Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

40. Кәсіптік мектеп оқытушысының арнайы және әдістемелік дайындығына қойылатын талаптар.

Мамандар даярлығына қойылатын талаптарды анықтауда педагогика, психология ғылымдары ең алдымен оның кәсіби іс-әрекетке даярлығын қамтамасыз ете алатын мейлінше жинақтап қорытылған сапа-қасиеттерін біріктіріп қарастырады.

Нақты сипат алған кәсіби диференциалау жағдайындағы түрлі мамандықтар педагогтарының іс-әрекеттері заманауи оқытушы-тәрбиешіні-оқытушыны бөлектеп көрсетуге және тұтас педагогикалық үдерісте ұйымдастырушылық міндеттерінің айрықша шешімін іздестіруге бағытталған. Жоғары кәсіптік білімді кәсіптік білім беру педагогы жалпы және арнайы пәндердің оқытушысы, сонымен қатар, өндірістік оқыту қызметін атқара алады. Ол кәсіпке баулу және тәрбиелеу, өндірістік-технологиялық іс-әрекет, оқу-әдістемелік жұмыс, ұйымдастырушылық басқару іс-әрекеті, ғылыми-зерттеушілік, мәдени-насихат іс-әрекеті сияқты кәсіби педагогикалық іс-әрекеттерді орындауғы даяр болуы тиіс.

Экономикалық және әлеуметтік ортаның даму болашағы орта торап мамандарынан жүйелі ойлау, экологиялық, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік мәдениеті, кәсіби іскерлік мәдениеті, өздігінен саналы паййымдау және оны өзгелерден талап ету, өзінің іс әрекетін саналы пайымдауға, белгісіз жағдаяттарда өз бетімен әрекет ету қабілеттерін, шығармашылық белсенділік және орындалатын жұмыстың нәтижесіне жауапкершілік таныту сияқты жаңа кәсіби және жеке тұлғалық сапаларын талап етеді.

Кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) атқаруына қажетті кәсіби міндеттері бітірушінің біліктілік талаптарында және стандартта көрініс алған. Ол маманның өндіріс саласында алатын орнын, оның азаматтық дүниетанымдық және еңбек функцияларын орындауға қажетті кәсіби сапаларына, білімдеріне, іскерліктеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Кәсіпке баулу педагогы жалып, және арнайы, сонымен бірге өндірістік (біртектес кәсіптер топтары бойынша практикалық оқыту) пәндері теориялық оқытуды ұйымдастырады және өткізеді. Ол жастарға кәсіби бағдар беру, заманауи жұмыскердің жеке тұлғалық кәсіби маңызды әрі мәнді сапаларын тәрбиелеу және дамыту, кәсіптік білім беру проблемалары бойынша тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оған белсене қатысу сияқты оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Оқу орнында ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекеттерді жүзеге асырады (білім беру педагогикалық мазмұнының, оқытудың және әдістемесінің және инновациялық іс-әрекеттің жобасы). Болашақ кәсіпке баулу мұғалімдері оқу әдістемелік құжаттарды әзірлейді (негізгі кәсіптік білім бағдарламалары: оқу пәндерінің оқу жоспарлары және бағдарламалары оқу құрадары, әдістемелік ұсыныстар). Оқу орныны жабдықталуы мен материалдық базасының нығайтылуына белсенді үлес қосады. Сонымен қатар, ол кәсіптік білім беру мекемелері мен ұйымдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық жұмыстарға да белсенді түрде ат салысады.

Бітіруші орта кәсіби педагогикалық оқу орнын бітіргеннен кейін екі біліктілікті иеленеді: «техник» («технолог», «экономист» және т.б.) және «өндірістік оқыту шебері». Қайсыбір оқу орны «көп-квалификациялық», «техник-мастер», «өндірістік оқыту» мамандығын береді.

Өндірістік оқыту шебері оқу-өндірістік іс-әрекеті, тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмысы, ұйымдастырушылық-басқару іс-әрекеті, эксплуатациялау-қызмет көрсету іс-әрекеті сияқтынегізгі іс-әрекет түрлерін орындайды.

Кәсіпке баулу оқытушылары мамандығы бір мезетте «адам-адам», «адам-техника» түрлеріндегі әр тектес жүйелерде қызмет етуші санаулы кәсіптердің күрделі тобына жатады.

