- •Пәннің бағдарламасы
- •Тақырып 1. Стандарттау саласындағы халықаралық қарым –қатынас
- •1. Халықаралық стандарттаудағы негізгі ұғымдар.
- •2. Халықаралық стандарттаудың даму тарихы.
- •3. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы халыаралық қызметтестік.
- •Тақырып 2. Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар
- •Тақырып 3. Исо комитеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру
- •Сурет1.Исо құрылымы
- •Тақырып 4. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында
- •Тақырып 5. Халықаралық стандарттардың жасалу реті
- •1.Халықаралық стандарттарды жасаудың басты кезеңдері
- •Такырып 6. Ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті
- •Тақырып 9. Гатт/дсұ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 10. Магатэ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 11. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (сен) іс-шаралары
- •Тақырып 12. Электротехникада стандарттау бойынша еуропалық комитеттің қызметі (сенэлек)
- •Тақырып 13. Халықаралық стандарттың іс-шараларды ұйымы
- •1.Халықаралық стандарттау туралы түсінік
- •Тақырып 14 . Халықаралық стандарттаудың жасаудың реті
- •Тақырып 15. Стандарттаудың аймақтық ұйымы
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
Такырып 6. Ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті
Дәрістің мақсаты: ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану ретін мазмұндау, терминдерге түсінік беру.
Дәріс жоспары:
Ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті
Тіркелудің есептік тәсілі
Кілт сөздер: стандарттау, мемлекеттік жүйе, нормативтік кұжаттар, келісім шарттар.
1. Қазіргі кызметтегі заңдылыктармен Мемлекеттік жүйе сіандарттарының пайдалануына сай, стандарттау шетел мемлекеттерінің өнім шығарудагы субъектілермен, қызмет көрсету, халыкаралық, аймактык және ұлттык стандарттардың қолдануға рұқсат етіледі.
Шетел мемлекеттердің стандарттарына халыкаралык, аймактык және ұлттык стандарттау сай болу керек, талаптары мынадай:
республикада заңнаманың пайдалану нормасына қарсы болмау, сонымен қатар өмір мен денсаулығын, азамат мүлкін. қоршаган ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының экономикалыкқталабына сай болуы керек және де республика территориясындагы жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен қызығушылығына қарсы келмеу.
Республикада басқа да елдердің стандарттарын қолдануда жұмыс жүргізу негізгі мақсаты болып табылады:
■ республиканың экономикалық қызығушылығын қорғау;
Қазақстан Республикасының талаптарымен Мемлекеттік жүйедегі стандарттаудың ретке келуі;
әлем нарығында отандық өнімдердің бәсекелестігін және техникалык дәрежесін жоғарылату;
баска елдердің ғылыми-техникалық погенциалдарын максималды қолдану;
шетел мемлекеттердің халыкаралык, аймактық және ұлттық стандарттарын негізгі кең қолданыстағы стандарттардың мемлекеттік фондының калыптасуы.
Республикада шетел мемлекеттердің стандарттарын қолдануы жүзеге асады:
тұтыну-өндірісінің аутентті аударуының бірден қолдануы, Қазакстан Республикасының нормативтік кұжаттарды дайындаусыз;
Қазақстан Республикасының құжаттарымен (мемлекеттік стандарттар, ұсыныстар).
Экономиканың қазіргі даму кезеңінде онда болып жатқан өзгерістермен және мемлекеттердің сыртқы экономикалык қызметтер
белсенділігінің артуымен байланысты ТМД елдерінде мемлекеттік стандарттау жүйесін кұру мен дамытудың өзектілігі арта түседі.
