Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГТ прак каз 14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
527 Кб
Скачать
☆

3. Оқыту міндеттері.

а)Химия өндірісіне арналған қолданыстағы нормалар мен ережелер, санитарлық заңнаманы сақтауға бақылау әдістемесі бойынша білімділікті қалыптастыру;

б)Еңбек шарттарының параметрлерінің гигиеналық нормативтерге сәйкестігі бойынша біліктілікті қалыптастыру;

в)Химия өнеркәсібі обьекттеріне сақтық санитарлық қадағалау жүргізу бойынша біліктілікті қалыптастыру;

г) Химия өндірісі ерекшеліктерін ескере отырып кешенді сауықтыру шараларын өңдеу бойынша біліктілікті қалыптастыру;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

  1. ҚР халық шаруашылығы үшін химиялық өнімдердің маңыздылығы.

  2. Химия өндірісінің негізгі өндірістері қандай?

  3. Технологиялық үрдістердің көп стадиялы вертикальды және горизонтальды, кезеңдік және үздіксізге жіктелуі.

  4. Үздіксіз технологиялық үрдістердің кезеңдікке қарағанда артықшылығы.

  5. Төмен температуралы және жоғары температуралы үрдістер.

  6. Электрохимиялық процесстер.

  7. Химиялық өнеркәсіпте пайданалылатын әртірлі шикізаттардың жіктелуі.

  8. Химия өндірісіндегі жетекші қолайсыз фактор.

  9. Өндірістік ортаның химиялық заттармен ластану шарттары.

  10. Авариялық шарттарда және жөндеу жұмыстарында, және қондырғылардың ішін тазалау кезіндегі жұмыс ерекшеліктері.

  11. Химия өндірісіндегі жұмыс зонасының ауасының ластану құрамы.

  12. Химия өндірісіндегі жұмыс зонасының ауасында зиянды заттардың таралу ерекшеліктері.

  13. Химия өндірісіндегі физикалық табиғатты негізгі өндірістік қолайсыз факторлар.

  14. Химия өндірісіндегі жұмысшылар жарақаттануы.

  15. Химия өндірісіндегі ұйымдастыру- технологиялық сауықтыру шаралары.

5. Оқыту және жүргізу әдістері.

Тәжірибелік сабақтарды талқылау және орындау. Ситуациялық, тесттік тапсырмаларды орындау. Комбинирленген сұрастыру.

6. Әдебиет

Негізгі

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 422 б.

  2. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Оқулық. Алматы. 2009 г.- 368 б.

  3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – 362 б.

Қосымша

  1. Алексеев С.В., Усенко В.Р. – Гигиена труда (учебник). – М., Медицина, 1988, 450 б.

  2. А.А. Каспаров. – Гигиена труда (учебник). – М., Медицина, 1988, 352 б.

  3. Өндірістік токсикология негіздері. Жарылқасын Ж.Ж., 69 б.

  4. Санитарные нормы и правила по гигиене труда в промышленности (МЗ РК, 1994, в 3-х томах). – Омск, 1995.

  5. Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу әдістемелік құрал./Тогузбаева К.К.-Алматы,2010, 48 б.

  6. Руководство по гигиене труда в 3-х томах (под ред. Н.Ф. Измерова) – М., Медицина, 1987, том 2, с. 69-102 б.

7. Бақылау.

Сұрақтар:

  1. Өндірісте жабық және қалдықсыз айналымда пайдаланатын технологиялық үрдістерді кшенді механизациялау және автоматизациялау; дистанциионды басқару және өндіріс үрдістерін автоматтық бақылау.

  2. Өндірістегі қолданылатын заттардың токсикологиялық бағалау, шикізат және дайын өнімдерді гигиеналық стандартизациялау.

  3. Химия өнеркәсібінен шығатын ластанған пасталардан қоршаған ортаны қорғау

  4. Зиянды заттардың 1 және 2 қауіптілік класына жататын ХӨК-тың жұмыс зонасының ауа құрамын бақылау.

