Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Тақырып 4. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында

Дәріс мақсаты: стандарттау облысындағы халықаралық электротехникалық комиссияның құрлымымен танысу.

Дәріс жоспары:

1. МЭК мақсаты мен міндеті.

2. МЭК бөлімінің құрылымдық ұйымы.

3. МЭК комитет қызметі

1. МЭК мақсаты мен міндеті.

2. МЭК бөлімінің құрылымдық ұйымы.

3. МЭК комитет қызметі

Кілттік сөздер: ХЭК, автономды ұйым, халықаралық конгресс, делегаттар, ұлттық ұйымдар.

1. Халықаралық электротехникалық комиссия 1906 жылы өткен, мұндай ұйымды құруға едәуір мүдделі болған 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда құрылған. Электротехника бойынша халықаралық қызметтестіктің басталған күні болып, электр қуаты бойынша алғашқы Халықаралық конгресс өткен 1881 жыл есептеледі. Кейінірек, 1904 жылы конгресстің үкімет делегаттары электр машиналарының параметрлерін стандарттаумен және осы облыстағы терминологиямен айналысатын арнайы ұйым қажет деп шешті.

Екінші ұлы отан соғысынан кейін, ИСО құрылған кезде, ХЭК оның құрамында автономды ұйым болды. Бірақ стандарттаудың ұйымдастырушылық, қаржылық сұрақтары мен объектілері нақтылай бөлініп берілді. ХЭК электротехника, электроника, радиобайланыс, приборостроение облыстарында стандарттаумен айналысады бұл облыстар ИСО қызметінің құрамына кірмейді.

Көптеген елдер – ХЭК мүшелері онда стандарттау бойынша өзінің ұлттық ұйымдарымен көрсетіледі, кейбір елдерде стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың құрылымына кірмейтін (Франция, Германия, Италия, Бельгия және т.б.), ХЭК қатысатын арнайы комитеттер құрылды.

Әрбір елдің өкілдігі ХЭК-да ұлттық комитеттің формасына еңгізілген. ХЭК мүшелері болып әлемде өндірілетін электр қуатының 95%-дан астамын тұтынатын, Жердегі халықтың 80% құрайтын, 40 астам ұлттық комитеттер табылады. ХЭК-тың ресми тілдеі – ағылшын, француз және орыс тілдері.

Ұйымның жарғысымен анықталған негізгі мақсаты - стандарттау бойынша халықаралық қызметтестікке және онымен шектес электротехника және радиотехника облысындағы проблемаларға халықаралық стандарттарды және басқа құжаттарды жасап шығару жолымен жәрдемдесу.

2. Барлық елдердің ұлттық комитеттері Кеңесті – ХЭК ең жоғарғы басқарушы органды құрайды. ХЭК мүшелері - әртүрлі елдерде кезекпен өткізілетін Кеңестің жыл сайын өткізілетін мәжілістері ұйым жұмысының сұрақтары кешенінің барлығын шешуге бағытталған. Шешімдер қарапайым көпшіліктің дауыстарымен қабылданады, ал президент шешуші дауыс құқығына ие, бұл дауысты ол дауыстар теңескен жағдайда қолданады.

ХЭК негізгі үйлестіруші органы – іс-әрекет Комитеті. Өзінің негізгі міндеті – техникалық комитеттер жұмысын үйлестіруден басқа – іс-әрекет Комитеті жұмыстың жаңа бағыттары қажет екендігін анықтайды, техникалық жұмысты қамтамасыз ететін әдістемелік құжаттарды жасап шығарады, басқа ұйымдармен қызметтестігінің сұрақтарын шешуге қатысады, Кеңестің барлық тапсырмаларын орындайды.

Іс-әрекет Комитетінің қол астында кеңесші топтар жұмыс істейді, егер ТК жұмысының нақты мәселелері бойынша үйлестіру қажеттілігі туындаса, оларды Кеңес құруға құқылы. Осылайша екі кеңесші топ қауіпсіздік нормаларды жасауды өзара бөліп алды: электрқауіпсіздік сұрақтары бойынша Кеңесші комитет (АКОС) электротұрмыстық аспаптар, радиоэлектронды құралдар, жоғарыкернеулікті құрал-жабдықтар және басқалар бойынша шамамен 20 ТК мен ПК жұмыстарын үйлестіреді, ал электроника және байланыс сұрақтары бойынша Кеңесші комитет (АСЕТ) стандарттаудың басқа объектілерімен айналысады. Одан басқа, іс-әрекет Комитеті халықаралық стандарттарды жасау бойынша жұмыстарды едәуір тиімді үйлестіру үшін электромагниттік үйлесімділік бойынша Үйлестіруші топты (КГЭМС), ақпарат техникасы бойынша Үйлестіруші топты (КГИТ) және өлшемдерді үйлестіру бойынша Жұмысшы топты ұйымдастыруды орынды деп есептеді.

Халықаралық стандарттарды тікелей жасап шығарушы ХЭК-ның техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына іспеттес: бұл техникалық комитеттер (ТК), подкомитеттер (ПК) және жұмысшы топтар (ЖТ). Әрбір ТК жұмысына 15-20 ел қатысады. ТК мен ПК хатшылықтарының көбісін Франция, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Нидерланды жүргізеді. Ресей алты хатшылықты жүргізеді.

