Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

4.2 Жарықтандыру

Жұмыс орынын жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың маңызды факторы. Табиғи жарық (күн сәулесі) тәуліктің күндізгі уақыты және ор ғимараттардың терезе, шатыр ойықтарынан түседі. Жасанды жарық үшін жасанды сәуле шығаратын қондырғылар пайдаланады.

Табиғи жарық, әдетте, көбінесе адамдардың бөлмелерде тұрақты болуына байланысты қарастырылады. Жасанды жарық өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық орындарды, қойма, жеке қосалқы ғимараттар, мекеме алаңдарын, жұмыс өндірістік ғимараттардан тыс: көшелер, жолдар, ауыл, тұрғылықты пунктардың алаңдарын жарықтандыруды қарастырады.

Жарықталатын дене бетіне түсетін жарық ағынының тығыздық шамасын бағалау үшін жарықтылық ұғымын пайдаланады, ол сандық түрде жарық ағынының біркелкі бөлінуінде жарықталатын ауданның жарық ағынына тең болады, келесі формула (5) бойынша анықталады

(5)

мұнда F-жарықталатын бетке біркелкі түсетін жарық ағыны люменмен;

S-жарықталатын бет ауданы, м2 .

Жарықтылық бірлігі үшін люкс (лк) алынады, яғни, жарықтану беттері 1м2 , оған 1лм біркелкі бөлінген жарық ағыны түседі, және төмендегідей жазылады (6):

2 (6)

Жарық берілетін беттегі белгілі бір нүктедегі жарықтылық жарық күші бойынша анықталуы мүмкін.

Керекті жарықтандырудың есебі жазық бетке түсетін жарықтың жасанды көзі болғанда төмендегі формуламен есептеледі.

Е = Fл∙ ∙N∕ S∙Kз∙Z (7)

мұндағы Е – ең аз нормаланатын жарықтандыру,лк;

Fл – әрбір лампаның жарық ағыны, лм;

жарық ағынын пайдалану коэффициенті, (бірлік үлесі);

N – жарықтандырғыштардың саны;

S – ғимарат ауданы, м2 ;

Кз – технологиялық процеске тәуелді жарықтандырғыштардың ескеруі, шаңдалуы, ластануына байланысты қор коэффициенті, (бірлік үлесі);

Z – жарықтандырудың біркелкісіздік коэффициенті, Z=1,1 тең.

Ғимарат индексі анықтаймыз:

мұндағы S – ғимарат ауданы, 120 м2 тең;

h – жұмысшы бетінің үстінде тұрған жарықтандырғыштың биіктігі, h=2,5м;

А және В – ғимарат ені мен ұзындығы, м.

Есепке керекті мәліметтер:

А =12м; В =10м; U=220В; N=15 дана; ртөбе сәу =50%; рқаб сәу =30%

қолднылатын жарықтандырғыш: универсал қайратқысыз.

Әдістемедегі 3-кесте бойынша [27] жарық ағынын пайдалану коэффициентін анықтаймыз: ;

Осы әдістемедегі қор коэффициентін табамыз: Кз=6,5

Дәл осылай Е=300лк, яғни әрбір лампаның жарық ағыны:

Fл = Е∙ ∕ ∙N = 300∙120∙6,5∙1,1 ∕ 45∙15 = 381,3≈400лм

4.3 Шу және діріл

Шу – дыбыстардың күші және жиілігі бойынша бейберекет қосындысы; адам ағзасына қолайсыз әсер етуге қабілетті.

Дыбыс- толқындар түрінде таралатын серпімді ортаның тербелісті қозғалысы. Дыбыс тербеліс жиілігімен сипатталады, яғни уақыт бірлігіндегі (секундта) тербелістердің толық саны. 1 секундтағы тербеліс санының жиілік бірлігін – герц (Гц) құрайды, ал толық тербеліс жасайтын дененің уақыты тербеліс кезеңі деп аталады.

Дыбыс толқынындағы екі ретті ұйысулар немесе сиретулер арасындағы қашықтық толқын ұзындағы деп аталады. Толқын ұзындығы (μ) дыбыс жылдамдығына (с) тура пропорционал және жиілікке (υ) кері пропорционал (8):

(8)

Дыбыстың физикалық ұғымы үлестер жиілігінен миллиард герцске дейінгі тербелісті құрайды. Биологиялық тұрғыда дыбыс 16гц-тен 20 кгц-ке дейінгі тербелісті қабылдайтын адам мен жануарлар есту талдағышын тітіркендіретін дыбыс түрінде болады. 16гц-тен төмен тербелісті инфрадыбыс, ал 20кгц-тен жоғарысын ультрадыбыс ретінде белгілейді.

