- •5.Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын бактериялар. Микробтық инсектицидтер. Микроб пен өсімдіктердің өзара әрекетесуінің биотехнологиясы.
- •2.Антигендер, олардың қолданылуы, антигендердің шығу тегі, белокты антигендер, антигендердің физика-химиялық қасиеттері. Антигенділік шарттары.
- •4.Жарамсыз өнімдер мен қалдықтардың мөлшері және шығу тегі. Микробтық деградация және конверсия. Залалдануды анықтау барысында бақылау ретінде қолданылатын м/Одер
- •5.Өсімдік жасушаларының тотипотенттілігі. In vitro жағдайында морфогенездің даму жолдары.
- •2. Жасушаларға антигендердің енуі, олардың ұлпаларда өзгеруі, сақталуы, және организмде таралуы. Жасуша ішілік протеолиздегі лизосомалардың атқаратын ролі.
- •3.Инсулин: негізгі қасиеттерінің сипаттамасы. Алу, тазалау, идентификациялау, инсулиннің дайын дәрілік формаларын өндіру. Фармацевтикалық инсулиннің дүниежүзілік саудаға енгізілуі.
- •5. Каллусты жасушаларды алу, өсіру және сипаттамасы.
- •2.Пробиотиктер. Пробиотиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, алу технологиясы. Пребиотиктер. Синбиотиктер.
- •3.Антибиотиктерді өндіру технологиясы. Антибиотиктерді өнеркәсіптік жағдай алудың мысалы ретінде пенициллинді өндіру технологиясының схемасы.
- •5.Клоналды микрокөбею туралы түсінік. Микроклоналды көбеюдің сатылары және клоналды микрокөбею үрдістеріне әсер ететін факторлар.
- •3.Биогазды өндіру. Үрдістің биохимиялық және микробиологиялық сипаты.
- •4.Селекциялау мақсатына арналған симбиотикалық өзара әрекеттесу жолындағы генетикалық жүйенің интеграциясы. Рекомбинаттық микроорганизмдердің қатысуымен өтетін ақуыздардың өнеркәсіптік синтезі.
- •5.Микроклоналды жолмен көбейтудің әдістері. Микроклоналды жолмен көбейтудің артықшылықтары. Микроклоналды көбейту
- •8 Билет
- •1.Иммунологиялық салдану, агаммаглобулинемия байқалуының механизмі. Антиденелердің аффинділігі мен антигенділігі. Гуморальдық иммундық жауапты генетикалық бақылау.
- •2.Цитокиндер, олардың түрлері және организмде қалыптасу принциптері. Интерферонды алу және жалпы сипаттамасы. Жоғарғы эукариотты ашытқылардың рекомбинатты цитокиндердің өнімі.
- •3.Спирттік ашу. Спирттік ашудың қоздырушысы. Этил спиртін алудың технологиялық схемасы, ферментациялау шарттары және шикі зат көздері.
- •5.Сомаклоналды өзгергіштік, сомоклоналды варианттар. Сомоклоналды варианттарды селекциялық үрдісте қолдану.
- •9 Билет
- •3.Ацетонды-бутилды ашу. Ацетонды-бутилды ашудың екі фазалығы. Ацетонды және бутилдыспиртті алудың кезендік және батареялық тәсілдері. Ферментациялау шарттары, продуценттер.
- •4.Ағынды суларды тазалаудың анаэробтық әдістері. Қалдықтарды метандық ашыту. Қатты қалдықтарды жою..
- •3.Фермент продуценттері – микроорганизмдерді өсіру технологиясы. Ферменттік препараттарды тазалау және дайындау технологиясы.
- •4.Өсімдіктерді қорғаудың биотехнологиялық әдістері. Микробтық жерді тыңайтқыш препарттар және олардың тиімділігі. Бактериялық, вирустық және саңырауқұлақтық энтомопатогендік препараттар.
- •2. Энтомопатогенді препараттарды алу технологиясы. Нитрагин және ризотрофин бактериялық тыңайтқыштарын алу.
- •5.In vitro жағдайында гаплоидтерді алу технологиясы. Андрогенез, партеногенез. Өсімдік селекциясындағы гаплоидтердің маңызы.
- •Псевдогамия барысында гаплоидтердің пайда болуы
- •In vitro жағдайында қоздырылған андрогенез
- •15 Билет
- •17 Билет
- •5. Баска организмге тасымалданатын кажетті генді бөліп алу.
- •15 Билет.
- •4 Сұрақ. Өсімдіктер өсуін ширататын микроорганизмдер
- •20 Билет. 1 сұрақ. Биотехнологиялық өндірістің негізі ретіндегі микроорганизмдер- бактериялар мен актиномицеттерді, мицеллалы саңырауқұлақтар мен ашытқыларды, микробалдырларды.
- •22 Билет
- •1 In vitro - тірі аєзалардыѕ жасушаларын, ўлпаларын «шыныда», залалсыз жаєдайда жасанды ќоректік ортада ґсіру јдісі.
- •20Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет.
- •29 Билет.
- •30Билет
22 Билет
In vitro - тірі ағзалардың жасушаларын, ўлпаларын «шыныда», залалсыз жағдайда жасанды ќоректік ортада өсіру әдісі.
2.Микробтық синтез өнімдерін тағамдық мақсаттарда қолдану.
Биообъектілерден, шикізат (субстрат), технологиялық жағдай және құрал– жабдықтардан құралған биотехнологиялық жүйе өндірісте нақты өнім алу үшін тағайындалады. Ашыту, биосинтез және биотрансфорамция процестері нәтижесінде өнім алынады. Биологиялық объектілер арасында ең алдымен микроорганизмдер туралы айту керек, себебі көптеген жұмыс істеп жатқан үлкен маштабты биотехнологиялық өндірістер олардың биопродукциялық активтілігіне негізделген.