Осы саладагы ТМД елдері алдында тұрган аса маңызды міндеттер болып мыналар саналады:
тұтынушылар құкығын қорғау, стандарттау және метрология бойынша заң актілерінің жүйесін жасау;
халықаралык және аймактык стандарттау жүйелерімен үйлестікте жаңа Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру, қолданысқа еңгізу және одан әрі дамыту;
жалпы техникалык стандарттар жүйесі мен кешендерін, отандық заңдылықтар мен халықаралық тәжірибе талаптарына сәйкес келтіру;
түпкі кұрастырылатын өнімдердің шикізат пен материалдардың жалпы техникалык стандарттарына, сондай-ақ технологиялық процесстердің, акпараттық технологиялар қызметттердің, оның ішінде отандық стандарттар қорларының халықаралык, ұлттық және аймақтық стандарттармен үйлесімділігін камтамасыз ету, сараптау саласында нормативтік құжаттар құруды қамтамасыз ету арқылы кешенді ғылыми-техникалық сараптаулар жүргізу;
технологиялар мен технологиялык процестердің аса маңызды түрлеріне ғылыми-техникалық және құжаттамалар кешенін жасау;
мемлекеттік бақылауды жетілдіру және аумақтық органдардың қызметін дамыту;
халықаралық қамтамасыз ету жүйесі бойынша ғылыми-әдістемелік жүйе және ұйымдык кұжаттар кешенін жасау және қолданысқа еңгізу;
өнімдер сапасын басқару, стандартгау және метрология саласындағы кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жасау;
ақпараттык ресурстарды кешенді пайдалануды камтамасыз ететін стандарттау және сапаны басқару бойынша интеграцияланатын автоматы ақпараттык жүйе кұру;
оларды қолдану бойынша негізделген ұсыныстар әзірлеу мақсатында шетелдердің халыкаралык және аймақтык, үлттык стандарттарын эзірлеу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалык саясат жүргізуді камтамасыз етеді және нормативтік кұжаттардың әр түрлі категорияларын жасауды, колдануды, оларды әзірлеу тәртібін, келісуді, бекітуді, мемлекеттік гіркеуді, стандарттар мен техникалык шарттар талаптарының сакталуына сай мемлекеттік кадағалауды қарайды.
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі мақсттары болып мыналар саналады:
■ адамдардың өмірі мен денсаулығының және мүліктің кауіпсіздігі және қоршаган ортаны корғауды қамтамасыз ететін өнімдердің, қызметтер мен процестердің номеклатурасы мен сапасына қатысты мәселелерде тұтынушылардың және мемлекеттің мүдделерін қорғау;
өнімдердің, процестердің және қызметтердің нормаларын, ережелерін және сипаттамаларын белгілеу;
өнімдердің өзара алмасымдылығын және сыйысушылығын қамтамасыз ету;
өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрлерін сактау және тиімді пайдалану;
өндірістегі және саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі және сырткы нарықтарда өнімдердің бәсеке қабілеттілігін камтамасыз ету;
адамдардың өмірі мен денсаулығы және мүлікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, кызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
■ елдін қорғаныс қабілеті мен ұткыр даярлығын камтамасыз ету. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар бағыты бойынша
Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы өзіне осы ұйымдардың жұмысына тікелей қатысуды, бірінші кезекте, мемлекетаралық және аймақтык стандарттар әзірлеуге қатысуды, сондай-ак олардың халық шаруашылығына қолдануын қамтамасыз етуді еңгізеді.
Екі және көп жақты ынтымақтастык өзіне әріптес-елдердің ұлттық стандарттарымен үйлестіру, стандарттарды бірге әзірлеу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе және ақпарат алмасу, өзара кеңестер беру, кадрларды оқыту жөніндегі және т.б. жүмыстарды еңгізеді.
Қазакстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы стандарттау және сертификаттау екі және көп жақты келісім шарттар жүргізу және олардың өзара ғылыми-техникалық әрекеттестігі шетелдердің аймактык және ұлттық стандарттарын қолдануын ең басты шарттар болып табылады.
Келісім болмаған жағдайда стандарттарды колданудың негізгі ретінде мыналар колданылады: шарттар, шетел фирмаларымен жүргізілген келісім шарттар, лицензия (патенттер).
Қазақстан Республикасының нормативтік күжаттары аркылы шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану келесі жагдайда жүзеге асырылады:
шетел стандарттарының негізінде Қазакстан Республикасының нормативтік құжаттарын дайындау;
нормативтік құжаттарды дайындау және қайта қарастыру кезінде оларға талаптар еңгізу.
Бірінші әдіс - Қазакстан Республикасы нормативтік құжаттарын шетел стандарттарының толық мәтінін еш өзгеріссіз еңгізу болып табылады. Нормативтік құжаттарды дайындау келесі жолмен шыгарылады:
стандарттаудың аутентті мәтініне қосымша талаптарды енгізбей мазмұндау;
стандарттаудың аутентті мәтініне қосымша талаптарды еңгізу аркылы мазмұндау.
Екінші әдісі - Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттардың сәйкес бөлім мен қосымшаларға шетел стандарттарын толық мәтінін келтіру.
