- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Табиғи газ
- •1.2 Табиғи газдың құрамы
- •1.3 Табиғи газды өңдеу
- •1.4 Газдарды дайындау
- •1.5 Табиғи газдардың негізгі физика – химиялық қасиеттері
- •1.6 Мұнайдың химиялық құрамы
- •1.7 Көмірсутек газдарының құрамын анықтау әдістері
- •2.1 Ректификация процесінің негіздері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.2 Газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы
- •2.3 Газды төмен температурада бөлу. Салқындату және конденсациялау процестерінің басқару органдары
- •2.4 Турбодетандер және басқару құрылғылары
- •2.5 Көмірсутек конденсатының деметанизация және деэтанизация процестерінің басқару құрылғылары
- •2.6 Көмірсутек конденсатының деэтанизациясы мен газдарды төмен температурада бөлудің жұмыс блогы
- •2.7 Материалдық балансты есептеу
- •2.8 Жылулық балансты есептеу
- •2.9 Өндірісті есептеу
- •2.10 Реактификациялық колоннаны есептеу
- •2.11 Механикалық есептеу
- •3 Автоматтандыру бөлімі
- •3.1 Басқару және автоматика жүйесі
- •4.1 Микроклимат
- •4.2 Жарықтандыру
- •4.4 Технологиялық процесті жүргізу және құрал жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •4.5 Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
- •4.7 Азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •5.1 Өнім өндіруді есептеу
- •5.2 Ғимараттар құрылысынаң құнын анықтау
- •5.3 Еңбек және жалақы жөніндегі есептеулер
- •5.3.1 Жұмысшының жұмыс уақытың балансын анықтау
- •5.3.2 Жұмысшылар санын есептеу
- •5.3.3 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •5.3.4 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
- •5.4 Пайда мен рентабельділікті есептеу
- •6 Қоршаған ортаны қорғау
- •6.1 Қоршаған ортаны ластау көздері
- •6.2 Ағын суды тазалау
- •6.3 Су қоймаларының ластануы
- •6.4 Топырақтың ластануы
- •6.5 Жер қыртысын қорғау
- •Қорытынды
2.4 Турбодетандер және басқару құрылғылары
Турбодетандер газды ұлғайтатын және бір баспалдақты компрессорлы іске қосатын агрегат болып табылады. Турбодетандердің және компрессордың дөңгелектері бірге орналасқан. Газдың ұлғаюы нәтижесінде оның ішкі энергиясы азаяды, сондықтан жай дроссельдегенде оның температурасы едәуір төмендейді. Турбодетандер блогының техникалық көрсеткіштері 8-кестеде көрсетілген.
8-кесте.
Төменде турбодетандер блогының техникалық көрсеткіштері келтірілген
Техникалық көрсеткіштері |
Детандер |
Компрессор |
Газдың молярлы массасы Абсолютті қысымы, МПа: кіргенде шыққанда Температура, 0С кіргенде шыққанда Газ шығыны,кг/сағ Айналу жиілігі,мин Қуаты,кВт Сұйықтың массалық мөлшері,% Буферлі газ шығыны,м3 /сағ Буферлі газдың абсолютті қысымы, МПа Буферлі газдың температурасы,0С |
17,11
5,6 2,672
-53,9 -80 107165 15 1249 7,1 435 3,16 4,4-51 |
17,28
2,496 2,85
34,4 46,4 168028 200 1204 - 380 2,95 - |
Төмен температуралы конденсацияның эксплуатациясы кезінде турбодетандер арқылы сеператордан шығатын салқындатылған газдың бүкіл ағыны өтпейді. Газдың бір бөлігі обводной клапан арқылы деметанизаторға жіберіледі. Ол жерде газдың дроссельденуі жүреді. Турбодетандерді осы клапан арқылы тоқтатсақ, онда барлық газ ағыны жіберіледі. Турбодетандер мен компрессордың жұмыс істеуі кезіндегі басты талап-нагнетания сызығындағы қысымды тұрақты ұстап тұру. Бұл қысым датчик PV-043 арқылы қабылданып, реттегішке PIC-043 беріледі. Қысымның тұрақты сақталуы детандер арқылы өтетін газ мөлшерімен жүзеге асады, сәйкесінше клапан PV-043A арқылы өтетін газ мөлшері өзгереді. Детандердің басқару құрылғылары дроссельдеуден детандирлеуге өту үшін қажет.
Компрессордың шығатын жеріндегі берілген қысымды қамтамасыз етіп тұратын реттегіштен PIC-043 келетін сигнал турбодетандердің басқару жүйесін іске қосады. Қысымды көтергенде клапан PV-043A жабылады да, одан кейін клапан PV-043В газдың детандерге кірер жеріндегі лапаткаларын жабады [12].
Қысымды төмендеткен кезде клапанның PV-043В көп бөлігі ашылады. Ол толық ашылған кезде клапан PV-043А ашылады. Регулятордағы PIC-043басқару сигналы реле бойымен өтеді, олардың қызметі турбодетандер қалақшалары және айналғыш клапан PV-043А басқарылуын қамтамасыз ету. Қалыпты жұмыс кезінде регулятордағы PIC-043 басқару сигналы селекторлы реледегі төмен сигнал PV-043В кірер жеріне келіп түседі. Сонымен қатар бұл реле қол регуляторынан келетін сигналды қабылдайды, оның максималды қабылдау сигналы 20 мА. Сондықтан реле PY-043 регулятордан PIC-043 келіп түсетін сигналды қабылдайды және бұл сигнал турбодетандердің PV-043B кірер жердегі қалақшаларын басқарып отырады. Регулятордың қалақшалары сигнал 4мА болғанда және сигнал 12мА болағанда ашық болады. Регулятордың PIC-043 басқару сигналы 4-12 мА диопазонында болғанға дейін турбодетандердің компрессорындағы айдау сызығының қысымы турбодетандердің PV-043В кірер жердегі қалақшаларының жағдайын реттеу арқылы өзгеріп отырады.
Сигнал бойынша генерирленеді; реледегі PY-043H 12мА сигнал төмен сигналды селекторлы релеге PY-043F келіп түседі, ол өз кезегінде PY-043H және HIC-043 релелерінен келетін сигналдардың төмендеуін тыңдайды. Соңғы сигнал қалыпты жұмыс кезінде 20мА болады. Ары қарай реле PY-043Ғ реледен PY-043H 12мА сигналды таңдайды да, оны кері релеге PY-043I береді. Бұл реле сигналды 9-кестеге сәйкес түрлендіреді.
9-кесте.
PY-043I релесінің сигналды түрлендіруі
Сигнал түрлері |
Мәндері |
||||
Кіретін сигнал,мА |
4 |
6 |
8 |
10 |
12 |
Шығатын сигнал,мА |
12 |
10 |
8 |
6 |
4 |
Қалыпты эксплутациялық жағдайда реледен PY-043I шығатын 4мА-ға тең ажырататын қосқыш реле арқылы келесі релеге PY-043Е кіретін сигнал ретінде келіп түседі. Қалыпты эксплуатациялық жағдайларда кіретін араластырғыш сигнал 4мА-ға тең. Реледен PY-043Е келетін сигнал соленоидты клапан PY-043В арқылы реттегіш клапанға PY-043А беріледі. Соңғысы басқарғыш сигнал 12мА-ға дейін көтерілгенше жабық тұрады (сигнал 20мА болған кезде клапан толығымен ашылады). Компрессордың айдау сызығында қысым түскен кезде регулятордағы PIC-043 басқарғыш сигнал жоғарылайды. Ол 12мА болған кезде клапан PV-043А ашыла бастайды.
