- •5.Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын бактериялар. Микробтық инсектицидтер. Микроб пен өсімдіктердің өзара әрекетесуінің биотехнологиясы.
- •2.Антигендер, олардың қолданылуы, антигендердің шығу тегі, белокты антигендер, антигендердің физика-химиялық қасиеттері. Антигенділік шарттары.
- •4.Жарамсыз өнімдер мен қалдықтардың мөлшері және шығу тегі. Микробтық деградация және конверсия. Залалдануды анықтау барысында бақылау ретінде қолданылатын м/Одер
- •5.Өсімдік жасушаларының тотипотенттілігі. In vitro жағдайында морфогенездің даму жолдары.
- •2. Жасушаларға антигендердің енуі, олардың ұлпаларда өзгеруі, сақталуы, және организмде таралуы. Жасуша ішілік протеолиздегі лизосомалардың атқаратын ролі.
- •3.Инсулин: негізгі қасиеттерінің сипаттамасы. Алу, тазалау, идентификациялау, инсулиннің дайын дәрілік формаларын өндіру. Фармацевтикалық инсулиннің дүниежүзілік саудаға енгізілуі.
- •5. Каллусты жасушаларды алу, өсіру және сипаттамасы.
- •2.Пробиотиктер. Пробиотиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, алу технологиясы. Пребиотиктер. Синбиотиктер.
- •3.Антибиотиктерді өндіру технологиясы. Антибиотиктерді өнеркәсіптік жағдай алудың мысалы ретінде пенициллинді өндіру технологиясының схемасы.
- •5.Клоналды микрокөбею туралы түсінік. Микроклоналды көбеюдің сатылары және клоналды микрокөбею үрдістеріне әсер ететін факторлар.
- •3.Биогазды өндіру. Үрдістің биохимиялық және микробиологиялық сипаты.
- •4.Селекциялау мақсатына арналған симбиотикалық өзара әрекеттесу жолындағы генетикалық жүйенің интеграциясы. Рекомбинаттық микроорганизмдердің қатысуымен өтетін ақуыздардың өнеркәсіптік синтезі.
- •5.Микроклоналды жолмен көбейтудің әдістері. Микроклоналды жолмен көбейтудің артықшылықтары. Микроклоналды көбейту
- •8 Билет
- •1.Иммунологиялық салдану, агаммаглобулинемия байқалуының механизмі. Антиденелердің аффинділігі мен антигенділігі. Гуморальдық иммундық жауапты генетикалық бақылау.
- •2.Цитокиндер, олардың түрлері және организмде қалыптасу принциптері. Интерферонды алу және жалпы сипаттамасы. Жоғарғы эукариотты ашытқылардың рекомбинатты цитокиндердің өнімі.
- •3.Спирттік ашу. Спирттік ашудың қоздырушысы. Этил спиртін алудың технологиялық схемасы, ферментациялау шарттары және шикі зат көздері.
- •5.Сомаклоналды өзгергіштік, сомоклоналды варианттар. Сомоклоналды варианттарды селекциялық үрдісте қолдану.
- •9 Билет
- •3.Ацетонды-бутилды ашу. Ацетонды-бутилды ашудың екі фазалығы. Ацетонды және бутилдыспиртті алудың кезендік және батареялық тәсілдері. Ферментациялау шарттары, продуценттер.
- •4.Ағынды суларды тазалаудың анаэробтық әдістері. Қалдықтарды метандық ашыту. Қатты қалдықтарды жою..
- •3.Фермент продуценттері – микроорганизмдерді өсіру технологиясы. Ферменттік препараттарды тазалау және дайындау технологиясы.
- •4.Өсімдіктерді қорғаудың биотехнологиялық әдістері. Микробтық жерді тыңайтқыш препарттар және олардың тиімділігі. Бактериялық, вирустық және саңырауқұлақтық энтомопатогендік препараттар.
- •2. Энтомопатогенді препараттарды алу технологиясы. Нитрагин және ризотрофин бактериялық тыңайтқыштарын алу.
- •5.In vitro жағдайында гаплоидтерді алу технологиясы. Андрогенез, партеногенез. Өсімдік селекциясындағы гаплоидтердің маңызы.
- •Псевдогамия барысында гаплоидтердің пайда болуы
- •In vitro жағдайында қоздырылған андрогенез
- •15 Билет
- •17 Билет
- •5. Баска организмге тасымалданатын кажетті генді бөліп алу.
- •15 Билет.
- •4 Сұрақ. Өсімдіктер өсуін ширататын микроорганизмдер
- •20 Билет. 1 сұрақ. Биотехнологиялық өндірістің негізі ретіндегі микроорганизмдер- бактериялар мен актиномицеттерді, мицеллалы саңырауқұлақтар мен ашытқыларды, микробалдырларды.
