Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 13 – Электронное управление дроссельной заслонкой. Система снижения выбросов паров топлива.

Дроссельдік қақпақты электронды басқару (EGas) (сурет 17) әдеттегі механикалық жүйелерден айырмашылығы, дроссельдің иілмелі болат арқаны немесе рычагты жетек механизмі ECU блогымен басқарылатын, қақпақты бұратын электр қозғалтқышпен алмастырылған

ECU жүйенің барлық компоненттерін үздіксіз бақылауды жүзеге асыруы, оның дәл жұмыс істеуіне кепілдік береді. ECU мен барлық датчиктердің қосалқы блоктары болғандықтан, жүйе бақылау үрдісінің дұрыс орындалуын дәлелдеу үшін жұп сигналдарды салыстыруды жүзеге асыра алады.

1 –акселератор басқышы; 2 – басқыш педалінің датчигі; 3 – ECU (3а – микропро­цессор;

3b – берілгендер шинасы); 4 – дроссель жетегінің орындаушы механизмі

Сурет 17 – Дроссельдік қақпақты электронды басқару (EGas)

Кейбір жүйелерде акселератор басқышы мен орындаушы құрылым арасында тек электрлі жалғастыру ғана қолданылады, ал келесілерде сонымен қатар механикалық жалғастыру элементтері (мысалы Боуден болат арқаны) қолданылады. Бұл жүйенің жұмысы бұзылғанда орындаушы құрылымды ажыратуға мүмкіндік жасайды. Egas жүйесі дросельдік қақпақтың жағдайын электронды әдіспен реттейтіндіктен, ол қозғалыс қауыпсіздігін жоғарылатуға, автомобильді басқаруды ыңғайластыруға және қозғалтқыш сипаттамасын жақсартуға байланысты басқа да функцияларды орындай алады. Қауыпсіздік шараларына доңғалақтардың сырғанауға қарсы жүйесін ASR- ді және тежегіштердің блокирлеуге қарсы жүйесін ABS жатқызуға болады. Соңғысында тежеу моментін (қозғалтқышпен тежегенде) шектік шамаға жеткенге дейін төмендету үшін дроссельдік қақпақты ашуға бағдарламалы принцип қолданылады.

Жұмысшы қоспаны цилиндрлерге зая жүрісте беруді басқару жүйесінің құрылымында, EGas жүйесінде болмайтын жеке орындаушы құрылым қарастырылған. қозғалтқыш жұмысының басқа да сипаттамаларын (жұмыс істеп біткен газдар құрамында улы заттарды және отын шығынын төмендетуге) жақсарту үшін EGas жүйесін ыңғайландыратын зерттеулер жүргізілуде.

Отын буларын тастауды төмендететін жүйе. Отын буланғанда сыйымдылықтағы көмірсутектері атмосфераға шығады. Отын буларын тастаудың нормаларын сақтау активтелген көмірмен толтырылған арнайы ыдысты қолданумен қол жеткізіледі. Отын сыйымдылығы бұл жағдайда аталған ыды арқылы ғана желдетіледі. Ыдыс көлемі шектелгендіктен активтелген көмірді тұрақты регенерациялау қажет. Қозғалтқыш жұмысында (сурет 18) ауа активтелген көмірлі ыдыс арқылы сорылып алынып, қозғалтқышқа беріледі. Қозғалтқыштың коллекторына активтелген көмірлі ыдыстан берілуде отын буының 1 %-дық концентрациясы, жұмысшы қоспадағы ауа мен отын қатынасын шамамен 20%- ға өзгертеді. Бұл отын буларының қозғалтқышқа келуі тұрақты бақылануының қажеттілігін көрсетеді. Қозғалтқышты басқару жүйесінде регенерациялау клапаны (көмірлі ыдысты үрлеу клапаны) қолданылады. Жүктеу және иінді біліктің айналыс жиілігінің берілгендері негізінде тұрғызылған бағдарланатын ыңғайландыру қыйсығы үрлеу клапанының барлық жұмыс диапазонында отын буының активтелген көмірлі ыдыс арқылы өтуін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайды.

