Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 10 – Мөлшерлегіш-бөлістіргіш, басқаратын қысым реттегіші

Мөлшерлегіш- бөлістіргіштің айырмашылығы басқаратын қысым реттегіші мөлшерлегіш- бөлістіргішке орнатылған (сурет. 11); басқаратын қысым жоғарғы бөліктен бөлістіргіш плунжеріне емес дифференциалдық клапанға төменгі жағынан келтіріледі. Сонымен қатар плунжер үстіне серіппе қойылып, ол қозғалтқыш тоқтағаннан кейін мөлшерлегіш- бөлістіргіштің суытылуындағы қысымсызданудың әсерінен плунжердің жоғарғы тартылуын болдырмайды. Плунжер төменгі шеткі жағдайында иін ролигіне емес бөлістіргіштің төменгі бөлігіндегі ішкі сақиналы шығыңқы бөлікке тіреледі.

1 – басқаратын қысымның электрогидравликалық реттегіші; 2 –клапан орамы; 3 – электроклапанның биме­талл пластина; 4 – дифференциалдық клапан; 5 – бөлістіргіш гильзасы; 6 – бөлістіргіш плунжері; 7 – жүйедегі отын қысымының реттегіші.

Каналы: А – отын беру (жүйе қысымы); В – отынды сыйымдылыққа төгу; С – басқаратын қысым каналы; D – қысым реттегішінің каналы; Е –бүрку бүріккішіне отын беру; F – іске қосу электромагнитті бүріккішіне отын беру

Сурет 11 – Мөлшерлегіш-бөлістіргіш және "KE-Jetronic" бүрку жүйесінің қысым реттегіші

Дифференциалдық клапандардың жоғарғы камераларына (сурет 11) жүйенің жұмысшы қысымы келтіріледі, ол демпферлік қақпақпен «тежеліп» бөлістіргіш плунжері үстіне әсер етеді. Төменгі камераларда басқару қысымы болады.

Жүйедегі отын қысымын реттегіш (сурет 11) қоректендіру жүйесіндегі қысымның өзгеру диапазонын белгілеумен қатар, дифференциалдық қысымды реттейді (дифференциалдық клапандардың жоғарғы және төменгі камералар арасындағы қысым айырмашылығын).

Басқаратын қысымның электргидравликалық реттегіші қозғалтқыштың жұмыс режиміне (пластинаға отын ағынының қысымына) және аталған режимге байланысты электронды басқару блогының сигналына (бұйрығына) байланысты дифференциалдық клапандардың төменгі каналдарындағы қысымды өзгертеді. Айтылғанға байланысты жұмысшы бүріккіштерге келтірілетін отын мөлшері өзгереді.

а – қозғалтқыштың қалыпты жұмысында(иінді біліктің тұрақты айналыс жиілігінде); б – иінді біліктің айналыс жиілігі; в – қозғалтқышты іске қосу, иінді біліктің айналыс жиілігін жоғарылату. Каналдар: А – отын беру; С – дифференциалдық клапанның төменгі камерасына басқаратын қысым беру;; D – жүйедегі қысымды реттегіштің каналдары; Е –бүрку бүріккіштеріне отын беру; F – электромагнитті іске қосу бүріккішіне отын беру

Сурет 12 – Мөлшерлегіш- бөлістіргіштің жұмыс режимдері

Жоғарыда айтқандай қозғалтқыштың иінді білігінің тұрақты айналыс жиілігінде биметалл пластина сурет 12,а көрсетілген жағдайында болады.

Иінді біліктің айналыс жиілігі төмендегенде немесе еркісіз зая жүрісте (қозғалтқышпен тежеуде), яғни дросссельдік қақпақ жабық, ал иінді біліктің айналыс жиілігі 1700 айн/мин- нен жоғары болғанда, дроссельдік қақпақ жағдайының датчигінің сигналы бойынша электронды басқару блогымен қысымды басқару реттегішіне бұйрық беріліп, ол толық ашылады (сурет 12, б).

Иінді біліктің айналыс жиілігі жоғарылағанда дроссельдік қақпақ ашылғанда реттегішпен басқару қысымы төмендетіліп қоспа байытылады (сурет 12, в). Бұл жағдайда электронды басқару блогының реттегішке әсері қысымдау дискісінің потенциометрінен және дроссельдік қақпақтың датчигінің сигналдарымен анықталады. Соңғы дроссельдік қақпақтың жағдайы және оның ашылу жылдамдығы туралы хабарлайды.

Салқында іске қосқанда және қыздырғанда қозғалтқыштың температурасының датчигінің сигналына сәйкес қоспаны байыту келесі тізбек бойынша жүзеге асады: датчик (сигнал) – электронды басқару блогы (бұйрық) – басқару қысымын реттегіш (пластинаның майысуы) – дифференциалдық кла­пандар (прогиб вниз диафрагмманың төмен майысуы), (сурет 12, в).

Қозғалтқыштың толық жүктелуінде қоспаның байытылуы, жоғарыда айтылғандай дроссельдік қақпақ датчигінің сигналы бойынша жүзеге асады.