Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

4.7 Азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар

Бейбіт және соғыс жағдайларында төтенше жағдайларда каталитикалық крекинг қондырғысында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары. Стихиялы апат, бейбіт уақыттағы апатты жағдайлар, сондай-ақ соғыс уақытында қарсыластың массалық жою қаруларын қолданудан кейінгі пайда болатын төтенше жағдайлардың салдары арқилы болуы мүмкін.

Күйреу ошақтары немесе стихиялық апаттардың эпицентрлерінде құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстары – күйреу, өрт, атмосфераның улануы тәрізді күрделі жағдайларда жүреді. Құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстары адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету, апаттарды локализациялау және құтқару жұмыстарына зиянын тигізетін кедергілерді жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау болып табылады. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюға қатысатын қызметтердің дәл және тиімді жұмыс істеуі үшін және олады ұтымды басқару үшін мыналар ескеріледі: жұмыстардың сипаты мен көлемі, ғимараттардың жоспары мен құрылысы, қондырғының құрылғылары мен коммуникациялары. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының мәні әртүрлі болуы мүмкін, алайда олар бір мезгілде жүргізіледі [25].

Құтқару жұмыстарының негізгі мақсаттары құтқару құрамалардың қозғалу бағыттарына және жұмыс аймақтарына барлау жасау, обьектідегі өрттерді локализациялау және сөндіру, қираған үйінділерден зардап шеккендерді іздеу және оларды құтқару; қираған, күйреген қорғағыш құрылғылардан адамдарды құтқару.

Кезек күттірмейтін апатты құтқару жұмыстарының мақсаты: үйінділер арасынан көлік өтетін жолдарды тазалау; газ, энергетика және басқа да желілердегі апаттарды локализациялау; қирайын деп тұрған конструкцияларды бекіту немесе құлату.

Азаматтық қорғаныс құрамасы жұмыс істеушілерден құралады, қондырғының бастығы құраманың бастығы болып табылады, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде олардың жетекшісі болып табылады.

5 Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу

Бұл бөлімнің мақсаты метанизатор қондырғысының құрылысын жүргізудің экономикалық қажеттілігін анықтау болып табылады. Бұл үшін төмендегідей есептеулерді жүргіземіз:

- өнім өндіруді (өндірістік қуатты) есептеу;

- қондырғыны салуға кететін күрделі шығындарды есептеу;

- еңбек жалақы жөніндегі есептеулер;

- өнімнің өзіндік құнын есептеу;

- пайда мен тиімділікті (рентабельділікті) есептеу.

Бұдан соң жобаланатын қондырғының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін кестеге жинақтаймыз.

Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу технологиялық бөлім, өндірісті автоматтандыру, тіршілік қауіпсіздігі бөлімдерінің материалдарына сәйкес жүргізіледі.

5.1 Өнім өндіруді есептеу

Метанизатор қондырғысының өндірістік бағдарламасы бір жылға есептеледі. Есептеу үшін бастапқы мәліметтер қондырғының тәуліктік немесе сағаттық өнімділігі, шикізат пен өнімнің сапалық сипаттамасы, мақсатты өнімдрдің шығымы, құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі және тоқтап тұру нормалары болып табылады [26].

Негізгі құрал-жабдықтардың уақыт бірлігіндегі өнімділігі және өнімнің шығымы дипломдық жобаның технологиялық бөлміндегі материалдық тепе-теңдік негізінде алынады.

Қондырғының жұмыс уақытындағы тиімді қоры үздіксіз процесс үшін былайша анықталады:

мұндағы құрал-жабдықтар жұмысының тиімді қоры;

уақыттың күтізбелік (календарьлық) қоры;

құрал-жабдықтардың жөндеуде тұрған уақыты.

Метанизатор қондырғысының өнім өндіруінің жылдық жоспары – тәуліктік өнімділігінің құрла-жабдықтың жұмысының тиімді қорына көбейтіндісімен анықталады.

Өнім өндірудің есептеуін өнім өндіру жоспары түрінде кестеге енгіземіз. Онда шикізаттың жылдық және тәуліктік өңделу мөлшері мен пайыздық көрсеткіші келтірілген.