3. ХЭК-ның халықаралық стандарттарын екі түрге бөлуге болады: салааралық сипатқа ие жалпытехникалық және нақты өнімге қойылатын техникалық талаптар жазылған стандарттар. Бірінші түрге нормативтік құжаттар мен терминологияны, стандартты кернеулер мен жиілікті, сынаудың әртүрлі түрлерін жатқызуға болады. Стандарттардың екінші түрі тұрмыстық электр аспаптарынан спутниктік байланысқа дейінгі үлкен диапазонды қамтиды. Жыл сайын ХЭК бағдарламасына халықаралық стандарттау бойынша 500 астам жаңа тақырыптар қосылуда.

ХЭК негізгі стандарттау объектілері:

  • электротехникалық өнеркәсіпте қолданылатын материалдар (сұйық, қатты, газ күйіндегі диэлектриктер, мыс, алюминий, олардың құймалары, магнитті материалдар);

  • өндірістік пайдалануға арналған электротехникалық құрал-жабдық (пісіру аппараттары, двигательдер, сәулетехникалық құрал-жабдық, реле, төменгікернеулікті аппараттар, кабель және басқалар);

  • электротехникалық құрал-жабдық (бу және гидравликалық турбиналар, электртасымалдау сымдары, генераторлар, трансформаторлар);

  • электронды өндірістің бұйымдары (интегралды схемалар, микропроцессорлар);

  • электр саймандары;

  • спутниктік байланысқа арналған құрал-жабдық;

  • терминология.

ХЭК екі мыңнан астам халықаралық стандарттар қабылданған. Мазмұны бойынша олар ИСО стандарттарынан үлкен нақтылықпен ажыратылады: оларда өнімге және оны сынауға қойылатын техникалық талаптар, сонымен қатар қауіпсіздікке қойылатын талаптар баяндалады. Халықаралық саудада актуалды мағынасы бар, бұл облысты қамтамасыз ету үшін ХЭК нақты тауарлардың қауіпсіздігіне арналған арнайы халықаралық стандарттарды жасап шығарады. Айтылғанның күшіне қарай, тәжірибе көрсеткендей, ХЭК халықаралық стандарттары ИСО стандарттарына қарағанда мүше-елдерде тікелей қолдану үшін едәуір қолайлы.

Қауіпсіздікке арналған халықаралық стандарттарды жасап шығаруға үлкен көңіл бөле отырып, ИСО ХЭК-мен бірігіп “Стандарттарды дайындау барысында қауіпсіздік сұрақтарын мазмұндауға қойылатын жалпы талаптар” деп аталатын ИСО/ХЭК 51 Басшылығын қабылдады. Оның ішінде қауіпсіздік стандарттарды бұйымдардың абсолютті көпшілігі үшін және техниканың барлық салаларында, әртүрлі деңгейлерде, түрлі формаларда жасап шығару кезінде өзін көрсететін, стандарттаудың объектісін анықтайтыны көрсетіледі. “Қауіпсіздік” түсінігінің мәні физикалық зиян тигізу қаупінің алдын алу мен өнім қанағаттандыруы керек басқа да талаптар арасындағы теңдікті қамтамасыз ету ретінде танылады. Осы кезде тәжірибе жүзінде абсолютті қауіпсіздік болмайтынын ескеру қажет, сондықтан да қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейінде бола отырып, өнім тек салыстырмалы түрде қауіпсіз болуы мүмкін.

Өнімді шығару кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты шешімдерді қабылдау әдетте тәуекелді есептеу мен қауіпсіздік дәрежесін бағалауға негізделген. Тәуекелді бағалау (немесе зиян келтірудің ықтималдылығын белгілеу) жинақталған эмпирикалық мәліметтер мен ғылыми зерттеулерге негізделген. Қауіпсіздік дәрежесін бағалау тәуекелдің ықтималдық деңгейімен байланысқан, және қауіпсіздік нормалары әрқашан мемлекеттік деңгейде бекітіледі. Қауіпсіздік нормаларының өздеріне әдетте қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білімділігінің деңгейі әсер етеді. Тәуекелдер жоба мен өндірістік процесс сапасына, сонымен қатар өнімді пайдалану (тұтыну) шарттарына тәуелді.

Қауіпсіздік стандарттарын дайындау кезінде адам мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуі мүмкін стандарттау объектісінің сипаттамалары сияқты, өнімнің әрбір сипаттамасы бойынша қауіпсіздікті бекіту әдістін де айқындайды. Бірақ қауіпсіздік облысындағы стандарттаудың негізгі мақсаты болып қауіптің әртүрлі түрлерінен қорғанысты іздеу табылады. ХЭК жұмысының аумағына кіретіндер: жарақат қаупі, электр тогымен жарақаттану қаупі, техникалық қауіп, от қаупі, жарылыс қаупі, химиялық қауіп, биологиялық қауіп, құрал-жарақтың сәуле шығару қаупі (дыбыстық, инфрақызыл, ультрафиолеттік, иондаушы, радиациялық және т.б.).