Биотехнологиялық жүйеде орталық орынды микроорганизмдер алады, ал технологиялық үрдістің аппараттық жабдықталуы, субстратты таңдауы микробтың биологиялық қасиеттер ерекшеліктеріне, олардың ферментациялауына байланысты. Микробтық клетка эволюцияда биологиялық жүйе ретінде өсіп көбеюге, түрді, популяцияны сақтауға бейімделген. Мицелиалы саңырауқұлақтар және ашытқылар, бактериялармен актиномицеттер қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларымен тұрақты өзара қарым-қатынаста болып келеді, табиғи сұрыпталу әсерінен басқа түрлермен рационалды бейімделуге, симбиозға және бәсекеге түседі, тек қандай да болмасын метоболиттің жоғары өнімдеріне сәйкестенбейді. Сонымен қатар, микроорганизмдер биотехнологиясында ерекше міндеттер басым – адамның тіршілігіне қажетті биологиялық активті қосылыстарды, нақты метоболитті синтездеуге микробтық клетканың табиғи қабілеттілігін жоғарлату, қайта – қайта күшейту болып келеді, тағы ла прокариоттың метоболизм жүйесін қолдана отырып гендік – инженерлік технология жолымен аса құнды эукариоттық ақуыздар алу. Биообъект ретінде микроорганизмдерді айрықша қолдануы келесі критерилерге сүйенеді: микроорганизмдердің жылдам өсіп-көбеюі, биосинтездің көптеген жолдары болуы, жоғары ферметтік белсенділікке ие болғандықтан түрлі органикалық заттарды, ксенобиотиктерді ыдырату қабілеті және керісінше, аэробты және анаэробты жағдайда бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар түзу, микроорганизмдердің барлық жерде кездесуі, экстремалды жағдайларға олардың жылдам бейімделуі (жоғары температура, төменгі рН, осмостық градиентке және т.б.), гендік – инженерлік мутациялар үшін жоғары организмдермен салыстырғанда микробтық клетканың ауқымды технологиялық қол жетерлігі. Қазіргі кезде пробиотиктер мен биологиялық белсенді заттарды түзетін микоорганизмдерді қолдана отырып, қышқыл сүт тағамдарын алудың жаңа түрлерін өндіру биотехнологияның негізгі бағыттарына айналды.Сүт өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі – азық ассортименттерін жетілдіру, ұлттық сүт тағамдарының сапасын арттыру балансалы қоректену талаптарын орындап, халық қолданылатын сүт тағамдарын өндіретін жаңа микроорганизмдер штамдарын өніру және оларды қолданысқа енгізу биотехнологияның басты табтарының бірі болып табылады. Тағамдық өнімдердің технологиясында микроорганизмдер маңызды роль атқарады. Ертедегі биотехнологиялық үрдістің бірі – ол микроорганизмдердің көмегімен ашыту. Ашыту адам өміріне қажетті үрдістерде кеңінен қолданылады және қандайда бір микроорганизмдерді қолдану арқылы іске асырылады. Көбінесе наубайханаларда, шарап, сыра өндірулерде, көкөністерді тұздағанда, сүрлем дайындағанда және сүт өнімдерін сүт қышқылды өнімдерге айналдыру үрдістерінде қолданылады. Ашытудың әр түрін ерекше топтағы микроорганизмдер тудырады.Ашу - ағылшын сөзі «yeast» бұл ескі анғылшын сөзіне «gist», «gyst» «көпіру, қайнау, газ бөлу» деген сөздерінен шыққан. Ашытқылар бұлар ең алғашқы «үй организмдері» болып саналады. Адамдар мың жылдар бой бұларды ферментация мен нан пісіруде қолданған. Археологтар бұрынғы мысыр қалаларынан наубайханалармен нан пісіретін адамдардың бейнелерін тапқан. Археологардың айтуы бойынша мысырлықтар б.з.д 6000 жыл бұрын сыра қайната білген, ал б.з.д 1200 жылы ашыған нан пісіру технологиясын игерген деп есептеледі. Жаңа субстртты ашытуды бастау үшін бұрынғы қалған ашытқыларды қолданған. Осының нәтижесінде әр түрлі шаруашылықта жылдап ашытқы селекциясы жүрді және табиғатта жоқ жаңа физиологиялық рассалар пайда болды. Бұларды ең басында жеке түр деп санаған. Бұлар өсімдік сорттары сияқты, адамның өмір сүру барысында пайда болған өнімдер.
1680 жылы голланд натуралисті Антони ван Левигук ең бірінші болып микроскоп көмегімен ашытқыларды көрді, бірақ оларды ажырата алмады. Тек 1851 жылы француз микробиологы Луи Пастер өзінің «Mémoire sur la fermentation alcoholique» жұмысында сптрттік ашу – бұл химиялық реакция емес (бұрын солай деп ойлаған), бұл ашытқы микроорганизмдердің көмегімен жүретін биологиялық процесс екенін дәлелдеп берді. (1-сурет)
1881 жылы Эмиль Христиан Хансен «Carlsberg» атты дат компаниясының лабораториясының жұмысшысы ашытқының таза культурасын бөліп алды, ал 1883 жылы бірінші рет оны сыра дайындауда қолданған болатын. ΧIΧ ғасырдың соңында Э.Х. Хансен қатысуымен ең бірінші ашытқылар классификациясын жасады. ΧΧ ғасырдың басында ашытқылар коллекциялары мен оны анықтайтын қондырғылар пайда бола бастады. Ал ΧΧ ғасырдың екінші жартысында ашытқылар туралы ғылым (зимоллогия) ашытқының практикалық жағына ғана емес оның экологиясына, цитологиясына және генетикасына көңіл бөле бастады.
ΧΧ ғасырдың отасына дейін ғалымдар тек аскомицетті ашытқылардың жыныстық циклын (шеңберін) бақылаған және бұл барлық сөмкелі саңырауқұлақтардың таксономиялық тобына тән деп есептеген болатын. Жапон ғалымы Исао Банно 1969 жылы Rhodotorula glutinis- тің жыныстық көбею цилын (шеңберін) идуцирлеген болатын, ал бұл базидомицеттерге жатады. Қазіргі кездегі молекулалық-биологияның зерттулері бойынша, ашытқылар аскомицеттер мен базидомицеттер саңырауқұлақтары, бұлар екеуі бір таксонға жатпайды бұлар тек бір өмірлік түрге жатады.
24.04.1996 жылы Saccharomyces cerevisiae-дің ең бірінші эукариотты организмнің геномын (12 млн жүп негіздер) түгелдей секвенирленгені туралы ғалымдар хабарлады. Секвенирлеу 7 жыл уақыт алды және бұған 100 жуық лабораториялар қатысқан болатын. 2002 жылы келесі геномы секвенирленген (13,8 млн жүп негіздерден түратын) ашытқы микроорганизмы және алтыншы эукариотты организм болып Schizosaccharomyces pombe болды.
Сүт қышқылды ашыту адамзатқа ертеден белгілі, алайда оның қандай себептерден, үрдістерден туындайтындығын тек 1857 ж Л.Пастер анықтап дәлелдеген. Қазіргі кезде сүт қышқылды бактериялардың көптеген түрлері белгілі болды. Соның ішінде ен негізгісі кокктар мен ішек таяқшалары.
Сүт қышқылды ашыту микрооганизмдері
Streptococcus lactis. Сүт қышқыл стрептококкасы, барлық сүт тағамдарынан табылған және ол сүттің ұюында басты рөл атқарады. Айран микрофлорасының негізгі құрамдас бөлігі. Бұлар қысқа шынжырша ретінде кейде екі коккалар байланысынан тұрып диплококкалар тәрізді тіршілік етеді. Қолайлы температурададаярланған тағамда (азықта) көбінесе стрептококкалар басым болады. Ал азықтар біраз уақыт сақталса онда таяқшалар көбейеді. Стрептококкалар грам әдісімен боялады, спора жәнекапсула түзбейді, факультативті анаэроб. Сүтте жәнесүт қосылған қорктік ортада жақсы өседі. Ашыту барысында ортада 1%-ке дейін қышқыл түзеді. Бұл микроорганизмнің низин антибиотигін түзетін қасиеті бар. Бұл зат бірқатар микроорганизмдерден, соның ішінде туберкулез ауруын қоздырғыштардың тіршілігін тежей алады.
Lactobacterium bulgaricusm .Бұны алғаш рет болгар айранынан И.И. Мечников бөліп алып зерттеген. Қозғалмайтын таяқша, өсуге қолайлы температура +40-48°С. Ортада 3,0-3,5 %-ке дейін қышқыл түзе алады. Көбінесе ол айран дярлауда қолданылады.
Lactobacterium acidophilum.Бұларды емшектегі балалардың ішегінен бөліп алған. Ол +40°С температурада өсіп - өнеді. Сүтте өскенде 2,2 пайыздай сүт қышқылын тзеді. Көбінесе ацидофилин және ацедофиль айранын даярланғанда қолданылады. Бұлардың шіріту бактерияларын қыра алатын қабілетін зерттеп білген И.И Мечников оларды түрлі ішек – қарын ауруларын емдеуге қолдануды ұсынады.
Lactobacterium delbruckii. Жеке-жеке немесе тізбектеле орналасқан таяқшалар. Спора түзбейді. Тіршілігіне ең қолайлы температура +45°С. Ортада 2,5 % қышқыл түзеді. Ал ортаға ептеп бор салып отырса қышқыл мөлшерін 10 %-ке дейін жеткізуге болады. Бор пайда болған қышқылды бейтраптап, ортадағы қантты бактериялардың толық ашытып шығуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл бактериялар басқаларына қарағанда қышқылды көбірек түзетіндіктен сүт қышқылын алу өндірістерінде қолданылып отыр.
Streptococcus cremoris. Кілегей стрептококкасы, торшалары шынжырша орналасқан, сүтте тіршілік етеді, оны ұйытқанда сыртқы түрі қоймалжың қаймаққа тым ұқсас болып келеді. Қаймақ, май, түрлі сырларды (ірімшік) даярлауда ашытқы ретінде қолданылады.
