Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Тақырып 12. Электротехникада стандарттау бойынша еуропалық комитеттің қызметі (сенэлек)

Дәріс мақсаты:СЕНЭЛЕК-тің қызметтестігін анықтау

Дәріс жоспары:

  1. СЕНЭЛЕК құрудың алғышарттары.

  2. СЕНЭЛЕК жұмысының басты бағыты және мәні.

  3. СЕНЭЛЕК Еуронормасы.

Кілттік сөздер: еуропалық комитет, ұлттық стандарттар

СЕНЭЛЕК – 1791 жылы екі ұйымның – ЕАСТ мүше – елдерінің электротехникалық стандарттардың және европалық комитет ЕК (сонымен қатар ЕЭС) мүше – елдерінің электротехникалық стандарттарының үйлесімділігі бойынша құрылған.

СЕНЭЛЕК мүшелері - 17 европалық елдер – Австрия, Бельгия, Великобритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция. Бұл елдердің бәрі МЭК электротехникалық комитетінің ұлттық мүшелері болып келеді (Люксембургтан басқалары).

Мекеме басшылығында – бас ассамблея, ұлттық стандарттау, стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдастыру және үкімет мүшелерін үсынады сонымен қатар ЕК және ЕАСТ өкілдері қатысады. Бас ассамблея делегациядан құрылатын әкімшілік кеңесін тағайындайды (5 адамға дейін) олар мүше – елдерінің ұлттық мекемелерінен тағайындалады. Стандарттау бойынша жауапты құрылымдар (кесте 1) СЕН – ге ұқсас сипатталған. Бұлармен СЕНЭЛЕК тығыз қарым – қатынаста.

СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты – электротехникалық өнімдерге ЕК және ЕАСТ тығыз қарым – қатынасында стандарттауды әзірлеу. Біртұтас европалық нарықтарды құру үшін СЕНЭЛЕК стандарттары қажетті құрал ретінде қарастырылады.

СЕНЭЛЕУК жұмысының басты бағытының мәні – ұлттық стандарттар мүше – елдерінің арасындағы барлық техникалық айырмашылықтарды жоюдан тұрады. Сәйкестік сертификаттау процедураларының арасындағы бұйымдардың стандарттар талаптарына сай электротехника саласында тауарларды сатуда техникалық бөгеттерді болдырмау.

Жаңа технологиялар саласында стандарттау жұмыстарын жоспарлау кезінде ЕК және ЕАСТ талаптары ескеріледі, СЕН және басқа ұйымдардың мамандары қатысады. Информатикаға қатысты сұрақтар шешілгенде европалық конференция басқаратын мекемелер, пошталар және телекоммуникациялар қатысуға шақырады.

СЕНЭЛЕК стандарттарының басты объектілері:

  • өнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтар 50 ден 1000 Вольт ауыспалы және 75 – 1000 Вольт тұрақты ток номиналды кернеу;

  • медициналық электрожабдықтар;

  • электромагниттік қосылыс және радиокедергілері;

  • атмосферадағы потенциалды жарылыстар үшін қолданылатын құрал – жабдықтар (жарылатың жабдықтар);

  • өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыздандыру, сонымен қатар электрлік.

ЕК және ЕАСТ СЕНЭЛЕК тапсырмалары бойынша электржабдықтарының ерекше түрлеріне европалық стандарттар бойынша зерттеулер жүргізеді, олар европалық нарықта шұғыл сынауларды талап етеді, бірақ олардың еркін түсуіне техникалық кедергілер бөгет болады. Келешекте маңызды потенциалы пайда болуы мүмкін.

СЕНЭЛЕК қызметінің тағы бір бағыты ол – техникалық кеңес басқаратын стандарттарды үйлестіру, арнайы бағдарламалық комитеттердің ұсыныстары мен кепілдемелерін қарастыру үшін құрылған. Бұл жұмыс МЭК көшірмесін жасамау үшін және халықаралық МЭК стандартын мезгілінде қолдану (жобаларға да) Евронорма базасы немесе оларды аймақтық ретінде қабылдау үшін. Бұндай талдау аймақтық басқа мекемелерге қатысты жүргізіледі. Егер қандай да бір мемлекеттік стандарттар базалық ретінде тағайындалса, онда СЕНЭЛЕК барлық стандарттар жөніндегі ұлттық мекемелерге бұл салада стандарттау жұмыстарын тоқтатуды ұсынады. СЕНЭЛЕК европалық стандарттары халықаралық негізінде құрылған, ұлттық ретінде қабылданған. СЕН және СЕНЭЛЕК ережелерімен қарастырылған жалпы ішкі процедурасы «іс - әрекетсіз келісім» деп аталады.

СЕНЭЛЕК қабылдаған аймақтық стандарттар үш формадан тұрады: Европалық стандарт (EN), алдын – ала стандарттау (ENV) және сәйкестендіру құжаты (HD).

СЕНЭЛЕК евронормасы (EN) – бұл техникалық мәтінмен үйлестірілген европалық стандарт, ол мүше – елдерінің ұлттық нормативті құжаты ретінде қабылданады, стандарт мәтініне қандай да болсын өзгерістер енгізу үшін мекеме ережелері бойынша тыйым салынады.

EN үш ресми тілде жарияланады (ағылшын, француз, неміс тілдерінде), бірақ индосамет жөнінде ресми өтініш жазу сонымен қатар титулдық бетін шығару рұқсат етіледі. Еворнорма сандық қатары 50001 басталады. Егер ұлттық деңгейде сол ел тілінде нақты мәтін сақталып, қандай да бір ауытқушылықтар қалыптасса рұқсат етіледі.

Ұлттық стандарттарды пайдалану талаптары ақпараттық қосымша ерекшеліктер ретінде енгізіле алады.

СЕНЭЛЕК және СЕН мүшелерінің жұмыстарындағы техникалық ұқсастықтарына қарамастан, электротехникалық құрамдас бөліктер жөніндегі комитет СЕСС және бағдарламалық комитеттердің өзгешеліктерін сызып қою қажетті. СЕСС электрлік құрамдас бөліктерідің сапасын бағалаумен айналысады, бұл сол саладағы ерекше қызмет болып табылады. Осыған орай комитеттін меншіктік бас хатшылығы СЕНЭЛЕК бас ассамблеясына бағынады. СЕСС бюджеті мүше – елдерінің қорынан қалыптасады.

Бағдарламалық комитеттер сессия кезінде бас ассамблеяға есеп береді, олардың қызметтері СЕСС және ақпарат жөніндегі комитеттеріне таратылады. Олар әрқашан стандарттау жөніндегі барлық жұмыстарды қадағалауға міндетті. Барлық сатыдағы СЕНЭЛЕК қызметінің мақсатын мезгілінде түзетуге міндетті.

Сен және СЕНЭЛЕК европалық стандарттарды қабылдау және әзірлеу немесе түзетуінде мүдделі. Бұл бағытта келесі өлшемдер қабылданған: сайлау және сұрастыру этаптарын қосу, аудару қызметін күшейту, СЕНЭЛЕК техникалық комитетінің қаулысы бойынша шешім қабылдау, МЭК стандартын қарастыру, индоссамент жөнінде тез шешім қабылдау. Барлық мүше – елдеріне МЭК пен ұқсастығы жоқ ұлттық стандарттар фонды бойынша талдау жүргізу ұсынылған, олардың ішінен база ретінде пайдалануға СЕНЭЛЕК стандартын әзірлеу.

ЕК ақпараттық қамтамасыздандыру жөнінде жоғарыда белгіленгендей европалық кеңесінің комиссиясы (ЕКК) нұсқаулар негізінде жоғарғы мүшелердің төменгі мүшелерге басшылығын іске асырады.

СЕН және СЕНЭЛЕК жұмысшы топтары ЕКК мен бірігіп барлық комитеттер міндетіне ақпаратты тарату жөніндегі тәртіпті қабылдап енгізді. СЕНЭЛЕК және СЕН мүшелері стандарттар жөніндегі барлық жоспарлар бойынша бірін – біріне алдын – ала хабарлау керек. Болашақта аймақтық стандарт бағдарламасына енгізілетін болар. Бұл салада қызметтерді тәртіпке келтіру, ақпаратты технологияларды басқару комитеті құрылған, ол пошталық европа комитеті және телефон – телеграф баыланыс тараптары. Техникалық тапсырмаларды жоспарлау, жобаларды дайындау, жұмыс гарафигі мен ұсыныстарды тездету жөнінде актуальды стандарттарды тағайындау және дайындаумен стандарттау комитеті айналысады.

Ақпараттық технологиялар саласында комитеттен басқа мақсатты екі сарапшы топтар жұмыс істейді: ақпараттық технологияларды сертификаттау және тұтыну сұрақтары жөнінде кеңес беру, стандарттау саласындағы өндіру технологиясы.

СЕН және СЕНЭЛЕК конфеденциальды хабар беру жүйесін өндеу, локальды жүйелер, файлдарды тасмалдау, әкімшілік құжаттар және т.б. ашық жүйелер бойынша біріккен жұмысшы топтар қызмет етеді. Жұмысшы топ мақсаты – европалық стандарттау бойынша барлық бағыттарда барлық жақтардың мүдделіліктері мен келісімдеріне қол жеткізу. Бұл топтың техникалық құжаттары СЕН/СЕНЭЛЕК және барлық халықаралық мекемелерге арналған. Ақпараттық технологиялар және электробайланыс саласында СЕНЭЛЕК ЕТСИ мен тығыз қызметтеседі. Соңғы жылдары европалық институттарының электробайланыс саласында стандарттау жөніндегі ЕК ролі едәуір өсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]