ХЭК стандартын жасап шығару процедурасы ИСО-да қолданылатын процедураға ұқсас. Орташа есеппен стандартты жасауға 3-4 жыл кетеді, және ол өнімнің жаңару темптері мен нарықта жаңа тауарлардың пайда болу темптерінен жиі қалып қояды. Мерзімдерді шектеу мақсатымен ХЭК-та болашақ стандарттың тек идеясы мазмұндалатын, қысқы процедура бойынша қабылданған Техникалық бағдарлаушы құжатты басып шығару практикасы өтуде. Ол үш жылдан артық әрекет етпейді және оның негізінде құрылған стандарт басып шығырылғаннан кейін күші жойылады.

ХЭК құрамында электронды және электротехникалық құралдар шығаратын радиокедергілерді өлшеу әдістерін стандарттаумен айналысатын, радиокедергілер бойынша Халықаралық арнайы комитет (СИСПР) едәуір ерекше статусқа ие. Мұндай кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлері барлық дамыған елдердің тікелей техникалық заңнамаларының объектілері болып табылады. Осыған ұқсас құралдарды сертификаттау СИСПР стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

СИСПР-ге ұлттық комитеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар да қатысады: радио мен теледидардың Халықаралық ұйымы, электротехникалық энергияны өндірушілер мен таратушылардың Халықаралық одағы, үлкен электротехникалық жүйелер бойынша Халықаралық конференция, темір жолдардың Халықаралық одағы, қоғамдық тасымалдаудың Халықаралық одағы, электротермия бойынша Халықаралық одақ. Комитет жұмысын бақылаушылар ретінде радиобайланыс бойынша Халықаралық комитет және азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымы қатысады. СИСПР нормативтік сияқты, ақпараттық халықаралық құжаттарды да жасап шығарады:

радиокедергілерді өлшеу әдістемелерін регламенттейтін және өлшейтін аспаптарды пайдалану бойынша кепілдемелерді құрайтын техникалық талаптардың халықаралық стандарттары;

радиокедергілерді өлшеудің түрлі аспектілері бойынша кепілдемелер;

СИСПР мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетілетін докладтар;

Түрлі негіздер: автотранспорттық құралдар, іштен жану двигательдері, люминесцентті шамдар, теледидарлар үшін радиокедергілердің шекті деңгейлері мен техникалық талаптары бекітілген халықаралық стандарттар тәжірибеде едәуір көп қолданысқа ие.

ХЭК ИСО-мен қызметтеседі, олар бірігіп сынақ зертханаларын стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу және әдістемелік аспектілерінің актуалды сұрақтары бойынша ИСО/ХЭК директивтері мен ИСО/ХЭК басшылығын жасап шығарады. Біріккен бағдарламалық ИСО/ХЭК комитеті техниканың шектес облыстарына қатысты сұрақтар бойынша екі ұйымның жауапкершілігін бөлумен айналысады, сондай-ақ жұмысты жоспарлайды.

2002 жылдың басында ИСО және ХЭК біріккен өтініші жарық көрді, ол тұтынушыларды стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың міндеттері бейнеленген жай-күй парағы бар стандартты жасау процесіне қатысуға шақырады. Өтініш стандарттау бойынша екі ең ірі халықаралық ұйымдардың көпжылғы, нәтижелі және болашағы бар қызметтестігінің нәтижесін тек бір бөлігін ғана бейнелейді. Бұл құжатта берілген ұсыныстар халықаралық стандарттардың тиімділігі мен тәжірибелік маңыздылығын арттыруға, оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдауды тездетуге, стандарттаудағы тауарлар және қызмет көрсетулерді халықаралық айырбастауға қатысушылардың барлығының мүдделілігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық делегацияларға өздерінің позицияларында тұтынушылар ойларын ескеру ұсынылады, ал ИСО/ХЭК техникалық комитеттеріне – тұтынушылар үшін қызықты сұрақтарды қамтыған жаңа тақырыптарды бағдарламаларға енгізу.

Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдарға келесілер ұсынылады:

  • стандарттаудың қазіргі кездегі жағдайының сұрақтары бойынша әдістемелік материалдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тұтынушыларға көмек көрсету;

  • мүдделі тұтынушылық ұйымдарды стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы ақпараттандыру;

  • стандарттау сұрақтары бойынша тұтынушылардың ойлары мен сұраныстарын тарату, түсіндіру;

  • техникалық комитеттер жұмыстарының процедуралары мен құрылымдарын берілген өтініштің ұсыныстарымен сәйкестендіру;

  • әрекет етуші халықаралық стандарттың өмірлік циклінің фазасы туралы, жаңа стандартты қабылдау мен стандарт жобасын қабылдамау себептері туралы ақпарат беру.

ИСО мен ХЭК осыған байланысты тұтынушылардың стандарттауға қатысу процедуралары мен ережелер кешенін жасап шығару қажет болатынын ойластыруда, сонымен қатар осы өтініштің шегінде қабылданатын шаралардың үйлесуін қамтамасыз етуді ойластыруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]