- •Лекция 1 – Пән мәселелері. Басқа пәндермен байналысы. Отынды бүрку жүйесін жасау тарихы
- •Лекция 2 – Отынды бүрку жүйесінің жалпы құрылысы және классификациясы
- •Сурет 1 – Автомобиль қозғалтқышын басқару схемасы
- •Сурет 3 Отынды бүрку әдістерінің классификациясы
- •Лекция 4 – Кешенді қбж функционалды схемасы . Қбж – ның кіші жүйелері: ауалық, отындық, электр қоректендіру жүйесі, тұтандыру жүйесі
- •Лекция 5 – Ауалы механикалық басқарылатын бүрку жүйесі
- •Лекция 6 –Орталықтандырылған бір нүктелі отынды бүрку жүйесі
- •Лекции 7 – Отын бүркуді және тұтандыруды аралас басқару. Сипаттамалық карталар және кері байланыстар
- •Бөлістіргішсіз – тікелей тұтандыру жүйесі (ттж)
- •Лекция 8 – Тұтандырудың электронды жүйесі
- •Лекция 9 – Датчиктер және орындаушы механизмдер
- •Лекция 10 – Мөлшерлегіш-бөлістіргіш, басқаратын қысым реттегіші
- •Лекция 11 – Отын беруді басқару
- •Лекция 12 – Зая жүрісте қозғалтқыш жұмысын басқару
- •Лекция 13 – Электронное управление дроссельной заслонкой. Система снижения выбросов паров топлива.
- •Лекция 15 – Өзіндік диагностика
Лекция 5 – Ауалы механикалық басқарылатын бүрку жүйесі
Ауалы механикалық бүрку жүйесі бұл отынды тұрақты бүркетін механикалық жүйе. Жүйеде электр гидраликалық қысымды басқаратын реттегіш қолданылған.
Сонымен қатар жүйеде ауа шығынын өлшегіштің рычагында потенциометр (реостаттық датчик) және дроссельдік қақпақтың жағдай ажыратқышы орнатылған. Потенциометр электр сигналдарымен басқару электронды блогына ауа шығынын өлшегіштің қысымдау дискісінің орналасу жағдайы туралы ақпарат береді. Қысымдау дискісінің жағдайы ауа шығынымен (кіргізу құбырындағы қысымсызданумен, дроссельдік қақпақтың, орналасу жағдайымен, қозғалтқыштың жүктелуімен) анықталады.
Дроссельдік қақпақтың жағдайының ажыратқышы электронды басқару блогын келесілерден ақпараттандырады: дроссельдік қақпақтың шеткі жағдайлары туралы, яғни толық ашық немесе жабық (бұл жағдайда ажыратқыш шеттік деп аталады); дроссельдік қақпақтың барлық жағдайлары туралы; дроссельдік қақпақтың ашылу және жабылу жылдамдықтары туралы.
Әсер принципі, бас дозалау жүйесі және зая жүріс жүйесі. Отын қысыммен кіргізу клапаны алдында орнатылған бүріккішке 11беріледі (сурет 6). Бүріккіш отынды жүктелуге (кіргізу коллекторындағы қысымсыздануға байланысты) тәуелді қысымға және салқындату сұйығының температурасына байланысты мөлшерде бүркеді.
Отын мөлшерін реттеу дозатор- бөлістіргішпен 5, басқарылатын ауа шығынын өлшегішпен 6, басқарылатын қысым электргидравликалық реттегішпен 9, қозғалтқыштың салқындату сұйығының датчигінің 13 сигналы бойынша басқарылатын электронды басқару блогымен 16, дроссельдік қақпақтың жағдайының ажыратқышымен 7 және қозғалтқыштың иінді білігінің айналыс жиілігі датчигімен (есеп басы датчигі) қамтамасыздандырылады. Бұл сигналдар тұтандыру катушкасынан немесе коммутатордан алынуы мүмкін.
Бүрку жүйесі келесі ретте жұмыс орындайды (сурет 6). Электр сорғы 2 отынды сыйымдылықтан алып қысыммен отын сүзгісі 3 және қорландырғыш 4 арқылы дозатор- бөлістіргішке 5 береді.
Отын қысыммен дозатор- бөлістіргіштің дифференциалды клапандарының жоғарғы камераларына беріліп, бөлістіргіштің плунжерінің орналасу жағдайына байланысты қысымды өзгертеді.
Жұмысшы бүріккіштерге 11 келетін отын мөлшері басқарылатын қысыммен (қарсы қысым) шығу тесіктеріне (бүріккіш өткізгіштеріне) қысылатын дифференциалдық клапандардың диафрагмаларымен реттеледі.
1 – отын сыйымдылығы; 2 – отын сорғысы; 3 – отын сүзгісі; 4 – отын қорландырғышы; 5 – отын мөлшерінің дозатор-бөлістіргіші; 6 – ауаның шығынын өлшегіші; 7 – дроссельдік қақпақтың жағдайының ажыратқышы; 8 – қосымша ауа беру клапаны; 9 – басқарылатын қысым (қарсы қысым) электрогидравликалық реттегіші; 10 – жүйедегі отын қысымын ретегіш; 11 – форсунка (инжектор); 12 – іске қосуға арналған электромагнитті форсунка; 13 – салқындату сұйығының температура датчигі; 14 – термореле; 15 – датчик-бөлістіргіш; 16 – электронды басқару блогы; Каналдар: А – отын беру (жүйе қысымы); В – отынды сыйымдылыққа төгу; С – басқарылатын қысым каналы (дозатор-бөлістіргіште); D – қысым реттегіш каналы; Е – бүріккіштерге отынды беру; F – отынды іске қосу электромагнитті бүріккішке беру
Сурет 6 – Ауалы механикалық бүрку жүйесінің схемасы
Басқарылатын қысым реттегіші 9 электронды блокпен 16 басқарылатын электро-клапан түрінде болады. Бас дозалау жүйесінің жұмысында биметалл пластинаның орналасу жағдайы өзгереді. Иінді біліктің айналыс жиілігі жоғарылағанда (үдегенде) пластинаның жоғарғы жағы оңға ауытқиды да, реттегішке отын беру тесігі жабылыңқырайды. Иінді біліктің айналыс жиілігі төмендегенде (баяулағанда) пластинаның жоғарғы жағы солға қарай ауытқиды да реттегішке отын беретін тесік кеңиді. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмысында (иінді біліктің тұрақты айналыс жиілігінде) пластина түзу жағдайда болады.
Қысымдау дискісінің потенциометрі және дросельдік қақпақтың ажыратқышы электронды басқару блогына қозғалтқыштың ағынды жүктелуі және дроссельдік қақпақтың «тәртібі» туралы ақпараттар беріледі. Өз кезегінде электронды басқару блогы басқарылатын қысым электргидраликалық реттегіш арқылы қысымдағыш дискінің жылжуының бөлістіргіштің плунжеріне әсерін дұрыстайды (корректирлейді).