Қоршаған ортаға уақыт бірлігінде дыбыс көзі шығаратын энергия саны дыбыс қуаты деп аталады және Ват-пен өлшенеді. Әдетте практикалық міндеттерді шешуде дыбыс өрісінің өлшенетін сапасында дыбыс толқынының қысымын алады. Дыбыс қысымындағы (p) дыбыс үдемділігі (J) қатынасы келесі формулада көрсетілген (9):

(9)

мұнда дыбыс таралатын ортаның тығыздығы;

С- дыбыс жылдамдығы.

Дыбыс қысымының шаршы метрі ньютон мен (н/м2) немесе паскальмен (1н/м2=1па) өлшенеді.

Адамда есту сезімін тудыратын дыбыс үдемділігі 10-12 вт/м және ол естілу табалдырығы деп аталады. Дыбыс қысымы бірлігінде 2∙10-5 н/м2. Есту органдарының ауырсыну сезімін тудыратын дыбыстың ең аз үдемділігі ауырсыну сезімі табалдырығы деп аталады.

Белге қарағанда адам құлағы 10 есе аз шамаға әрекет етеді, сондықтан 0,1-ге тең децибел (дБ) бірлігі кең таралу алды, онда (L) жоғарыда келтірілген табалдырықтар мәндеріне қатынасы бойынша (10) формуламен өрнектеледі:

(10)

мұнда естілу табалдырығы 10-12 вт/м2.

Дыбыс қарқындылығы дыбыс қысымына пропорционал болғандықтан, қысым деңгейін (11) формуламен анықтайды:

(11)

мұнда -дыбыстың қысым бірлігіндегі естілу табалдырығы;

Р-дыбыс қысымы.

Шудың қолайсыз әсерінен қорғану үшін өндірістік кәсіпорындарды жобалауда, құрылысында және олардың машиналарын, жабдыған пайдалануда кешенді ұйымдық, техникалық, медициналық шаралар белгіленуге қажет. Дыбыс жұту әдісімен шуды азайту дыбысжұтқыш материалдың кедергісінің болмауы себепті дыбыс тербелістері бөлшектерінің жылу энергиясына айналу принципине негізделген. Дыбыс энергиясы қаншалықты көп жұтыласа, соншалықты бөлмедегі шу бәсеңдейді. Сондықтан бөлмедегі шуды азайту үшін оның ішкі беттері дыбыс жұтқыш материалдармен жабылады.

Дыбысжұтқыш құбырлар кеуекті, кеуек-талшықты, экранды, мембраналы, қатпарлы, резонансты және көлемді болып келеді.

Діріл деп материалдың қатты денелермен нүктелердің механикалық тербелуін айтады.

Дірілдің әсері адамның орталық нерв жүйесі ғана емес, жүректің қан тамыр жүйесін, тірек-қимыл, сүйек-буын, апаттарын қамтиды. Бұанан адам ағзасына ұзақ тигізетін әсері жазылмайтын «вирационная балезнь» деген дертке әкеліп соғады.

Дірілдің екі түрі бар:

- агрегаттардың, машиналардың дірілі;

- жергілікті діріл.

Дірілдің адам ағзасына әсер ету дәрежесі оның төменгі параметрлерімен

сипатталады. Жылдамдығы, үдеуі, амплитуда мен жиіліктер.

Бұл параметрлер төменгі формулалар (12), (13) арқылы анықталады.

(12)

(13)

мұнда тербелістің жылдамдығы мм/с;

тербелістің үдеуі мм/с2;

–амплитуда мм;

тербелістің жиілігі;

мөлшердегі приборлар арқылы өлшенеді.

Дірілге қарсы шаралар:

  • агрегаттарды, жабыдықтарды үйдің фундаменттеріне тақау қою;

  • конструкциялардың тығыз қатты қосындылары бар жерге прокладкалар қою;

  • машиналар мен оның орнатылған базасының арасында амортизациялық сүйеніштер қою;

  • еңбектің ұтымды режимін пайдалану (егер инструменттердің қозғалысында жиілік ұру саны 1200 рет/мин болса, 1,5 сағаттан кейін жұмскер 10 минут дем алу керек, ал егер бұл сан 1900 – ға дейін 30 мин. дем лыс керек).