Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

2.2 Газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы

Қондырғыға шикізат газының екі ағыны келіп түседі: төменгі (0,002МПа) және жоғары (0,05МПа) қысымды. Төменгі қысымды Е-1 газ сеператордан өткеннен кейін Н-1 газтүрлегіште сығылады да, жоғары қысымды газбен араласуға жібереді. Араластырылған ағын сеператор Е-2 арқылы екі параллельді А және В компрессорлар тобы орнатылған компрессерлеу бөліміне жіберіледі. Әр топқа берілетін ағынның қосындысы 125000 м3/сағ тең (газ көлемі 0 0С температура және 0,1МПа қысымда алынған). Газ үш сатылы сығылудан өтеді: 1-сатысынан кейін 0,417МПа, 2-сатысынан кейін 1,34МПа, 3-сатысынан кейін 5,87МПа қысымға дейін сығылады. Сығылудың әр сатысынан кейін Х-1, Х-2, Х-3 газ ауалы тоңазытқыштарда Х-2, Х-4 салқындатылып, Е-3, Е-4 сеператорларға жіберіледі. Сұйық фаза (ылғал, сұйық көмірсутектер), механикалық қоспалар сұйық аккумуляторына бағытталады. Бұл аппараттағы су және механиклық қоспалар канализацияға лақтырылады, ал көмірсутектік конденсат насоспен мұнай құбырларына да, ол жерде мұнай скважиналарынан келіп түскен шикі мұнаймен араластырылады. Ол жерде – 90-100 0С –қа дейін кептіріледі және 1%-ға дейін күкіртсутектен тазартылады. Ал Е-5 сеператордағы көмірсутек конденсаты Н-2 насос және Е-6 фильтркоагулятор арқылы тазартуға және кептірілуге жіберіледі [10].

Газды кептіру жүйесі алты адсорберден тұрады (сызбанұсқада үшеуі көрсетілген), кез келген уақытта оның төртеуі газды кептіреді, бесіншісі регенерациялайды, алтыншысы салқындатады. Регенерация үшін кептірілген газдың бір бөлігін (12-13%) пайдаланады. Бұл газ алдымен адсорбер арқылы жіберіліп, сол жерде салқындатылады. Содан кейін П-1 қыздырғышқа келіп, 3290С температураға дейін қыздырылады. Газдың көп бөлігі адсорбер арқылы өтіп, сол жерде регенерацияланады. Ал аз бөлігі сұйық ағын К-1/1,2 дегидраторлары арқылы өтіп, дәл осы процесс жүзеге асады. Регенерацияланған ыстық газ адсорберлерден және ағын дегидраттарынан кейін Х-8 тоңазытқышқа және К-2 адсорберге келіп, моно – немесе диэтаноламин (МЭА немесе ДЭА) ерітіндісімен әрекеттеседі. Амин ерітіндісінің шығынын азайту үшін адсорбердің екі жоғары тарелкасында газды циркуляциялық сумен шаю қарастырылған, ол Н-4 насос арқылы жүзеге асырылады. ПК-1 пеш К-3 адсорберден келіп түсетін қышқыл газдарды жағу қызметін атқарады. Адсорбердің жоғары жағынан шыққан Н-3 газ газүрлегіште сығылады да, шикізат газымен араластыру үшін тоңазытқышқа Х-6 жіберіледі. Сызбанұсқада сонымен қатар Т-1 жылуалмастырғыш және Н-5, Н-6, Н-7 насостар көрсетілген.

Адсорбер – кептіргіштерден кейін Е-7 газ фильтірге бағытталады да, шаң және механикалық қоспалардан тазартылады. Фильтірден шыққан газ екі ағынға бөлінеді: бір ағын хладоагент пропанның булануы жүретін Х-8 тоңазытқыш және салқындатқыш орта ретінде бензинделген газ болатын рекуперативті Т-2, және Т-3 жылуалмастырғыштар арқылы өтіп, берілген температураға дейін салқындатылады. Екінші ағын алдымен Т-4 жылуалмастырғышта деэтанизатор шикізатының жартылай булануы және қыздыру нәтижесінде салқындатылады. Кейін Р-1 рибойлерде К-4 деметанизатордың төменгі тарелкаларынан келіп түсетін сұйық фазаның жартылай булануы және қыздыру нәтижесінде салқындатылады. Бұл ағынның екеуі де бөлек құбырлар арқылы температурасы -50-540С және қысымы 5,5МПа болатын салқындатылған газ Е-8 сеператорына келіп түседі. Бұл жерде қысым 5,5МПа-дан 2,5МПа –ға дейін түседі.

Температурасы -80-850С 2,5МПа қысым астындағы турбодетандердан шыққан газдың екі фазалы ағын К-4 деметанизатордың жоғары бөлігіне келіп түседі.

Е-8 сеператордағы сұйық газажыратқышқа ағылып, сол жерде қысым 2,6МПа-ға дейін төмендейді және сұйықтың жартылай булануы жүріп, нәтижесінде қалған көмірсутек конденсаты -750С температураға дейін салқындатылады. Газажыратқыштан шыққан К-4 деметанизатордың жоғары жағынан шыққан бензинделген газ ағынымен араласып, кейін біріккен ағын рекуперативиті Т-3 жылуалмастырғыштың құбыраралық бөлігіне бағытталады. Газажыратқаштағы қайтадан салқындатылған көмірсутек конденсаты К-4 деметанизатордың төртінші тарелкасына жіберіледі.

К-4 деметанизатор – тарелкалы ректификациялық колонна, ол метанның негізгі массасын сұйық фазадан ажырату үшін қолданылады. К-4 деметанизатор қалған метан, этанды ауалы Х-12 салқындатқыш арқылы, К-4 деэтанизатордың кубты бөлігінде жеңіл көмірсутек фракцияларын алу үшін қолданылады. К-1/1,2 дегидратордан кептірілген көмірсутек конденсаты колонна ағынына беріледі. Р-2 рибойлерге жылутасығыш ретінде ыстық май (дизотын), беріледі. Жоғарғы өнім буларының салқындатылуы мен конденсациясы және ажыратылуы пропанды Х-11 тоңазытқышта жүреді. Деэтанизаторлардың жұмыс істеу параметрлері 7-кестеде көрсетілген.

7-кесте.

Деэтанизаторлардың жұмыс істеу параметрлері

Параметрлер

Мәні

Жұмыс қысымы, МПа

Температура, 0С

төменгі

жоғарғы

3,3

-2+2

106-111

Ажырату ыдысындағы конденсирленбеген булар газ ағынына жіберіледі де, ол температурасы 340С және қысымы 2,3МПа болатын Т-2 жылуалмастырғыштың құбыраралық бөлігі арқылы Н-7 компрессорға келіп, 2,6 МПа қысымға дейін сығылады. Кейін ауалы Х-7 тоңазытқышта салқындатылады және магистралды газ құбырына жіберіледі.