Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГТ прак каз 14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
527 Кб
Скачать
☆

8 Кредит

1.Тақырып № 1. Еңбек етушілер денсаулығын кешенді бағалау. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеру. Кезеңді медициналық қарауды ұйымдастырудағы еңбек гигиенасы саласы санитарлық дәрігердің ролі

2. Мақсаты: Еңбек етушілер денсаулығын кешенді бағалау бойынша студенттерге түсінік беру. Алдын ала және кезеңді медициналық қарау және медициналық қарауды ұйымдастырудағы еңбек гигиенасы саласы санитарлық дәрігердің ролі мағнасын көрсету.

3. Оқыту міндеті:

1. Еңбек етушілер денсаулық жағдайын зерттеу әдісімен студенттерді таныстыру.

2.Еңбек етушілерді алдын ала және кезеңді медициналық тексеру (жұмысқа тұрар алдында).

3. Медициналық тексеру ұйымдастырудағы еңбек гигиенасы саласы санитарлық дәрігердің ролін таныстыру.

4. Оқытудың міндеттері:

1.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығы -№709 15 қараша 2003 жыл - Еңбек етушілердің алдын ала және кезеңді медициналық тексеру негізінде. 2.Зиянды және қолайсыз жағдайда Еңбек етушілер міндетті түрде алдын ала және кезеңді медициналық тексеру реті.

3. Зиянды, қауіпті заттармен және қолайсыз өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жалпы медициналық қарсы көрсеткіштер.

5. Оқыту әдістері. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығы -№754 15 қараша 2003 жыл. Тест сұрақтарын шешу..

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: Біріккен (кіші топтарда жұмыс істеу, сөз-талас, презентация).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. В.Ф. Кириллова.М.-ГЭОТАР-2008.-бет.387.401-411

2.Гигиена труда. Оқулық. В.Ф.Кириллова.-М.-ГЭОТАР-бет.495-507.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығы -№709 ОТ 15.10.2003.

Қосымша:

1. Российская энциклопедия по медицине труда..Н.Ф.Измерова-М.-Медицина.-2005.-653б.

7. Бақылау (сұрақтар, тестер)

Сұрақтар:

1. Жұмысқа орналасу алдында медициналық текерудің мақсаты қандай?

2. Еңбек етушілерді алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді кім жүргізеді?

3.Медициналық тексеру мәліметтері қайда тіркеледі?

4. еңбек етуші жұмыстан шыққан немесе басқа жұмысқа ауыстырылғанда алдын ала және кезеңді медициналық тексеру медициналық картасы қайда жіберіледі?

5. Ұйым әкімшілігі еңбек етушінің кәсіби жарамдылығына медициналық қорытынды беру міндетті ма?

6.Медициналық тексеру өткен және өтпегенге қолына қорытынды беріле ма?

7. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді ұйымдастыру мен өткізу үшін МСЭБ органдарына қандай міндет жүктеледі?

8. Алдын ала және кезеңді медициналық тексерудегі емдік –профилактикалық мекемелердің рөлі қандай?

9.Өндірістік ұйымдарда медициналық реабилитация қалай орындалады?

10.Кезеңдік медициналық тексерулердің ұзақтығы қандай?

Тестік бақылау сұрақтары

1. Алдын ала және кезеңді медициналық тексеруді кім өткізеді?

а)кез-келген лицензиясы бар емдік-профилактикалық ұйым;

б)арнаыландырған емдік-профилактикалық ұйым;

в)фельдшерлік-акушерлік пунктер.

2 Жұмысшлардың кай контингенті кезеңді медициналық тексеруден өтеді?

а) барлық жұмысшылар;

б)зиянды, қауіпті қолайсыз әсер ететін өндірістік фаторлармен жұмыс істейтін жұмысшылар;

в) кезеңдік медициналық тексеру таңдамалы өткізіледі.

3. Кезеңді медициналық тексеруден бас тартқан жұмысшылар жұмысқа жіберіле ме?

а)жіберілмейді

б) міндетті емес

в) жіберілуі туралы әкімшілік шешеді.

4. Ұйым әкімшілігі еңбек етушінің кәсіби жарамдылығына медициналық қорытынды беру міндетті ма?

а)міндетті түрде

б) міндетті емес

в) жағдайға қарай жеке шешіледі.

5. Кезеңді медициналық тексеруді өткізетін басты адам кім?

а)учаскелік дәрігер терапевт – цехтік дәрігерлік участк немесе территориалық дәрігерлік участк;

б) емдік-профилактикалық ұйымның бас дәрігері;

в) дәрігер-неврапотолог.

6.Медициналық тексеру кезінде қандай мамандар болуын кім анықтайды?

а) өндіріс әкімшілігі;

б)бұйрық ҚР ДМ №709;

в) №709 бұйрықта көрсетілген мамандардан басқа комисия құрамына қосымша мамандар кіруі мүмкін;

1 Тақырып:№ 2. Өндірістегі аурушаңдық. Еңбек етуші тұрғындардың аурушаңдығын және денсаулық жағдайын анализдеу. Жоғары аурушаңдықтың себебін анықтау. Өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті бағалау.

2. Мақсаты: Өндіріс орындарындағы аурушаңдықты зерттеу түрлерін студенттерге таныстыру. Өндірісте кәсіби қауіптіліктің этаптары туралы анықтама беру.