Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГТ прак каз 14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
527 Кб
Скачать
☆

5. Оқыту және жүргізу әдістері.

Тәжірибелік сабақтарды талқылау және орындау. Ситуациялық, тесттік тапсырмаларды орындау. Ауызша сұрау, ролдік ойындар.

6. Әдебиет

Негізгі

1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 592 б.

2. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Оқулық. Алматы. 2009 г.- 668 б.

3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – 562 б.

Қосымша

4. Алексеев С.В., Усенко В.Р.- Гигиена (Оқулық).- М., Медицина, 1988.-428 б.

5.Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу әдістемелік құрал./Тогузбаева К.К.-Алматы,2010, 38 б.

6. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности (МЗ РК, 3х частях, 1994) – Омск, 1995.

7. Өндіріс кәсіпорындардың реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/Тоғызбаева К.К. –Алматы ,2010,28 б

8. Руководство по гигиене труда (под ред. Н.Ф.Измерова).- М., Медицина, 1987,- том 2, бет. 187-219 б.

9. Справочник по гигиене труда (под ред. Б.Д.Карлова, В.Е.Ковшило).- М., Медицина, 1976-бет. 335-356.

10. Гигиенические критерий оценки условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса (Мин. ОК и 3, №1.02.091-98 от 30.06.98)

7.Бақылау.

Сұрақтар

  1. Машина жасау өндірісінде „суық” цехтарды атаңыз.

  2. Машина жасау өндірісінде „ыстық” цехтарды атаңыз.

  3. Құю өндірісіндегі технологиялық процесс неде.

  4. Құю өндірісінің негізгі процесстері.

  5. Жерлік формаларға құю технологиясын сипаттаңыз.

  6. Қабықтық формаларға құю технологиясын атаңыз.

  7. Құйма модельдері бойынша тура құю технологиясын сипаттаңыз.

  8. Жерлік формаларға құю кезіндегі кәсіби зияндықтар.

  9. Құю цехтарындағы кәсіби зияндықтарды атаңыз.

  10. Қабықтық формаларға құю цехтарындағы кәсіби зияндықтарды атаңыз.

  11. Болатты балқытуда және құюдағы ауаның ластану ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  12. Құю цехтарында метеожағдайды сипаттаңыз.

  13. Құю цехтарындағы дірілдік факторды сипаттаңыз.

  14. Құю цехтарындағы шулық факторды сипаттаңыз.

  15. Құю цехындағы архитектуралық-жоспарлық шешімдер ерекшеліктері– еңбек жағдайын сауықтыру әдісі ретінде.

  16. Құю цехында шу және дірілдің зиянды әсерінен қорғау шаралары.

  17. Ұсталы- тығыздау цехындағы ықшамклимат ерекшеліктері.

  18. Ұсталы- тығыздау цехындағы шу-діріл ерекшеліктері.

  19. Ұсталы-тығыздау цехтарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайын сауықтыру негізгі жолдары.

  20. Металлды термиялық өңдеудің түрлері.

  21. Термиялық цехтарда еңбек жағдайының ерекшеліктері.

  22. Термиялық цехтарда еңбек жағдайының сауықтыруының негізгі жолдары.

  23. Металлдарды өңдеуде СОЖ маңыздылығы.

  24. Механикалық цехтарда еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы.

  25. Дәнекерлеу процесстердің термиялық класстарының түрлерін атаңыз.

  26. Дәнекерлеу процесстердің термомеханикалық класстарының түрлерін атаңыз.

  27. Дәнекерлеудің әр-түрлі класстарында кәсіби зияндылықтар.

  28. Металлдарды әр-түрлі дәнекерлеуде пайда болатын кәсіби аурулар.

  29. Металлдарды лазерлік дәнекерлеуде еңбек гигиенасы ерекшеліктері.

  30. Дәнекерлеу жұмыстарындағы сауықтыру шаралары.

  31. Гальваникалық цехтардағы технология ерекшеліктері.

  32. Гальваник жұмысшылар еңбек жағдайының ерекшеліктері және кәсіби аурушаңдығы.

  33. Гальваникалық цехтарда сауықтыру шаралары.

  34. Кеннен металл аллюминийді алу кезеңдерін ата.

  35. Глинозем алу кезеңдерін ата

  36. Глинозем алатын шикізатты ата

  37. Глинозем өндіру кезінде пайда болатын шаңның құрамы

  38. Глинозем өндірісіндегі негізгі зиянды кәсіби факторлар

  39. Глинозем өндіретін жұмысшылардың аурушылдығы

  40. Аллюминий электролиттік жолмен алу процесі

  41. Аллюминий электролиттік жолмен алу кезіндегі бөлінетін газдар мен аэрозольдер қандай?

