- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Табиғи газ
- •1.2 Табиғи газдың құрамы
- •1.3 Табиғи газды өңдеу
- •1.4 Газдарды дайындау
- •1.5 Табиғи газдардың негізгі физика – химиялық қасиеттері
- •1.6 Мұнайдың химиялық құрамы
- •1.7 Көмірсутек газдарының құрамын анықтау әдістері
- •2.1 Ректификация процесінің негіздері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.2 Газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы
- •2.3 Газды төмен температурада бөлу. Салқындату және конденсациялау процестерінің басқару органдары
- •2.4 Турбодетандер және басқару құрылғылары
- •2.5 Көмірсутек конденсатының деметанизация және деэтанизация процестерінің басқару құрылғылары
- •2.6 Көмірсутек конденсатының деэтанизациясы мен газдарды төмен температурада бөлудің жұмыс блогы
- •2.7 Материалдық балансты есептеу
- •2.8 Жылулық балансты есептеу
- •2.9 Өндірісті есептеу
- •2.10 Реактификациялық колоннаны есептеу
- •2.11 Механикалық есептеу
- •3 Автоматтандыру бөлімі
- •3.1 Басқару және автоматика жүйесі
- •4.1 Микроклимат
- •4.2 Жарықтандыру
- •4.4 Технологиялық процесті жүргізу және құрал жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •4.5 Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
- •4.7 Азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •5.1 Өнім өндіруді есептеу
- •5.2 Ғимараттар құрылысынаң құнын анықтау
- •5.3 Еңбек және жалақы жөніндегі есептеулер
- •5.3.1 Жұмысшының жұмыс уақытың балансын анықтау
- •5.3.2 Жұмысшылар санын есептеу
- •5.3.3 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •5.3.4 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
- •5.4 Пайда мен рентабельділікті есептеу
- •6 Қоршаған ортаны қорғау
- •6.1 Қоршаған ортаны ластау көздері
- •6.2 Ағын суды тазалау
- •6.3 Су қоймаларының ластануы
- •6.4 Топырақтың ластануы
- •6.5 Жер қыртысын қорғау
- •Қорытынды
4.4 Технологиялық процесті жүргізу және құрал жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Қондырғының жобасы бойынша жұмыс аймақтарының ауасына жұмыс істеушілерген зиянды әсер ететін көлемде зиянды газдар мен буларды бөлу қарастырылған МEСТ 12.01.005-78 бойынша зиянды заттардың жұмыс аймағында, бөлмелерде және ашық алаңдардағы шекті концентрациясы бекітілген.
Күкіртсутек және механизатор қондырғысының өнімдері уытты болып табылады, сонымен қоса IV кластағы қауіпті заттарға жатады да, өкпенің шырышты қабығына өте зиянды әсер береді. Сұйық өніммен тікелей жанасқанда тері аурулары, мысалы, экзема пайда болады. Қондырғыдағы температура немесе қысымның кілт ауытқуы немесе оның шекті мәнінен артып кетуі апатты жағдайға, соның салдарынан тұтануға, зиянды заттардың таралуына бөлмелер мен қондырғы территориясының газдануына әкеліп соғуы мүмкін. Қондырғыдағы қауіпсіз жұмыс біліктілікке және қондырғыда жұмыс істеушілердің тиянақты қызмет көрсетуіне, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын және технологиялық режимді қатаң сақтауға байланысты.
Жұмысқа арнайы дайындықтан өтіп, жұмыс орнына жіберілуге емтихан тапсырған және қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған кісілер жіберіледі.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқаулар мен қағидалар қондырғыларда болуы тиіс, оларды білуді және сақтауды қадағалап отыру қажет. Сонымен қатар, бақылау құралдарының жұмыс күйінде болуын жүйелі түрде тексеріп отыруы қажет.
4.5 Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
Жұмыс істеушілер арасындағы қолайлы психологиялық климат және көңіл-күйі көтерінкі болуы үшін жобаланушы қондырғыда бірқатар іс-шаралар қарастыру қажет. Мұндай шараларға қондырғының тек бөлмелерде ғана емес, мүмкіндігінше бүкіл өндірістік, әкімшілік, т.б. территорияларда тазалықты сақтау керек. Ішкі қондырғылардың бояуы көзді тітіркендірмеуі тиіс, яғни ұсынылатын көк, жасыл, сары немесе ақшыл түстес бояуларды қолданған дұрыс. Адамдар жұмыс істейтін немесе демалатын бөлмелерді көгалдандыруға баса назар аудару қажет. Қондырғы территориясындағы мүмкін болған жерлерді көгалдандыру эстетикалық келбет береді. Мәселен, темекі шегілетін орын алдын ала таңдалынып алынған, өндірістік қондырғылардан аластатылған жерде орналасып, мүмкіндігінше таза, оқшауланған болуы және негізгі демалыс орындарынан бөлек тұруы тиіс. Зауыт территориясында (әкімшілік ғимараттарда) құрмет тақтасының орнатылғаны дұрыс деп саналады. Хабарландыру, құттықтау, сөгіс жариялау тақталарының болуы шарт.
4.6 Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі нысанның белгіленген ықтималдықта өрт болуына және оның өршуіне жол бермейтін, адамдарды өрттің қауіпті жағдайларынан сақтайтын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететін жай-күйін білдіреді.
