Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Тақырып 3. Исо комитеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру

Дәріс мақсаты: ИСО комитеттерінің іс шараларын ұйымдастыру тақырыбын талқылау және талдау.

Дәріс жоспары:

  1. ИСО-ның ұйымдық құрылымы.

  2. ИСОНЕТ-тің қазіргі кездегі дамуының мақсаты мен міндеттері.

  3. ИСО-техникалық комитеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру.

Кілт сөздер: ИСО, стандарттау, халықаралық стандарттау.

ИСО – стандарттау жөніндегі негізгі ұйымдарының бірі

Стандарттау жөніндегі ең ірі халықаралық ұйым – ИСО. Ол 1947 жылы құрылды.

Қазіргі уақытта қатысушы – елдердің саны – 90 (75-белсенді мүшесі, 15-тілшілер). ИСО-ның 2,700 астам техникалық органдарының жұмысында 10000 білікті мамандар қатысады.

ИСО мақсаты: әлем төңірегіндегі халықаралық тауарайналымды, өзара көмектесуді жеңілдету үшін және зиягерлік, ғылыми-техникалық, экономикалық қызмет салаларында ынтымақтастықты кеңейтіп, стандарттаудың дамуына көмектесу.

ИСО басшылық ететін және техникалық органдардан тұрады. (№1 сурет).

ИСО-ның жоғарғы басшы органы – Бас ассамблея, ол 3 жылда 1 рет шақырылады. Мекемеге басшылық ететін ИСО Президенті, оны Бас ассамблея 3 жыл мерзімге сайлайды.

Түгел мекеменің тәжірибелік жұмысына 13 қатысушы – елдің өкілдерінен тұратын Кеңес басшылық етеді. Оның міндеттеріне ИСО қызметінің барлық, сонымен бірге қаржы мәселелерінің қарауы мен шешуі кіреді. Кеңес өз отырыстарына жылда жиналады.

Кеңестің жетекші кеңесші органы – Атқарушы бюро, оның мүшелері ИСО Кеңесінің мүше елдерінен сайланады. Атқарушы бюро Кеңестің тапсырмасымен қаржы мәселелерін қарайды, ИСО техникалық комитеттерінің төрағаларын тағайындайды.

ИСО-ның негізгі құрылымды бөлімшесі – техникалық комитеттері. (ТК). Мысалы, авиациялық және ғарыш техникасы жөніндегі (бойынша) ТК, информатика бойынша ТК және т.б. жалпы алғанда, олардың саны 160-тан астам. (ТК) техникалық комитеттерінің бір қатары терминологияға, графикалық белгілеулерге өлшем бірліктерге және т.б қатысты жалпы мәселелерді қарайды. ТК қызметінің өзгешеліктері бар. Ол мынада тұрады: халықаралық стандарттардың әзірлеуін тек қана ұйымның мүше – елдері жасайды. Әр техникалық комитеті бойынша іс-қағаз жүргізуі жүктелген, ТК отырыстарын ұйымдастыратын, құжаттар жобаларын таратып, комитеттің төрағасымен бірге халықаралықстандарттарды жариялау туралы шешім қабылдайтын ел анықталады.

Техникалық комитеттерінің қызметі техниканың үлкен бөлімдерін қамтиды, техникалық комитеттердің жанында (шеңберінде) шағын комитеттер құрылады.

Кейінгі жылдары елдер арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастығының қарқындап өсуі осы ынтымақтастықты тиісті ғылыми-техникалық құжаттамамен белгілеу, дүниежүзілік нарыққа жеткізілген өнімдерінің кең номенклатурасын халықаралық стандарттаумен қамту талаптарын қойды.

Осы мақсатпен ИСО-да нақты өнімдердің стандарттау саласында бірыңғай саясатын әзірлеп және ИСО-ның техникалық комитеттерін осы өнімдерге арналған халықаралық стандарттарды әзірлеуі бойынша тәжірибелік басшылыққа алатын құралдармен қамтамасыз ету үшін арнайы жұмыс топтар құрылған.

Дүниежүзілік нарыққа жеткізілетін машиналар мен жабдықтардың сапасы беріктігіне қойылатын талаптардың күрт жоғарылап, шикізатқа, материалдарға, құрастырылатын бұйымдарға және дайын дайын өнімдерге қойылатын талаптардың толық және қатал өзара келісілуінің (үйлестірунің) қажеттілігі жағдайында ИСО қызметінің келесі кезеңі – халықаралық стандарттардың әзірлеуінде жан-жақты тұрғыдан келуін іске асыру.

ИСО барлық техникалық комитеттеріне ортақ мәселелерді зерттеу үшін және тәжірибелік қызметке қажет ұсыныстарды әзірлеу мақсатымен ИСО Кеңесінің жанында комитеттер қатары құрылған: стандарттауды зерттеу жөніндегі Комитет (СТАКО), дамушы елдерге көмек (жәрдем) көрсету жөніндегі Комитет (ДЕВКО), ғылыми техникалық ақпаратты зерттеу жөніндегі Комитет (ИНФКО), стандартты үлгілер жөніндегі Комитет (РЕМКО), өнімдердің стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі Комитет (КАСКО), тұтынушылар мүдделерін қорғау жөніндегі Комитет (КОПОЛКО).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]