Сыра ашытқысы
Saccharomyces cerevisiae. Сыра ашытқысы немесе жай тағам ашытқысы (лат. Saccharomyces cerevisiae) – бұл бір жасушалы микроскопиялық (диаметрі 5 – 10 микрон) саңырауқұлақ және сахаромицеттер түріне жатады. Бұларды ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылады және олары көбірек қолданылатын жері, тағам өнеркәсібінде алкогольді сусындар (сыра, шарап және т.б.) мен нан пісіру өндірісінде ашытқы ретінде қарқынды қолданады.
Saccharomyces cerevisiae жасушалары вегатативті жолмен бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді. Ең алғашқыда аналық жасушада төмпешік пайда болады, одан кейін ядро бөлінеді де кейін жасуша қабығы пайда болып жасушалар бір – бірінен ажыратылады. Аналық жасушада бүршіктенуден кейін сызықтар қалады, осы сызықтар арқылы оның жасын анықтауға болады. Қалыпты жағдайда аналық жасуша 20 – 30 бүршік түзе алады. Ашытқы экстрактысын өсіру үшін ең оптималды температура болып 30°С саналады және қоректік ортада пептон мен глюкоза болуы қажет. Осы кезде ашытқы жақсы өсіп - өнеді.
Сыра ашытқылары – бұлар ең жақсы зерттелген организмдердің бірі, осыларды мысал ретінде ала отырып эукариоттық жасушаларды зерттейді. Бұлар тез өсіп - өнеді жәнеадам организмне патогені емес. Ішек таяқшасымен (Escherichia coli) салыстырғанда ашытқы жасушасындағы ДНҚ саны бірнеше рет көп болады және ол күрделірек құрастырылған. Ашытқы жасушаларының өмір сүру қабілеті жоғары тіпті де олардың өзінің генотипінде генетикалық маркер болсада жоғары болады.
Микробтық ақуызды өндіру.
Бәрімізге белгілі, ересек адамға күнделікті дене еңбегінің жүктемесі үшін тағаммен бірге 12,5 кДж (3000 калория) алуы қажет. Энергиядағы бұл қажеттілікті 75 г қант алмастыра алады. Бірақ тамақ бізді тек қана калориямен қамтамасыздандырмайды, сол себепті организмге өсуге және қартайған (солған) жасушалар мен ұлпалардың регенерациясы үшін материалдар қажет, сондықтан тағамның құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер көп мөлшерде болғаны жөн. Адамдар көбінесе жер, мал, балық шаруашылықтарының өнімдерін пайдаланады.
Микроорганизм клеткалары барлық қажетті амин қышқылдарын, оның ішінде алмастырылмайтындарын органикалық және бейорганикалық қосылыстарын синтездеуге қаблетті. Алмастырылмайтын амин қышқылдарының микробты ақуыздағы сандық құрамы жануар және өсімдік текті клеткаларына жақын. Микроорганизм клеткаларында, өсімдік және жануарлардағы сияқты, ақуыздан басқа тағамдық құндылығы бар компоненттер, оның ішінде нуклеин қышқылдары, көмірсулар, амин қышқылдары, органикалық қышқылдар, фосфолипидтер, витаминдер, микроэлементтер және т.б. болады.
Тамақ қосындысы ретінде микроб ақуыздарын қолданудың басты негіздері:
микроорганизм ақуыздары аминқышқылдық құрамы бойынша адам ақуыздарымен сәйкес келеді;
құрамында көмір су, липид және витаминдер көп болуы;
қоректік өсімдіктермен салыстырғанда құрамында амин қышқылдарының көп болуы;
микроорганизмдердің жоғарғы қарқынмен өсуі мен көбеюі, ақуыз синтезінің жоғары қарқындылығы;
микроорганизмдер биомассасын өсіру үшін субстрат – бұл ет, сүт, кондитерлік және өндірістің басқа салаларының қалдықтары, оларға оңай қол тиеді және арзан;
микроорганизмдерді дақылдандыру технологиясы қарапайым, көп сатылы емес, қолайлы жағдайда (30-450 С, рН 3-6), жыл бойына ыңғайлы жағдайда жүреді;
селекция, мутагенез, рекомбинатты ДНҚ технологиясы жолымен жоғары деңгейлі өнімді штамдар дайындалады.
Тамақ және қоректік ақуыз ретінде ашытқылар (Saccharomyces, Candida), бактериялар (Methylophilus, Pseudomonas, Methylomonas, Acinetobacter), бір клеткалы балдырлар(Spirulina, Chlorella, Scenedesmus) және саңырауқұлақтар (Fusarium) қолданылады.
Ашытқы клеткалар. Saccharomyces cerevisiae, Sacch. carlsbergensis клеткалар құрамында 50 % жуық ақуыз, алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары, түрлі витаминдер бар; лизин, треонин, валин және лейцин өсімдіктерден асады, бірақ метионин, цистеин аз мөлшерде. Ашытқы биомассасы тиімді субстратта өндіріледі, ал ферментациялау ақуыз өнімін алуда экономды және ұтымды. Saccharomyces cerevisiae ашытқы биомассасынан алынған азықтар алмаспайтын аминқышқылдарының жалпы мөлшері және қатынасы бойынша жоғары қоректік тағамдық өнімдерге көрсетілген талаптарға сай келеді; алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдарының оңтайлы қатынасына ие. Ашытқы клеткалар азот көзі ретінде аммоний тұздарын және аздап жиі нитраттарды қабылдай алады. Биомассаны тез өсіру үшін көміртек көзі ретінде түрлі органикалық субстраттарды пайдалану, бейорганикалық азотты ақуызға айналдыру өнеркәсіптік өндірістің негізі болып табылады.
Ашытқыларды құрамында целлюлозалы шикізаты бар қалдықтардың гидролизаттарында өсіреді. Гидролиз барысында шикізат көзі ретінде ағаш өңдейтін өндірістің қалдықтары, сабан, арпа, мақта қауыздары, жүгері собықтары, қызылша мелассасы, кондитерлік және сүт өнеркәсібінің қалдықтары қолданылады. Гидролиз нәтижесінде микроорганизмдер үшін оңай қорытылатын көмірсу түрлері пайда болады. Ұнтақталған өсімдік шикізаты жоғары атмосфералық қысымда және температурада қышқылды гидролизге ұшырайды. Целлюлоза олиго- және моносахаридтерге дейін гидролизденеді. Гидролизаттан лигнинді бөліп тастайды, минералды тұздар, витаминдер және басқа ашытқы дақылдауына қажетті заттар қосылады.
3. Фермент 1946 жылы американдық химиктер Самнер мен Нортон таза күйіндегі (кристалл) уреаза – ферментін алғаш рет бөліп алғандары үшін Нобель сыйлығын алды. 1963 жылы жануартекті фермент – лизоцимнің біріншілік құрылымы анықталды. Сондай-ақ, ферменттер биологиялық катализатор ретінде ақуыздар екені дәлелденді. Ферменттер молекулярлық массасы 10 мыңнан миллион дальтонға дейінгі ақуыздар болып табылады. Ферменттің атауы - ол әсер ететін затқа байланысты қойылады және –аза- жалғанады. Мысалы, целлюлаза - целлюлоза гидролизін катализдейді, уреаза – мочевина гидролизі және т.б.
Ферменттердің классификациясы олармен катализденетін реакциялардың табиғатына байланысты құралады және 6 кластан тұрады:
Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер;
Трансферазалар – химиялық топтардың тасымалдану реакциясын катализдейтін ферменттер;
Гидролазалар – гидролиз реакциясын катализдейтін ферменттер;
Лиазалар – химиялық топтардың қосылуын немесе айырылуын катализдейтін ферменттер;
Изомеразалар – изомеризация реакцияларын (радикалдардың, атомдардың молекула ішілік орналасуын және т.б) катализдейтін ферменттер;
Лигазалар (синтетазалар) – қарапайымдылардан күрделі оргникалық қосылыстарының синтезін катализдейтін ферменттер.
