Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 15 – Өзіндік диагностика

Автомобильдерде электронды жүйенің атқаратын басым ролі, оларға техникалық қызмет көрсетуге бағытталған проблемаға жоғары көңіл аударуға мәжбүрлейді. Сонымен қатар автомобильдің негізгі функциялары электронды жүйеге тәуелділігі арта түскендіктен, бұл жүйелер сенімділік бойынша оларға қойылатын қатаң талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл проблемаларды шешу электронды жүйеге өзіндік диагностика функцияларын қосуға байланысты болады (сурет 21). Бұл функцияларды жүзеге асыру автомобильде үздіксіз бақылауда және ақауларды анықтау үшін,ол бойынша ақпаратты сақтау және диагностикалау мақсатында қолданылатын электронды жүйенің мүмкіншіліктеріне негізделген.

Сурет 21 – Электронды жүйелердің өзіндік диагностикасы

Мысалы, ЭББ (ECU) өзінің болуын өзіндік тексеруді келесі ретте жүзеге асырады: есте сақтаудың бағадарланатын чиптері алғашқы қалпына келе алатын және салыстыру мақсатында қолданылатын тестік комбинациялармен жабдықталған. Есте сақтау құрылымдары үшін сынақтың қорытынды берлігендерімен салыстыру, барлық берілгендер мен бағдарламалар бұл құрылымдарда, дұрыс сақталуына кепілдік беру үшін жүргізіледі.

Датчиктер олардан берілгендерді дәл алуға сыналады (белгіленген шектерде); сонымен қатар ажыратылған және тұйықталған тізбектер тексеріледі. Басқарудың соңғы элементтері олардың жұмыс барысында токтың шектік мәндерін пайдаланумен сыналуы мүмкін.

Борттан тыс сынау құрылымдары ISO 9141 стандартында регламенттелген интерфейстерді қолданады. Тізбекті қосылған көпқатарлы кіру- шығу (порт) ақпаратты 10 бод-тан 10 кбод- қа дейінгі шегінде беру жылдамдығын қамтамасыздандырады. Бұл жағдайда бір немесе екіөткізгішті портты қолдану орталық диагностикалық ажыратпаға бірнеше басқару блоктарын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.

Сынау блогында импульс беру аралығындағы кезеңді бақылау передатчикпен ақпаратты (бодта) беру жылдамдығын анықтау мақсатында жүргізіледі, ол одан кейін автоматты түрде қолдауға ие болады. Кодтардың байттары (автомобильдің DIN комитетімен орнатылатын) келесі берілгендерді беру үшін протоколды анықтайды.

Өзіндік диагностиканың құрамында келесілер болады:

- жүйені және ЭББ (ECU) идентификациялау;

- жұмыстың бұзылуы туралы статистикалық және жеке ақпараттарды тану, сақтау және оқу;

- қоршаған орта жағдайын және спецификасын ескеретін ағынды, іс жүзіндегі берілгендерді оқу;

- жүйе функциясын модельдеу;

- жүйе параметрлерін бағдарлау.

Сынау блогы үшін жеке бағдарламалар қосылатын модульдерде сақталады, сонымен қатар корректирлеу және берілгендерді беру, жүйеде берілгендердің интерфейсі көмегімен жүзеге асырылады.