Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 6 –Орталықтандырылған бір нүктелі отынды бүрку жүйесі

Бірнүктелі бүрку жүйесі (сурет 7) өзара орталық бүрку блогының құрылымы бойынша ажыратылады. Оларда бүріккіш дроссельдік қақпақ үстінде орналасады. Бөлістірілген (көп нүктелі) бүрку жүйесінен айырмашы-лығы, олар жиі төменгі қысымда (0,7...1 бар) жұмыс орындайды. Бұл отын сыйымдылығында орналастырылатын электржетекті қымбат болмайтын отын сорғысын қолдануға мүмкіндік жасайды. Бүріккіш үздіксіз отын ағынымен салқындатылып, ауа түйіршіктерінің пайда болуын болдырмайды. Бұндай салқындату қысымы төмен отын жүйелеріне қажет.

1 – отын сыйымдылығы; 2 – электр жетекті отын сорғысы; 3 – отын сүзгісі; 4 –отын қысымының өзгеруінің стабилизаторы; 5 – бүріккіш; 6 – ауа температурасының датчигі; 7 – электронды басқару блогы; 8 – дроссельдік қақпақ жетегі; 9 – дроссельдік қақпақ жағдайының датчигі; 10 – клапан; 11 – көмірлі сыйымдылық (адсорбер); 12 – оттектік датчик (лямбда-зонд); 13 – салқындату сұйығының температура датчигі; 14 – тұтандыру бөлістіргіші; 15 – аккумулятор; 16 – тұтандыру ажыратқышы; 17 – реле; 18 – диагностикалық аппаратураны жалғастыруға арналған ажыратпа; 19 – орталық бүрку блогы

Сурет 7 – Орталықтандырылған отын бүрку жүйесінің схемасы

Бұл электронды басқарылатын төменгі қысымды, бірнүктелі бүрку жүйесі төрт цилиндрлі қозғалтқыштікі, оның ерекшелігі ортада орналасқан, жұмысы электромагнитті клапанмен басқарылатын отын бүріккішінің болуында. Жүйеде кірерде ауаны дозалайтын дроссельдік қақпақ пайдаланылған.

Бүріккіш дроссельдік қақпақ үстінде орналасқан (сурет 8). Отын ағыны тұрық пен дроссельдік қақпақ аралығында орналасқан орақ тәрізді тесікке бағытталады, онда қысымның үлкен айырмашылығы нәтижесінде тиімді қоспа дайындау қамтамасыздандырылады және кіру трактысының қабырғаларына отынның отыруын болдырмайды.

1 – қысым реттегіші; 2 –температура датчигі; 3 – бүріккіш; 4 – жоғарғы бөлік (гидравликалық); 5 – отын беру; 6 – отынның кері қайтуы; 7 – жылуизолиялайтын пластина; 8 – дроссельдік қақпақ; 9 – төменгі бөлік

Сурет 8 – Бүркудің орталық блогы

Бүріккіш 1 бар артықтық қысымда жұмыс орындайды. Отыннның тозаңдануы толық жүктелу жағдайының өзінде де біртекті бөлістірілген қоспа алуға мүмкіндік жасайды. Бүріккіштер арқылы отын бүрку тұтандыру импульсімен синхронизацияланған.

Отынды цилиндрлерге бөлістіру кіргізу коллекторында жүзеге асырылады. Әртүрлі датчиктер қозғалтқыштың негізгі жұмысшы сипаттамаларын бақылайды; олар бүріккіштер және жүйенің басқа орындаушы құрылымдардарын басқару сигналдарын есептеуде пайдаланылады.

Лекции 7 – Отын бүркуді және тұтандыруды аралас басқару. Сипаттамалық карталар және кері байланыстар

Автомобильдерде тұтандыруды басқарудың микропроцессорлық жүйесі және ЕЗЖЭ мен қатар тұтандыруды және отын бүркуді кешенді басқару жүйесі қолданылады. Бұл жүйелер келесі ретте жұмыс орындайды. Қозғалтқышта орнатылған датчиктерден қозғалтқыштың жұмыс режимі туралы келесі ақпарат алынады: иінді біліктің айналыс, иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша орналасуы положение, шығару құбырындағы абсолютнті қысым давление, дроссельндік қақпақтың орналасу жағдайы, салқындату сұйығының температурасы, ауа температурасы. Бұл сигналдар басқару блогының интерфейсімен аналогты түрден цифрлік түрге ауыстырылады. Бұдан кейін бұл сигналдар цифрлік түрде процессорге келеді, бұл жерде олар тиісті өңдеуден кейін басқару блогының есте сақтау (память) бөлігіндегі орналастырылған берілгендермен салыстырылады. Процессор орындаушы құрылымдарға реттеуші сигналдар береді. Тұтандыру жүйесі үшін –транзисторлы коммутатор, отын бүрку жүйесі үшін– бүріккіштер (негізгі және іске қосу) және электробензинасорғы.

