Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГТ прак каз 14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
527 Кб
Скачать
☆

2. Мақсаты. Кәсіптік зиянды факторлардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына әсерін бағалау бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру және олардың жағымсыз әсерінің алдын алу жалпы шаралары.

3. Оқыту міндеттері

а) медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының әдістері мен мазмұны бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру

б) медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын бағалау дағдыларын қалыптастыру

в) медицина қызметкерлеріне арналған сауықтыру шараларының кешенін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру

г) медицина қызметкерлерінің жалпы және кәсіптік аурушаңдығын төмендетуге арналған жедел және маңызды шаралар дағдыларын қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Жұмыс барысында медицина қызметкерлеріне әсер ететін әртүрлі жағымсыз факторлардың кешені (физикалық, химиялық, биологиялық, эргономикалық)

2. Хирургиялық профильдегі дәрігерлердің еңбегінің ерекшеліктері

3. Инфекционист дәрігерлердің еңбегінің ерекшеліктері.

4. Фтизиатр дәрігерлердің еңбегінің ерекшеліктері.

5. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс істейтін персоналдың еңбегінің ерекшеліктері.

6. Медбикелер еңбегінің ерекшеліктері

7. Ультрадыбыс диагностикасы кабинетінің специалистерінің еңбек жағдайы

8. Лазер техникасының медицинада қолданылуы және оның организмге әсері

9. Медицина қызметкерлерінің жалпы және кәсіптік аурушаңдығын төмендетуге бағытталған жедел және маңызды шаралар

10. Талаптар СанПиН 2.1.3.1375 – 03 « Гигиенические требования к размещению, устройству оборудованию и эксплуатации больниц, родильных домов и других лечебных стационаров»

5. Оқыту әдісі және сабақ беру

Тәжірибелік сабақты талқылау және орындау. Ситуациялық есептерді шығару. Комбинирленген (жазбаша сұрау, топтық дисскуссия әдісі).

6. Әдебиет

Негізгі

1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оқу құралы. – Тоғызбаева Қ.Қ. Алматы. – 2010. – 212-220 б.

2. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 577-580 б.

3. Гигиена. Кенесариев У.И., Тоғызбаева Қ.Қ. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010 г.- 548-550 б.

Қосымша

  1. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда под ред. Кириллова В.Ф.), М, Медицина, 2001.-233-240 б.

  2. С. Қарабалин. Медицина қызметкерлерінің кәсіби аурулары. – Өскемен, 2003 ж. 116 бет.

  3. В.Ф. Кириллов. Гигиена труда врачей хирургического профиля. – Москва, 1982 г.

  4. СанПиН 2.1.3.1375 – 03 « Гигиеническиеи требования к размещению, устройству оборудованию и эксплуатации больниц, родильных домов и других лечебных стационаров».

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және б.)

Сұрақтар

  1. Дәрігерлер еңбегінің кейбір ерекшеліктері

  2. Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайының санитарлық гигиеналық сипаттамасы

  3. Жұмыс орны мен позасын эргономикалық бағалау

  4. Еңбектің психофизиологиялық аспектілері

  5. Медицина қызметкерлерінің денсаулық жағдайы

  6. Еңбектің әлеуметтік психологиялық аспектілері

  7. Физикалық факторлардың әсерінің ерекшеліктері (иондық, иондық емес сәулелену, ультрадыбыс, лазерлік сәулелену, шу, діріл және т.б.)

  8. Химиялық факторлардың әсерінің ерекшеліктері (жоғары активті дәрілік препараттар, химиялық заттар, дезинфекция құралдары)

  9. Биологиялық факторлардың әсерінің ерекшеліктері (п сәулеленатогенді микроорганизмдер)

  10. Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын сауықтыру және оның эффективтілігін жоғарылату

  11. Дәрігерлер денсаулығын қорғау

Ситуациялық есептер

№1 есеп

Сырқат Б., 49 ж. 20 жыл бойы дәргер-лаборант болып істеді. Жылына 4000-ге дейін биохимиялық анализдер жасады. Негізгі кәсіптік зияндылықтар – күкірт, сіріңке қышқылы, үшхлоруксус (сіріңке қышқылының концентрациясы ШРЕК-тен 20 есе асқан, ШРЕК 5 мг/м), сілтілер және т.б. активті химиялық заттар тиомочевина, ортотолуидин, калий фосфаты. Жұмыс орнында желдету болмаған. Кәсіптік орталыққа мына шағымдармен келді: мұрынның, тамақтың құрғауы, ауруы, мұрыннан қан кету. Тексергенде жұтқыншақтың, кеңірдектің шырышты қабатының атрофиясы табылған. Специалистердің қорытындысы: этиологиясы токсико химиялы атрофиялы ринофарингит.