Әдетте метаболизмге қатысатын ферменттер организм жасушасының құрамында болады, сондықтан жасушаішілік ферменттер эндоферменттер деп аталады. Кейбір ферменттер микроорганизм жасушаларымен сыртқы ортаға бөлінеді және жасушадан тыс экзоферменттер деп аталады. Сыртқы ортаға үлкен молекулярлық массасы бар ыдырайтын қосылыстар гидролитикалық ферменттер бөлінеді, олар микроорганизм жасушасына өте алмайды. Әдетте, биотехнологтар жасушадан тыс ферменттерді қолданғанды жөн көреді. Олар өндірістік препараттарға айналуна оңай ұшырайды, өйткені микробты жасушалардың қабырғаларын бұзуды қажет етпейді.
Жануар текті ферменттерді интенсивті биохимиялық үрдістер жүретін органдардан бөледі. Ірі қара мал мен шошқа асқазанының кілегейлі қабаттарынан - пепсин алынады. Шошқаның асқазан асты безінен трипсин, химотрипсин алынады. Бұзау асқазанынан ірімшік өндіруде қолданылатын сычуж ферменттін бөліп алады. Медицина мен биохимия қажеттілігі үшін ферменттерді бұлшық ет, жүрек, талақ, бауыр, тік ішектен (гиалуронидаза ферментін бұқа ендерінен, каталазаны бауырдан, фумаразаны жүректен) бөліп алады. Ірі ет комбинаттарында бауыздалған малдардың органдарынан биохимиялық препараттарды алуға арналған арнайы цехтары бар.
Өсімдік текті ферменттерден амилазамен папаин қолданылады. Папаин - өсімдік протеазасы – қауын ағашының жемісінің құрамында болады. Тек АҚШ-та жыл сайын 100 тоннаға жуық папаин етті жұмсарту үшін қолданылады. Папаин етпен байланысқан кезде бөлме температурасында 2 сағат аралығында байланыс ұлпаларын – коллаген және эластинді ерітеді. Амилаза ферментінің көзі сұлы болып табылады. Сондай-ақ, өсімдік шикізатынан фосфатаза, пероксидаза, уреаза , гемицеллюлаза және т.б алады. Ферментті препараттартың ұлғаюына байланысты өсімдік және жануар шикізаты өндірушілерді қанағаттандырмайды. Өсімдік құрамында ферменттер аз мөлшерде болады. Сонымен қатар, өсімдіктерден ферменттерді алу маусымдық сипатқа байланысты. Жануар органдарын тек ет комбинаттарынан алады, бұл кезде осы шикізатты консервлеумен сақтау жөніндегі проблеммалары туады.
Микробиологиялық жолмен ферменттерді алу мүлдем бөлек жағдай. Микроорганимдер клеткалары сыртқы ортаға бір қатар ферменттерді бөліп шығарады, олар бөлінуі және тазалығынмен айтарлықтай белгіленеді, бұл технологиялық маңызды. Ферменттер макромолекулалар ретінде де белгіленгендіктен, олардың белсенділігі біріншілік құрылысына тәуелді, яғни аминқышқылдарының реттілігінен ірі масштабты химиялық синтез кей жағдайларда қажеттсіз және мүмкін емес. Микроорганизмдер –ферменттерді алудың өте ыңғайлы көзі, өйткені микробтық жасушадағы ферменттер концентрациясы олардың өсу жағдайы мен генетикалық манипуляциясына әсер ету нәтижесінде айтарлықтай жоғарылануы мүмкін. Микроорганизмдердің басқа артықшылығынан өсу жылдамдығы мен қымбат емес қоректік орталарда өсе алатынын, т.б. атап айтқан жөн. Микробтық ферменттер өсімдік пен жануар ферменттерін белсенді түрде алмастырып отыр. Осылай, Bacillus амилазалары сыра өндіру және наубайханалардағы бидай мен сұлы солодына аналогты ферменттерін алмастырды; Aspergillus протеазалар тері дубленуі (жұмсарту) үрдісінде панкреатикалық протеазаларды алмастырды; Mucor – дан алынған ренниндер ірімшік пісіруде т.б. қолданылатын бұзау асқазанының сычуж ферментін алмастырады.
Микроорганизмдер арасында ферменттердің интенсивті синтезделуіне Aspergillus, Trichoderma текті зең саңырауқұлақтары, сондай-ақ Bacillus текті бактериялардың өкілдері және актиномицеттер қабілетті. Микробиологиялық синтезбен аздаған көлемде төрт типті ферменттер өндіріледі: амилазалар, протеазалар, пектиназалар, глюкоизомеразалар. Амилазалар нан пісіруде, спирттік өндірісте (крахмал мен гликоген гидролизі); протеазалар – терілерді жұмсарту үшін, парфюмерияда (тіс пастасы, кремдерге, лосьондарға қоспалар дайындау үшін), синтетикалық жуғыш заттардағы қоспалар ретінде, сондай-ақ медицинада қабыну үрдістерін, күйіктерді, тромбоздарды емдеу үшін; пектиназаларды – пектинді заттардың (полисахаридтердің) созылмалдылығын төмендету үшін, шарап өндіруде – шараптарды мөлдірлендіру, жеміс шырындарын консервілеу кезінде олардың тұнықсыздығын жою үшін; глюкоизомеразалар – глюкозаны фруктозаға изомеризациялау үшін (кока-кола секілді алкоголсыз шарап өндірісінде) қолданылады.
Жасушалармен синтезделетін ферменттердің құрамы мен мөлшері ең алдымен микроорганиздердің тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты, өйткені жасушадағы қалыптасқан әр ақуыздың құрылымы сәйкес генмен анықталады. Ферменттер биосинтезінде генетикалық фактордың анықтаушы рөліне қарамастан, әр фермент бойынша бар технологиялық үрдістердің өндіргіштігі қоректік орта құрамына кіретін көміртегі азот, фосфор және басқа элементтердің көздерінен басқа белгілі фермент биосинтезінің индуктор немесе репрессор рөлін атқаратын заттарға да тәуелді. Солай, липаза ферменті Asp. awamori саңырауқұлағымен синтезделінбейді бірақ қоректік ортаға қоспа ретінде кашалот майын қосқан кезде фермент биосинтезін 100 есе күшейтті. Фермент продуценттерін культивирлеу екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: 1) тереңдік әдіс (сұйық қоректік ортада) және 2) беткейлік әдіс (тығыз қоректік ортада).
Культивирлеудің тереңдік әдісі қатаң асептикалық жағдайларда жүргізеді, өйткені асептикалық жағдайдың аз да болсын бұзылуы, фермент түзілуінің толық тоқтатылуына әкеп соғады. Продуцент ферменттерді культивирлеу үшін қоректік орта ретінде көп жағдайларда крахмалдың әр түрлі сорттары (картоп, жүгері, сұлы, күріш), жүгері экстрактысы, соя ұны, ашытқы гидролизаттары және т.б. қолданылады. Себу материалының түрі продуцентке байланысты: саңырауқұлақтар мен актинмицеттер үшін – мицелиалды вегетативті масса, бактериялар үшін – жас өсіп жатқан өсінді. Себінді материалдардың көлемі продуценттің физиологиялық қасиеттеріне байланысты және өндірістік фермент көлемінен 10%-ын құрайды. Өндірістік культивирлеу жұмысына себінді материалдың жасы айтарлықтай әсер етеді. Өте жас себінді өсіндісін қолданған кезде үрдіс көп уақыт алады, ал ескі культура субстраттың рационалды емес қолданысына әкеп соғады. Продуцентті культивирлеу кезінде екі бір-бірімен байланысты үрдіс жүреді – микроорганизм биомассасының ұлғаюы және ортада ферменттердің жиналуы. Фермент биосинтезі ауаның үзіліссіз берілуі мен араластыруы кезінде 2-4 тәулікте өтеді. Егер ферментер экстрацеллюларлы өнімдер болып және сұйық қоректік ортаға бөлінсе онда бұл жағдайда фермент препараттарын биомассаны ажыратқаннан кейін бөліп алады. Кейде ферменттер сыртқы ортаға бөлінбейді және жасушалық органелаллалармен байланыса отыра, жасушадан тек олардың бұзылуы мен сәйкес өңдеуінен кейін ғана бөлініп алынады. Фермент биосинтезі кезінде ортаның оптималды рН көрсеткіші -7.2-7.5, алайда ферменттердің өз оптималды рН әсері әркелкі (рН 2.0-ден –рН 11 дейін). Фермент продуценттердің көбі мезофилді микроорганизмдер болып табылады және олардың даму оптимумы 25-35 С температурада болады. Әдетте, культивирлеу 100 м көлемге дейінгі ферментерде жүргізіледі. Ферментерлердің эффектілі жұмысының маңызды жағдайы бақылау және үрдістің негізгі параметрлерінің оптималды деңгейін автоматты ұстап тұру болып табылады.
