Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Тақырып 10. Магатэ көлеміндегі стандарттау

Дәріс мақсаты:Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік МАГАТЭ мақсаты мен міндеттін оқып үйрену.

Дәріс жоспары:

1. Стандарттау саласындағы МАГАТЭ-дің мақсаты мен міндеттері.

2. МАГАТЭ стандарттарының құрылымы.

3. Ұлттық деңгейде МАГАТЭ стандарттарын қолдану тәртібі.

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік МАГАТЭ-атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану үшін БҰҰ арқылы бекітілген үкіметаралық ұйым.

Бұл ұйымның құрылу негізі,БҰҰ-ның 1954 ж 4 желтоқсанда өткен Бас Ассамблеясында,атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану сұрақтарымен айналасатын дүниежүзілік ұйым құру туралы шешімінде жатыр.Заңды қызметін Агенттік 1957 ж 29 шілдеде бастады.

МАГАТЭ құрамына-кез-келген мемлекет кіре алады.Ол мемлекеттін БҰҰ-ның мүшесі болу міндетті емес.

МАГАТЭ-нің штап пәтері-Вена (Австралия ).

Агенттіктің жарлығы атом энергиясын бейбітшілік мақсатта жедел және кең қолданылуы болып табылады.Бұл мәселені шешу үшін Агенттік атом энергиясы бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізіп,сонымен қоса бейбітшілік мақсатта оны тәжірибеде әлемнің дамыған елдерінде электрэнергиясы ретінде пайдаланып отыр.

Агенттіктің құрамын Бас конференция,басшылар кенесі және хатшылар бөлімі құрайды.

Бас конференция МАГАТЭ-нің жоғары органы,Агенттіктің барлық мүше елдерінің өкілдерінен құралады.Олардың әрқайсысы бір дауысқа ие.Негізінен ол жылына бір рет кезекті сессиясында жиналады.

Арнайы сессия-басшылы кеңесімен немесе Агенттіктің көп мүшелерінің талабымен шаққырылуы мүмкін.

Бас конференцияның функциясына мыналар кіреді:жарлыққа толықтырулар мен өзгертклер енгізу,жаңа мүшелерді қабылдау,бюджетті бекіту,басшылар кеңесінің жылдық есеп беруін қарастыру,БҰҰ-мен ұсынылатын баяндамаларды бекіту,басқа да ұйымдармен бекіткен келісім шарттарды қарастыру және Агенттіктің қызметіне байланысты кез-келген сұрақтарды қарастырады.Шешім қабылдау Агенттік мүшелерінің дауыс беру арқылы жүргізіледі.

Агенттіктің ағымдағы қызметі-құрамында бас директоры бар хатшылар бөлімімен жүзеге асырылады.Бас диретор басшылар кеңесіне тәуелді және ұйымның қызметіне жауап береді.

МАГАТЭ-нің негізгі тілдері-ағылшын,орыс, француз,испан,қытай.

Тақырып 11. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (сен) іс-шаралары

Дәріс мақсаты: Стандарттау бойынша Европалық комитет (СЕН)-нің

міндетімен мен максатын оқып үйрену

Дәріс жоспары

1. СЕН ді құрудың алғышарттары

2. СЕН-нің мақсаты мен міндеттері

3. Стандарттау бойынша басқа ұйымдармен СЕН-нің қарым -қатынасы.

Кілт сөздер: стандарттау, техникалық бюро, техникалық комитет

ЕЭС-тың қарамағында нарықтық экономиканың бірігуіне байланысты «техникалық кедергілер» деп аталатын бағдарлама жасалған, онда өнімге стандарттар, техникалық қауіпсіздіктің ерекшелік ережелері, денсаулықты және табиғатты сақтау қарастырылған.

Бұл мәселелерді шешу бірінші европалық стандарттауға берілген.

1957 жылы стандарттау ұйымның басшылары ЕЭС және ЕАСТ мүшелері бірігіп, бұл мемлекеттердің экономикалық интефациясы бойынша келісім стандарттарының қызмет етуін қарастырды. Осыған байланысты резолюция қабылданды, бұл ынтымақтастықтың басты бағыты:

- жалпы стандарттау ЕЭС жэне ЕАСТ мемлекет мүшелері тауар айырбасын өзараларында жеңілдету керек;

- стандарттар ИСО стандарттарымен сәйкес болуы керек;

- стандарттау бағдарламалары ЕЭС жэне ЕАСТ мемлекеттерінің талаптарына сәйкес жасалуы керек.