1 – сорылатын ауа; 2 – дроссельдік қапақ; 3 – қозғалтқыштың кіргізу коллекторы; 4 – активтелген көмірлі ыдысты үрлеу клапаны; 5 – ECU- дан сигналы; 6 – активтелген көмірлі ыдыс; 7 – қоршаған ауа; 8 – отын сыйымдылығындағы отын буы

Сурет 18 – Отын буларын тастауды төмендету жүйесі

Кейбір жағдайларда үрлеу клапаны ажыратылуы (зая жүріс режимі) немесе іске қосылмауы (дроссель толық ашылғанда кіргізу құбырында жеткіліксіз қысымсыздану пайда болады) мүмкін. Сонымен қатар лямбда- зондты үшкомпонентті блок белгіленген улылық нормасына сәйкес келетін жұмысшы қоспа құрамын қамтамасыздандыру үшін бақылауды жалғастырады. Егер бұл клапанның әсерімен қоспа дайындау оптималды болмаса, қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасын қолдау және талап етілетін улылықты қамтамасыздандыру үшін ауа беру өзгертіледі.

Лекция 14 – Лямбда-зонд көмегімен жұмыс істеп біткен газдардың улылығын тексеру

АҚШ- та, Европда және Жапонияда тек жұмыс істеп біткен газдарды үш компонентті бейтараптандырғыштарды және кері байланысты жүйені қолданумен тазалау ғана аталған газдар құрамындағы СО, NOХ және СН концентрациясының қазыргі кездегі шектік нормасын қанағаттандыруды қамтамасыздандырады.

Ауаның артықтық коэффициенті  жұмысшы қоспадағы ауа мен отын пропорциясын және іс жүзіндегі және стехеометриялық қоспалар құрамының қатынасынанықтау үшін қолданылады (сурет 19).

Негізінен ұшқынды тұтандырылатын қозғалтқыштардың жұмыс істеп біткен газдарының құрамын оңтайландыру үшін кері байланыстың екі түрі қолданылады.

Рисунок 19 – -коррекция жүйесінің жұмысының ықшамдалған алгоритмы

= 1 үшін кері байланысты жүйе. Бұл жүйе жұмыс істеп біткен газдар құрамындағы компоненттердің шамасын минимумға дейін төмендетеді. Қозғалтқыш  = 1±0,005 мәндерінің жіңішке мәндерінде жұмыс істейдіДвигатель должен работать в узком диапазоне значе­ний (каталикалық бейтараптандырғыштың«терезесі»). Бұндай дәлдік бейтараптандырғыш алдында қойылған лям­бда-зондты жұмысшы қоспа бойынша кері байланысты жүйені қолданумен қол жеткізіледі. Дәл осындай екінші ауа датчигі бейтараптандырғыштан кейін қойылады, ол қоспа дайындаудың дәлдігін одан ары жоғарылатады.

1 – ауаның жаппай шығының датчигі; 2 – қозғалтқыш; 3а – бірінші оттегі датчигі (лямбда-зонд-1); 3b - екінші оттегі датчигі (лямбда-зонд-2); 4 – каталикалық бейтараптандырғыш; 5 – бүріккіштер; 6 – ECU; Us – кернеу датчигі; UV – бүріккіштерді іске қосу кернеуі; VE – бүркілетін отын мөлшері

Сурет 20 – Жұмыс істеп біткен газдарды лямбда-зондпен тазалау жүйесін басқару

> 1 болғанда кері байланысты жүйе (кедейленген қоспа) (сурет 20). Бұндай бақылаудың негізгі артықшылығы кедейленген қоспа жану нәтижесінде отын шығынын төмендету болып табылады (дроссельдеусіз сапалы реттеу). Жүйенің тиімділігі кедейленген қоспа жану уақытында NOX тастауларын төмендететін каталикалық бейтараптандырғыштарды қолданумен анықталады. Ұшқыннан тұтандырылатын қозғалтқыштар үшін қоспаның кедейлену шегі  = 1,7 болады. Бұл мәннің жоғарылауы құрылымдық шаралардың ешқайсысына қарамастан тұтанудың өтуін туындатады.