- •Лекция 1 – Пән мәселелері. Басқа пәндермен байналысы. Отынды бүрку жүйесін жасау тарихы
- •Лекция 2 – Отынды бүрку жүйесінің жалпы құрылысы және классификациясы
- •Сурет 1 – Автомобиль қозғалтқышын басқару схемасы
- •Сурет 3 Отынды бүрку әдістерінің классификациясы
- •Лекция 4 – Кешенді қбж функционалды схемасы . Қбж – ның кіші жүйелері: ауалық, отындық, электр қоректендіру жүйесі, тұтандыру жүйесі
- •Лекция 5 – Ауалы механикалық басқарылатын бүрку жүйесі
- •Лекция 6 –Орталықтандырылған бір нүктелі отынды бүрку жүйесі
- •Лекции 7 – Отын бүркуді және тұтандыруды аралас басқару. Сипаттамалық карталар және кері байланыстар
- •Бөлістіргішсіз – тікелей тұтандыру жүйесі (ттж)
- •Лекция 8 – Тұтандырудың электронды жүйесі
- •Лекция 9 – Датчиктер және орындаушы механизмдер
- •Лекция 10 – Мөлшерлегіш-бөлістіргіш, басқаратын қысым реттегіші
- •Лекция 11 – Отын беруді басқару
- •Лекция 12 – Зая жүрісте қозғалтқыш жұмысын басқару
- •Лекция 13 – Электронное управление дроссельной заслонкой. Система снижения выбросов паров топлива.
- •Лекция 15 – Өзіндік диагностика
Лекция 8 – Тұтандырудың электронды жүйесі
Қозғалтқыштың күштелуі, білігінің айналыс жиілігі, температурасы, дроссельдік қақпақтың орналасу жағдайы туралы берілгендер электронды басқару блогына (ЭББ) беріледі, ЭББ өзінің есте сақтау бөлгіндегі картадағы берілгендермен салыстырылады. Бұл картада қозғалтқыштың әр режиміндегі тұтанудың озу бұрышының оптималды мәндері келтірілген. ЭББ озу бұрышын және тұйықталған жағдай бұрышын анықтайды да күшейткішке сигнал береді, ол өз кезегінде қажетті сәтте тұтандыру катушкасының теріс шығуын ауыстырады (сурет 10).
Сурет 10 – Холл генераторлы электронды тұтандырудың типтік схемасы
Әдеттегі түйіспелі тұтандыру жүйелерінде ұшқынды туындату үшін тұтандыру катушкасының орам тізбегін жерге бергіші(заземление) ауыстырғышын басқару қолданылады. Электронды тұтандыру жүйесі осыған ұқсас жұмыс орындайды. Әдетте бұл жүйелерде беретін генератор және күшейткіш болады. Генератор қажетті сәтте күшейткішке импульс беруді қамтамасыздандырады да өз кезегінде бірінші орамның жерге бергішті ажыратады. Беру генераторы ретінде бөлістіргіш ішінде немесе сермермен қатар орналастырылған тұрақты магнитті индукциялық датчик болуы мүмкін. Сонымен қатар Холл датчигі қолданылуы мүмкін (сурет 10).
Транзисторды ауыстыру (ажырату немесе қосу) үшін импульс кернеуі өте аз болғандықтан, ол күшейтілуі тиіс. Ол үшін танзисторды ауыстыратын
Кернеу күшейткіші қолданылады. Сонымен күшейткіш бірінші орамды тұйықтайды (бұл жағдайда магнит алаңы өседі), ал одан кейін ажыратады. Бұл жағдайда магнит алаңы жойылады, ал екінші орамда ұшқынды туындатуға жеткілікті кернеу пайда болады. Тұтандыру жүйесінің күшейткіші іс жүзінде электронды кілт ролін атқарады. Кейбір жағдайда оны электронды коммутатор деп атайды.
Тұтандыру катушкасын қызудан сақтау үшін тұтандыру қосылып, қозғалтқыш жұмыс істемегенде шамамен 1 секундтан кейін бірінші орамды ажырататын арнайы схема қолданылады. Сонымен қатар күшейткіште тұрақты энергияны сақтап тұру үшін ток шектегіші орнатылған.
Ертедегі электронды тұтандыру жүйелерінде бөлістіргіш функциясы әдеттегі жүйелердегідей болып қалды. Тұтандырудың озу бұрышын корректирлеу механикалық немесе вакуумдық құрылымдар көмегімен жүзеге асырылды. ҚБЖ- нің дамуымен озу бұрышының коррекциялық құрылымы бөлістіргіштен алыстатылып, ҚБЖ- де орнатылды. Қазыргі заманғы бөлістіргіштерде тұтанудың екінші тізбегінің (жоғарғы вольтті) компоненттері ғана сақталған және цилиндрлердің жұмысының ретіне сәйкес білтелерге тұтандыру катушкасының екінші орамынан жоғарғы кернеуді бөлістіру қызметін атқарады.
Бөлістіргішсіз – тікелей тұтандыру жүйесі (ттж)
Бөлістіргіштен бас тартуға екі себеп болады.
1) Тұтандыру катушкасында бөлістіргіштегі және тұтандыру білтесіндегі саңылауды өте алатындай энергия қоры болуы, сонымен қатар белгілі уақыт аралығы ұзақтығында жеткілікті қуатты ұшқынмен қамтамасыздандыруы тиіс.
Бөлістіргіштегі саңылаудан өту үшін 10 кВ кернеу қажет. Бөлістіргіштен бас тартқанда бұл энергияны сақтап және оны тиімді пайдалану мүмкіншілігі туындайды.
2) Тұтандыру жүйесінің бас тартуының негізгі себептері бөлістіргіштің қақпағының және бөлістіргіш роторының сынуы болады. Сонымен қатар ақаулы бөлістіргіш радиоқабылдауға кедергі туындатады.
Бөлістіргіштен бас тартқанда және тұтандыру білтелерін жұптап жалғастырғанда тұтандыру катушкасының энергиясын ұшқынның қуатын және ұзақтығын ұзартуға қолдану мүмкіндігі туындайды. Екінші білтедегі ұшқынды қолдау үшін 3 кВ қажет, бірақ бөлістіргіштегі саңылауды өтуге қажетті энергиядан анағұрлым кіші.
Жүйе ТТЖ- сі деп аталғанмен, оның әсері әдеттегі тұтандыру жүйесіне кө ұқсас. ТТЖ- сінде (немесе зая ұшқын жүйесінде) тұтандыру катушкасының екі шығуы да екі тұтандыру білтелерінде бірден ұшқын туындатуда қолданылады. Бұл аталған жүйенің екі поршені біруақытта төмен (жоғары) жылжыйтын қозғалтқыштарда ғана қолданылатынын көрсетеді. Сондықтан 4- цилиндрлі қозғалтқыштар үшін екі жоғарғы вольтті шығулар, ал 6- цилиндрлі қозғалтқыштар үшін үш жоғарғы вольтті шығулар қажет.