Кәсіби педагогикалық білім беру – бұл көптеген мамандықтарды иеленетін кәсіп.

Мамандықтар тізімі - мамандықтар үшін іс-әрекетер алаңы. Мамандықтар тізімінің өзгеруі қоғамда өндірістің, техниканың, мәдениеттің, қызмет көрсету асының жалпы даму ағымдарына байланысты.

Кәсіпке баулу мұғалімдерінің жеке тұлғасы. Педагогикалық үдеріс – тәрбиелеу, оқыту және дамыту мақсатында оған қатысушылардың белсенді және өзара байланысты іс-әрекеті. Оның негізгі көздейтіні, нақты адамды немесе топты алға қойылған міндеттердің тиімді шешімін іздестіруге даярлау. Осы орайда, педагогикалық құбылыстың объектілері мен субъектілері аталған үдерістің белсенді жасампаздары болып саналады.

Кәсіпке баулу мұғалідерінің іс-әрекетін талдау жиынтығы оның жеке тұлғасын құрайтын негізгі сапа-қасиеттерін, бағыттарын жжәне әрекет ету жүйесін анықтап алуға мүмкіндік береді. Осы орайда, кәсіпке баулу мұғалімінің жеке тұлғалық қасиеттерінің құрылымында кәсіби маңызы бар сапаларының, бағыттылығының, құзыреттілігінің қалыптасып, және оның психофизиологиялық ерекшеліктері жетекші рөл атқаратындығын атап өту қажет.

Кәсіпке баулу мұғалімдерінің жеке тұлғасынң кәсіби-педагогикалық бағыттылығы. В.А.Сластениннің пікірі бойынша кәсіби-педагогикалық бағыттылық педагогтың жеке тұлғасының барлық кәсіби маңызы бар сапаларын ұштастырыпбекітетін және біріктіретін тірек. А.К.Макарова педагогикалық бағыттылықтың педагогтың қалыптасуындағы жетекші рөліне мән бере келе, педагогтың жеке тұлғасының әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық және танымдық бағыттылықтарын анықтап көрсетеді.

Кәсіпке баулу педагогының әлеуметтік-адамгершілік бағыттылығын әлеуметтік қажеттіліктер, қоғамдық борыш сезімі, моралбдық және құндылықтық бағдарлар, азаматтық жауапкершілік, идеялық сенімділік, кәсіби позиция, әлеуметтік белсенділік, сенім категориялары құрайды.

Кәсіпке баулу педагогының жеке тұлғалық кәсіби-педагогикалық бағыттылығын құраушылар: әлеуметтік-кәсіби бағдар беру, кәсіби педагогикалық мүдделер, кәсіби іс-әрекет мотивтері және педагогтың кәсіби ұстанымы, өзін-өзі жетілдіру, педагогикалық парыз бен жауапкершілік, педагогикалық шыншылдық, педагогикалық бейімділігі. Педагогикалық такт – ұстаздың білім алушылармен педагогикалық мақсатқа сәйкес, өзара әрекеттесуінің, қатынас жасауда өнімді мәнер орнату іскерлігінің өлшемі.

Кәсіпке баулу педагогының танымдық бағыттылығын рухани мүдделер мен қажеттіліктер құрайды. Танымдық қызығушылықтың басты факторының бірі ретінде өзі оқытатын пәнге деген сүйіспеншілігін жатқызамыз.

Кәсіби құзыреттілік - мамандардың шешімін қабылдауға байанысты, белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін білімдердің, іскерліктері мен дағдыларының және тәжірибесінің жеткілікті деңгейін көрсететін, әскерлік және тұлғалық сапаларының жинақталған сипаттамасы ретінде түсіндіру қабылданған.

Кәсіби құзыреттіліктің негізгі компоненттері:

Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік – қоғамдық институттармен және адамдармен өзара әрекеттесу саласындағы білімдер және іскерліктер, сонымен қатар кәсіби қатынас жасау және мінез-құлық тәсілдерін меңгеру;

Жеке құзыреттілік – үнемі кәісби өсуге және біліктілігін жоғарылатуға қабілеттілігі, сонымен қатар кәсіби еңбек етуде өзін-өзі эүзеге асыруы;

Арнайы құзіреттілік – өз бетінше нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілеттілігі, типтік кәсіби міндеттерді шешу және өз еңбегінің нәтижесіне баға беру іскерлігі, мамандығы бойынша жаңа білімдер мен іскерліктерді өз бетімен меңгеру қабілеті;

Аутоқұзыреттілік – өзінің әлеуметтік-кәсіби сипаттамалары туралы барабар түсінігі және кәсіби деструкцияларды жеңудің технологиясын меігеруі; т.б.