Шет мемлекеттердің халыкаралык, аймақтык және ұлттык стандарттарын қолдану негізінде әзірленген нормативтік құжат жайлы мәліметтер стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті уәкілетті органдарымен басылымындағы жылдык ақпараттық көрсеткіште жарияланады.
Халықаралық стандартты қолдануда әдіс таңдау сәйкесінше келесі ұсыныстар арқылы жүзеге асырылады:
Қолдану әдісі ерекше жағдайларда жүзеге асырылады:
халықаралық оперативті қолдану қажет;
халықаралық стандарт және нормативтік құжаттары Қазакстан Республикасы территориясында қолдануға шек қойылады, ал олар қойған басылымдықтар Қазақстан Республикасының экономикасына әсер етпейді;
қажет: сату және тұтыну нарығындагы маркетинг, Қазакстан Республикасы территориясындағы нормативтік кұжаттар және халыкаралык стандарттардың тәжірибелік қолданысы және статистикалық мәліметтер.
Шығарылатын өнімдерге, объектілерге есептік тіркеудегі стандарттар және нормативтік құжаттар жатады, яғни бұлардың арақатынасына әрекет етеді: терминдер, топтар, сынақты сараптау; бақылау әдістері, транспорттау, сақтау, орау, таңбалау, қанау, пайдалану ережелері.
Халықаралық және нормативтік құжаттарды қолдану мерзімі есептік тіркелуден өткенде мына себептермен шектеледі:
тіркелген құжаттардың шектелген мерзімге дейінгі әрекеті;
олардың мемлекеттік немесе мемлекетаралык стандарттаудың аударуының кажеттілігі;
баска да негізделген жагдайларда.
Такырып 7. Тауарды штрихкодтау
Дәріс мақсаты: халыкаралық стандарттау нысанының штрих кодтау түсінігімен танысу, оның негізгі ұғымдарымен. принциптерімен, құрылымымен танысу.
Дәріс жоспары:
Штрихкодтау - халықаралык стандарттау нысаны ретінде.
EAN 13, ЕАN8 штрихкодтар құрылымы.
Тауарларды кодтаудың нормативтік базасы.
Кілт сөздер: кодтау, бакылау саны, EAN13, ЕАN 8 штрихкодтар, магнитті жолак, шартты белгі.
Кодтау - жіктеу объектілеріне шартты белгі беру. Шартты белгі - код цифрлы, әріптік не әріптік-цифрлы болады. Кодтың (белгілердің) саны әр түрлі. Шартты белгінің шартты белгілеудегі белгінің әр позициясы разряд деп аталады.
Кодтаудың маңызы:
Технико-экономикалық ақпаратгың қызмет жеңілдетеді.
Автоматты басқару жүйелерінің қызмет нәтижелілігін жоғарылатады.
Жіктеу объектілерін реттеп, салуына мүмкіндік береді.
Кодтаудың тіркеу жүйесін пайдалағанда объектілерге репік номсрлсрді береді. Осы жүйенің түрлері: реттік жэне сериялы - реттік кодтау. Мұнда кодтаудың жүйелі жэне салыстырмалы әдістері қолданылады. Жүйелі әдісі иерархиялық әдіспен бөлінген объектілерге пайдаланады. Салыстырмалы әдіс - фасеттік әдіспен және әдістің иерархиялық әдіспен үйлесуімен бөлінген объектілерді белгілеу үшін қолданылады. Ақпаратты өңдеу жүйелерінің дамуымен бірге кодтау (шартты белгі беру) тәсілдері де дамиды.
Қазіргі заманғы кодтау тәсілдерінің санына жатады:
Магнитті жолактардағы кодтар.
Белгілерді оптикалықтану әдісімен кодтау.
Штрихты кодтау (белгі беру).
Магнитті жолақтардағы кодтар, мысалы, несие карточкаларында кең колданылады. Осы тәсілдің артықшылығы: ақпараттың үлкен сыйымдылығы және оның жоғары түрі өзгерушілігі.
Оптикалық тану әдісі жоғары құны мен көптеген техникалык шектеулері үшін кеңтаралган жоқ. Бұл әдіс көбінесе көп қолданылады.
Штрих-код - ол ЭВМ еңгізуі қолайлы түрде жазылған белгілер жүйесі. Штрихты кодтың артықшылығы: төмен құны, ерекше тұрақтылығы мен сенімділігі.