Стандарттау бойынша Европалық комитеттің құрылуы 23 наурыз 1961 жылы ЕЭС жэне ЕАСТ өкілдерінің катысуымен Парижде болған отырыста жарияланған. СЕН мүшелері стандарттау саласындағы ұлттық ұйымдар 18 мемлекет Бірлестіктері және ЕАСТ болып табылады: Австрия, Бельгия, Великобритания, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Финляндия, ФРГ, Франция, Швеция және Швейцария. Бұл - жабық ұйым, онда тек қана аталған экономикалық топтасқан Батыс Европалық мемлекеттің мүшелері бірігеді.

Бірінші отырыста СЕН-нің Қаулысы және Ережесінің процедурасы бекітілген. 1970 жылы СЕН-нің қаулысы қайта қаралған, онда белгілі бір өзгерістермен қатар европалық стандарттар деп аталатын міндетті жөндеулер енгізілген (ЕN).

СЕН-нің жоғарғы органы Бас ассамблея болып табылады, онда стандарттау саласындағы ұлттық ұйымдар, үкімет органдарының мемлекет мүшелері, Европалық экономикалык бірлестік, Европалық ассоциациядағы еркін сауда көрсетілген.

Бас ассамблея жылына бір рет жиналады. Онда СЕН-нің әкімшілік кеңесі сайланады, оның құрамына стандарттау саласындағы ұлттық үйымның

басшысы кіреді. Әкімшілік кеңес жылына бірнеше рет жиналып, жалпы сұрақтарды, мәселелерді қарастырады жэне келесі ассамблеяның жоспарын кұрады.

Әкімшілік кеңестің міндетіне кіреді:

  • еуропалық стандарттардың жасалуында халықаралық стандарттар жэне ұлттық стандарттың мемлекеттік мүшелерінің қалпын қолдану жэне ретін анықтау;

  • аймақ қарамағындағы ұлттық стандарттау саласындағы жұмыстың үйлесімділігі.

Әкімшілік жұмыс Орталық хатшылықпен орындалады.

СЕН-нің Орталық хатшылығы құрылған уақытынан бастап Парижде (Франция) тұрады, 1975 жылдың шілдесінен бастап Брюссельге (Бельгия) ауыстырылған және бельгиялық заңнамаға байланысты ғылыми-техникалық сауда ұйымы емес болып ресімделген.

Брюссельдегі хатшылық (оның штаты 29 адамнан тұрады) бас хатшының басқаруымен, СЕН президентіне тәуелділігімен, ағымдағы жұмысты атқарады. Стандарттау саласындағы саясат ұлттық ұйымның басшыларының қатысуымен жасалады және Бас ассамблея бекітеді.

СЕН-нің координациялық жоспарлау ұйымы болып Техникалық бюро табылады, оның құрамына 140 астам техникалық комитеттердің қызметі кіреді.

Стандарттау саласында жұмыстың орындалуын Техникалық бюро, бағдарламалык және техникалық комитеттер жауапкершілігіне алады. Жұмыс процедурасы жэне оның құрлым ұксастығы СЕН жэне СЕНЭЛЕК үшін, оны тек стандарттау саласындагы Европалық комитеттің бөлімінде қарайды.

Техникалық бюро орталық хатшылық аумағында өткізілген техникалық жұмыстарды бақылау үшін техникалық комитеттер және басқа да ұйымдар жауапкершілігіне алады.

Техникалық бюро техникалық жұмыстарды жоспарлау және координация саласындағы сұрақтардың қорытындысын береді, жұмыстың саласын және әр Техникалық комитеттің жұмыс бағдарламасын, жаңа тақырыбтың оқылуын қарастырады, техникалық комитеттерді босатады және жинақтайды, европалық стандарттарда және горманизациялау құжаттарында ұлттық стандарттарға сілтеменің жасалуын қадағалайды, басшылықаралық техникалық байланыстарды басқарады, ұлтаралық ұйымдармен, сондай-ақ коммерциялық, техникалық және ғылымдық европалық ұйымдармен, басқа да мәселелерді шешеді, стандарттауға байланысты Бас ассамблея немесе Әкімшілік кеңестің талаптарына сай жұмыс атқарады.

Техникалық бюроның отырысы президенттің немесе вице-президенттің қатысуымен өтеді, олардан басқа Техникалық бюроның құрамына СЕН/СЕНЭЛЕК-тің әрқайсынан бір тұрақты мүшесінің өкілдері кіреді және керекті байланыстарды ұлттық деңгейде орнату керек.

Техникалық бюроның хатшылык қызметін Орталық хатшылық іске асырады.

Техникалық бюроның отырысы Орталық хатшылықпен президенттің көрсетуімен немесе кем дегенде ұйымның екі мүшесінің талабымен өткізіледі.

Европалық Комиссия бірлестігінің өкілі мен Европалық ассоциацияның еркін сауда хатшылығы Техникалық бюроның отырысында бақылаушы ретінде қатыса алады.

