Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_otvety_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20Билет

1.Медицина мен ветеринариядағы мәселелерді шешудегі продуцент штамдардың маңызы. Биотехнологияның негізгі құрылымды бөлігінің бірі гендік инженерия болып саналады. Ол 70 жылдардың басында қалыптасып, бүгінгі таңда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Масштабты көлемде түрлі ақуыздарды алу үшін гендік инженерияның әдістері бактерия, ашытқы және сүтқоректілердің жасушаларын «фабрикаға» айналдырады. Бұл ақуыздың құрылымы мен қызметін анықтауға және оларды дәрілік құрылым ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ішек таяқшасы (Е.coli) маңызды инсулин және соматотропин гормондарының тасмалдаушысы болады. Соматотропин – гипофизбен секрецияланатын, адамның өсу гормоны. Бұл гормонның жетіспеуі гипофиздік карликтікке ұшыратады. Егер соматотропинды әр кг- на 10 мл мөлшерде аптасына үш рет ексе, онда бір жылдың ішінде соматотропин жетіспейтін баланың бойы 6 см өсуі мүмкін. Бастапқы кезде оларды өлекселерден алған, бір өлекселерден 4-6 мг соматотропин фармоцефтикалық препаратын алған. Бұл әдіспен гормондар шектеулі көлемде алынады және алынған гормондар бір неше компаненті болып олардың құрамында ырғақты дамитын вирустар болуы мүмкін. 1980 жылы «Genehtec» компаниясы бактериялардың көмегімен соматотропин өндірудің жаңа технологиясын ойлап тапты, бұл технология жоғарыда айтылған кемшіліктер болған жоқ.1982 жылы Франциядағы Пастер институтында E.coli мен жануар жасушасының культурасында адамның өсу гормоны алынды, ал 1984 жылы СССР- де инсулиннің өнеркәсіптік өндірісі басталды. Интерферон өндірісінде Е. сoli, S. сerevisal, сондай-ақ, фибробласт өсіндісін немесе трансформацияланған лейкоциттерді қолданады. Аналогиялық әдіспен қауіпсіз және арзан вакциналар алынады. Рекомбинанттық ДНҚ технологиясы дәстүрлі емес «ақуыз-ген» байланысына мүмкіндік ашты, бұл «қайтарымды генетика» деген атқа ие болды. Бұндай байланыста жасушадан ақуыз бөлініп алып, осы ақуыздың генін кодталынады, геннің мутациясын түзіп, ақуыздың өзгерген формасын кодтап модификацияға ұшырайды. Соңында алынған генді жасушаға енгізеді, егер ол экспрессияланса, онда оны тасымалдаушы жасуша мен оның ұрпақтары өзгерген ақуызды синтездейді. Осындай әдіспен дефектифті гендерді түзеп, тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Құрылымды гендердің экспрессиясы мутация нәтижесінде түрлі деңгейде өзгеруі мүмкін. Биотехнологияның негізгі міндеті – ол жоғарғы өнімді организімдер алуға бағытталған перспективті мутанттардың селекциясы. Оперон оймағымен жүйелі дефектісі бар мутанттарды – жүйелі деп атайды, олар конститутивтық ферменттердің биосинтезін қамтамасыз етеді. Соңғы өнім түзуде шектеулі қабілетті мутанттарды ауксотрофтылар деп атайды. Ингибитордың реакцияға қатыспауына байланысты субстратты қолдану мен микроағзалардың өсуі жалғасады. Тәжірибеде жоғарғы өнімді ағзалар екі түрлі мутацияға ие болады, жүйелі-ауксотрофты мутанттар деп аталады. Дефектифті экспрессия генінен мутантарды сұрыптауда және зат алмасуды реттеуде эффективті селекция әдістері қолданады. Олардың бірі толық өнімнің аналогиялық құрылымына тұрақты мутант алудан тұрады.Ал екінші әдістің негізгі ревертантарды ауксотрофты мутанттардан бөліп алуда жатыр. Микроорганизімдердің ұлттық коллекциялары. Микробиологиялық өндірістердің негізгі өнеркәсіптік штамдарды құрастыру, олардың өнімділігі мен өнімінің сапасының жоғарылауы және генетикалық сипаттамасы мен биологиялық құрылымын қолдау болып табылады. Штамның пайдалы құрылымдарын технологиялық процессте сақтау керек, және олардың өнімділік сапасын жақсарту қажет. Сондықтан-да биотехнологиялық өндірісте таза өсінділерді бөліп алу жұмыстары жүргізіледі. Таза өсінділерді бөліп алудың негізгі міндеті зертханалық зерттеулердің нәтижесінде алынған. Продуценттің пайдалы құрылымын үнемі және берік өндіру болып табылады. Микровирустарын түрлі халық және ауылшаруашылығында, медицина мен өндірісте эфективті түрде пайдалану, оларды сақтауда жаңа кәсіпкерлікті алуға жол береді. Жоғарыда айтылып өткен мәселе бір жолы әр штам туралы жайлы кеңейтілген мәлімет беріп, микроорганизім культурасының колекциясын құру болып табылады. 1970 жылы бүкіл әлемдік микроорганизм өсіндісінің коллекциялық федерациясы бекітілген. Көпшілік колекциясы микроорганизмдердің халықаралық депонирлеу Будапештік келісімінің қатысушылары болып, халықаралық атаққа ие болған: DSM (Германия), JFO (Жапония), CNCM (Франция), ВКПП, ВНИИ генетика (Ресей) және т.б. Ал Қазақстанда ҚазНИИ тағамдық өндірістік, вирусология және микробиология институты, «Азықтандыру мәселелері» ЗАО коллекциялары бар. Ветеринариялық вирус вакциналары мен балау препараттарының продуцент-штамдарының коллекциялық микроорганизімдерін НИИ – да сақтайды (Онтүстік-Қазақстан аудан, Гвардейский), бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларының коллекциялық микроорганизімдерін МУ «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық балау мен әдістемелік ұлтық орталығы» АШМ ҚР сақтайды. Астана қаласында «Республикалық микроорганизімдер коллекциясы» өндірістік-бағалы микроорганизімдер мен моноклональды антиденелердің продуцент-гибридомдерге жағдай туғызып, Ұлттық Биотехнология орталығында сақталуда. Осы коллекцияда төмендегідей микроорганизім түрлері сақталуда: Lactobacillus, Streptососсus, Staphylocoсcus, Bacillus, Streptomyces, Candida және т.б.