  42. Аллюминийді электролиттік жолмен алу цехы жұмысшыларының жеке нозологиялармен аурушылдығы

  43. Қорғасын кендерін ата

  44. Қорғасын кенінің концентратын балқыту кезінде қандай газды қосылыстар бөлінеді?

  45. Қорғасынды рафинадтаудағы мақсат

  46. Қорғасын кенінің шаңының қауіптілігі қандай?

  47. Қорғасын өнеркәсібінің рафинирлеу цехының ауасы қандай заттармен ластанады?

  48. Қорғасын зауытының Жұмысшыларының аурушылдығы

  49. Мыс алудың технологиялық кезеңдері

  50. Мыс алатын шикізат

  51. Мыс өндірудің негізгі түрлері

  52. Мыс кендерін көпкүкіртті жағу әдісімен алу

  53. Штеинге балқытудың мақсаты не?

  54. Қара мысты қалай алады?

  55. Мыс өндірудегі кәсіби заңдылықтар

  56. Мыс өндіру цехтарының ауасындағы зиянды заттар

  57. Мыс өндіру цехтарының жұмысшыларының аурушылдығы

  58. Түсті металлургия кәсіпорнындағы еңбек жағдайын жақсарту шаралары

  59. Түсті металлургия кәсіпорнының түрлеріне, қуаттылығына қарай СҚА –ның мөлшерін көрсет

  60. Мыс өндірудегі емдеу-профилактикалық және сауықтыру шаралары

Тесттік сұрақтар

  1. Машина жасау кәсіпорнының ыстық цехына жатады:

а) термиялық

б) Ұсталы-штамптық

в) механикалық

г) дәнекерлеу өндірісі

д) металлоқаптау

  1. Машина жасау кәсіпорынның суық цехына жатады:

а) құю

б) термиялық

в) дәнекерлеу өндірісі

г) металлоқаптау цехтары

д) механикалық

  1. Құю өндірісінің негізгі үрдісіне жатады:

а) шихталық материалдарды дайындау

б) пешке тиеу

в) пешті тазалау

г) металлды балқыту

д) бұйымдарды тазалау

е) барлық жауаптар дұрыс

  1. Вагранкада балқытылады:

а) алтын

б) мыс

в) шойын

г) болат

д) түсті металлдар

  1. Болат балқытылады:

а) вагранкаларда

б) электропештерде

в) домнада

г) тигляда

д) керамикалық ыдыста

  1. Қалыптық қоспа құрамы:

а) күйген жер

б) құм

в) топырақ

г) көмір

д) металлдық опилка

  1. Гигиеналық жағынан тиімді құю :

а) жерлік қалыптарда

б) қабықшалы қалыпқа құю

в) құю модельдері бойынша нақты құю

г) коктильды құю

д) пластикалық қалыптарға құю

  1. Жерлік қалыптарға құюдың негізгі кәсіби зияндылықтары болып табылады:

а) шаң

б) токсикалық заттар

в) шу, діріл

г) жылулық сәулелену

д) электромагниттік сәулелену

  1. Ұстаның еңбегі қай категорияға жатады:

а)орташа ауырлықты немесе ауыр

б) жеңіл

в) қауіпті

г) жүйке- эмоциональды

  1. Ұсталық- пресстік цехтағы негізгі кәсіби зияндықтар:

а) қыздыру микроклимат

б) импульсты шу

в) жұмыс орнындағы діріл

г) зиянды газдар

д) барлық жауаптар дұрыс

  1. Термиялық цехтағы негізгі кәсіби зияндылықтар:

а) ауаның жоғары температурасы

б) токсикалық заттар

в) жоғары жиілікті электромагниттік өріс

г) сәулелік жылу

д) ауаның салыстырмалы жоғары ылғалдығы

  1. Механикалық цехта жасалады:

а) металлдардың суық өңделуі

б) металлдардың ыстық өңделуі

  1. Механикалық цехтағы негізгі кәсіби зияндылықтар:

а) майлау-суыту сұйықтарының аэрозольдары

б) шу

в) металл-аллергендер

г) минералды-металлды шаң

д) барлық жауаптар дұрыс

  1. Дәнекерлеу үрдісінің термиялық класына жатады:

а) электродоғалық дәнекерлеу

б) электроннды сәуулелік дәнекерлеу

в) жарық сәулесімен дәнекерлеу

г) металлды плазмалық өңдеу

д) барлық жауаптар дұрыс

  1. Дәнекерлеу үрдісінің термомеханикалық класына жатады:

а) электрлі контактілі дәнекерлеу

б) жоғары жиілікті тоқты дәнекерлеу

в) вакуумда диффузды дәнекерлеу

г) жарық сәулесімен дәнекерлеу

д) +барлық жауаптар дұрыс

  1. Гигиеналық жағынан тиімсіз болып табылады:

а) дәнекерлеудің термиялық класы

б) плазмалық ағынды пайдалану арқылы

в) жарық сәулесімен дәнекерлеу

  1. Дәнекерлеу цехының негізгі өндірістік жағымсыз факторлары:

а) шаң, бу, газ

б) интенсивті УК-сәулелену

в) ашық электр доғасының жылулық әсері

г) діріл

д) шу

  1. Электр доғасымен дәнекерлеу кезінде дәнекерлеушіде дамуы мүмкін:

а) электроофтальмия

б) катаракта

в) пневмокониоз

г) профессиональды бронхит

д) барлық жауаптар дұрыс

  1. Гальваникалық цехтағы негізгі кәсіби зияндылықтар:

а) химиялық заттар

б) аллерген металлдар

в) шаң

г) барлық жауаптар дұрыс

  1. Гальваникалық цех жұмысшыларында кәсіби патологияның қандай түрлері кездеседі:

а) химиялық күюлер

б) хромдық жара

в) дерматиттер, экземалар

г) діріл ауруы

д) кәсіби уланулар

е) барлық жауаптар дұрыс

21. Аллюминий алудың І-ші кезеңінде кеннен нені ажыратады?

  1. шихтаны

  2. глиноземді

  3. бокситті

  4. штейнді

  5. барлығын

22.Шихтаны әзірлеу кезеңдері:

  1. көпкомпонентті шихтаны құрғақ әзірлеу

  2. шихтаны ылғалды ұнтақтау

  3. ұлпаны түзеу

  4. рафинирлеу

  5. барлығы

23.Маңызды аллюминий кені болып табылады:

  1. бокситтер

  2. нефилиндер

  3. алуниттер

  4. каолиндер

  5. барлығы

24.Глинозем өндірісінің өндірістік аэрозольінде кездеседі:

  1. Аллюминий оксиді

  2. Кремний оксиді

  3. Сілті металлдар оксиді

  4. темір және кальций оксиді

  5. Барлығы

25.Глиноземді пісіру және гидрохимиялаушы жұмысшыларға тән аурушылдық:

  1. Зәр шығару жүйесінің ауруы

  2. Улы шаңды этиологиясы бар созылмалы бронхит

  3. Жедел және жеделдеу конъюктивит

  4. Қатынастық дерматит

  5. Барлығы

26.Металды аллюминий алуға қолданылады:

  1. Балқытылған криолитте глиноземді электролиздеу

  2. Балқыған сілтіде глиноземді электролиздеу

  3. Күкірт қышқылы ерітіндісінде глиноземді электролиздеу

27. Алюминий алудың электролиздеу цехының ауасының аэрозольдік ластаушылары:

  1. Фторлы сутегі

  2. Фтор тұздары

  3. Аммиак

  4. Меркаптан

  5. Гелий

28. Қорғасын концентраттарын балқыту кезеңдерінде түзілетін газды қосылыстың құрамы:

  1. Күкіртті газ

  2. Көміртегі тотығы және қоқ тотығы

  3. Азот

  4. Еріген металл

  5. Барлығы

29.Рафинирлеу цехына тән ластаушылар:

  1. Қорғасын аэрозольі

  2. Мырыш

  3. Күкіртті газ

  4. Көміртегі және азотты газ

  5. Барлығы

30.Қорғасын зауыты жұмысшыларында жиі кездесетін аурулар:

  1. Асқазан ауруы

  2. Жүйке ауруы

  3. Катаркта

  4. Гепатит

  5. Остеохондроз

31.Мыс алудың негізгі технологиялық кезеңдері:

  1. Шикізат әзірлеу,Шихтаны әзірлеу және жағу

  2. Штеинге балқыту

  3. Штеинді қарайған мысқа үрлеу

  4. Рафинирлеу

  5. Барлығы

31.Мыстың кең таралған өндірістік материалы:

  1. Халькопирит

  2. Боксит

  3. Глинозем

  4. Күкіртті кольчедан

32.Мыс шикізаты ретінде құрамында мына заттары бар кендер мен концентраттар қолданылады:

  1. Күкірт қосылыстары

  2. Кремний қосылыстары

  3. Натрий қосылыстары

  4. Фтор қосылыстары

  5. Йод қосылыстары

33.Мыс өндірудің барлық кезеңдерінде бөлінетін газ:

  1. Фторлы сутек

  2. Озон

  3. Күкіртті газ

  4. Сутегі

  5. Гелий

34.Мыс балқыту цехының ауасын ластайтын зат:

  1. Мыс

  2. Кремнийдің қос тотығы

  3. Мырыш

  4. Мышьяк қосылыстары

  5. Темір оксиді

  6. Барлығы

35.Қорғасын депосы:

  1. Бауыр

  2. Сүйек

  3. Бүйрек

  4. Эритроциттер

  5. Жүйке жүйесі

36.Уларды зарарсыздандырушы жүйе:

  1. Бүйрек

  2. Бауыр

  3. Көк бауыр

  4. Өкпе

  5. Ішектер

37.Түсті металлдарға жатады:

  1. Аллюминий, мыс, қорғасын

  2. Аллюминий, мыс, мырыш

  3. Шойын, Аллюминий, мырыш

  4. Мыс,құрыш, шойын

  5. Қорғасын,мырыш,шойын

38.Қорғасынның ағзадан шығуын стимулдейді:

а) пектин

б) сүт

в) сүт-қышқыл азықтар

г) балық тағамдары

д) сүт тағамдары

39.Тағам режиміндегі қай затты аз қолдану қорғасынның сіңірілуін жоғарлатады?

  1. темір

  2. көмірсу

  3. калий

  4. кальций

  5. витамин С

40.Қорғасындық интоксикациясының ерте симтомына жатады:

а) ферменты аминолевулин қышқылының ферменті

б) копропорфирин

в) қандағы глюкоза

г) Қандағы көмірқышқыл газының құрамы жоғарлауы

д) барлық жауап дұрыс

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Механикаландырылған ұста цехының жұмыс зонасының жазғы уақытта температурасы +35°С. Жылулық сәулеленудің интенсивтілігі 2200 ккал/м2 сағ. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30%, қозғалу жылдамдығы 0,8м/с. Сыртқы ауа температурасы +28°С.

Тапсырма: а) цехтың микроклимат жағдайын бағалаңыз;

б) микроклиматты бағалау әдістерін атаңыз;

в) рекомендуйте оздоровительные мероприятия.

Есеп №2. Механикалық цехта токарлық станокта подшипник бөлек бұйымдары өңделеді.Жұмыстың мақсаты ашық бөлшектерін әрлеу дәлдігі, фоны- ашық түсті, ажырату объектісі 0,1-0,2 мм. Жарықтандыру қондырғылары жарықтанудың комбинирленген жүйесімен қамтамасыздалған.Жарықтану деңгейі 1500-1700лк.

Тапсырма: а) көру жұмысының сипатын анықтаңыз;

б) жасанды жарықтанудың сипаты санитарлық нормамен салыстырыңыз;

в) жарықтану деңгейін өлшеу әдісін атаңыз.

Есеп №3. Автожөндеу зауытының жинау цехында электродоғалық дәнекерлеу қолданылады. Құрамында темір мен марганец бар сапалы электродтармен жүргізіледі. Дәнекерлеу жұмыстарында дәнекерлеу аэрозольдары пайда болып оның жұмыс зонасындағы конценрациясы 28мг/м3.Аэрозоль құрамында темір тотығы, марганец тотығы анықталды, ол 3,5%-ін құрайды.

Тапсырма: а) дәнекерлеу аэрозольдің ШРЕК-ын анықтап, дәнекерлеу цехының, ауа ортасына баға беріңіз

б) электродәнекерлеушіде пайда болатын пневмокониоз түрін атаңыз;

в) жұмыс орнында шаңдануды анықтау әдісі.

Есеп №4. Ұсталық цехта өндірістік процесс механикаландырылған. Ұстаның жұмыс орнында жылдың жылы маусымында ауа температурасы +30-32°С, жылулық сәулелену интенсивтілігі 1500ккал/м2 сағ.

Тапсырма: а) Ауалық душтау жағдайын анықтаңыз(ауа ағымының қозғаласы мен температурасы);

б) Еңбек жағдайын сауықтыру шараларын атаңыз;

в) Жылулық сәулелену деңгейін анықтау приборы.

