даму кезеңдері және т.б. солардың кейбіреулерін қарастырайық:

Мақсаттық талап. Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі кәсіптік мектеп жағдайында кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің бағыттары мынадай:

-үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;

-азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның ізгііктілік салаларын қалыптастыру;

-білім алушыларды ғылыми, мәдени және өнер т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;

-қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;

-тұлғаның міндеттері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;

-білім алушылардың даралық және қоғамдық түсініктерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру;

-тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;

-тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын , яғни, өзгермелі еңбек іс-әрекеті жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты жоғарылату.

Келесі құрылым кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісінің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар – қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған, бірізді кезеңдердің, міндетті түрде өтетін үдерісі. Құрылым кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:

-қойылған талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі;

-білімнің сенімділігі;

-сезім қалыптастыру;

- іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.

Келесі құрылым да бірізді үдеріс кезеңдерін анықтауға негізделеді, біраө ол енді басқа талаптарға, яғни үдерістің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін бірліктер арасандағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді:

а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын үдерістерді жоспарлау;

ә) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік); рухани (эмоционалды-сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

б) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттеріндегі тұлғааралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;

в) жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.

Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие үдерісі кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогикалық әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:

-жалпы нормалар және талаптармен танысу;

-қарым-қатынас қалыптастыру;

-көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;

-тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.

Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі – нормалық қалыптағы тұрақты мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]