2. Суперовуляция туғызу. Суперовуляция — деп малдың ұрық безінде бір мезгілде бірнеше ондаған фолликульдердің дамып - жетіліп, жарылып, аналық ұрық жасушаларының бөлініп шығуын айтады.Сүтқоректілер тобына жататын аналықтар бірнеше мың жыныс жасушасымен туады,оның көпшілігі бірте-бірте дегенерацияға ұшырап өле бастайды, тек шамалы саны дамудың бірнеше сатысынан өтіп өсіп жетілген фолликул болады.

Жалпы бұл фолликулдардағы ооциттердің бәріде гонадотропты гормондар әсеріне тәуелді болады,себебі, гормондар әсерінен олар толық физиологиялық жетіледі. Осы күндері ұрғашы малдардың супероовуляциясын сары денешік регрессиялық жағдайда, ал жыныс айналымы фолликуллярлық кезеңінде болғанда гонадотропиндік және простагландин Fа2 не болмаса солардың аналогтарын қолдану арқылы ғана тудыра алады. Суперовуляция тудырған жағдайда бір донор мал ұрығынан 10 есе көп буаз малдар алынады. Суперовуляцияны үй жануарларында гормональды жасанды түрде туғызу жолдарын орыс ғалымы М.М.Завадовский 1930 жылдары ашқан.

Ірі қара малдарда суперовуляциялық күйді гонадотропты, фолликула үдеткіш гормондар не болмаса, буаз биенің қан сарысуындағы ганадотропиндер (ГСЖК), жыныс айналымының 9-14 күндерінен бастап егу арқылы тудырады. Сары денешік әсерін әлсірету үшін - регрессиялау сиырларды 2-3 күн гормондармен өңдегеннен кейін, простагландин Fа2 егеді. ГСЖК буаз биенің қанында 60-90 күндері өте көп мөлшерде болады. Бұл препаратты ҚР Шымкент қаласындағы Республикалық лаборатория да жасайды.ГСЖК-ні сиырларға бір рет қана 2,5-3 мың ME (халықаралық бірлік) шамасында тepi астына салады, саулыққа 100 ME, жетеді. Қайталап салған кезде бұл препараттың, зиянды әсері болуы мүмкін. Препаратты малға (донорға) жыныс циклінің орта мезгілінде - 8-15 күндері салған дұрыс, содан кейін 48 сағат өткен соң эстрофанның 2 мл. егеді. Мұндай өңдеуден өткен мал 2 күннен кейін-ақ күйлейді, жыныс айналымы барлық белгілері, феномендері жақсы көрінеді.