Есеп №5. Машина жасау зауытының термиялық цехының микроклиматын анықтау кезінде жылдың суық мезгілінде мынадай мәліметтер анықталды:

а) Тұрақты жұмыс орнында ауаның температурасы - +18-23°С;

б) Салыстырмалы ылғалдылық– 50-65%;

в) Ауаның қозғалу жылдамдығы – 0,4м/с;

г) Жұмыс орнының сыртындағы ауа температурасы +10°С тең.

Цехтың жұмысшыларына 60м2 аудан көлемі келеді. Жасалатын жұмыс орта ауырлықты категорияға жатады.

Тапсырма: а) тұрақты жұмыс орнында және оның сыртында метеожағдайды сан.нормаға сәйкес келе ме?

б) Тұрақты жұмыс орнына анықтама беріңіз;

в) Ауаның ылғалдығын анықтау әдістемесін атаңыз.

Есеп №6. Құю цехының құю бөлімінің жұмыс орнына ауалық душ қолданылады. Суық мезгілде беріледі ауа температурасы +16°С, қозғалу жылдамдығы - 2,5м/с. Жұмыс орнындағы жылулық сәулелену нтенсивтілігі 1400 ккал/м2 сағ. Жасалатын жұмыс организмінің 250 ккал/сағ энергия бөлінуін қажет етеді.

Тапсырма: а) Ауалық душтау жағдайы сан.нормаға сәйкес келетінін анықтаңыз;

б) Ауаның қозғалу жылдамдығын өлшеу әдісін атаңыз;

в) жұмысшылардың интенсивті жылулық сәулеленумен жұмыс кезінде қандай кәсіби патология дамуы мүмкін?

Есеп №7. Машина жасау зауытының металлды суық өңдеу цехында цех ішілік транспорт электрокарлар қолданылады. Жұмыс сменасының 60% уақытын алатын. Электрокарлар жүргізушілері жұмыс кезінде діріл әсеріне ұшырайды:

Октавалық жолақтары ортагеометриялық жиілік, Гц

2

4

8

16

32

63

125

Виброжылдамдық деңгейін өлшенген мәндері, дБ

120

116

110

110

109

108

102

Тапсырма: а) дірілдің коррекцияланған деңгейін анықтау;

б) дірілге санитарлық-гигиеналық сипаттама беріңіз;

в) дірілді өлшеу трактысының блок схемасын сипаттаңыз;

г) сауықтыру шараларын ұсыныңыз.

Есеп №8. Токарлы цехта 28 автоматты- револьверлі станок, 15 токарлық, автомат орналасқан. Шу дайын материалдың (заготовка) бағыштаушы мұржа қабырғаларына соғылуы және кескіш жұмысымен сипатталады. Жұмыс істеуші қондырғылар тұрақты шуды қамтамасыз етеді. Шудың жұмысшыларға жұмыс сменасында әсер ету уақыты 6 сағ 50 мин.

Токарьдың жұмыс орнында шуды өлшеу көрсеткіші, дБ (3 өлшемнің орташа саны):

Октавалық жолақтары ортагеометриялық жиілік, Гц

31,5 62 128 250 500 1000 2000 4000 8000

Шу деңгейін өлшенген мәндері, дБ

100 83 87 83 80 80 79 75 70

Жалпы шу деңгейі– 95 дБА.

Есеп №9. Машина жасау зауытының ұсақ бөлшектерді бояу бөлімінің жұмысшыларының мед.тексеру кезінде мынадай шағымдар болды: мұрыннан қан кету, бас ауру, бас айналу, қозғыштық әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Қан анализі көпшілік жағдайда анемияны(3,5 млн эритроциттер, 3500 лейкоциттер), тромбоцитопению (тромбоцит 150000) көрсеткен. Еріткіш ретінде бензол қолданылды, оның жұмыс орнындағы мөлшері 100мг/м3. Өндірістік бөлме механикалық жалпы ауыспалы үрмелі-сормалы желдетумен қамтамасыз етілген.

Тапсырма: а) жұмысшылар организмінің клиникалық өзгерістерні бағалаңыз;

б) еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипатын беріңіз;

в) жұмысшылардың профилактикалық мед.тексерулердің мақсатын атаңыз.

