Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

24.Кәсіптік оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің проблемалық оқыту әдісі негізінде жіктелуі.

Проблемалық оқытудың жаңа әдістері мен түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады: іскерлік ойындар, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық –танымдық оқу және тағы басқалар.

а) практикалық: іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;

б) көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;

в)сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;

25.Кәсіптік мектептерде оқытудың ұйымдастырылу формалары.

Оқытуды ұйымдастыру формалары – оқытушы мен білім алушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы. Түрлері: сабақ, факультатив, семинар, практикум, экскурсия, кеңес, қосымша сабақ, үй жұмысы.

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласында түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:

-білім алушылардың саны;

-оқу орны;

-оқыту әдістерінің ұзақтығы.

Білім алушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі (сабақта, шеберханада, тәжірибелік учаскеде, зертханаларда және т.б.), мектептен тыс (экскурсиялар, мекемелердегі сабақтар, үйдегі өздік жұмыстар және т.б.); ұзақтығына байланысты классикалық сабақ (45 минут), қосарлы сабақ (90 минут), қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді. Практикалық (өндірістік) оқыту оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері қолданылатын сан қилы формаларда (өндірістік экскурсия, практикум, консультация, оқу цехтарындағы сабақтар, өндірістік практикалар және т.б.) жүзеге асырылады.

Концентрлік оқыту-педагогтар мен білім алушылардың сабақтаы ды біріктіру, оқу күні, оқу аптасы барысында, паралель оқылатын пәндер санын қысқарту және оқытудың ең ірі ұйымдастырушылық бірліктерін оқу үдерісін ұйымдастырудың технологиясы.

26.Сабақтың логикалық-психологиялық, мотивациялық және әдістемелік құрылымы.

4.Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.

Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтернің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме  немесе шолу лекциясы, жаппай сұрақ, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген  білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі, екіншіден, білімділігі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады, үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.

Психологиялық бірлік — оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты.  Психологиялық бірлік бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т.б.) есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес – типологиялық ерекшеліктері.

Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын – ала жабдықтарды және оларды рет-ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.

Сабақта талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер М.Н. Скаткин, М.И. Махмутов, В.Ф. Шаталов, Е.Н. Ильин т.б. белгілі жағдайлар керек дейді.

Біріншіден, әлеуметтік —  педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы.

Екіншіден, дидактикалық жағдай – бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз  ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеу, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.

Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.

1. Сабақтың  дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз – жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттері қалыптастыру. Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.

2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын  таңдап алу.

3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні – тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен оқушылардың іздену іс-әрекеттің нәтижесіне байланысты.

4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу   материалының мазмұнына сәйкестігі.

1. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды,  әсіресе, ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.

1. Оқушылардың білімді тереңдеуін, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.

2. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.

Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру – оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі.

Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. Сабақ-бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.

Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады.

А) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;

Ә) даму – оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;

Б) тәрбие – ғылыми дүние танымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.

Сонымен сабақ оқушыларды, білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерінде атқарады.

Сабақты ғылыми — әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе  толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы.

Жасалған сабақ жоспары бойынша мұғалім:

А) сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тексереді;

Ә)  алдын-ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.

Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды.  Сабаққа дайындалудың басты компоненттерінің  бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі  идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи  және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.

Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және  техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуын негізгі шарттарының бірі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]