Суперовуляция туғызу үшін басқа да препараттар қолданылуда, атап айтқанда Фолмегон, Пролазан, ФЗГ-гормоны, Графоллон, Графогармон, Фолметропин және т.б. Бұл препараттардың кұрамында фолликул қоздырушы және лютейндеуші (жетілдіруші) гормондар бар, олардың бip-бірінен айырмашылығы әсер ету мерзімі мен ұзақтығында. Бұл препараттар мал организмінде жылдам әсерлік күшін жоятын болғандықтан тәулігіне 2 реттен 3-4 күн бойы қолданылады.

Эмбриондар сапасын анықтау. Эмбриондардың сапасын балауда нақты белгілі меже болмағанымен, келесі тәсілдерді қолданылады; а) визуалдық морфологиялық бағалау, б)тірі күйінде бояу, в) цитогенетикалық және цитогистологиялық бағалау.

Негізінен эмбрионның сыртқы және ішкі морфологиялық күрылысына қарай – визуалды, яғни сыртқы қабатының, целлюцид бүтіндігіне, аймақтарының ішкі бластомерлердің толықтығына, даму кезеңінің ұрық жасына дәлме дәл келуі қарай анықтайды. Бүрісіп, жыртылып ыдырай бастаған эмбрион жарамайды.

Көшіріп қондырылатын эмбриондар сапасын - тіршілік қабілетін анықтауды in vivo және in vitro өткізеді.Бұл өте күрделі, толық стерильді ортаны талап ететін тәсілдердің бірі. Өсіруді бір тамшы қоректік орта құйылған пластикалық шәшкелерде, белгілі газдық ортасы бар, минералды май қабатының астында жасайды. Осы кезде ұрықтың даму қарқындығы тежеледі, ал 24-48 сағатта потенциалды өміршеңдігі жоғары жасушалар бөлініп үлгермейді де кейбіреулеріне орта жағдайы жақпағандықтан бөлінулерін тоқтатады.

Бекітілген препараттарда ұрық сапасын анықтаған кезде жасушаның биологиялық сапасы болып табылатын, құрылымының нәзік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік береді (ядро,цитоплазма).Визуалдық бағалауды Петри шәшкелеріне цилиндрдің түбіндегі тұнбадан бөлшектеп құйып алып МБС-9, МБИ-13 микроскоптармен 50 рет үлкейтілген жағдайда эмбриондарды іздеп тауып балай бастайды. Негізінде бұл көрсеткіштің сапасы төмен: Бұл тәсіл арқылы, эмбриондардың тіршілік қабілетін, бірден эмбрион жасушасының зақымдалуы мен дамуы үрдісінің тежелуін жіктеп сараптамадан өткізіп - өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, нашар деп бағалайды. Аталған балау бойынша сиырлардың төлді болуы да 63, 58, 31 және 12 % тең боладыҰрықтың тіршілік қабілетін бағалау кезінде қолданылатын бояу - Эванс көгілдірі, эозин, метилен көгі ж т.б. Бояған кезде, бояулар өлген не өлім халындағы жасушаның мөлдір қабатынан өтіп, протоплазмасын бояйды.Реципиент пен донорлардың жыныстық айналымдарын сәйкестендіру. Донордың жатырынан эмбрионды шайып шығарған кезде жыныс мүшелері, жатыр эндотелиясы, ұрық безі, гормондардың деңгейі қандай жағдайда болса, эмбрионды апарып салатын реципиенттің де жыныс органдарында сондай жағдай болуы керек, тіпті болмаса мерзім айырмашылығы 24 сағаттан аспағаны да дұрыс. Мұндайда реципиенттің жыныстық циклі донордың жыныстық цикліне қарағанда сәл ғана аытқан болса да бұрынырақ жүріп отырғаны қолайлы болады.