Есеп №10. Жеке бөлмеде орналасқан ұсталық-дәнекерлеу бөлімде кішігірім бұйымдарды электродоғалық дәнекерлеу 4 посты орналасқан. Дәнекерлеу посттары бүйірлік сору типті жергілікті жабу қондырғылары бар. Әр қайсысының ауданы 0,9м2 , ауаның қозғалыс жылдамдығы 1,2 м/с. Цехта ұсақ бөлшектерді жылыту үшін горн орналасқан. Горн үстінде зонт типті жабу қондырғысы бар. Жалпы үрмелі механикалық желдету жүйесі қуаттылығы 13000м3/сағ.Электрдәнекерлеу посттарынан алыстатылған жұмыс зонасына ауа беріледі. Желдету жағдайын тексеру кезінде горн үстіндегі орналасқан қондырғы анықталған. Жұмыс режимінде жұмысы қанағаттандырылмайды. Жергілікті жабу қондырғыларының жұмыс эффективтілігі электродәнекерлеу посттардың жанынан 1 немесе 2 жүйені істен шығару кезінде жақсаратындығы анықталған.

Тапсырма: а) определите общую производительность местной механической вентиляции от постов электросварки;

б) объясните причину плохой работы местного укрытия над горном;

в) предложите меры по устранению недостатков в работе вентиляции.

Есеп №11. Құю цехының жер дайындау бөлімінде формалық және стерженьдік құралдарды дайындау үшін құм, кокс, көмір, топырақ өңделген жерінің ұсатуы және араласуы жүреді. Бұл 2 процессте де тексеру кезінде ауа ортасының шаңдану концентрациясы 29 2-5 мкм-ге дейін 30 шаң 5-10 мкм және одан жоғары 14 шаң.

Тапсырма: а) шаңның ШРЕК-ін анықтаңыз, дисперстігіне баға беріңіз;

б) шаң факторыбойынша қорытынды беріңіз;

в) сауықтыру шараларын ұсыныңыз.

Есеп №12. Улау бөлімінде металл бұйымдарын күкірт қышқылды ерітіндімен улау жүргізеді. Жағымсыз факторлар болып күкірт қышқылының булары мен су булары болып табылады. Улау цехы 16х8м бөлмеде орналасқан, биіктігі 5,5м, 4 улау ваннасы, 2 нейтралдау ваннасы, 2 жуу ваннасы бар. Бұл цехтың жанында гальваникалық цех орналасқан. Сормалы желдету жеткілікті. Зонт қуаттылығы 3000м3/сағ әрбір улау ваннасының үстінде орналасқан. Үрмелі желдету жалпы ауаның жоғарғы зонаға берілу 12000м3/сағ.

Тапсырма: а) желдету жүйесіне принципі және әсер етуі бойынша бағалаңыз;

б) ауа балансына баға беріңіз және алмасу жиілігін анықтаңыз;

в) ауаның қозғалу жылдамдығы қандай приборлармен өлшенеді?

Есеп №13. Термиялық цех бір қабатты ғимаратта орналасқан . Тік бұрышты формалы биіктігі 12м. Ашылатын фонарьлар қарастырылған.Терезелері ғимараттың фасадты бөлімінде 2 деңгейінде орналасқан. Еденнен 1,8 м және 5 м. Цехта жылу шығару 100ккал/м3 сағ.

Тапсырма: а) берілген ситуацияда қандай желдету жүйесі қарастырылу қажет?

б) термиялық цех жұмысшыларында қандай кәсіби патология дамуы мүмкін?

Есеп №14. Гальваникалық цехта арнайы ванналарда бұйымдарды әр-түрлі металдармен (никель, хром, цинк, мыс) тұзды сулы ертінділерден электротұндыру арқылы өңдейді. Ертіндінің температурасы +70-80°С. Бұйымдарды өңдеу алдында тоттан, майдан тазалау, сілтілі ертінділермен және улау ванналарында бейорганикалық қышқылдар ерітінділер арқылы жүргізеді Бұл ертінділердің температурасы 70-80°С. Линияда қызмет ететін жұмысшы (10 кг салмақты) бөлшектерін арнайы ілгіштерге іліп, процессті қадағалайды.Бөлшектердің бір ваннадан екінші ваннаға өтуі механикаландырылған. Ванналардың жергілікті сормалы желдету қондырғылары бар. Цехта жылудың жиналуы 5ккал/м3сағ. Жұмыс орнындағы микроклимат өлшемдері қыста ауаның температурасы +18-20°С, ауаның ылғалдығы 70-72%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,5м/с.

Тапсырма: а) цехтағы метеорологиялық жағдайды бағалау;

б) жұмысшылардағы жылу берілу жолдарын атаңыз;

в) Метеорологиялық параметрлерді өлшеу приборларын атаңыз.

Есеп №15. Машина жасау цехының механикалық цехында жұмыс 2 сменада өтеді. Жұмысшылар саны сменада 170 (60 токарь, 70 фрезеровщик, 30 слесарь). Арнайы киімге арналған гардероб пен бірге 10 краны бар кол жуғыштар бар. Кранда суық су беріледі.

