- •21.Білім алушылардың оқу-өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.
- •Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.
- •22. Өндірістік оқыту әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.
- •Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.
- •Жаттығулардың жіктелуі
- •23.Кәсіптік оқыту әдістері мен тәсілдері.
- •24.Кәсіптік оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің проблемалық оқыту әдісі негізінде жіктелуі.
- •25.Кәсіптік мектептерде оқытудың ұйымдастырылу формалары.
- •26.Сабақтың логикалық-психологиялық, мотивациялық және әдістемелік құрылымы.
- •27.Дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың түрлерге жіктелуі.
- •29.Сабақ және оның түрлері, сабақтың дидактикалық құрылымы.
- •28.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
- •30. Кәсіптік оқыту мұғаламінің сабаққа дайындығы.Сабақты жоспарлау.
- •31.Қашықтан білім берудің принциптері.
- •32.Модульдік оқыту технологиялары.
- •33.Рейтинг- тестік бақылау түрлері.
- •34. Дидактикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау әдісі
- •35. Кәсіптік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •36.Кәсіптік мектептердегі тәрбие принциптерінің жүйесі.
- •37.Кәсіптік мектептегі оқушылар ұжымы және олардың ерекшеліктері.
- •38. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жүйесі.
- •39.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- •40. Кәсіптік мектеп оқытушысының арнайы және әдістемелік дайындығына қойылатын талаптар.
23.Кәсіптік оқыту әдістері мен тәсілдері.
- «Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері» (К. Өстеміров, Н. Шәметов, И.Васильев).
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау арқылы оларда кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушының іс-әрекеті (оқыту үдерісінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту үдерісінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелілік) көрініс табатындығына көз жеткіземіз. Осы ретте, кәсіптік оқыту әдістерін оқу үдерісінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай кәсіптік оқыту педагогының білім мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары дешен анықтаманы негізге алуға болады. Себебі, онда кәсіптік білім мазмұны сияқты үдерісінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.
Кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту үдерісінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осындай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты, кәсіптік оқыту педагогы тарапынан ақпараттық, басқарушылық, білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және білім алушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, зертханалық жұмыстарды орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.
Оқыту әдістері проблемаларын зерттеу – бүгінгі дидактиканың ең маңызды саласы. Мектептегі оқу үдерісін бақылау үстінде ғалым-педагогтар кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушылар арасындағы іс-әрекеттердің сан түрлілігін байқады. Осыған байланысты, соншама көлемдіжәне сан түрлі әдістерді бір ретке келтіру қажеттілігі туындады.
Бүгінгі дидактикада оқыту әдістерін жүйелеуде төмендегідей көзқарастар қалыптасқан:
Оқыту әдістерін білім көздері бойынша жүйелеу;
Дидактикалық міндеттер мен ойлаудың логикалы формалары бойыншажүйелеу
Білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша жүйелеу;
Оқыту әдістерін жүйелеудің кең тараған түрі – оларды білім көздері бойынша топтастыру. Олар:
-сөздік әдістер(білім көзі – ауызша және жазбаша сөздер);
-көрнекілік әдістер (білім көздері – айналадағы заттар, құбылыстар, көрнекілік құралдар);
-практикалық әдістер (білім алушылардың білім алуы, іскерлікке төселуі, практикалық әрекеттер орындауы).
Кәсіптік білім педагогикасында да оқыту әдістерін жүйелеуге талпыныстар жасалған. Қ.Өсметеров, Н.Шәметов оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты уәсіптік оқыту әдістерін мынадай екі ттопқа бөліп қарастырады: еске түсіру (репродуктивтік) арқылы және іздену (шығармашылық) арқылы. Мамандарының пайымдауынша: «Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді. Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып , оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады».
Топтастырудың білім көздеріне қарай қолыптасқан дәстүрлі жүйесі:
Сөйлеу әдісі – бұл әдістердің көмегімен ақпараттарды (білімді) жеткізетін құралдар сөз және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатын түрлері кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелесу, дискуссия, лекция,кітаппен жұмыс.
Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады.Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады.
Көрнекілік әдістер қоршаған ортадағы құбылыстарды, үрдістерді, объектілерді әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде бейнеленген сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.
Кәсіптік білімде еңбек түрлерінің табиғатының әсер күшіне байланысты аса маңызды аса маңызды рөл атқаратын көрнекілік құралдардың көмегімен көру-есту техникалық құралдары арқылы танысатын еңбек үлгілері көрнекілікке айналады.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады. Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: • ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; • тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады; • формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы; • тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру. Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау. Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері: 1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды. 2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі. 3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану; • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі; • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу; • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру; • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді: • белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар; • білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу. Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Жаттығулардың ерекшеліктері: Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі. Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады. Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу. Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар: • оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы; • жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