Эмбрионды ұзақ мерзімге азотқа салып қатырып сақтауға мүмкіндік болса, онда реципиентің жыныстық айналымын (циклін) арнайы препараттар қолдану арқылы синхрондаудың қажеті жоқ, олардың табиғи күйлеуін күтіп, күйлегендеріне 10-12 күн өткенде эмбрионды мұздан ерітіп алып апарып салады. Бүл берілген мерзімнен кешіктіретін болса, реципиенттің ұрық безіндегі сары дене өзінің қызметін тоқтатып кері даму процесі басталады, эндометрияның эпителиі жаңарып жыныстық циклдің кезекті сатысына өтеді де, эмбрионның өсіп дамуына қажетті жағдай болмай қалады.

Эмбрионды үзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік болмай, сол шайып шығарған күйінде кешіктірмей апарып алу қажет болса, реципиенттің жыныстық циклін донордың жыныстық циклін сәйкестендіру (синхрондау) керек. Ол үшін донорды суперовуляцияға қалай дайындаса, реципиентті де солай дайындайды, тек оларды ұрықтандырмай күйлеу күйін өткізіп барып, 8-10-шы күндеріне дейін жібермей бақылауда ұстап отырады. Эмбриондарды шайып алғаннан кейін, сапасы тексеріліп дайын болған кезде оларды жыныс айналымы сол мерзімге сәйкес келіп тұрған реципиенттерге апарып сала береді.

Эмбриондарды шығарып алу. Ірі қара мал эмбриондары жұмыртқа жолынан жатырға күйттенген соң 4-5 күннен кейін, ал суперовуляциядан өткен сиырларда енгізілген эмбриондарының жартысы 7 күннен асып барып түседі.

Донор жануарларға суперовуляция өткізіп барып ұрықтанған аналық жасушаларын үш жолмен алады: донорды сойып, хирургиялық және хирургиялық емес тәсілдерімен.

Бірінші алу әдісі – донорларды сою, өндірісте қолдау таппады, үйткені бағалы тұқымды малдарды пайымды қолдану мерзімі төмен және малдардың істен шығуы көп болғандықтан.

Сиыр организмінен эмбриондарды 70-ші жылдардың ортасына дейін хирургиялық тәсілдерді қолданып алып жүрді, соның бірі лапоротомия – жалпы анестезия жасап құрсақты жарып эмбриондарды алатын.Эмбрион алу көрсеткіші жоғары болғанымен бұл жолдары өндірісте жасауға қолдау таппады, оған себеп, бірден өте қымбат, өндіріс жағдайында ыңғайсыз және операциядан кейінгі жұмысы көп уақыт алатын іс болғандықтан.

Эмбриондарды хирургиясыз алу мүмкіншілігі бар екендігін 50-ші жылдары болжағаны мен, тек 70 жылдарында жасау әдістері ашылып қолдау тапты.

Эмбрионды сиырдың жатырынан ұрықтандырғаннан кейін 7-ші күндері шайып шығарып, негізінен операция жасамай хирургияны қолданбай ақ алады. Бұл әдіс арзанға түседі, жеңіл алынады және донорды бірнеше рет қайталап пайдалануға мүмкіндік береді, арнайы операция жасайтын бөлмені, құрал саймандарды қажет етпейді, малдың тұрған орнында іске асыра берілетін жұмыс.

Жұмысқа кіріспей тұрып малдың тік ішегін қол салу арқылы нәжістен босатады, жатырдың және ұрық безінің функционалдық жағдайын саусақпен басу арқылы тексеріп шығады, ұрық безіндегі сары денелерді санайды (суперовуляцияның деңгейін білу үшін), малдың сарпайын, жамбасын, құйрығын тазалап жуып залалсыздандырады (дезинфекциялайды). Малдың күшенуін тоқтату үшін эпидуральді анестезия жасайды.

Эмбрионды шайып шығару үшін негізінен Фолея катетрі қолданылады, оның ішіне жіңішке мандрен салып ректоцервинальді әдіспен, жатыр мойнына, одан әрі тармағына дейін өткізеді. Катетр ішіндегі мандренді шығарып тастайды да, оның сыртқы арнасы арқылы 10-15 мл. ауа үрлейді. Сол кезде катетр ұшындағы резеңкеден жасалған баллон керіліп, жатыр тармағын толық бекітеді де, ішіне құйылған сұйықтық пен эмбрионның сыртқа кейін қарай төгіліп, ысырап болуына жол бермейді.