  5. Ауадағы зиянды заттарды анықтайтын экспересс-әдістер

  6. Химия өнеркәсібі заттарының жұмыс бөлмедегі химиялық ауа ортасының ластануын жүйелі түрдегі бақылауды кім жүргізеді

  7. Химия өнеркәсібінің құрылысы мен қайта қалпына келтіруін сақтық санитарлық бақылау

  8. Химия өнеркәсібінде кең таралған жоспар типі

  9. Химия өнеркәсібі ғимаратының ішкі әрлеуі

  10. Химия өнеркәсібі жөндеу жұмыстарын жүргізуде жүргізілетін шаралар

  11. Химия өнеркәсібінде кәсіби ауруларды алдын-алу.

  12. Химия өнеркәсібі жұмысшылардың заңда қаралған жеңілдіктері.

  13. Химия өнеркәсібіндегі газ құтқару станцияларын ұйымдастыру.

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Екі жаңа улы заттың токсикометриясын жургізгенде, біреуінің орташа концентрациясы CL50 100 мг/м ,екіншісінікі 70мг/м3 екі анықталды.

Тапсырма: Берілген химиялық заттын улылығын анықтау.

Есеп №2. Өндіске мына химиялық заттар тобы енгізілді ШРЕК 0,1-1,0 мг/м3, ШРЕК 120,0 мг/м3 жоғары, КВИО 300-ден жоғары.

Тапсырма: Берілген химиялық заттын қауіптілік класын анықтап, салыстырмалы бағасын бер.

Есеп №3. Химиялық құрамы жағынан ұксас екі заттың ШРЕК белгілеу ушін біреуімен 100 ақтышқанға, екінщісін 50 ақ егеуқұйрыққа тәжірибе жүргізілді. Зерттелетін заттардың улылығы бірдей екені анықталды.

Тапсырма:а)Берілген жағдайда гигиеналық нормалаудын қай принципі бұзылған.

б)К.Р жетекші гигиеналық нормалау құжаттарын атаңыз.

Есеп №4. Жен көмір кең орнын игеру кезінде түзілетін шаңның ШРЕК анықтағанда белгілі болды:

а) ШРЕК 5-10 мг/м3 болуы керек;

б) Технологияның нәтижесінде түзлетін шаң 100мг/м2 тен

в) ШРЕК анықтау үшін 10 есе артық технологиялық шығын шығарылады.

Тапсырма: 6cpілген жағдайда қандай гигиеналық нормалау принципі қолданылады.

Есеп №5. Қайтадан синтезделген химиялық заттын улылық көрсеткіштерін анықтағанда, созылмалы әcep ету табалдырығы LimCh 100мг/м тен, қор коэффициенті 10-ға тен болды.

Тапсырма: химиялық заттын ШРЕК анықтау,қор коэффициентін анықтау принциптерін көрсетіндер.

Есеп №6. Мұнайды қайта өңдеу зауытының цехтарының ауасы әртүрлі зиянды заттармен ластанады. Соның ішінде 1 және 2 класты қауіпті заттармен де ластанады. Цехтарда жалпы алмастырушылық және жергілікті үрмелі-сормалы желдендәіру жүйесі жұмыс істейді.

Тапсырма: а) зауыттың желдендіру жүйесіне бақылау жүргізу жиілігін көрсетіңіз;

б) сәйкес нормативті құжатты атаңыз;

в) өндіріс бөлмелеріндегі ауан ың қозғалыс жылдамдығы қандай аспаппен өлшенеді;

Есеп №7. Шымкеттегі мұнайды қайта өңдеу зауытының каталитикалық крекинг цехының жұмыс бөлмелерінің ауасында шекті көмірсутектердің мөлшері -20.5 мг.мЗ, шексіз көмірсутектер - 12.6 мг.мЗ ( ШРЕК 50 мг.мЗ), көміртсутек - 1.0 мг.мЗ, көміртeгi тотығы - 14.0 мг.мЗ, күкірті газ - 0.5 мг.мЗ.