Педагогтың әртістік іс-әрекеттеріне өзіндік жағымды, әлеуметтік көпшілдік сипаттар, өзіне және өзінің ісіне деген сенімділік, жеке тұлғалық мүдделері мен кәсіби мүдделерінің сәйкес келуі, үнемі жетілуге ынтасы, іс-әрекетінің кәісби бағыттылығы тән келеді.

Ізгіліктілік білім алушылардың жеке тұлғалық дамуында білікті педагогикалық көмек көрсетуде сипат алады.

Рухани сезімталдық кәсіпке баулу педагогының білім алушылардың жағдайын, көңіл-күйін сезіну, көмекке мұқтаж болғандарға дер кезінде қол ұшын беруге септігін тигізеді.

Педагогикалық үдерісте пайда болатын ширығуларды жойып жіберу үшін, оған әзілшіл сезімі көмектеседі. Заманауи кәсіпке баулу педагогының жеке тұлғасы көбінесе оның эрудициясымен, мәдениетінің жоғары деңгейімен анықталады. Эрудициялы педагог, білім алушылар үшін әрдайым көрнекі үлгі болатындықтан, жоғары мәдениеттілікті жеткізущі.

Кәсіптік білім беру педагогы өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады.

Кәсіптік білім беру педагогының іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада –кәсіптік білім беру педагогы өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіптік білім беру педагогы іскерлігінің негізгі бағыты болашақ

мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Ол педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Кәсіптік білім беру педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның педагогикалық еңбегі мен инженерлік интегралымен анықталады. Қазіргі жаңашыл қоғамның алдында білім беруді, соның ішінде ең алдымен кәсіптік білімді гуманизациялау ең басты мәселе болып отыр. Білім алушының ішкі дүниесі мен тілектеріне жеткілікті түрде көңіл аудару адамгершіліктің белгісі.

Адамгершілік – кәсіптіліктің негізін құру дың алғашқы қадамы.

Педагогика мамандығының тарихи анықталған екі әлеуметтік қызметі бар: бейімдеу және адамгершілік (адам қалыптастырушы). Бейімдеу қызметі –оқушылар мен тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардың талаптарына сай бейімделуіне, ал адамгершілік қызметке адамның жеке басының, өзіндік шығармашылық дамуы жатады.

Педагогикалық қызмет адамгершілік бағытта болуы тиіс. Бұл педагогтың барлық іс-әрекеті оқушының жеке нақты назарына бағынуына тиістілігін білдіреді. Белгілі мөлшерде өзіне, басқа адамдарға, қоршаған ортаға және өзінің кәсіби қызметіне қатынастарын анықтауда адамдарға көмектесу – бұл педагогикалық қызметтің адамгершілік бағыты болып саналады. Педагогтың өз қызметіне деген шығармашылық деңгейін анықтап алып, оның еңбегінің мазмұны мен оны ұйымдастыруын дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметінің шығармашылық деңгейіне қойылған мақсатқа жету үшін оның өзіндік мүмкіншілігін пайдалану дәрежесімен айқындалады. Сондықтан педагог қызметінің шығармашылық сипаты оның басты ерекшелігі болып есептеледі.

Педагог шығармашылығының басқа сала шығармашылықтарынан

(медицина және техника) айырмашылығы оның мақсатында, яғни жаңа

құнды, өзіндік әлеуметтік жаңалық жасау емес, оның мақсаты – жеке

тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер е тетін негізгі себеп – ол педагогтың жеке басының қасиеттері. Олардың бәрінің кәсіби мағыналары бар. Жақсы педагог – ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді адам. Сонымен қатар, өз жұмысын табысты орындау үшін, мамандықтың әр қызметкері жеке қасиеттерін е өз талаптарын қояды, ал ондай қалыптасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмендейді. Ал педагогты сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең қарау.Кәсіптік білім беру педагогы білім беруде мамандықты игерту мен білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағытын қарастырады. Кадрлар даярлауда болашақ маман кәсіби қалыптасудың кезеңінен өтеді.

Әлеуметтік жағдайда және қызметтің жетекші түріндегі сипаттамасына байланысты маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің (Э.Ф. Зеер пікірі бойынша) келесі бес кезеңі бар:

Оптация – кәсіптік әрекеттердің қалыптасуына өзіндік психологиялық-физиологиялық ерекшелік негізін есепке ала отырып, кәсіпті дұрыс таңдауы.

Кәсіби оқыту – кәсіби білім іскерлік дағдыларының жүйелі және

әлеуметтік қажетті сапаларының типтік кәсіби міндетін шешетін тәжірибесін меңгерту, тұлғаның кәсіби бағытының қалыптасуы.

Кәсіби адаптация – кәсіппен байланысты жаңа әлеуметтік рөлді игеруі, кәсіби өздік анықталуы, сонымен қатар кәсіби қызметті өздік орындау тәжірибесін меңгеруі.

Кәсібилену – кәсіби маңызды білімге қатысты кәсіби ұстамды көзқарастың қалыптасуы, кәсіби қажетті сапалардың және іскерліктің интеграциялануы, кәсіби іс-әрекеттердің білікті орындалуы.

Кәсіби шеберлік – қозғалмалы интегралдық психологиялық және интеллектуалдық жаңа білімдер негізінде шығармашылық кәсіби қызметте тұлғаның толық ашылуы, авторлық қызмет жүйесіне енуі.

Кәсіби дайындықты ұйымдастырудың және оның сапасын бағалаудың негізі ретінде біліктілік сипаты ғана емес профессиограмма да қолданылады.

Профессиограмма – талаптар жүйесі арқылы ұсынылған қандайда болмасын кәсіптің толық мінездемесі. Профессиограмманың негізгі құрамды бөлігі психограмма – адам психикасына кәсіптің қоятын талаптарына сипаттама. Ол кәсіптік функцияларды сәтті орындау үшін адамның ойлау процесінің ерекшеліктерін, білімділік, іскерлік және дағдыларының болуы мен тұлғалық қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар.

Осы талаптарды негізге ала отырып, кәсіптік білім беру педагогы теориялық оқытумен қатар өндірістік оқуды, және мамандыққа байланысты техниканың жаңа түрлері мен технологияның жетістіктерін қолдануды үйретеді.

Бұл кәсіби шеберлікті меңгеру жолы болып табылады.

Кәсіптік білім беру педагогының мақсаты – оқушылармен, жұмысшылармен, мамандармен кәсіби оқытуды жақсарту, оны іске асырудағы әдістер мен ұйымдастыру формаларын жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар кәсіптік білім беру педагогы кәсіби және өндірістік іс-әрекетті орындай алуы керек. Өндірістік оқытудың шебері теориялық білім бере білуі тиіс. Өндірістік оқытудың әдістері олардың оқу барысындағы алатын орнымен сипатталады.

Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжымдағы ерекше фигура, оның атқаратын қызметі менқызметтік міндеттері көпқырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шебері - кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз, өзіне бекітіліп берілген оқушылар тобының өмірі мен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, еңбек жолына жаңа енетін жастардың, бозбалалар мен бойжеткендердің тәлімгері. Кәсіптік (өндірістік) оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды орындауға қатысады. Сабаққа қажетті қондырғылар мен сәйкес жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша гаражды, шеберханадағы қызметті меңгереді, олардың өз уақытында жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен жабдықталуы бойынша жұмыс атқарады.

Қауіпсіздіктің сақталуын, оқушылардың еңбек етудің алдыңғы қатарлы әдістерін, өндірістегі қазіргі таңдағы техника мен технологияны меңгеруін қамтамасыз етеді. Практикалық жұмыстардың, сондай-ақ сапалы өнім дайындау мен халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және шаруашылықтармен оқу (өндірістік) практиканы өткізу бойынша келісім шарт жасауға қатысады және оның орындалуына бақылау жасайды. Оқушыларға біліктілік жұмыстарын орындау мен біліктілік емтихандарын тапсыру үшін дайындалуға көмектеседі. Пәндік (циклдік) комиссиялардың, конференциялардың, семинарлардың жұмысына қатысады. Оқушылардың жалпы білім, кәсіптік, мәдени дамуына ықпал етеді, оларды техникалық шығармашылыққа тартады.

  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]