Беткейлік культивирлеу әдісі кезінде өсінді тығыз қоректік орта беткейінде өседі. Зең саңырауқұлақтарының мицелилері тығыз бөлшектерді толығымен жабады, жасушалар қоректік заттарды тығыз бөлшек құрамындағы заттар арқылы алады және тыныс алу үшін оттегіні ауадан алады, сондықтан оларды оттегімен қалыпты қамтамасыз ету үшін құрылымы бойынша борпылдақ, қабат биіктігі өте төмен қоректік орталарды қолданады. Мысалы, бидай жармасындағы бір тонна зең саңырауқұлақтарының беткейлік өсіндісін өндіріп шығаратын зауыттар үшін екі тәуліктік өсу кезінде жұқа қабатпен саңырауқұлақ конидияларымен себілген қоректік орта төселінген бөлек 1000-ға жуық кюветтер қажет. Беткейлік әдістің артықшылығы – қоректік орта массасының бірлігіне ферменттің жоғары ақтық концентрациясы (5 кг зең саңырауқұлақтарының беткейлік өсіндісі 100 кг өсінді сұйықтығына жуықтай сәйкес келеді ). Беткейлік өсінділер жеңіл бөлінеді және тазартылады. Тығыз қоректік орта негізі қажетті қоректік заттар көзі ретінде бидай жармасы болып табылады. Ылғалдандырылған күйдежарма қоректік ортаның керекті құрылымын қалыптастырады. Кейде жармаға көмірсуға бай материал ретінде қызылшалы жомды, соя шроттарын, соя ұнын (құрамында көп ақуызы бар) қосады. Беткейлік өсіндіні өсіру үрдісі 36-40 сағатқа созылады және 3 периодтан тұрады 1) алғашқы 10-12 сағатта споралардың өсіп-өнуі; 2) келесі 12-14 сағатта ақ-сұр түсті үлпілдеген налет ретінде мицелилердің өсуі; 3) соңғы 12-18 сағатта – ферментация. Технология бойынша өсінділерді өсіру кюветтерде жүреді. Олар перфорирленген түбімен мырышталған темірден жасалады. Олардың көлемі әдетте 2х20 мм саңылау түрінде перфорациясы бар 600х900х30 мм болады. Толтырылған кюветтерді көпярусты жылжымалы камераларға (бір камераға 700 кг қоректік орта сияды) орналастырады. Өскен өсінді өсіп кеткен мицелилермен тығыз байланысқан үлбіреген бөлшектерден құралған пласт ретінде болады. Бұл массаны арнайы дезинтеграторларда 5-6 мм көлемдегі гранулаларға дейін ұсақтайды. Ылғалдылығы 40-50% болатын ұсақталған өсіндініарнайы конвективті кептіргіштерде 10-12%-ға дейін кептіреді.
Беткейлік әдіспен өсірілген микроорганизмдер культурасын және тереңдік культивирлеуден кейінгі өсінді сұйықтықтардың құрамында көп көлемде балласт заттар болады (продуцент биомассасы, қолданылмаған қоректік орта компоненттері, метаболизм өнімі). Ферменттің өзіндік үлесі беткейлік үшін -1% және тереңдік өсінділер үшін -0.1% құрайды. Фермеенттерді бөліп алу және тазарту қиын және қымбат үрдіс. Сондықтан кейбір жағдайларда ферментті препараттарды тазартылмаған күйде қолданады (тері-тамырлы өндірісте). Сол уақытта тағам өндірісінде, медицинада тек жоғары деңгейде тазартылған ферменттер қолданылуы мүмкін. Ферментті препараттардың стандартизациясы – препараттың белсенділігін әр түрлі текті толтырғыштарды (крахмал, лактоза) қолданумен ГОСТ-пен анықталатын стандартқа дейін жеткізу соңғы кезең болып табылады.
Иммобилизирленген ферменттер. Ферменттерді адамдардың әр түрлі практикалық салаларында дәстүрлі қолданады: тағам, фармацевтикалық, тоқыма (текстиль), терітамыр және т.б. өндіріс салаларында, медицинада, ауыл шаруашылығында, органикалық синтезде, химиялық анализде және т.б. Сонымен қатар, қолданбалы энзимология дамуына көп уақыт бойы қымбаттылығымен немесе әлем нарығында керекті ферменттердің әсіресе олардың таза препараттардың мүлдем болмауы кедергі жасап тұрды. Ферменттердің кең қолдану мүмкіндігі екі себепке байланысты қиындатылды. Біріншіден, ферменттер сақтау барысында тұрақсыз, сонымен қатар әр түрлі әсерлер кезінде, әсіресе жылулық. Екіншіден, ферменттердің реагенттер мен өнім реакцияларынан қиын бөліп алынуына көп қолданылуы қиындатылған болатын. Қолданбалы энзимологияда жаңа адымдар иммобилизденген ферменттерді құру нәтижесінде қалыптастырылды. Иммобилизация – фермент молекуласы қозғалғыштығының, олардың конформационды қайта құрастыруларының оқшаулануы – оның молекуласының белсенді орталығын өзінің жұмыс қабілетін (каталитикалық белсенділігі) ұзақ уақыт бойы, құрылымды өзгертілулерге және конфигурациясына әкелмейтін, фермент құрылысын бекітуге жағдай жасау үшін физика-химиялық принциптерге негізделген.
Иммобилизденген ферментті препараттар өздерінің натифті ізашарларымен салыстырғанда айтарлықтар бір қатар артықшылықтары бар: біріншіден, катализаторларды реакцияларды орталардан жеңіл бөліп алуға болады, бұл мүмкіндік береді: а) реакцияны керекті сәтте тоқтату; б) катализаторды қайта қолдану; в) ферментпен ластанбаған өнім алу. Екіншіден, катализаторларды қолдану ферменттерді үздіксіз жүргізуге жағдай жасайды, мысалы, ағынды колоналарда, және катализденіп жатқан реакцияны жылдамдығын реттеу, сондай-ақ ағын жылдамдығының өзгеруі арқылы өнімнің шығуы.
Иммобилизденген ферменттерді алу үшін органикалық және бейорганикалық тасығыштардың көбін қолданады. Материалдарға қойылатын негізгі талаптар келесідей: 1) жоғары химиялық және биологиялық тұрақтылық; 2) жоғары механикалық беріктігі; 3) фермент үшін қажеттілікті өтімділік; 4) гранула, мембрана және т.б. түрінде алу мүмкіндігі; 5) жоғары гидрафильділігі; 6) төмен құны.