Катетрді осылай орнатқаннан кейін, сол арқылы жатыр ішіне Дюльбек сұйығын 40-30 мл. шамасында бірнеше рет құйып, бірнеше рет қайталап сорып шығарады, бұған жалпы мөлшерде 500 мл. Дюльбек сұйықтығы кетеді. Осы ретте жатырдың екінші тармағында да жуып шаяды.

Жиналған сұйықты биік, жіңішке цилиндрге құйып бөлме температурасында 20-30 минутқа қойып қояды. Бүл уақыттың ішінде эмбриондар цилиндрдің түбіне тұнады. Бетіндегі сұйықты сорып алып тастап, түбіндегі тұнбадан эмбрионды микроскоп астында іздей бастайды.

3.Ферменттер. (Энзимдер) — тірі ағзаның биохимиялық реакциясын тездететін (катализдеу), ақуыз молекулаларынан (протеиндерден), РНҚ-дан немесе олардың комплексті қосылыстарынан тұратын биологиялық активті органикалық заттар. Аталған «фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер. Әр түрлі елдердегі қолданысына қарай екі атаумен аталды. Ферменттердің латынша атауы fermentum, ал грекше атауы ζύμη, ἔνζυμον. Екеуінің де мағынасы ашытқылар (дрожжи) деген сөзге саяды. Ферменттерді зерттейтін ғылымды Энзимология деп атайды.Ферменттер тірі ағзаның кез-келген бөлігінде бар. Олар денедегі жаңа заттарды түзі процесіне қатысады, яғни, Субтраттардан жаңа өнім алу реакциясын жүргізеді. Биохимиялық реакцияларды катализдейтін (тездететін) заттар ферменттер болып табылады. 4000-нан астам биохимиялық реакцияларға қатысатын ферменттер тірі ағза тіршілігі үшін зат алмасуда өте маңызды қызмет атқарады.Ферменттердің әрбір молекуласы бір мезетте миллиондаған операцияларды атқара алады. Ферменттердің осындай қасиеттері оларды басқа ақуызсыз катализаторлардан ерекшелейді. Ферменттер реакцияны миллиондаған есеге дейін жылдамдата алады. Өз кезегінде, ақуызсыз катализаторлар небары мыңдаған есеге дейін-ақ жылдамдатады.Ферменттер кез-келген субтратты (зат алмасудағы шикізат) тиісті реакциясына қарай таңдап, қажетті әдістермен (реакциялармен) катализдей алатын қасиетке де ие. Микробиологиялық синтез және биотрансформация нәти-жесінде алынған биологиялық белсенді қосылыстар (фермент-тер, антибиотиктер, аминқышқылдары, витаминдер, т.б.) өндірістің әртүрлі салаларында, ауыл шаруашылығында, медицинада және ветеринарияда қолданылады.

Микроорганизмдер бірнеше жүздеген бағалы биологиялы белсенді қосылыстарды шығарады; кең масштабта этанолды, ацетон, сірке, лимон және сүт қышқылдары, ферменттер мен аминқышқылдарын шығару жолға қойылған. Биологиялы белсенді заттар химиялық жолмен де синтезделеді. Органика-лық қосылыстардың синтезінің биологиялық немесе химия-лық жолының басымдылығы экономикалық тиімділігімен, арзан шикізат болуымеқ технологиялық сапасы және өнім-ділігімен анықталады.

