- •21.Білім алушылардың оқу-өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.
- •Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.
- •22. Өндірістік оқыту әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.
- •Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.
- •Жаттығулардың жіктелуі
- •23.Кәсіптік оқыту әдістері мен тәсілдері.
- •24.Кәсіптік оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің проблемалық оқыту әдісі негізінде жіктелуі.
- •25.Кәсіптік мектептерде оқытудың ұйымдастырылу формалары.
- •26.Сабақтың логикалық-психологиялық, мотивациялық және әдістемелік құрылымы.
- •27.Дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың түрлерге жіктелуі.
- •29.Сабақ және оның түрлері, сабақтың дидактикалық құрылымы.
- •28.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
- •30. Кәсіптік оқыту мұғаламінің сабаққа дайындығы.Сабақты жоспарлау.
- •31.Қашықтан білім берудің принциптері.
- •32.Модульдік оқыту технологиялары.
- •33.Рейтинг- тестік бақылау түрлері.
- •34. Дидактикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау әдісі
- •35. Кәсіптік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •36.Кәсіптік мектептердегі тәрбие принциптерінің жүйесі.
- •37.Кәсіптік мектептегі оқушылар ұжымы және олардың ерекшеліктері.
- •38. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жүйесі.
- •39.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- •40. Кәсіптік мектеп оқытушысының арнайы және әдістемелік дайындығына қойылатын талаптар.
39.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
·оқушы дарындылығының моделін білу;
·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда 2-сыныпта ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін. Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады. а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады. Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда өлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың үш типологиялық айырмашылықтарын білу қажет.
Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық.
Құмарлық - қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен (объектімен) тереңірек танысуға, бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда болады. Құмарлық жеке тұлға бойына тұрақты бір қасиет болып орныққаннан кейін, әр түрлі салаларда көрініп, танымдық белсенділікті арттыруы мүмкін. Нағыз қызығушылық - бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы.
Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін, қызғылықты жаңалықты санқилылық мазмұндағы іс-әрекеттің, мазмұны жас ерекшелігіне сәйкестілігімен сипатталатын іс-әрекет ыңғайлы негіз болып табылады. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын негіздің бірі - ол балалардың проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті, мұндай іс-әрекет тапсырманы жеке даралайтын шығармашылық міндеттерді шешудің тиімді әдістерін, жаңа құралдарын қарастыруды ұйымдастыру, табысқа жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды, қол жеткен жетістіктердің барабарлық (адекваттық) бағасын беру, іс-әрекеттің әр түрлі формаларын қолдануды ойластырады. Шығармашылыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға қажетті жағдайларға балалардың өзара және тәрбиешілермен арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеттегі (интеллектуалдық-шығармашылық көңіл-күй, қарым-қатынастағы байсалды, тілектестік сарын, қиыншылық пен табысқа ортақтастық, өзара көтермелеу, педагогтың бала шығармашылығына деген сенімі және оны ынталандыру) жоғары эмоциональды толысуымен ерекшеленетін қатынас, педагогтың өзінің шығармашылық көңіл-күйіне, сондай-ақ жарыстық тыныс пен мадақтаудың барабарлығымен ерекшелінеді.
Шығармашылыққа қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады. Г.И.Шукинаның жазғанындай балалар шығармашылығының көрінуіне жататын танымдық, қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ төменгі класс оқушыларының шығармашылық әркетіндегі қызығушылық сипатын, оның тәжірибелік эксперименттік жұмыстардағы даму динамикасы барысын бақылау негізінде, төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығының негізгі нәтижелерін айқындауы мүмкін және оның даму деңгейін бағалайды. Олар: белсенділік, іс-әрекетті бастамашылдық; дербестік; эмоционалдық түрде көріну, ерекшелікке ұмтылыс, қызығушылықтың (сыртқы немесе іс-әрекет процесінде) көріну сипаты; жоғары бағаланатын іс-әрекет деңгейінің (орындаушылық немесе шығармашылықтық) типі, ынта-ықыластың бір жерге шоғырлануы жатады.
Аталмыш көрсеткіштер, төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылық деңгейлерін: төменгі, ортаңғы, жоғарғы деңгейлерінің сипаттамасын жасаған кезде негізге алынуға тиісті.
Сонымен оқушылар қызығушылығының қалыптасу теориясы мен практикасына қатысты мәселелерге жасалынған талдама негізінде, біз шығармашылыққа деген қызығушылықтың пайда болуы, орнығуы және дамуына қозғау салатын қайнар көзіне: шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны: дербес не болмаса топтық шығармашылық әрекет: балалар шығармашылығын ұйымдастыру мен өту сипаты; шығармашылық процеске қатысушылар арасындағы қалыптасатын қарым-қатынас жатады деген қорытындыға келдік.