Тапсырма: а) арнайы сан-тұрмыстық бөлмелер тізімін атау;

б) қол жуғыштарға гигиеналық сипаттама беру;

в) жұмысшыларда болатын кәсіби патологияны атаңыз.

Есеп №16. Аллюминий өндіретін зауыттың бас жоспарын өңдеу кезінде сәйкес зоналар бөлінді. Көгалдандыру зонасы Өнеркәсіптің ауданының 10% кем емес есеппен алынған ; өндіріс бөлмелерінен тұрмыстық бөлмелерге дейінгі арақашықтық 200 м. жуық.. СҚЗ -ның мөлшері 2000 м. Зауыттың қуаттылығы 3000 т. жылына.

Тапсырма: а)бас жоспардың берілген көрсеткіштері бойынша қорытынды беріңіз;

б)Жер учаскесін бөлу туралы қорытындыны қай орган береді?

Есеп №17. Металл аллюминий алу цехының территориясында жалпы алмасулық үрмелі желдендіру жүйесіне ауа сору орнында құрамында 15% кремний қос тотығы және 10% -ке дейін темір тотығы (конденсация аэрозольі түрінде) қоспасы бар аллюминий аэрозольі анықталды. Аэрозоль 4 клас қауіптілігіне жатады. ШРЕК -6 мг/м(3)

Тапсырма: а) Сыртқы ауада қандай максимальді концентрацияда болғанда жалпы алмасу желдендіру үшін ауа соруға рұқсат етіледі:

-0,06 мг.м3

-0,6 мг.м3

-1,2 мг.м3

-1,8 мг.м3

-3,0 мг.м3

- 6 мг.м3

б) ауаның қозғалу жылдамдығы қандай аспаппен өлшенеді?

Есеп №18. Глинозем өндіру үшін шихтаны дайындау цехын санитарлық –гигиеналық тексеру барысында жұмыс зонасының ауасының құрамында аллюминий тотығы (18-53%) ,кремний (4-46 %), сілті металлдары (10-12 %), бар аэрозоль анықталды. Кристалл кремний қос тотығының мөлшері кеннің сортына байланысты 1,0 ден 38 % аралығында ауытқиды. Шаңның концентрациясы 20-70 мг/м3 шамасында.

Тапсырма: а)шаңның берілген түрі үшін ШРЕК анықтаңыз және оның неще есе асқанын есептеңіз.

б) Өндірісте шаңдануды анықтау әдісін атаңыз

в)Берілген цех жұмысшыларында кәсіптік патологияның қай түрі анықталуы мүмкін?

Есеп №19. Аллюминийді электролиздік жолмен алу процесі жұмыс зонасының ауасына фторлы сутек, көміртегі тотығы мен қос тотығы ,күкірт ангидриді ( сәйкес 10 мг.м3, 30 мг.м3, 60 мг.м3 , 5 мг.м3) бөлінуімен жүреді.

Тапсырма:а) берілген заттардың қауіптілік класын және ШРЕК –тен асу дәрежесін анықтаңыз. б)Электролиз цехының жұмысшыларнда кәсіптік патологияның қай түрі кездесуі мүмкін?

в) Аллюминий алудың электролиз цехында желдету жүйесінің қай түрін қолдануға болады?

Есеп №20. Қорғасын кенін бөлшектеу және концентраттар дайындау цехындағы өндіріс ортасының жағдайын анықтайтын факторға ауаның шаңдануы жатады. Шаңдану деңгейін санитарлық-гигиеналық тексергенде 25-56 мг.м3 құрады. Шаңның құрамында 30-65 % шамасында бос кремний қос тотығы , 17 % қорғасын сульфиді және т.б қосылыстар аықталды. Бөлшектердің 90 % -інің мөлшері 5-мкм-ге дейін жетеді. Бөлшектегіштерден шығатын шу деңгейі 105 дБА , дыбыс энергиясының максимальді деңгейі 1000-3000 Гц жиілігінде. Жұмысшылар жеке басты қорғау заттарын үнемі қолдана бермейді. Соңғы кезеңдік медициналық тексеру 3 жыл бұрын жүргізілген.

Тапсырма: а) шаңдық факторға санитарлық-гигиеналық баға беріңіз

б)шулық факторға санитарлық-гигиеналық баға беріңіз.

в) берілген цехтың жұмысшылары үшін қандай жеке басты қорғау заттарын ұсынасыз?