XX ғасырдың 70 жылдарында микропроцессорлық техниканың дамуына байланысты штрихтап кодтау кең қолданыла бастады. Әмбебап тауарлык коды (ІРС) 1973 жылы АҚШ-та қабылданды, ал 1977 жылы
Еуропалық кодтау жүйесі (ЕАN) пайда болды және де қазіргі уақытта қолданылып келе жатыр. Штрихтық код кезектесіп тұратын қара және ақ жолактардан, ягни сызыктардан тұрады. Сызык өлшемі стандартталган. Штрихтық код арнайы оптикалык құрал - сканер аркылы санау үшін арналған. Сканерлер микропроцессор аркылы штрихтар мен сандарды кодтап ашады және компьютерге тауар туралы ақпаратты еңгізеді.
Ең таралған штрихты код - халыкаралық нөмерлерін ассоциация ЕАN (Еuгореал Аrticle Numbering) жасалған код. ЕАN - штрихты кодын жасау мақсаты -тауарлардың бірыңғай теңестіруін белгілеу.
Тауарлардың штрихты кодтау жүйесінде екі түрлі кодтар пайдаланылады: ЕАN 13, ЕАN 8 штрихкодтар. Әр жеке өнімнің 13 немесе 8 белгіден тұратын өз нөмері болады. Әр санның (не разрядтың) екі штрихы және екі ақшыл жолақтан орналасқан.
ЕАN 13 штрихты код 4 бөлікке ұйымдастырылган. Яғни ол: тауар шығаратын елдің коды, кәсіпорынның (шыгарушы фирма) коды, сол тауардың коды және бақылау саны.
ЕАN 8 штрихты код 8 белгіден тұрады. Ол қысқартылған түрі, өнімнің үлкен өлшемдері. Оның үстіне ЕАN 13 кодты сыйғызбаган жағдайда жаңағы қысқартылған ЕАN 8 пайдаланылады. Ол мыналардан: тауар шыгарушы елдің кодынан, шығарушы кәсіпорынның кодынан және бақылау санынан тұрады.
Сандық қатар сканермен саналмайды және тұтынушыға арналған. Тұтынушыға тек қай елден шықкан тауар туралы ақпарат береді, себебі елдің кодтары гуралы арнайы жэне анықтамалық басылымдарда басылып шыгарылган. Ал толық код ішкі және сыртқы сауда үйымдарына нақты тауардыц шығу тегін реквизит алу үшін қажет жэне келісім шартқа сай келмесе, сапасы жэне қауіпсіздігі және де басқа параметрелері бойынша уақытылы шаі ым жасай алады.
Кейбір елдің тауарды штрихтап кодтау үшін ЕАN коды төменде келтірілген:
Австралия - 93
Австрия - 90-91
Аргентина - 779
Бельгия және Люксембург - 54
Волгария - 380
Бразилия - 789
Великобритания - 50
Венгрия - 599
Исландия - 569
Испания - 84
Италия - 80-83
Кипр-529
Китай - 690
Куба-850
Мексика - 750
Нидерланы - 87
Новая Зеландия - 94
Норвегия - 70
Польша - 590
Португалия - 560
Россия - 460-469
Сингапур-888
Словения - 383
США және Канада- 00-09
Турция - 869
Финляндия - 64
Франция - 30-37
Чсхия-859
Чили - 780
Швеция-73
Швейцария - 76
Югославия - 860
Южная Корея - 880
Япония-45-49
Тақырып 8.«Кодекс Алиментариус»
Дәріс мақсаты: «Кодекс Алиментариус» комиссиясының құрылуын жіне қызметін оқып ұйрену
Дәріс жоспары
1. "Кодекс Алиментариус" комиссиясының мақсаттары мен міндеттері,
2. Азық-түлік өнімдері саласындағы "Кодекс Алиментариус" комиссиясының стандарттары.
3. ИСО-ның техникалық комитетімен "Кодекс Алиментариус" комиссиясының қарым-қатынасы.
«Кодекс Алиментариус» комиссиясы (Соdex Alimentarious Comission - САС) ФАО (БҰҮ-ның Азық-түліктік және ауыл шаруашылык ұйымы) және БДҰ-ның (Бүкіләлемдік денсаулық сактау ұйымы) бірігуінен ұйымдастырылды. Ол азық-түлік тауарларына бірыңғай стандарттарын жасау бойынша ФАО/БДҰ-ның біріккен бағдарламасын орындау үшін құрылды.