Техникалық бюро әрбір Бас ассамблеяның отырысында немесе Әкімшілік кеңесте өзінің жұмысы туралы есеп береді.

Бағдарламалық комитеттер Бас ассамблеяның немесе Техникалық бюроның немесе президенттік тобтың СЕН/СЕНЭЛЕК бойынша топтасады. Бағдарламалық комитет кеңесшінің қызметін орындау керек. Бағдарламалық комитеттер стандарттау саласына сәйкес бағдарламалар дайындайды жэне жылына бір рет жиілетпей өзектендіреді немесе отырыста жазбаша түрде көрсетеді.

Техникалық бюро техникалық комитеттерді (ТК) құрады, стандарт дайындау мақсатында қызметтің аймагын анықтап және аталуын меншіктейді. Техникалық комитеттер бірінші орында жұмыстың орындалуын білу керек, ИСО/МЭК саласында өткізілген, сонымен қатар ақпараттармен танысу керек, халықаралық ұйымдардың қызығушылығымен және жұмысымен, басқа да техникалық комитеттердің тақырыптарын білу керек.

Барлық стандарттау жұмыстары техникалық комитетпен, өздерінің техникалық хатшыларынның болуымен, бір мемлекетті басқарумен, осы топқа кірумен өткізіледі.

СЕН-нің аумағында 140-тан астам ТК құрылған. ТК-мен бірге жеке сұрақтарды шешу үшін мағлұмат беруші топтар құрылған.

СЕН келесі салаларда стандарттар жасайды: авиациялық жабдықтар, су жылытқыш газды құралдар, газ баллондары, асханалық газ плиталары, лифтер және жүк көтергіштер, сваркілеу және кесу, тұрба және трубопроводтары, насос станциялары және т.б.

Жұмыс топтарының стандарттау жобаларын қолдағаннан кейін Техникалық бюро арқылы барлық мемлекет мүшелерінің дауыс беруін, сонымен қатар ақырғы дауыс беру мерзімін белгілейді.

Европалық стандарт қабылданған болып есептеледі, егер де оған қарсы 20%-дан көп емес дауыс берілсе, содан кейін үлттық стандарт сапалы болып саналады, тіпті мемлекет мүшелері үшін де, бұл стандартты қабылдамай тастаған.

Дауыс берудің қорытындысын Әкімшілік кеңес қарайды.

Егер СЕН-нің стандарт жобасы ЕЭС мемлекетінің қызығушылығын тудыратын болса, оған Бірлестіктің нұсқауында сілтеме жасалады және стандарттауда дауыс берудің жоғарғы талаптары қабылданса, онда тек қана ЕЭС-тің мемлекеттері қатысады.

Европалық стандарттан басқа СЕН үйлестіру (НD) және алдын ала стандарттардың (ЕNV) құжаттарын қабылдайды және қарастырады. Үйлестіру құжаты мемлекет арасындағы сауданың техникалық кедергілерін жоюдағы ең қарапайым түрі болып табылады. Бұл құжаттар сонымен СЕН-нің мүшелерінің қабылдаудағы процедурасымен ерекшеленеді. Олардың басты белгілері Батыс Европалық мемлекеттердің халықаралық стандартты (ИСО) бірдей қолданылуын қамтамасыз ету.

Алдын-ала стандарттар мынандай жағдайда жасалады, егер инновацияның деңгейі жоғары болса, технологиясы тез өзгерген жағдайда, көрсеткіштер мен талаптар тез өзгерген жағдайда, сонымен қатар келісуге және стандартты бекітуге көп уақыт керек етсе, мұндай стандарттар шектелген уақыт әрекетін иеленеді (3 жылға дейін).

Европалық стандартты жаңарту мен қалпына келтіру үшін Әкімшілік кеңес өз жауапкершілігіне алады.

Әрбір Европалық стандарт екі данадан тапсырылады:

  • Әкімшілік кеңестің дауыс беру қорытындысының қаралуынан кейін титулдық бетпен (үш тілде СЕН - француз, ағылшын, неміс), техникалық бюроның құруымен бекітілді (титулдық бетте стандарттың аты, бекітілу күні және басылуы, мемлекеті, стандартты бекіткен және де ұлттық стандарттың сәйкестік нөмірі көрсетілуі мүмкін);

  • Ұлттық стандартты жеке мемлекет түрінде, европалық стандартқа сай мәтіннен басқа косымша ақпарат бұл құжатқа қосымша түрінде сақталады, мемлекет мүшелерінің европалық стандартты жеңіл түсінуі жэне колдану керек.

Европалық стандарттың жасалуы кей кезде керекті келісімге жетуге мүмкіндік болмаған жағдайда ИСО және МЭК немесе Бірлестіктер мен Европалық ассоциациялардың еркін саудасында ерекше талаптарын жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]