Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Тақырып 9. Гатт/дсұ көлеміндегі стандарттау

Дәріс мақсаты: ГАТТ тарифтары мен сауда бойынша бас келісімін оқып үйрену

Кілт сөздер: Тариф, техникалық регламент, техникалық барьер, техникалық жарлықтар, келісім.

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Саудада техникалық барьерлерді жою саласындағы ГАТТ қағидалары.

2. ГАТТ көлеміндегі стандарттау.

Тарифтар мен сауда бойынша бас келісім 1947 жылы қатысушы-мемлекеттердің сауда-саяси катынастарын калыпқа келтіретін уакытша келісім ретінде жасалды, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қарамағында құрылатын Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) жарғысы өз күшіне енгенше колдану қарастырылды. ДСҰ-дың кұрылуының ең басты идеясы - ол әлемдік сауда-саттық дамуы әкімшілік тәсілдер мен бір жақты үкіметтердің шешіміне байланысты емес, экономикалык факторлармен анықталуы тиіс. Мұндай амалдың объективті базасы болып, соғыстан кейінгі жылдарда халыкаралық еңбекті бөлісуді, шаруашылық өмірді интернационализациялау процестерін тереңдетуді тездету кажеттігі болатын. Экономиканы және халыкаралық сауданы нарық принципімен қалпына келтіру, оны либералдық негізде ешкімді кемсітпей қалыптастыру американдык халықаралық сауда мен еңбекті камтамасыз етуді дамыту ұсынысы ДСҰ-дың құрылуының негізгі импульсі болды (1945 жыл, желтоқсан).

ГАТТ-қа қосылу екі жолмен жүреді: XXXVIII бап Бас келісімі негізінде немесе XXXVI §5 (с) ГАТТ бапты колдану мен «фактілік атақ» арқылы.

ГАТТ-тың құрылымы. Тарифтар мен сауда бойынша бас келісімнің негізінде жаткан кұжат преамбула, 38 баптан, 9 қосымшадан және көптеген тарифтік ұлттық шегіністер тізімінен тұратын 4 бөлімге бөлінеді.

ГАТТ-тың I—III бөлімдерінің мәтіні Гаван жаргысының IV тарауының көптеген талаптарына сәйкес келеді. I бөлімде (І-ІІ баптар) пошлиндерді алуга қатысты ережелер көрсетіледі, II бөлімде (Ш-ХХІІІ баптар) тарифтік емес барьерлерді қолдану нормалары қарастырылады, III бөлімде (ХХIV-ХХХV баптар) негізінен ұйымдастырушылық-техникалык сұрактар қарастырылады, бірак оған қоса өзекті мәселе - интеграциялық топтардың қызметі (XXIV бап) кіреді.

ГАТТ-тың басқару органдары. ГАТТ-тың тұракты аппараты болып Хатшылар бөлімі саналады, ол Женевада орналасқан. Хатшылар бөлімі Бас директормен басқарылады және оның өз бюджеті мен қызметкерлер штаты (280 адамнан астам) бар.

ГАТТ-тың Хатшылар бөлімі бірнеше бөлімшелерден тұрады. Оның сауда-саяси жұмысында тарифтік емес өлшемдердің, кедендік тарифтердің, саудадағы техникалык және басқа барьерлер бөлімдері негізгі рөлді ойнайды; дамушы елдердің мәселелерімен даму және техникалык ынтымақтастық бөлімдері айналысады.

1983 жылы Хатшылар бөлімі құрамында сауда саясаты бөлімі құрылды, оның мақсаты - дүниежүзілік сауда жүйесін талдайтын зерттеулерді дайындау.

Хатшылар бөлімі әрдайым қатысушы-елдерге ГАТТ-та қарастырылатын мәселелер бойынша талданатын және зерттелетін ақпараты бар көптеген құжаттарды, материалдарды, зерттеулер мен хабарламалар жібереді.

ГАТТ өзіне төрт негізгі топты біріктіреді: ГАТТ-тың тұрақты аппараты - оның Хатшылар бөлімі; тұрақты негізде кызмет ететін үкіметаралық органдар (қатысушы-елдердің сессиялары, ГАТТ-тың Кеңесі мен комитеттері); нақты мәселелер мен сұрақтарды карастыру үшін құрылган уақытша жұмыс топтары; арнайы сарапшылар топтары.

ГАТТ-тың жоғары органы келісуші жақтардың сессиясы болып табылады, ол жылына бір рет күзде өткізіледі. Сонымен қатар арнайы сессиялар өткізілуі мүмкін. Сессиялар арасындагы аралыктарда ГАТТ-тың қатысушы-мемлекеттері жазбаша сұрау жэне дауыс беру нәтижелерін алмастыру көмегімен шешім кабылдай алады.

ГАТТ-тың комитеттерінің қатарына 1980 жылы құрылған Саудадағы техникалық барьерлер бойынша комитет қосылды. Ол 36 ел мен ЕЭС-ті біріктіреді.

Саудадағы техникалық барьерлер бойынша келісім ГАТТ-тың қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен стандарттаудың міндетті емес жүйелерімен жасалады. Сондықтан көп көңіл стандарттарға емес техникалық регламенттерге бөлінеді. Техникалык регламенттер негізінен дайын өнімдерге жасалады, сондықтан келісім халықаралық саудада дайын өнімдерге техникалық барьерлерді жоюға қатысты.

Келісімнің міндеттеріне стандарттарды жасау немесе сертификаттау жүйелерін құру жатпайды. Келісімнің мақсаты - жаңа стандарттарды, сертификаттау жүйелерін және сынау әдістерін өңдеу, қабылдау және қолдану процестерінде қатысушы-елдерге мемлекеттер арасында протекционизм және дискриминация құралдары ретінде қолдануға қарсы тұруга мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Келісім дамушы елдерге техникалық регламенттерді және стандарттарды жасау мен қолдануда, осы құжаттардың талаптарына және сертификаттау жағдайларына өнімнің сәйкестігін растауда көмек көрсетуге бағытталған.

Келісімге сәйкес оның қатысушылары:

  • халықаралық саудада ешқандай кедергі келтірмейтіндей техникалық жарлықтар мен стандарттарды өңдеу, қабылдау және қолдануды кадағалауға;

  • техникалық жарлықтар да, стандарттар да, оларды қолдану да халыкаралық саудада керексіз кедергілерді болдырмауды кадағалауға;

  • техникалық жарлықтар немесе стандарттар жасау қажет болған жағдайларда сәйкес халыкаралык стандарттар өңделіп жатса, оларды толықтай немесе бөлшекті түрде колдануға;

  • техникалық жарлықтар мен стандарттардың аса кең үйлесімділігі мақсатында қатысушылар өздерінін мүмкіншіліктері шегінде стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда стандарттарды жасасуға;

  • алдын-ала мүдделі жақтарға түсінікті болатындай басылымдарда нақты бір техникалық жарлықты немесе стандартты басуға қажеттігін көрсетуге;

- ГАТТ хатшылар бөлімі арқылы басқа қатысушыларды қандай өнімдердің түрлеріне техникалық жарлык шығару керек екендігін көрсетуге;

  • басқа барлык қатысушыларға талаптарға сәйкес жасалған техникалык жарлықтардың немесе стандарттардың ерекшеліктерін немесе халықаралык стандарттардан өзгешіліктерін айқындап көрсетуге;

  • қатысушы-елдер техникалық жарлықтар немесе стандарттарға қатысты өздерінің ескертпелерін жазбаша түрде көрсетуге және осы ескертпелерді талқылауға;

- стандарттау бойынша аймақтық ұйымдардың мүшелері болып табылатын қатысушылар техникалық жарлық немесе стандарт ретінде аймақтық стандартты қабылдау кезінде жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.

Өнімнің техникалық жарлықтарға немесе стандарттарға сәйкестігін нақты дәлелдеу талап етілген жағдайларда қатысушылар орталық үкіметтік органдармен басқа қатысушы-елдер аумақтарында шығарылатын өнімге қатысты келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз ету керек:

  • импортталатын тауарлар аналогты жағдайларда басқа соған ұқсас (жергілікті немесе импортты) тауарлар үшін бекітілген қолайлы жағдайларда сынауға алыну керек;

  • сынау әдістері немесе әкімшілікті процедуралар басқа елдің отандық өндірісінің аналогты тауарлары үшін бекітілген сәйкес әдістері мен процедураларынан гөрі күрделі және қолайсыз болмау керек;

  • импортты тауарлардың сынақтары үшін алынатын төлемақы басқа бір елдің өндірісінің немесе отандық өндірістің аналогты тауарларының сынақтары үшін бекітілген төлемақымен бірдей болу керек;

- сынақ нәтижелері экспорттаушыға немесе импорттаушыға немесе олардың агенттеріне қажет кезде түзетуші іс-әрекеттерді қолдана алу үшін бірінші кезекте хабарлану керек;

- сынақ құрал-жабдықтарын және үлгілерді таңдау импорттаушылар, экспорттаушылар немесе олардың агенттері үшін қолайсыз жағдайларды туғызбау керек;

- сынақтарды жүргізу және нәтижелеріне қатысты импортталатын тауарлар туралы ақпарат отандық өндірістің тауарларына қатысты бекітілген шамада құпияда болу керек;

- сертификаттау жүйелерін колдану немесе өңдеу бойынша іс-әрекеттер халықаралык саудада ешқандай кедергі келтірмеу керек;

- халыкаралық және аймақтық сертификаттау жүйелеріне сәйкестікті камтамасыз ету үшін қолдануға рұқсат етілген құралдарды колдану керек.

Келісім ұлттық стандарттар және сертификаттау жүйелері туралы акпаратты қатысушы-елдер сұраныстары бойынша көрсететін анықтамалық-ақпараттық қызметті әрбір қатысушы-елдерде құру міндетін қояды. Келісім сонымен қатар барлық қатысушы-елдермен ұлттык стандарттарға және аймақтық стандарттарға кедергісіз қатынауға құкықтарын колдауды қарастырады.

ГАТТ келісіміне сәйкес құрылған ұлттык ақпараттық орталықтардың тізімі ұйымдардың саны мен сипаты бойынша үш топка бөлінеді:

  1. топ - жалғыз ақпараттық орталық болып стандарттау бойынша ұлттық ұйым табылады;

ІІ топ - жалғыз ақпараттық орталық болып сәйкес министрлік табылады;

III топ - ақпараттық орталықтардың функцияларын екі немесе үш ұйым атқарады. ГАТТ басылымы. Келісімнің қызметіне, сауда саясатына, ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасына, экономикасы жағынан аса дамымаған елдердің саудасындағы тарифтарға қатысты ай сайынғы «Фокус» бюллетенін және басқа периодты басылымдарды шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]