Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

6.3 Су қоймаларының ластануы

Халық санының өсуіне байланысты көп елдерде ауыз суға деген сұраныстардың көбеюіне қарамастан, қазіргі заманның негізгі мәселелерінің бірі өзендердің, көлдердің және жер асты суларының ластануы болып отыр. Су қоймаларының негізгі ластаушылары: құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын-шашындар; қаланың қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациялық сулар) ауыл шаруашылығының қалдық сулары.

Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартыламайтын өнеркәсіптік қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, органиклық және минералды заттармен пентицидтермен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су қоймаларына құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына әкеледі.

6.4 Топырақтың ластануы

Топырақтың ластануы табиғи және антропогенді деп бөлінеді. Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде топыраққа атмосферадан әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбырмен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығына ең үлкен зиянды топырақтың антропогенді ластануына әкеледі. Негізгі ластаушылар қатарына пентицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, канцерогенді әсерлі құрамында хлор, фтор, фосфор, мырыш сияқты элементтері бар тағы басқа өндірістік заттар жатады. Айта кету керек, адам организміне түсетін зиянды заттардың 70%-ы тамақ өнімдеріндегі пентициттер мен тыңайтқыштар нәтижесінде болады.

Пентицидтер-зиянды жәндіктердің (инсектицидтер), адам шөптерді (гербицидтер), саңырауқұлақтарды (фунгицидтер) және тағы басқа құртуға арналған адам өміріне қауіпті химиялық заттар. 40%-иесектицидтер, 40%-герицид, 15%-фунгицидтер, 10%-күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық зат құрайды.

6.5 Жер қыртысын қорғау

Жер қыртысын қорғау үшін төмендегідей шаралар қолданылады, өндіріс және қалдық қоймасы қолданылатын алаңның бет қыртысын бөлек алынады да жеке орынға орналастырылады. Кейін ол комбинаттың, қаланың, ауыл шаруашылық жұмыстарында қолданылады.

Өндірістік және қалдық қойманың құрылыс алаңы, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерде таңдалғандықтан, арныйы шараларды қажет етеді. Тастандылар құрамының тәуелділігі бойынша атмосфераны ластайтын заттардың кәсіпорынның қауіптілік категориясын (КҚК) анықтау.

Қорытынды

Қарастырылып отырған өнімділігі 1 млн.м3/жыл болатын газдарды бөлудегі метанизатор қондырғысын жобалау дипломдық жұмысының кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласының зор болашағы туралы баяндалаған.

Әдби шолу бөлімінде табиғи газдың құрамы, оларды өңдеу және өңдеуге дайындау, олардың негізгі физика-химиялық қасиеттері, көмірсутек газдарының құрамын анықтау тәсілдері туралы айтылған.

Дипломдық жобаның келесі тарауы технологиялық бөлімде газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы толық баяндалған. Сонымен қатар бұл бөлімде ректификация процесі сипатталады. Метанизатор қондырғысының технологиялық жүйесінің суреттемесі, технологиялық ағындардың барысы және процестің сатылары сипатталады. Қондырғының өнімділігін анықтау үшін материалдық баланс құрылған. Материалдық баланста кірген шикізаттар мөлшері, шыққан өнімдер мөлшері және процесс кезіндегі жоғалымдар ескерілген.

Технологиялық есептеу барысында қондырғының негізгі құрылғысы ректификациялық колонна есептелген. Сонымен қатар жылулық тепе-теңдік те есептелген.

Метанизатор қондырғысының негізгі құрылғысы ректификациялық колоннаның автоматтандырылуы және қандай жабдықтармен басқарылатын туралы мағлұматтар келтірілген.

Мұнай және газдарды өңдеу өнеркәсібінің кез-келген саласы белгілі мөлшерде қоршаған ортаға өз зиянын тигізеді. Сол зиянды заттардың (H2S, CO2,т.б) мөлшері, сонымен қатар атмосфераға тасталатын тастандылардың мөлшері қоршаған ортаны қорғау бөлімінде келтірілген. Еңбекті қорғау бөлімінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар туралы баяндалған. Бұдан басқа қарастырылып отырған жобада метанизатор қондырғысының өрт қауіпсіздігі туралы айтылған, яғни өртті болдырмау, оның алын алу жолдары және одан қорғану туралы мәліметтер келтірілген. Азаматтық қорғаныс шаралары негізінен келеңсіз жағдайларда қалай қимыл жасап, қиратылған жағдайда қалпына келтіру іс-әрекеттері жазылған. Сонымен қатар өндірістік санитария және жұмысшылар арасындағы психология туралы мағлұматтар баяндалған.

Жобаланып отырған қондырғының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері есептелген. Оның мәндері төмендегідей: өнім өндіру – 1000000 м3/жыл, мақсатты өнім шығару – 924400 м3/жыл, жалпы пайда – 28,5 млрд/тг , рентабельділік – 25,21%, өтелу мерзімі – 3,97 жыл, тиімділігі – 28% құрайды.

Ал дипломдық жобаның қорытындысында жобаланып отырған метанизатор қондырғысының техникалық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді екені айтылған.

68