- •22 Билет
- •1 In vitro - тірі аєзалардыѕ жасушаларын, ўлпаларын «шыныда», залалсыз жаєдайда жасанды ќоректік ортада ґсіру јдісі.
- •20Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет.
- •29 Билет.
- •30Билет
4 Сұрақ. Өсімдіктер өсуін ширататын микроорганизмдер
Микроорганизмдер өсімдіктердің дамуы мен өсуін, дәнді бұршақты дақылдардың өнімділігінің жоғарлауын мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
- кейін өсімдіктермен қолданатын атмосфералық азотты бекіту;
- фосфор мен темірдің жеңіл сіңірілетін түрлерін түзу және топырақтан сіңіру, осы пайдалы минералды заттарды өсімдікке жеткізу;
- өсімдік клеткаларының дамуы мен өсуін ширататын фитогормондарды синтездеу;
- фитопатогендерді өнімдерін антибиотик қосылыстарымен немесе субстратқа бәсекелестік нәтижесінде тежейді.
Микробтық биопестицидтер
Өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттар немесе пестицидтер бөлінеді:
- гербицидтер, арам шөптерді жояды;
- фунгицидтер, фитопатогендердің тірішілік әрекетін тежейді;
- инсектицидтер, зиян келтіретін жәндіктерді өлтіреді. Пестицидтер тобына 20-ға жуық әртүрлі қосылыс топтары,
сонымен қатар карбаминді қышқыл, туындылары триазин, урацил және басқада фосфорорганикалық және хлорорганикалық қосы-лыстар кіреді. Пестицидтердің бүкіл әлемдік өндірісінің жылдық айналымы 20 млрд долларға жуығын, оның ішінде 1% биопести-цидтерді қүрайды.
Пестицидтердің ішінде шыбын-шіркейлердің бүлшықетін, жүйке жүйесін салға үшырататын (паралич) хлор- және фосфорорганикалық қосылыстар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, бүл химиялық қосылыстар тек зиянкестерді ғана емес, пайдалы жәндіктерді де жояды, олар қоршаған ортада жиналады, адам организмінде жиналуға қабілетті және адам үшін уытты әсер етеді.
Биопестицидтер ауылшаруашылық өсімдіктерге патогенді саңырауқүлақтар мен бактериялардың өсуі мен дамуын тежеуге, уыттармен үшатын қосылыстар (аммиак, НСN) өндіру жолымен зиянды жәндіктерді жоюға, қоректік субстратқа бәсекелесуге қабілетті.
Биоинсектицидтер
1 млн көп әртүрлі шыбын-шіркейлер түрлері, олардың ішінде ауылшаруашылық өсімдіктерге зиянды және адам мен жануарлар ауруларының тасымалдаушылары бар.
Биоинсектицидтер ретінде зиянды шыбын-шіркейлерді жою үшін бактериялар, вирустар, саңырауқүлақтар мен типті қарапайымдылар негізінде өңделген препараттар қолданылады.
100-ге жуық бактерия түрлері, олардың ішінде Pseudomonas, bacillus, micrococcus, lactobacillus, enterobacter, erwinria, serratia,және т.б. инсектицидтік белсенділікке ие.
Шегіртке мен қоңыздар үшін - Pseudomona, көбелектер үшін - serratia және enterobacter, піте үшін - lactobacillus, масалар үшін - bacillus және т.б. уытты болып табылады.
5 сұрақ. Прогамдык сәйкессіздік, яғни ұрықтанудын басталмауы. Бұл жағдайда будандастыруға алынған аналық пен аталық парлар арасында ұрықтану процесі жүрмейді. Оның бірнеше себептері болады: 1) тозаңның тіршілік мерзімінің қысқалығы; 2) аталық және аналық гаметалардын дамып жетілетін уақыттарының сәйкес келмеуі; 3) аналық мойны мен тозан түтігінін ұзындықтарынын бірдей еместігі; 4)тозаннын өнуге қабілеті болмауынан немесе тозаң түтігінің өсуінін токтап қалуынан оның ішіндегі спермийлер ұрық қалтасына жете алмайды; 5) аталық гаметанын жұмыртқа клеткасымен косылмауы
Постгамдык сәйкессіздік - ұрықтану процесі өткеннен кейінгі пайда болған будан ұрық пен оны қоршап тұрған ұлпалардын генетикалык сәйкессіздігі.
Осыңдай сәйкессіздіктін бірнеше себебі бар: 1) екі спермийдің бірі мен бірі жабысып, олардын ажырамауы; 2) спермийдін жұмыртқа клеткасымен қосылмауы; 3) спермийдін орталык клеткаға қосылмауы, өйткені өзінде де эндоспермнін өте баяу дамуы; 4) эндосперм мен ұрықтың жұғымсыздығы (эндосперм үрыктын дамуын тежейтін заттар бөліп шығаруы ыктимал); 5) әлі зерттеліп аныкталмаған беймәлім күбылыстар.