Тапсырма: а) берілген заттардың ШРЕК-сы мен қауіптілік класын анықтаңыз;

б) еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз;

в) берілген цехта ауаның рециркуляциясы мүмкін бе;

Тесттік сұрақтар

1.Химия өндірісінде дайындық операцияларына қайсылары жатады:

  1. ұнтақтау, дозалау;

  2. араластыру;

  3. бастапқы материалдарды бөлу және елеу.

  4. тасымалдау;

  5. күйдіру .

2.Меншікті химиялық процестерге қайсылары жатады?

  1. тотығу , тотықсыздану.

  2. хлорлау ,нитрация;

  3. электрохимиялық процестер;

  4. азондау

  5. ионизация

3. Химия өндірісінде қорытынды операцияларға қайсысы жатады:

  1. кептіру,ұсату.

  2. расфасовка, қаптау

  3. сақтау

  4. булану

  5. сәулелену.

4. Химия өндірісінде химиялық компоненттерінің бөлінуіне қайсысы жатады:

  1. айдау, ретрификация

  2. калориметриия;

  3. центрифугалар , фильтрация;

  4. экстракция, кристалдану

  5. спектроскопия

5.Гигиена тұрғысынан химия өндірісінде аса прогресивті болып саналатын процесстер:

  1. тұндыру

  2. ашу

  3. кезеңді

  4. үздіксіз

  5. каталитикалық

6. Химия өнеркәсібінде шикізаттар жіктеледі:

  1. радиациялық сәулелену бойынша

  2. электромагниттік сәулелендіру дәрежесі бойынша

  3. табиғаты бойынша

  4. химиялық құрамы бойынша

  5. агрегаттық күйі бойынша

7. Химия өндірісінде зиянды заттар бөлінуіне ықпал етеді:

  1. жоғары температура және қысымды қолдану

  2. коммуникация аппараттарың герметикалық еместігі

  3. үрдістің үлкен еместігі

  4. катализаторлар қолдану

  5. процесстерді автоматтандыру

8. Гигиеналық тұрғыдан зисянды заттардың организмге аса қолайсыз әсер ету түрі мынадай:

  1. монотонды(үздіксіз)

  2. интермиттерлеуші(үздікті)

  3. ықталмаған

  4. бірлескен

  5. уақыт бойынша өзгеретін

.

9. Химия өндірісінде өндірістік жараққандырудың қандай түрі бар:

  1. химиялық

  2. термиялық

  3. механикалық

  4. электрлік

  5. барлық жауабы дұрыс

10. Келесі әсер түрлерін шақыратын химиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларға газдар, булар, және аэрозольдар жатады:

  1. жалпы токсикалық

  2. тітіркендіргіш

  3. сенсибилизациялаушы

  4. фиброгенді

  5. канцерогенді

11. Кәсіптік аурулардың алдын алуға жатпайды:

  1. алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өткізу

  2. жеке басты қорғау заттарын қолдану

  3. өндірісті автоматтандыру

  4. аурудың клинникалық белгілері пайда болуына

  5. сормалы желдету жабдықтары

12. Санитариялық –гигиеналық мінездемені береді:

  1. СЭС

  2. кәсіпорын әкімшілігі

  3. денсаулық сақтау департаменті

  4. әкімшілік

  5. цех дәрігері

1.Тақырып №4. Өндірісітік жарақаттану. Алдын-алу шаралары.

2. Мақсаты: Өндірістік жарақаттанудың профилактикасы мақсатында кезеңді және алдын-ала медициналық тексерулерді жүргізу тактикасы және алдын- алу шаралары бойынша білімділікті және біліктілікті қалыптастыру