- •Лекция 1 – Пән мәселелері. Басқа пәндермен байналысы. Отынды бүрку жүйесін жасау тарихы
- •Лекция 2 – Отынды бүрку жүйесінің жалпы құрылысы және классификациясы
- •Сурет 1 – Автомобиль қозғалтқышын басқару схемасы
- •Сурет 3 Отынды бүрку әдістерінің классификациясы
- •Лекция 4 – Кешенді қбж функционалды схемасы . Қбж – ның кіші жүйелері: ауалық, отындық, электр қоректендіру жүйесі, тұтандыру жүйесі
- •Лекция 5 – Ауалы механикалық басқарылатын бүрку жүйесі
- •Лекция 6 –Орталықтандырылған бір нүктелі отынды бүрку жүйесі
- •Лекции 7 – Отын бүркуді және тұтандыруды аралас басқару. Сипаттамалық карталар және кері байланыстар
- •Бөлістіргішсіз – тікелей тұтандыру жүйесі (ттж)
- •Лекция 8 – Тұтандырудың электронды жүйесі
- •Лекция 9 – Датчиктер және орындаушы механизмдер
- •Лекция 10 – Мөлшерлегіш-бөлістіргіш, басқаратын қысым реттегіші
- •Лекция 11 – Отын беруді басқару
- •Лекция 12 – Зая жүрісте қозғалтқыш жұмысын басқару
- •Лекция 13 – Электронное управление дроссельной заслонкой. Система снижения выбросов паров топлива.
- •Лекция 15 – Өзіндік диагностика
Лекция 12 – Зая жүрісте қозғалтқыш жұмысын басқару
Зая жүрісте иінді біліктің айналыс жиілігі (сурет 15) ауа шығынымен, ауаның артықтық, коэффициентімен және тұтандыру сәтімен анықталады. Бұл параметрлер берілетін ауа мөлшерін және/немесе тұтандыру сәтін өзгертумен реттеледі. Иінді біліктің зая жүрістегі айналыс жиілігін реттеудің тиімді әдісі цилиндрдегі зарядты өзгерту болып табылады. Зая жүріс қаладағы қозғалыс жағдайындағы ең жиі кездесетін жұмыс. Сондықтан иінді біліктің ең төменгі айналыс жиілігін алу мақсатында қозғалтқышты реттеу отын шығынын және улылықты төмендетуге бағытталған ең маңызды қадам болып табылады. Тұйықталған контурлы жүйелер бұл режимде ІЖҚ- ның барлық жұмыс мерзімінде (қызмет көрсетусіз) бірқалыпты және тұрақты жұмысын қамтмасыздандырады.
1 – орындаушы құрылым ; 2 – электронды басқару блогы; 3 – дроссельдік қақпақ; UВ – кернеу беру; n – қозғалтқыштың иінді білігінің айналыс жиілігі; ТМ – қозғалтқыш температурасы; DK – дроссельдік қақпақтың жағдайы (ашылу бұрышы); D/АС –автоматты трансмиссиядан және кондиционерден сигналдар
Сурет 15 – Қозғалтқыштың иінді білігінің айналыс жиілігін зая жүрісте басқару
Датчиктер иінді біліктің айналыс жиілігін, температураны, дроссельдің жағдайын және келесі қосымша параметрлерді тіркейді: автоматты трансмиссияның жұмысын, ауаны кондиционирлеу жүйесін. Электронды басқару блогы иінді біліктің іс жүзіндегі айналыс жиілігін берілген мәндермен салыстырып, кірердегі иінді біліктің айналыс жиілігін қажетті шамаға дейін өзгерте алатын ауа ағынын дроссирлеуді өзгертетін, орындаушы механизмге сигнал береді. Тұйықталған контурлы жылдам және біртіндеп байқау (реагирования) реттеу концепциялары қолданылады. Жылдам байқау (реагирования) жүйесі энергия тұтынатын құрылымдарды қосқанда пайда болатын қозғалтқыштың жүктелуінің өзгеруіне іс жүзінде лездік әсерді (реакцияны) қамтамасыздандырады. Олар иінді біліктің минималды айналыс жиілігін алуға мүмкіндік жасайды, сонымен отын шығынын және жұмыс істеп біткен газдар құрамындағы зыянды заттардың мөлшерін қысқартады. Сонымен қатар жүйе әсері (реакциясы) қозғалтқыштың тұрақты жұмысын бұзбау үшін өте жылдам болмауы тиіс. Біртіндеп байқау (реагирование) жүйесі ұзақ күшінде болған ауытқуларды компенсациялауға мүмкіндік жасайды, бірақ ол иінді біліктің айналыс жиілігін минимизациялауға және отын үнемділігін жақсартуға жарамдылығы төмен.
Зарядты дроссельді айналып өтіп әсер ететін орындаушы механизммен реттейтін жүйеден басқа дроссельге тікелей әсер ететін басқа да жүйелер бар.
1 – штекерлі колодка; 2 – тығыздау сақинасы; 3 – бекіту шайбасы; 4 – якорь осін бекіту фланеці; 5 –якорь орамы; 6 – бұру стаканы; 7 – тұрақты магнитт; 8 – тұрық; 9 – қозғалмайтын якорь; 10 –якорь осі; 11 – магнитөткізгіш; 12 – тапылжытпайтын сақина; 13 – шарикті подшипник; 14 –подшипник тығыздағышы; 15 – кіру құбыры; 16 – бұру қақпағы; 17 – тірек; 18 – роликті подшипник; 19 – қақпақ білігі; 20 – шығу құбыры; 21 – ажыратылмайтын біріктірме
Сурет 16 – Қосымша ауа беру клапаны
Орындаушы құрылым (сурет 16) жүйесі дроссельдік қақпақты айналып өтетін магистралда орнатылады. Якорь осіндегі шарлы бекітпе (затвор)ауаның өткізу каналын ашады, оны зая жүрістегі қажетті айналыс жиілігін алғанша ашық күйде ұстайды.Кернеу орындаушы құрылымының екі орамына якорьде қарсы бағытта әсер ететін күш алу үшін айнымалы беріледі. Шарлы бекітпе өткізу каналының ашылуын реттейді, ол импульс кезеңінің коэффициентіне (яғни импульс ұзақтығының импульстер аралығындағы ұзақтыққа қатынасы) сәйкес болады. Орындаушы құрылымдардың басқа түрлері (бір орамды) әдетте серіппеленген якорьге әсер етеді, ол көлденең бағытта айналуы немсе жылжуы мүмкін. Токты қыйғанда кейбір орындаушы құрылымдар өзінің бастапқы жағдайына қайта келеді- бұл қозғалтқыштың зая жүрісте минималды айналыста жұмысты жалғастыруына жеткілікті.