Комиссия басқа көптеген комитеттерге косымша ретінде қүрылды. Бұл комитеттер ФАО-ның Сүт жэне сүт өнімдеріне қойылатын талаптарды жасау бойынша комитеттің құрамында құрылды жэне үкіметтік сарапшылардан тұрады. Комиссияның жұмыстарының әдістері осы комитеттермен бекітілген ұсыныстарға негізделеді.
2006 жылдың ақпанында САС құрамында 173 мемлекет кірді, бүл элем тү.рғындарының 98% құрайды. САС-тың мақсаты - тұтынушылардың денсаулығын қорғау үшін тагамның сапасына жэне сол секілді басқа құжаттар жасау жэне эділ сауда тэжірибесін бекіту болып табылады. Қабылданған стандарттар жэне өзге де құжаттар САС-тың арнайы басылымдарында жарық көреді.
САС-тың негізін салушылар оның басты миссиясын үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар жүргізетін азық-түлікті стандарттау жұмыстарын координациялауға көмек ретінде құрады. 1963 жылы ИСО үйымы САС-тың бірінші отырысына қатысты. САС комиссиясы ИСО-дан физикалық біртектес азық-түлік топтарының үлгілерін таңдау эдістерін жасауды немесе жеке азық-түлік эдістерін стандарттауды сұрады.
1995 жылы БСҰ құрылуы САС-тың халықаралық сауданы кеңейту жұмысына жаңа серпіліс берді.
Санитарлык және фитосанитарлық нормаларды қолдану туралы Келісім (8Р8 бойынша келісім) аясында стандарттар, қолбасшы бұйрықтар мен ұсынымдар халықаралық стандарт ретінде қарастырылады.
САС-тың тағам сапасына жэне маркалауына бағытталган басқа құжаттары БСҰ аясындагы саудадағы техникалық кедергілер ретінде жұмыс істейді. БС¥ қолдауы арқасында САС шығарған құжаттар халықаралық үйлесімдіктің эталоны болды.
САС-тың қызметінің приоритетті бағыты - мүшелес мемлекеттерге халықаралық стандарттар, тағам кауіпсіздігі мен гигиенаны, тамақтану, маркалауда, экспорт/импортты бақылауда қолбасшы бұйрыктар, ғылыми принциптер және қатер анализі негізінде тағамның барлық желісінде үлттық бақылау жүйелерін жасау болып табылады.
Басқа өңдеуші ұйымдармен жүмыс жүргізу құжаттардың қайталанбады жэне қандай да бір карама-кайшылыктарды болдырмау үшін жүргізеді.
Дәстүр бойынша САС пен ИСО бір-бірін бірқатар бұйымдарды стандарттау, үлгіні таңдау және анализдеу эдістері аумағында толықтырып отырады. САС бекітетін бұл эдістерді стандарттар құрамына қосу үшін ИСО стандарттарына сілтеме болады. 1993 жылы САС қатер анализінің жүйесін жэне басқарудың шекті нүктелерін колдану бойынша қолбасшы бұйрық (ХАССП) бекітті. Содан бері ол САС-тың тағам қолданудан пайда болган қатерді басқару әдістемесіне айналды. Жакында ИСО шыгарган 22000 сериялы стандарттар ХАССП-ны әлемдік масштабта эр түрлі деңгейде қолдануын жеңілдетеді.
Болашақта САС жэне ИСО үлттық стандарттар аумагында үкімет мүшелері мен халықаралық үйымдар және үкіметтік емес ұйымдар жасайтын еркін стандарт арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуді негіздейді.
Жаһандану шартында мемлекеттік жэне жеке сектордың стандарттарының өзара көмегі мен біркелкілігін қамтамасыз ету керек.
ФАО/БДҰ тағам стандарттары бойынша біріккен бағдарламасы 1962 жылы жасап шығарылды. Үкіметаралық орган болып келетін бұл комиссияның жұмысының максаты: тұтынушыларды денсаулыққа зиян келтіретін тағамдар мен алааяқтықтан қорғау; азық-түлік тауарларын сатуда эділ нормалардың қолдануын қамтамасыз ету; үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін азық-түлікті стандарттау жұмыстарын координациялау; стандарттаудың жобаларын жасау қызметін басқару; стандарттарды аяғына дейін жеткізу, оларды үкімет үйымдарымен қабылдату; Кодекс Алиментариуста жергілікті немесе халықаралык стандарт ретінде басып шығару.