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, өрт қызметін тікелей басқару Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлары жөніндегі министірлігіне жүктелген. Министрлік өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік өкілеттілігі бар, Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады. Оның ведомостволық қарасты аумақтық органдары бар. Ол өрт саласында мемлекеттік бірыңғай саясатты және ведомстволық мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, сала аралық үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министірлігі өрт қауіпсіздігі бойынша:
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік бағдарламаның орындалуын және ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының құрамынад кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
нормативтерді, стандарттарды, ережелерді бекітеді және келіседі, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізеді;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалуын іске асырады;
өрт-қауіпсіздігі саласында ғылыми-зерттеу қызметін, білім насихаттауды, азаматтар мен мамандардың оқуын ұйымдастырады;
меншіктік түріне қарамай, ұйымдардың өртке қарсы қызмет бөлімдерінің өртпен күресу даярлығын және өрттің алдын алу бойынша жұмыстардың бақылауын жүзеге асырады;
өрт туралы және өрт қауіпсіздігін бұзулар бойынша істерді анықтауды ұйымдастырады;
өрт қауіпсіздігі саласында белгіленген тәртіпте лицензиялауды және сертификаттауды іске асырады;
Қазақстан Республикасының құрамына енбейтін министірліктерге, мемлекеттік комитеттерге және орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқару органдарына, ұйымарына, меншік түріне қарамай, бұйрық алған азаматтарға міндеттілік күші бар басқа да нормативтік актілер береді;
өрттерді сөндіруді қамтамасыз етеді және іске асырады;
өртке қарсы қызметтің басқа да түрлерінің жұмысын үйлестіреді;
кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеруін іске асырады.
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында меншік түріне қарамай, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттейді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан Республиксының Агенттігі 1999 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Өрт Қауіпсіздігі ережелерін бекітті. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын белгілейді және барлық мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өкілеттік және атқарушы органдарға, жергілікті басқару органдарына орындау үшін міндетті болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші нысандардың өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.004.-91 «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» мемлекеттік стандартымен, сондай-ақ жекелеген насандардағы өрт қауіпсіздігінің ережелерімен, құрылыстық нормалармен реттеледі.
Өртті болдырмау мақсатында келесі шаралар қарастырылады:
- жанған ортаның пайда болуын болдырмау;
- жанған ортада жану көздерін немесе олардың онда келтірілуін болдырмау;
- жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын және температурасын азайту.
Өрт қорғаныс жүйелері келесі шараларды қарастырады:
- өндірістік процестерде жанбайтын немесе жануы қиын заттар мен материалдарды мүмкіндігінше мол пайдалану;
- жанғыш заттар санын шектеу және оларды лайықты түрде орналастыру;
- жанғыш ортаны оқшаулау;
- жану ошағы шегінен өрттің таралуын болдырмау;
- өрт сөндіру құралдарын қолдану;
- өндірістік нысандарда құрылымдарды олардың отқа төзімділігі және жану шегіне сәйкес қолдану;
- өрт жағдайында адамдарды көшіру;
- оттан ұжымдық және дербес қорғаныс құралдарын қолдану;
- өрт туралы хабарлау және өрт сигналдары құралдарын қолдану;
- нысанның өрт қызметін ұйымдастыру.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар жұмысшылар мен қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту, өрт қауіпті заттармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулар, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер әзірлеу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көрнекі үгіт құралдарын қолдану болып табылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды шара нысанның өрттен қорғауын ұйымдастыру болып табылады. Ол қорғалатын нысандардың өрттен алдын алу және жедел қорғауын қамтамасыз етеді.
Ауамен қатысында химиялық және биологиялық процестер нәтижесінде шымтезек, қоңыр көмір, ағаш ұнтақтары, майланған ескі-құсқы нәрселер өзінен-өзі қызуға ұшырайды, соның нәтижесінде тұтану болуы мүмкін. Ал бензин, керосин, минералды майлар басқа сырт көзден ыстық келгенде, тұтануы мүмкін. Ацетилен, метан, сутегі хлормен қоспасында күндізгі жарықта өзінен-өзі тұтанады.
Өзбетінен тұтану температурасына байланысты МЕСТ 12.1,011-78 бойынша жарылыс қауіпті және бу-ауа қоспалары алты топқа бөлінеді.
Т1 тобының қоспаларының өздігінен тұтану температурасы 4500С-дан жоғары, Т2-300-4500С аралығында, Т3 -200-3000С, Т4-135-2000С, Т5-100-1350С, Т6-85-1000С.
МЕСТ 12.1,011-78 БЭМЗ-ға сәйкес жарылыс қауіпті газ және бу-ауалы қоспалар екі категорияға бөлінеді: 1-категория – кен газы метан, 2-категория – өндірістік газ және булар. Мұнда соңғылар: 0,9мм-нен жоғары ПА- БЭМЗ-ға, 0,5-тен 0,9мм-ге дейін ПВ-БЭМЗ және 0,5-ке дейін ПС-БЭМЗ-ға бөлінеді.
Құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес (ҚНжЕ 11-90-81) өндірістік ғимараттар мен қоймалар, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша алты категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д, Е.
А категориясына ауада (жарылыс-өрт қауіпті өндірістер) 10% (көлемдік) және одан аз төменгі шек шоғырлануындағы жанғыш газдары және оталу температурасы 28 0С дейінгі сұйықтығы (егер аталған газдар мен сұйықтардан) бөлмедегі ауаның 5% көлемінен дәрежеде оттың таралу шегі тек қана ішкі қабырғаларда 40см-ден аспайды.
V дәрежеде ғимараттардың негізгі бөлігі отқа жанып кетеді.