г) жұмысшылардың медициналық тексеруден өту мерзімдерін көрсетіңіз.

д) сауықтыру шараларын ұсыныңыз.

Есеп №21. Қорғасын зауытының «ыстық» цехтарындағы еңбек жағдайын кешкнді бағалау агломерациялық, балқыту және рафинирлеу цехтарындағы технологиялық агрегаттар , балқытылған металлдардың үлкен беткейлері қуатты жылу сәулелену көзі болотынын көрсеті. Агломерациялық пештердің маңындағы жұмыс орындарында жылу сәулеленуинтенсивтілігі 1700-2300 Вт/м2; балқыту цехында металл балқыту кезінде тұндырғыштар жанында 1700 Вт/м2 болады. Берілген агрегаттардың жанындағы жұмыс орындарында ауаның температурасы 30-дан 36 градус С ,ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 68-88%. Жұмысшылардың энергия шығындары 250-300 ккал/сағ. құрайды. Негізгі операцияларға олар жұмыс уақытының 95-89 % жұмсайды. Жұмыс кезінде тамыр соғу жиілігі минутына 97 соққы, ал тыныс алу жиілігі минутына -27 рет.

Тапсырма: а) жұмысшылардың жылу сәулелену дәрежесін анықтаңыз ШРЕД-пен салыстырыңыз. б) жұмыс орындарындағы ауаның температурасы мен ылғалдығына баға беріңіз және ШРЕД-пен салыстырыңыз.

в) Жұмысшылардың еңбегінің ауырлығына баға беріңіз.

г) Жүрек-қан тамырлар жүйесі мен тыныс алу жүйесіндегі ауытқуларды бағалаңыз.

д) Сауықтыру шараларын ұсыныңыз.

Есеп №22. АҚ «Қазақмыс» корпорациясының мыс балқыту өнеркәсібін кешенді санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды:

  1. Пештердің бетінің ,газжолдарының ,ұстағыштармен еденнің температуралары 55-120 С жетеді

  2. Сұйық металлмен жұмыс істегендегі жылу сәулелену 4900-8400 Вт/М2 болады.

  3. Горн алаңымен кранның кабинасындағы ауаның температурасы 35-40 С

  4. Қалыптаушының энергия шығыны 250-350 ккал/сағат

Тапсырма: а) ықшамклимат парметрлеріне баға беріңіз

б) қалыптаушылардың жұмыс ауырлығының категориясын анықтаңыз

в) жылу сәулелену интенсивтілігі қандай аспаппен анықталынады?

г) сауықтыру шараларын ұсыныңыз;

Есеп №23. « Қазақмыс» корпорациясының мыс балқыту өндірісін кешенді санитарлық-гигиеналық тексеру кезінде жұмыс орындарының шаң-газды қоспамен интенсивті ластанғаны анықталды.

1. Балқыту ,металлды хаттау және құю кезінде конденсация аэрозольдері түзіледі, олардың концентрациясы 0,9 мг/м3 –тан 6 -12 мг/м-дейін жетеді,ал 1 мкм-ден аз бөлшектер90-98 % құрайды.

2. Шихтамен күйген қаспақты түсіру кезінде шаңның концентрациясы орта есеппен алғанда 19.4-24.8 мг/м3-қа жетті.

3. Технологиялық процесстің әртүрлі сатыларында бөлінетін шаң көбінесе темір(15-27%) , мыс (10-13 %) ,кремнийдің қос тотығы ,мырыш,т.б. химиялық қосылыстардан тұрады.

4. Күкірт ангидридінің концентрациясы 30 мг./м3-қа дейін жетеді.(ШРЕК -10 мг/м3)

Тапсырма: а) шаңды факторға санитарлық-гигиеналық баға беріңіз

б) газды факторға баға беріңіз

в) берілген өндірісте қандай ЖҚЗ қолдану керек?

г)берілген өндірістің жұмысшыларынан қандай кәсіптік патологияны күтуге болады?

д) сауықтыру шараларын ұсыныңыз;

1. Тақырып № 3. Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы. Негізгі кәсіптік топтар. Денсаулыққа негізгі қолайсыз факторлардың әсер етуі. Жұмысшылардың аурушаңдығы. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары.

2. Мақсаты: Кәсіптік зиянды факторлардың жұмысшылар денсаулығына әсері және химия өнеркәсібі шартында олардың қолайсыз әсерін алдын- алудың жалпы шаралары, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру, қондырғы, технологиялық үрдістер ерекшеліктерін бағалау бойынша білімділікті және біліктілікті қалыптастыру.