Тапсырма: сіздің кепілдемеңіз және келесі тактика.

№2 есеп

Сырқат Р., 45 жаста, анестезиология бөлімінің меңгерушісі болып істеген, ингаляциялық, ингаляциялық емес наркозды химиялық заттармен әрдайым контакта болған (аптасына 6 рет 3 сағаттан 6 сағатқа дейін). Жұмыс орнында желдету болмаған. Соңғы 3 жылда басының ауруын, терлегіштік, оң жақ қабырға астының сыздауы, әлсіздік байқаған. Биохимиялық мәліметтер: билирубин-19,5 ммоль/л, ЛДГ- 14,4 Б, гамма глобулин-31,5%. УЗИ-созылмалы гепатит белгілері. Клиникалық диагноз: Созылмалы активті токсико аллергиялық гепатит, созылмалы холецистит. Кәсіптік ару.

Кепілдеме беріңіз, емдік профилактикалық шаралар.

№3 есеп

Сырқат М., 1960 жылы туылған. Кәсіптік анамнез: 20.10.92 жылдан бері емдік кабинеттің медбикесі. Құрғататын шкафтағы техникалық термометрінен сынап төгілген. Оны тек жұмыс соңында ғана білген. М. Және басқа медбикелер демеркурилизациямен айналысқан, қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Бірнеше сағаттан кейін 3 медбикеде улану белгілері байқалған: бастың ауруы, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, көздің ашуы, ауызда темір дәмінің болуы. СЭС өкілдері егу бөлмесінің ауасында сынаптың құрамы -0,010-0,025 мг/м екенін анықтады. Бір тәуліктен кейін М.да астено вегетативті синдром байқалған. Несептегі сынаптың құрамы – 0,36 мг/л.

Қорытынды: Металлдық сынаптың буымен жедел улану, жеңіл дәрежесі.

Кепілдемелер.

Емдік профилактикалық шаралар.

№4 есеп

Сырқат Н., 30 жаста, дәрігер-офтальмолог, ОК-2 лазер қондырғысымен жұмыс істеген. Жұмыс кезінде қорғаныс қондырғысы сынып лазер сәулелері оң көзіне тікелей әсер еткен. Көзінің көруі нашарлаған, абсолютті скатома пайда болған. Скатома 40 мин тұрған, жұмыс соңында көзінің көруі орнына келген.

  1. Лазердің зиянды әсерінен алдын алу шаралары

2. Еңбек жағдайына гигиеналық баға беріңіз

3. Кепілдемелер

№5 есеп

Сырқат Н., участкелік терапевт. Санитарлық-гигиеналық сипаттамасынан: 3000 адамға қызмет етеді, экстренді жағдайда тамырішілік, бұлшықетішілік инъекциялар, асциті бар аруларға парацентез жасайды. Олардың ішінде вирусты, инфекциялы гепатиті бар аурулар бар. Эпид. бақылау картасы: жұқтыру орны – жұмыс орны. Жұқтыру көзі– вирустасығыш, вирусты гепатитті ауру. Инфекция берілу жолдары – асцитті сұйықтық, қолдың зақымданға бөліктері. Клиникалық диагноз: Созылмалы вирусты гепатит С активті фаза, вирстың репликация фазасы. Кәсіптік ауру.

  1. Кепілдемелер

  2. Жұмысқа жарамдылықты анықтау

  3. Емдік профилактикалық шаралар.

1. Тақырып №4. Әйелдер мен жасөспірімдер еңбек гигиенасы. Өнеркәсіп салала-рындағы әйелдер еңбегінің концентрациялану дәрежесіне байланысты топтастыру. Өндірістік ортаның кейбір химиялық және физикалық факторларының әйелдер ағзасына әсер ету ерекшеліктері. Әйелдердің еңбекке қабілеттілігі және аурушаңдығының негізгі сұрақтары. Қазіргі жағдайдағы әйелдер еңбегін қорғау және гигиенаның негізгі бағыты және санитарлық нормалар.

2. Мақсаты. Әйелдер еңбегін қорғауды регламенттеуші заңгерлік және нормативтік актілер әйелдер еңбігінің арнайы гигиеналақ бағалауының методикалық ыңғайлығы, санитарлық нормалар және қазіргі жағдайда әйелдер еңбегін қорғау мен гигиенаның негізгі бағыттары бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру.