Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_DO_khal_stand.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389 Кб
Скачать
☆

Сурет1.Исо құрылымы

Кеңестік техникалық бюросына келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлеу міндеті жүктелген:

  • ИСО техникалық жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіружәне жоспарлау;

  • Жеке техникалық комитеттерінің атауы мен қызмет аяларын қайта қарау;

  • Техникалық комитеттері мен бөлімдерді құру және тарату;

  • Техникалық комитеттердің қызмет бағдарламасына жаңа тақырыптаманы енгізу бойынша ұсыныстарды қарау.

Сонымен, ПЛАКО ИСО-ның техникалық қызметінің жалпы үйлестіруін іске асырады.

Стандарттау принциптерін зерттеу бойынша ИСО комитеті келесі мәселелерімен айналысады:

  • Халықаралық стандарттардың мазмұны, жіктеуі және олардың ұлттық стандарттарымен байланысы;

  • Халықаралық стандарттаудың ғылыми принциптерін әзірлеу;

  • Стандарттау саласының қызметіне қатысты анықтаулар мен терминдерді түзу (жасау) және келісу;

  • Стандарттау мәселелері жөніндегі (бойынша) халықаралық семинарларды ұйымдастыру.

Ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу жөніндегі комитетінің (ИНФКО) міндеттері:

ИСО орталық хатшылығында және ИСО қатысушы – елдерінде стандарттау бойынша ақпарат орталықтарын құру және олардың дамуына көмек көрсету, стандарттар мен басқа нормативтік құжаттардың жіктеуі мен индекстеуі бойынша, оларды автоматтандырылған өңдеу мақсатымен, ұсыныстарды әзірлеу.

Ақпараттық-есептеу орталықтарын біріктіретін бірыңғай ақпараттық жүйесін құру халықаралық және қатысушы – елдердің ұлттық стандарттарының ішінен ақпараттарды іздеу бойынша елдер арасында автоматтандырылған алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ИСО мүшелерінің жартысынан көбі дамушы елдерден болғандығын есептей отырып, ИСО Кеңесінің жанынан дамушы елдерге көмек көрсету бойынша Комитет құрылды (ДЕВКО). Оның міндеттері: стандарттау саласында дамушы елдердің қажеттілігін анықтау және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі шаралрды жасау, әзірлеу. ДЕВКО комитетінде дамушы елдердің стандарттауы саласындағы қызметімен байланысты барлық мәселелер талқыланып қаралады, өнеркәсібі дамыған және дамушы елдер арасында стандарттау мәселелер бойынша тәжірибе алмасу іске асырылады. Стандартты үлгілер жөніндегі комитет (РЕМКО) ИСО-ның барлық мүшелері үшін ашық. Оның міндеттері: ИСО-ң техникалық комитеттері үшін басшылыққа алатын құжаттарды әзірлеу. Комитеттердің ең белсендісі – КАСКО, ол стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі комитет. КАСКО-ның негізгі мәселелері: өнімдердің сертификаттау және сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің әр аспектісі бойынша ұлттық жүйелерін құру. Сертификаттау ұлттық жүйелер тәжірибесінің зерттеу негізінде жасалған, басшылыққа алатын құжаттарды сертификаттау жүйелерінің әр түрлі, нақты жағдайларға байланысты жүйелерді таңдау ерекшеліктері қаралады.

Тұтыну және тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласындағы саясат мәселелері жөніндегі Комитеттің (КОПОЛКО) міндеттері: тұтынушыларға өнімнің стандарттауынан максималды (ең көп нәтиже) алуға көмектесу жолдарын анықтау, тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, қызметтері тұтынушылардың мүдделеріне қатысты ИСО-ның әр түрлі органдарымен байланыстарын дамыту.

Тұтыну тауарлардың халықаралық стандарттау саласында ИСО белгіленген үйлестіру қызметін жасайды. Осы мақсатпен оның жанында Үйлестіру Комитеті құрылған, оның жұмысында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі (бойынша) Халықаралық орталықтың және бір қатар басқа ұйымдардың өкілдері қатынасады.

Кеңес Одағы ИСО-ның басшылық жасайтын органдарының – Кеңестің және атқарушы бюроның мүшесі болды және Кеңестің тұрақты комитеттерінің жұмысында қатысты. СРО құлағаннан кейін оның мұрагері Ресей болды. Қазақстан ИСО-ға 1994 жылы кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]