Көп жағдайда иммобилизация үшін полисахаридті органикалық тасығыштарды қолданады – целлюлоза, декстран, агароза және оның туындылары. Целлюлозаның негізгі өндірістік маркалары: аминоэтилцеллюлоза, фосфорилцеллюлоза, диэтиламинцеллюлоза, бромацетилцеллюлоза, ДЭАЭ-целлюлоза. Декстрандар – бактериалды көздерден алынған полисахаридтер, «сефадекс» атымен шығарылады. Әр түрлі сефадекстер тігілім дәрежесі және, сәйкесінше, үлбіреу және саңылаулығы бойынша ажыратылады. «Сефароза» атты агароза препараттары өндіріледі. Ақуызды тасығыштардың (каллоген, желатин, кератин) негізгі қасиеттері ферменттерге қатысы бойынша жоғары сыйымдылығы болып табылады, сондай-ақ және олардың көбін (фибриллярлы табиғаты арқасында) жұқа пленка (мембрана жуандығы 80 мкм) ретінде қолданылуы. Коллаген – фибриллярлы ақуыз, сіңірлер мен шеміршектердің негізгі компоненті, бөлінудің жоғары тұрақтылығына ие. Желатин – қайта өңделген коллаген өнімі – токсиндік еместігі мен жеңіл биодеградация әсерінен фармакология мен тағам өндірісінде кең қолданады. Табиғи липидтерден иммобилизациялау үшін биомембрана компонентерің қолданады – лецитиндер, кардиолипид, сфингомиелин. әдетте липидті тасығыштарды әр түрлі беткейлерде (су, силикагель, ыс) моноқабат немесе биоқабат (сфералық формалар) – липисомалар ретінде қолданылады.
Қол жетімді синтетикалық палимерлерден кең түрлілігі олардың ферменттердің иммобилизациясы үшін тасығыш ретінде қолданылуын қамтамасыз етеді. Полимерлі молекуларға әр түрлі функционалды топтарды енгізген кезде кең көлемде тасығыштын физикалық қабілеттерін өзгеруге болады. Бейорганикалық тасығыштардан кең қолданылатыны: силикогель, саз балшық, керамика, табиғи минералдар, графиттирленген ыс (сажа), металдар және олардың окситтері.
Иммобилизация әдістері: адсорбция және химиялық таңбалау (ковалентті байланысқан) жолымен иммобилизациялау; полимерлі құрылысқа қосу жолымен иммобилизациялау; инкапсулирлеу жолымен иммобилизациялау: кесе көлденең таңбалау жолымен иммобилизациялау.
Қазіргі уақытта иммобилизденген ферменттердің қатысуымен жүргізілетін жеті үрдіс тағам өндірісінде кең ауқымды қолданыс тапты: 1) глюкоза-фруктозды сироптарды және глюкозадан фруктозаны өңдіру; 2) оптикалық белсенді L-амин қышқылдардың өздердің рацемикалық қоспаларынан алу; 3) фумар қышқылынан аспаргин қышқылының синтезі; 4) фумар қышқылынан алма қышқылының синтезі; 5) диеталық лактозасыз сүт өңдірісі; 6) сүт сарысуынан қанттарды алу; 7) пенициллин қатарының жартылай синтетикалық антибиотиктерінің өндірісі үшін қарапайым пенициллиннен 6-аминопеницилланды қышқылды (пенициллинді ядро) алу.
Ферменттерді иммунохимиялық әдіс анализінің сезімталдылығын жоғарлату үшін қолданған кезде қызықты мүмкіндіктер анықталды. Антиген-антидене кешенің анықтау үшін иммунохимиялық реакцияларда әдетте жеңіл детектирленетін таңбаны қолданады – радиоактивті атом, ол компоненттердің біреуіне (радиоактивті йод, тритий) енгізіледі. Радиоактивті таңбалаудың әдісінің сезімталдылығы бойынша оның каталитикалық белсенділігі анықталады. Бұл әдісті қолдану бойынша жеткілікті материал жиналды, ол иммуноферментті талдау (ИФТ) деген атқа иеленді. ИФТ көмегімен антиген қабілетіне ие әр бір заттар, соның ішіне көптеген адам, жануар және өсімдік ауа қоздырғыштары детектирленуі мүмкін.
Загрузка...
4 Жасуша селекциясын јдістері мен баєыттары
Селекцияны белгілі бір бағытта жүргізу үшін жасуша өсіндісін селективтік жағдайда өсіреді. Ауыр металдарға төзімділікті коздыру үшін селективтік агент ретінде ќоректік ортаға сол металдың тўздарын енгізеді. Вирус ауруларына төзімді жасушаларды сўрыптау үшін вирустың уытын немесе фильтратын енгізеді. Саңырауќўлаќтар ауруларына төзімділікті арттыру үшін коректік ортаға залалсыздандырылған саңырауќўлаќтың уытын ќосады. Гербицидке төзімділікті арттыру үшін ќоректік ортаға сол гербицидтің өзін ќосады. Мысалы, ќоректік ортаға имидозолин тобының гербицидтерін ќосып, жүгері өскінінің жасушасынан гербицидке төзімді регенеранттар алынды. Кейін ќўрамында дәл осы гербицидтерге ќарсы төзімділікті 300 есе арттыратын доминантты гені бар екі тўраќты линия алынды. Жасуша селекциясында селективтік агент ретінде абсциз ќышќылын пайдаланып, жоғары температура мен ќуаңшылыќќа төзімді өсімдіктерді алуға болады.
Алмастырылмайтын аминќышќылдарын түзуге ќабілеттілігі жоғары жасушалар селекциясы үшін сўрыптаушы фактор ретінде олардың өзгерген түрлерін пайдаланады, жасуша селекциясын жүргізіп, аминќышќылдардың түзілуін арттыратын факторларды аныќтайды.
Жасуша селекциясын екі тїрлі әдіспен жүргізуге болады. Жоғарыда ќарастырылған селективтік, яғни сўрыптаушы агенттерді аз мґлшерде ќосып, оның ќаныќпасын біртіндеп ўлғайтып отырса, оны жўмсаќ жасуша селекциясы деп атайды. Селективтік агент бірден көп мөлшерде ќоректік ортаға енгізілсе, мысалы, 3 % NaCl тўзы, мўндай селекцияны ќатты жасуша селекциясы деп атайды. Селективтік агенттің мөлшеріне үлкен көңіл бөлінеді. Сондыќтан, селективтік агент мөлшеріне байланысты мөлшер кисығын сызу ќажет. Яғни, көп мөлшер арасында жасушалар жаќсы өсетін минималды және жасушалар өсуін тоќтататын максималды ќаныќпаны табу ќажет.
Жасушалар үйреншікті жағдайға ўшырамау үшін селективті агенті бар ортада өскен каллус ўлпасын селективті агенті жоќ ортаға ауыстырып отырады. Төзімді каллус ўлпасынан регенерант өсімдігі өсіріліп, осы төзімді өсімдіктердің арасында сўрыптау жўмыстары жїргізіледі. Төзімді регенеранттардан эксплант алынып, ќайтадан ќоректік ортаға отырғызылады. Яғни, жасуша селекциясында мынадай морфогендік айналым саќталуы ќажет: жасуша - өсімдік - жасуша. Сонда ғана осы өсімдіктерді тґзімді деп санауєа болады. Јрине, регенеранттарды тексеру бўл айналыммен єана шектелмейді, јрі ќарай сўрыпталынєан белгілердің танаптыќ жағдайында ўрпаќтан ўрпаќќа берілуі зерттеледі. Мысалы, тўзға төзімді өсімдіктерді шығарғанда регенеранттарды тўзды жаєдайєа отырєызады, сол сияќты т. б. жаєдайлар ескеріледі.
Регенеранттар ішінен ќажетті белгілері бар сомаклондарды алу арќылы мынадай регенеранттар алынды: ќызанаќтың дўрыс түрлері, жоғары өнімді күріш, жылдам пісетін жүгері, төмен температура мен ауруға төзімді бидай, ќант ќамысы, картоп, балдыркөк, тәтті бўрыштың аз тўќымды Бель Свит сорты, фитопатогендерге төзімділігі жоғары және май мөлшері 20-30% артќан майлы пальма алынды. Австралияда in vitro арќылы өсірілетін клоннан ќызыл шырыш ағаштың тўзды топыраќќа төзімді түрі шығарылды, ол топыраќтан суды сорып, ыза су деңгейін төмендетеді деген болжау жасалынды. Бўл өз кезегінде топыраќтың беткі ќабатындаңы тўздарды жаңбыр суымен бірге ґөмен ќарай шайылып кетуіне себеп болады да, біртіндеп тўзды топыраќќа ќўнарлығын ќайтарады
Сомаклоналдыќ өзгергіштік ќўбылысын ќоңырбас тўќымдастарының бағалы сорттарын шығару үшін пайдалану өте тиімді. Мысалы, бидай, арпа, күріштің сомаклондарында мынадай белгілер бойынша өзгергіштік кездеседі: ґсімдіктіѕ ўзындыєы, дјнніѕ, масаќтыѕ тїрі жјне аќуыздыѕ сапасы. Бидай ґсімдігініѕ регенеранттарында морфологиялыќ пен биохимиялыќ белгілерініѕ ґзгергіштігі байќалды.
Бидайдың сомаклоналдыќ өзгергіштігін зерттеп жүрген ғалым М.К.Ќарабаев РБФК ферменті ќызметінің өзгеруін байќаған. Рибулозобифосфаткарбоксилаза-фотосинтез үрдісінің негізгі ферменті. Бифункционалдыќ, яғни екі ќызмет – фотосинтез және фототыныс алу үрдістерін атќаратын күрделі фермент. Бўл фермент жасуша селекциясында сўрыпталып алынған сомаклондардың патотоксинге, гербицидке , ќоршаєан ортаға, ыстыќќа және тағы басќа ќолайсыз жағдайларға төзімділігін артырады. Сондыќтан селективтік агентті дўрыс таңдаудың маѕызы зор. Жасуша селекциясы әдісінің көмегімен картоп даќылының ќауіпті фузариоз ауруына төзімді сомаклон линиялары алынған.
Украинадаєы өсімдіктер физиологиясы және генетика институтында жасуша селекция әдістері арќылы жоңышќаның метионинге төзімділігін аныќтай отырып, кейбір жасуша линияларынан метионин мөлшері 30 % артќан регенеранттар алынды. Сонымен ќатар жоңышќа, темекі жјне картоптың тўздарға төзімді линиялары және пролин аминќышќылын әдеттегіден көп мөлшерде түзетін ќўнды жасуша линиялары алынды, олар өсімдіктіѕ тўзға жјне ќуаңшылыќќа төзімділігін арттырады.
Ќазіргі таңда күіш, бидай, жїгері, картоп, темекі, жоңышќа өсімдіктерінен бағалы белгілері бар сомаклондар алынған. Сомаклондарды селекция баєдарламасына енгізу арќылы апельсин мен шабдалының жаңа сорттары алынған. Алматы ќаласында 1985-1993 жылдар аралыєында М.А.Айтќожин атындаєы Молекулалыќ биология институты мен Топыраќтану институтында көптеген сомаклон алынды. Соныѕ ішінен 400 сомаклон Ќазаќстанның әр аймағына селекция және генетика саласында ғылыми-зерттеу жўмыстарын жүргізу үшін берілді. Олардан 200 линия алынып, аталыќ-аналыќ линия ретінде жаңа сорттар алу үшін ќолданылуда. Ќазіргі кездегі жасуша селекциясы көптеген ауылшаруашылыќ өсімдіктерінің ауруларға төзімділігін арттыру үшін кеңінен ќолданады.
Оңтїстік-Шығыс ауылшаруашылыќ ғылыми-зерттеу институтында тўзға төзімді бидай сомаклоны зерттелуде. Сонымен ќатар натрий мен алюминийге төзімді астыќ және бўршаќ даќылдарының линияларын алу үшін зерттеу жўмыстары жүргізілуде.
Мәскеу ќаласындаєы ауылшаруашылыќ биотехнологиясының ғылыми-зерттеу институтында (НИИСХБ) жасуша селекция тәсілімен картоптың токсинге төзімділігін аныќтай отырып, фитофтораєа төзімді түрін шығарды. Бүкілодаќтыќ өсімдік шарушылығы институтында (ВИР) фузариоз ќышќылына төзімділік белгісі бойынша жасуша селекциясы негізінде беде мен жоңышќаның фузариоз ауруына төзімді түрлері алынды.
2-кесте. Жасуша селекциясын өсімдіктердің ауруға төзімділігін арттыруда ќолдану ( Калашникова, 2003)
-
Даќылдар
Ґсімдіктердіѕ аурулары
Селективтік фактор
Тґзімді каллус ўлпалары жјне
ґімдіктер
Зерттеушілер
1
2
3
4
5
Triticum
aestivum
Fusarium graminearum
Фузариоз ќышќылы
Тґзімді каллус ўлпалары
Мезенцева, 1992
Triticum aestivum
( Бидай)
Septoria nodorum
Культуралдыќ фильтрат
Тґзімді каллус ўлпалары,регенерант ґсімдігі
Калашникова 2003
Hordeum vulgare
(Арпа)
Fusarium
Фузариоз ќышќылы
Регенерант
ґсімдігі
Chawala, Wenzel, 1987
Triticum durum
( Бидай)
Helmintosporium sativum
Токсин
Регенерант
ґсімдігі
Chawala , Wenzel, 1989
2-кестеніѕ жалєасы
1
2
3
4
5
Alpium graveolens
Septoria apicola
Культуралдыќ фильтрат
Тґзімді каллус ўлпалары
Evenаr Pressman., 1994
Licopersucom esculentum
Fusarium
Фузариоз ќышќылы
Регенерант
ґсімдігі
Toyoda, 1990
Peach
(Бўршаќ)
Xanthomonas campestris
Фузариоз ќышќылы
Тґзімді регенерант
ґсімдігі
Hammerschlag,
Triticum asetivum, durum
( Бидай)
Bipolaris sorokiniana
Фузариоз ќышќылы
Культуралдыќ фильтрат
Регенерант
ґсімдігі
Шаяхметов, Асфа
ндиярова 1991, Шаяхметов, 2001
Medicago sativa
(Жонышќа)
Fusarium oxysporum
Фузариоз ќышќылы
Мезенцева, 1992, Масленников, 1994
Nicotiana
(Темекі)
Pseudomonas, Alternaria
Токсин
Регенерант
ґсімдігі
Thanutong, Furusava, Yamamoto, 1983
Brassica napus
()ырыќќабат)
Phoma lingam
Токсин
Регенерант
ґсімдігі
Sjodin, Glimelius, 1989
Solanum tuberosum
( картоп)
Fusarium
Фузариоз ќышќылы
регенерант
ґсімдігі
Рассадина, Хромова, Бутенко, 1988
Solanim
Tuberosum
(Картоп)
Rhizoctonia solani
Культуралдыќ фильтрат
Тґзімді каллус ўлпалары
Калашникова, 2003
Биотехнологиялыќ зерттеу орталығында бидай өсімдіктерінің сомаклоналдыќ өзгергіштігін зерттеу
Аќмола ауылшаруашылыќ институтында 1986 жылы Биотехнологиялыќ орталыќ ашылған. Ќазіргі кезде С. Сейфуллин атындаєы Ќазаќ мемлекеттік агротехникалыќ университетінің казіргі заманєы биотехнология мәселелері бойынша ғылыми-инновациялыќ орталығына айналды. Орталыќта бидай өсімдігінің сомаклоналдыќ өзгергіштігін кеңінен зерттеу нәтижесінде in vitro әдістері көмегімен жазғы жўмсаќ бидайдың Кенжеєали, Достыќ сорттары және Байтерек, Лютесценс - 94 линиясы алынды. Жаңа сорттарды шығару барысында регенеранттардың екінші ўрпағын егістік дала жағдайында сепкенде, олардың ата-аналыќ өсімдіктерден айтарлыќтай айырмашылыќтары байќалды. Олар өсімдіктің биіктігі мен ўрыќтылығы белгілері бойынша аныќталды. Кейбір өсімдіктердің сабаќтары ќысќа, ќуатты, жуан болып, жаќсы дінделген, тығыз масаќпен аяќталады, алайда, бўндай масаќ пішіні бастапќы өсімдік масағынан өзгеше болып келеді. Масаќ пішіні әр ќилы болады: цилиндр тәріздес, ўршыќ тәріздес, шоќпар тәріздес немесе аралас түрлері де байќалды. Масаќтары тығыз, бос, ўзын немесе ќысќа болды. Кейбір масаќтың реңі де бастапќы өсімдікпен салыстырғанда өзгеше болды. Сомаклоналдыќ өзгергіштіктің жиілігі генотипке тәуелді екендігі аныќталды. Алғашќы материалға ќарағанда регенеранттардың өзгергіштігі жазғы бидайдың арасында Целиноградка сортында жиі кездеседі, Саратовская 29 сортында аздау. Хромосомаларды С-тјсілмен бояу әдісі бойынша ўрпаќты зерттегенде Целинная 2, Целиноградка, Саратовская 29 сорттары негізінде алынған регенеранттардың А, В жјне Д геном тобындаєы хромосома морфологиясыныѕ айтарлыќтай өзгергендігі байќалды. Ең көп өзгерістер В–геномы хромосомаларында байќалды - 47%, А–геномы 30%, Д–геномы 26% өзгерістерге ўшырады.
Бўл жўмыстарды жүргізуге көп еңбегі сіңген, биотехнологиялыќ орталыќтың ўйымдастырушыларының бірі, университетімізде еңбек етіп жүрген, ірі сорттардың туындыгері - Владимир Корнеевич Швидченко
5 Микроклоналды кґбейтудіѕ артыќшылыєы және кезеѕдері
Микроклоналды кґбейтуді бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Донор өсімдікті таңдау, эксплантты оќшаулау және залалсыздандыру, in vitro жағдайында ќоректік ортада өсіру їшін ќолайлы жағдай жасау;
2. Көбейту жолдары: а/ каллус арќылы және тығыз сўйыќ ортада көбейту; б/ каллус ўлпасын түзбей–аќ жапыраќта, өркенде, жуашыќ ќабыршаєы мен түбіртегінде, тамырсабаќта, гүл шоғырының бастамаларында адвентивтік бүршіктің пайда болуын ќоздыру; в/ апикалдыќ басымдылыќты химиялыќ жолмен және өркендерді микроќалемшелеу арќылы жою нәтижесінде эксплантта ќолтыќ бүршіктерінің пайда болуына жағдай жасау;
3. Көбейтілетін өркендерді тамырландыру және пробиркадағы өсімдіктерді in vitro жағдайына бейімдеу;
4. Ќоректік ортадан алынған өсімдіктерді жылыжай топырағында өсіру. Өсімдіктерді іске асыру немесе танапќа отырғызу үшін дайындау. 33-суретте (ќосымша A) микроклон арќылы өсімдіктерді көбейту кезеңдері көрсетілген.
Ќолданып жүрген тәсілдерге ќарағанда микроклоналды көбейтудің мынадай артыќшылыќтары бар:
1. Бір өсімдіктен бір жыл ішінде миллионға жуыќ өсімдікті, ал ќарапайым әдіспен тек 5-100 өсімдікті көбейтіп, алуға болады;
2. Аналыќ өсімдіктен алынған клондарды зертханалыќ жағдайда аз ғана жерде жыл бойы өсіруге болады және оларды белгілі бір уаќытта шығаруєа мүмкіндік береді;
3. Өсімдіктердің ауруларын туғызатын саңырауќўлаќ, бактерия, вирус және нематодадан өсінділерді сауыќтыруға болады;
4.Селекционерлерге өте бағалы, бірегей генотиптердің /линия, будан, мутант, трансгендік өсімдік/ көшірмесін ќажетті мөлшерде алу мүмкіндігі;
5.Ќалыпты жағдайда көбеймейтін немесе нашар көбейетін өсімдіктерді көбейтіп, тамырландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ќылќан жапыраќты орман аєаштарының таңдаулы түрлерін тез арада клонды тәсілмен көбейтуге болады. Демек, микроклоналды көбейту арќылы өте бағалы өсімдіктер түрлерінңѕ, сауыќтырылған бағалы сорттардың, сонымен бірге жойылып бара жатќан өсімдік түрлерінің ќорын, яғни банкін жасап, пробиркада ўзаќ уаќыт төменгі температурада саќтауға болады. Микроклоналды кґбейту тәсілін кеңінен ќолданылатын ең ірі сала–жўќпалы вирус аурудан сауыќтырылған екпе материал алу маќсатында жаңадан шығарылған немесе пайдаланып жүрген бағалы сорттарды тез арада көбейту болып табылады (34-сурет, ќосымша Б).
Вегетативтік жолмен көбейетін ауылшаруашылыќ даќылдарының өнімі вирус аурулары әсерінен 10-50% дейін төмендейді. Ќазіргі кезде фитопатогендік вирустыѕ 600–ден астам түрлері аныќталды, диагностика тјсілдерініѕ жетілуіне байланысты олардың жаңа түрлері табылуда. Вирус ауруларының көбеюі, біріншіден, жаңа агрессиялыќ вирус штаммының пайда болуынан, екіншіден, шаруашылыќ үшін бағалы, біраќ вирус ауруларына төзімсіз сорттардың өсірілуінен, үшіншіден, өнеркјсіп өндірісінің ќарќындылығы агротехниканың өзгеруіне әкеліп соќтырды, төртіншіден, ќазіргі кездегі көлік пен сауданың мүмкіндіктеріне байланысты, бесіншіден, тўќымдыќ, егілетін және сўрыптау материалының айырбасталуына байланысты. Осының арќасында вирус аурулары оңай және тез арада бір аймаќтан екінші аймаќќа немесе мемлекеттер мен ќўрлыќтарға таралып кетеді. Вирус аурулары көптеген жағдайда өсімдікті толыќ жойып жібермейді, біраќ алынатын өнімнің тәсімін айтарлыќтай төмендету нәтижесінде өсімдіктерді өсіру тиімсіз болады. Мысалы, АЌШ-тыѕ кейбір аудандарында сўлы алќаптары сары ергежейлік вирус ауруына шалдыќќанда оның өнімін 63 %-єа төмендетеді. Теңбіл ауруына шалдыќќан бўршаќтың өнімділігі 89 %-єа азайған, ќўлпынайдың өнімділігі 5-75 % ға дейін төмендеуі мүмкін. Картоптың өнімі вирус ауруларының салдарынан 28-88 % азаяды. Өсімдікті вирус инфекциясынан сауыќтыру жўмысы бірнеше кезеѕнен тўрады:
1. Аурудың диагностикасы;
2. Сауыќтырылған материалды дайындау немесе аурусыз өсімдікті табу;
3. Оларды көбейту және ќайтадан ауруға шалдыќтырмау.
Микроќалемшелеу сомаклон және гаметоклон варианттары арасында дара ґсімдіктерді тез уаќытта көбейту де өте тиімді әдіс
Клонды микрокөбейту жұмысы 4 этаптан тұрады. 1 эксплантты ин витро жағдайында өсіру. Толығымен залалсызданған эксплантты алып,қ.о.ға отырғызып ,оның өсуіне қолайлы жағдай туғызу.2микрокөбейту өркен санын көбейту,
3өркенді тамырландыру және оларды сақтау
4өркенді топыраққа отырғызу.
Микроклоналды көбейтуге әсер ететін факторлар экспланттың генатипі, қ.о. мурасиге скуг ,жарық,температура, су алмасудың маңызы зор