ФерменттерМицелиалдық өңездерден (амилаза, глюкоамилаза, декстраназа, протеиназалар, пектиназалар, целлюлазалар; продуценттер - Азрег&Шиз зр., РепісііНит зр., т.б.), ашытқылардан, актиномицеттерден, бактериялардан бөлінген ферменттер ең кең қолданылады. Онымен қоса өндірісте өсімдік және жануар текті ферменттер пайдаланылады (22-кесте).Тагам өндірісінде қолданылады:

- амилаза, глюкоамилаза, глюкоизомераза (сыра қайнату, нан пісіру, еритін крахмалды, декстринді, сіркені, глюкоза-фруктоздық сиропты алу). Амилаза көмегімен алынған көк-өністер мен жемістер өнімдерінің қанты көп және жақсы сіңеді, әсіресе балалар үшін. Нан пісіруде амилазалар қамыр-дың жетілу үдерісін тездетеді және нан сапасын жақсартады. Сыра қайнатуда глюкоамилаза сырадан декстриндердің қалдықтарын алыптастау үшін пайдаланады;

Өндірісте қолданылатын ферменттер

Ферменттер Әсер ету ұстанымдары 2Кір жуу үдерісінде сұйық фазада қолданылады, мысалы, крахмал, май, ақуызды алып тастау үшіқ машинамен кір жуу Ұнда ашитын қантгар түзелуі үшін крахмал гидролизі; ақуызы аз кепкен нан өндіру Ашитын қантгар, аминқышқыл-дары мен пептидтер түзелуі үшін крахмал мен ақуыз гидролизі Полисахаридтер мен ақуыздардың шектеулі гидролизі, фильтрация-лық үдерістің жетілдіру, төмен калориялы сыраны сақтағанда тұнбаны жою

Сүт ақуызын арнайы гидролиздеп ірімшік өндіру, ірімшіктің жылдам жетілуі ("Рокфор"), лактозаны глюкозамен галактозаға ыдырату Глюкоза мен төмен молекулалы ашитын қантқа дейін крахмалдьщ гидролизі

Глюкозоизомераза-ныңорнықтырутүрі

Өңездік және бактериялық амилазалар

Иттер мен кептер-лердің экскремент-терінің протеолиздік ферменттері

Трипсин және

Трипсинге үқсас ферментгерГлюкозаны фруктозаға изомеризациялау, жоғары мөлшерде фрукто-залы шырындар Тіндерден крахмалды алып тастау(бүрын пайдаланылған химикатгар орнына)Теріжүмсартып, ақуыздарды алып тастауТері өндірісінде қолданылатын протеолиздік ферментгің орнын ауыстырады.

5. Микроклоналды көбейту әдісінің көмегімен өсімдіктерді сауыќтыру.Өсімдіктерді вирус ауруынан сауыќтыратын тиімді әдістерінің бірі - меристема өсіндісі. Ең бірінші меристема өсіндісін Г. Морель мен К. Мартина 1952 жылы ќолданып, сауыќтырылған нарғызгүл мен картопты алады. Ќазіргі кезде меристема ўлпасында вирус ауруының неліктен таралмайтындығы толыќ аныќталмаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына ќарағанда, вирустардың жасушадан жасушаға баяу таралуы меристемада өткізгіш жүйенің болмауына байланысты, ал екінші пікір бойынша, меристема жасушаларының ерекше метаболизмінің күйіне байланысты. Соңғы кездерде меристема өсіндісін вирус ауруларынан сауыќтыру үшін хемотерапиямен бірге ыстыќпен өңдеу әдістері ќолданылып, тиімді нәтижелер алынды. Клон деген жыныссыз жолмен,яғни вегативтік көбею жолымен,түзілетін организм.Ө/стің клонды микрокөбеюі деген өсімдіктердің іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбеюі. Бастапқы өсімдіктен генетикалық тұрғыдан айнымастай бірдей болады. Артықшылығы: 1көбею коэфицентті өте жоғары. м/к коэфиценті басқаларымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болады.

2Микрокөбеюмен қатар өсімдіктер вирустармен патогендік м/оден сауықтырылады.

3Сұрыптау процесін жылдамдату.жаңа сорттарды тез көбейтіп, оларды ауыл шар/қ өндірісінде пайдалану мерзімі едәуір қысқарды.

4Вегативтік жолмен көбейе алмаитын өсімдіктерді,мысалы,пальманы тек in vitro жағдайында көбейтуге болады.

5Үнемділік. Арнайы бөлмеде стеллаждарда орналасқан пробиркаларды жыл бойы мыңдаған өсімдіктіөсіру арқылы жылыжай алаңы үнемделеді.

6Жас өсімдіктерді алу,яғни кәрі дарақтарды жасарту.

7Өсу процесінжыл сайын үзбеуге болады, әсіресе бұл дамуында тыныштық кезеңі болатын өсімдіктерді көбейтуге тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]