1 – отын сыйымдылығы; 2 – отын сорғысы; 3 – отын сүзгісі; 4 – отын қысымын реттегіш; 5 – тұтандыру катушкасы; 6 – ауа шығынын өлшегіш; 7 – бүріккіш; 8 – тұтандыру бөлістіргіші; 9 – дроссельдік қақпақ ажыратқышы (потенциометр); 10 – контроллер; 11 – зая жүрістің бұрылатын реттегіші; 12 – салқындату сұйығының температура датчигі; 13 – қозғалтқыштың иінді білігінің айналыс жиілігінің датчигі; 14 – активтендірілген көмірлі адсорбер; 15 – желдету клапаны; 16 – отын сорғысын іске қосу релесі

Сурет 9 – Қозғалтқышты басқарудың кешенді жүйесі

Қозғалтқыштың цилиндрлеріне берілетін ауа мөлшері жүргізуші басқаратын дроссельдік қақпақпен реттеледі (сурет 9. Жүйеде дроссельдік қақпақ жанында орналасқан зая жүрістегі ауа шығынының реттегіші 11 қарастырылған. Ол зая жүрісте және қозғалтқышты қыздыруда қосымша ауа беруді қамтамасыздандырады. Қозғалтқыш қызғанда, салқындату сұйығының температурасы 50–70°С- ден бастап реттегіш қосымша ауа беруді тоқтатады. Бұдан кейін дроссельдік қақпақтың жабық жағдайында ауа тек жоғарғы байпасты (айналып өтетін) канал арқылы беріледі. Канал қимасын реттегіш винт арқылы өзгертуге болады, бұл өз кезегінде зая жүріс режимінде айналыс жиілігін реттеу мүмкіндігін қамтамасыздандырады.

Қысымның өзгеру стабилизаторы 4 отынның артықтық қысымын кіргізу құбырындағы ауа қысымына салыстырмалы тұрақты ұстауды қолдайды.

Бұл жағдайда бүріккіштің 7 циклдық отын беруі оның клапанының ашық болатын уақытына байланысты болады. Яғни отын бүркуді электронды басқарудың негізгі принципі отынның қысымының тұрақты айырмашылығын қолдау жағдайында бүріккішті басқаратын электр импульсін кеңдікпен модуляциялау болады. Бүріккішпен отын бүркудің уақытын басқару импульстер ұзақтығы датчиктің 12 салқындату сұйығының температурасы бойынша берілген ақпараты негізінде реттеледі.

Дроссельдік қақпақтың толық ашылу және автомобильдің үдеу режимдерінде қоспа байытылуы тиіс, ол дроссельдік қақпақтың жағдай датчигінің 9 ақпараты бойынша электронды басқару блогымен қамтамасыздандырылады. Қақпақ ашылғанда датчиктің 9 түйісу жүйесі импульстер береді де, автомобильдің үдеу режимінде қоспаның байытылуы туындайды.

Дроссельдік қақпақтың жағдай датчигінде 9 түйіспелі жұп қарастырылған, оның түйісетін немесе түйіспейтін жағдайларына байланысты еркісіз зая жүріс режимінде отын беріледі немесе берілмейді. Отын беру дроссельдік қақпақтың жабық жағдайында қозғалтқыштың иінді білігінің 1000 мин-1 айналыс жиілігінде отын беру тоқтатылады да, айналыс жиілігі 900 мин-1 –ге дейін төмендегенде отын қайтадан беріледі. Бұл жағдайда отын беруді тоқтатудың шегі қозғалтқыштың температуралық жағдайына байланысты реттеледі.

Отын бүркуді және тұтандыруды өзара байланысты электроника құралдарымен басқару тұтандырудың озу бұрышын басқару бағдарламасын оптиалды жағдайға жақындатады

Жүйеге кіргізілген оттегі датчигі қоспаның стехиометрикалық құрамын қолдауды қамтамасыздандырады.