Прогамдық сәйкессіздікті жою
In vitro арқылы ұрықтандыру. Алшақ будандастыру барысында ұрықтандыруға дейін кездесетін физиологиялық прогамдық сәйкессіздік мынадай себептерге байланысты
1. Аналық өсімдігіндегі аналықтың және аталық өсімдігіндегі тозаңның түзінділері бірөбіріне сәйкес келмегендіктен тозаң түтігі аналық аузында өсе алмайды;
2. Аналық мойнының және тозаң түтігінің ұзындығы бірдей болмағандықтан
3. Аналық пен аталық өсімдіктеріндегі ұлпалардың сәйкессіздігінен аналық аузынан тұқымбүршіктегі тозаң тесігіне дейін тозаң түтігінің өсуі тежеледі.
Постгамдық сәйкессіздікті жеңу Ұрық өсіндісіТаксономиялық тұрғыдан алшақ өсімдіктердің сәйкессіздігі будан алу жолының басқа да кезеңдерінде байқалады, ол физиологиялық немесе генетикалық табиғатына байланысты болуы мүмкін. Өсімдіктердің сәйкессіздігі бұл жағдайда ұрықтанған соң байқалады, сондықтан оны постгамдық сәйкессіздік деп атайды. Будан ұрығының дамуы мен өсуінің тоқталуы көбінесе физиологиялық себептерге байланысты: ұрық пен эндоспермнің дамуы бірөбіріне сәйкес келмегендіктен, аналық өсімдік ұлпасының метаболиттері ұрықтың қоректенуіне жарамсыз /уытты/ болғандықтан мұндай жағдайды жекеленген тұқымбүршіктер мен ұрықтарды жасанды қоректік ортада өсіру арқылы өзгертуге болады.
Жекеленген ұрықтарды өсіру тәсілі жеміс дақылдарының будандарын, пияз бен, қызанақтың түраралық будандарын алуда, арпаны бидаймен және қара бидаймен будандастыруда кеңінен қолданылып жұр. Кейбір жағдайда осы тәсіл негізінде каллус буданын, регенерантөөсімдігін алу сияқты аралық кезеңді енгізу арқылы әдіс өзгертіліп, жүргізіледі. Әлемде бірінші рет осы тәсілді өз жұмысында Терновский 1972 жылы қолданып, түраралық темекі будандарын алған. Осылай будандастыру арқылы алынған тұқымдарды өсірген кезде негізгі тамырдың өсуінің тоқталуына байланысты өскіндері өліп қалады. Будан өскіндерінің гипокотилі мен тұқым жарнақтарынан каллус ұлпасын алып, оны әрі қарай дамыта отырып, жүздеген амфигаплоидтық түрлер шығарады. Оларды колхицинмен өңдеп, ұрықтылығын қалпына келтіреді және амфидиплоидтерден екінші ұрпақ алып, оны темекінің мәдени сорттарымен будандастырады.
Қазіргі кезде будандық каллус ұлпасы амфигаплоидтық ұрық клондарын алуға ғана емес, сонымен бірге көп нұсқалы түрлерін алу үшін пайдаланылады. Арпа мен бидайдың бір будандық ұрығынан 100–ден астам регенеранттар алынды. Олардың жартысында морфология жағынан, масақтың түсі, қылқандардың ұзындығы және т.б. белгілер бойынша өзгерістер байқалған, сондықтан олар сомаклоналды варианттар деп саналады.
Селекционерлер үшін жекеленген ұрық өсірудің маңызы мынада:
Тұтас ағзадан будан ұрығын алған кезде ол аналық өсімдікпен сыйыспаушылыққа ұшырап, тіршілікке қабілеттілігін жоғалтады. Ұрық өсіндісі арқылы будан өсімдігін in vitro жағдайында тез өсіруге болады;
Кейбір өсімдіктерге тән тыныштық күйден ұрықты шығарып, будан өсімдігін өсіру;
Тұқым өміршеңдігін анықтайтын тестілерді әзірлеу;
Жетіліп келе жатқан ұрыққа қандай қоректік және физиологиялық белсенді заттар керек екендігін анықтау.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, ұрық неғұрлым ерте даму кезінде оқшауланған болса, соғұрлым оған эндосперм және жатын ұлпасынан келетін заттарды алмастыратын қоректік ортаны таңдап алу қиындайды. Жетілген немесе жетіліп қалған ұрықтар сахароза қосылған минералдық қоректік ортада өсіп, дамиды. Жетілмеген ұрықтарға арналған қосымша қоректік ортаға амин қышқылдарды, дәрумендерді, фитогормондарды әр түрлі ара салмақта өсіпөдамуына байланысты қосып отыру керек.