«Кодекс Алиментариус» дегеніміз - халықаралық деңгейде қабылданған азық-түлік стандарттарының біркелкі формада жасалған жүйесі.
«Кодекс Алиментариус» сонымен қатар факультативтік түрдегі ережелерді, басқарушы принциптерді жэне т.б. өз құрамына кіргізеді. «Кодекс Алиментариус» басылымдары азык-түлік тағамдарына қатысты талап-тәсілдерді жасауға, оларды теңестіріп, сол арқылы халықаралық сауданың процедурасын жеңілдетуге көмектеседі.
«Кодекс Алиментариус» құрамына негізгі азық-түлік тағамдарына, өңделген азық-түлік, жартылай фабрикаттар және тұтынушыларға қажетті шикізатқа арналған стандарттар кіреді.
Азық-түлік тағам жасауға арналған шикізат көлеммен алынған. Кодекс Алиментариус құрамына сонымен қатар гигиена мен тағамның нәрлілік сапасы, микробиологиялық нормалар, тағам қоспалары, зиянды заттар, этикеттеу, анализ алу, үлгі көру әдістеріне катысты жағдайлар кіреді.
Комиссияның қызметі оның көмекші органдарында істейтін мамандармен атқарылады, олар комиссия секілді үкіметаралық маңызда болады. Бүл көмекші органдарды (комиссияның орындаушы органдарынан басқа) 3 үлкен топқа бөлуге болады:
жалпы сұрақтар бойынша комитет;
шикізат тауарлары бойынша комитет;
жергілікті координациялаушы комитет.
Комиссияның көптеген көмекші органдары мүше-мемлекеттермен басқарылып, алынады, олар бұл жұмысты өз ақшасына жүргізеді. Басқа көмекші органдар ФАО/БДҰ немесе БҮҮ/ЕЭК/ФАО/БДҮ аясында жұмыс істейді.
Комиссиямен қарастырылатын жалпы сұрақтардың құрамына кіреді: Кодекс Алиментариустың жалпы принциптері, минералды қоспалар қалдығы, тамақтану гигиенасы, ет тағамдарының гигиенасы, тағамдарды этикеткалау, анализ эдістері және үлгі алу мен ветеринарлық дэрі қалдығы. Стандарттар жасалған немесе жасалынып жатқан шикізаттар, сүт және сүт тағамдары, жеміс-жидек сусындары, тез қатырылған ет тамақтары, какао өнімдері жэне шоколад, майлар, өңделген ет тағамдары, балық және балық тағамдары, арнайы диеталық тағамдар, сорпа және көжелер, балмүздақ жэне табиғи минералды сулар, дэн, бұршақ және басқа бүршақтектес өсімдік ақуызы. Дамушы аймақтың координациялаушы комитетінің құзырына тамақтануға, азық-түлік тағамдарын бақылау жұмысының әдістері мен жолдарын жақсартуға қатысты және аймақтарға қызығушылық танытатын тағамдарды стандарттауға қатысты сұрақты қарастыруға біркелкі ережелер мен заңдарды бекіту кіреді.
«Кодекс Алиментариус» сонымен қатар үкіметке факультатив басқарушы ретінде ережелер жүйесін жасайды. Ол ережелер бойынша малды сойғанға дейін жэне сойған соң тексеру, гигиеналық ережелер жүйесі, балғын жэне консервіленген тағамдарға жэне тез қатырылған тағамдар жэне табиғи суларға арналған ережелер жүйесі.
Қазіргі кезде үш жүзден аса халықаралық тағамдық стандарттар жасалған. Ол өте үлкен тағамның шеңберін қамтиды жэне отыз сегіз ережелер жүйесі мен гигиеналық ережелер жүйесінен тұрады. Сонымен қатар комиссия минералдық қоспалар қалдығына көптеген шектеулер және де тағамдық қоспалардың тазалығының сапасын анықтайтын ережелер қабылдайды.
ИСО мен Комиссияның бірігіп жұмыс істеуі жүйелі түрде құжат алмасу арқылы (стандарт жобалары, кеңесудің хаттамалары) отырыстарына қатысу, біріккен талқылау өткізу арқылы жүзеге асады.
