Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед.окыту.ад.3кр. 14-15.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
979 Кб
Скачать
☆

2. Оқыту және кәсіби тәрбие.

Оқытумен бірге тәрбие процесі бірге жүзеге асырылады. Педагогика пәнін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімнің кәсіби тәрбиесін зерттеуге көп көңіл бөледі.

1. І курстықтар айлығы. Мақсаты – оқушыларды жоғарғы оқу орнымен таныстыру, оның дәстүрімен, оқ процеснің мазмұны, ұйымдастырылуымен таныстыру, студенттерге педагогикалық мамандығығы жайында түсінік беру.

2.Педагогикалық клубтар.

3.Ғылыми ұйымдар.

7Дәріс мазмұны: Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.

    1. Дидактика туралы жалпы түсінік.

1. Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.

Жоғары мектеп дидактикасы – жоғары мектепте жоғары білім беру және оқыту жайындағы ғылым.

Жоғары білім беру саласындағы дидактикалық зерттеулердің қажеттілігі қазіргі жоғары оқу орындарында (ЖОО) жинақталған проблемалардан туындайды. Олар:

  • ҚР-ның білім беру жүйесін реформалау;

  • ЖОО-ның кредиттік оқыту жүйесіне көшуі;

  • жаңа білім беру технологияларын құру;

  • педагогикалық құралдарды жетілдіру және т.б.

Жалпы дидактиканың зерттеулері жалпы білім беретін мектептерге бағытталған болса, жоғары мектеп дидактикасы мына проблемалардың шешімін ғылыми негіздеуге арналады:

  1. Жоғары білімнің спецификалық мақсаттарын негіздеу.

  2. Жоғары мектептің әлеуметтік қызметін негіздеу.

  3. Білім берудің мазмұнын негіздеу.

  4. Жоғары мектепте педагогикалық процесті құрудың және оқу әрекетін жүзеге асырудың тәсілдерін ғылыми негіздеу.

  5. Оқытудың тиімді жолдарын анықтау, оқытудың мазмұныны, әдістерін, формаларын, технологияларын таңдау.

8 дәріс мазмұны: Педагогиканыц оқыту пәні ретінде дамуы.

  1. Педагогиканыц оқыту пәні ретінде дамуы.

1922-1925 жылдары П. П. Блонский, А. П. Пинкевич, М. С. Гри- горьевский, В. Я. Струминский, М. Жұмабаев, А. Байтұрсыновтың кітаптары жарыққа шығады. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі сол кезеңде ана тілінде жазылған, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табьшады.

1927-1930 жылдары өткізілген педагогикалық пікірталастар педагогиканың дамуына өз үлесін қосты.

1931 жылы ең алғаш педагогикадан бағдарлама жасалады. Бағдарлама, оқулықтардың авторлары негізінен орта және жоғары мектеп оқытушылары болды.

1933 ж. педагогикалық техникум жэне педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізілді. Бағдарлама: 1) Кеңес педагогикасының мәні, маңызы және мақсаты; 2) халыққа білім беру жүйесі; 3) оқу жоспары және бағдарламалар; 4) политехникалык мектептегі оқыту әдістері; 5) мектептегі білім беру жұмысын ұйымдастыру формалары; 6) оқулықтар; 7) пэн; 8) мектептен тыс жұмыс; 9) педагог; 10) мектептің ұйымдастырушылық педагогикалык мәселелері, сияқты негізгі бөлімдерден тұрады.

Осы кезеңде оқулықтың теориясы қалыптаса бастады. 70 жылдың басында еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндер жэне педагогикалық практика жүйесінің жаңа түрі енгізілді. Бұл педагогика курсы: педагогикаға кіріспе, дидактика, тәрбие теориясы сияқты үш тарауға бөлінді.

Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастарын үш түрлі тұжырымдамаларға бөліп қарастыруға болады:

Бірінші бағыттың өкілдері - педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екенін жоққа шығарады.

Екінші бағыт өкілдері педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге бейімдеп қолданады деп көрсетеді. Педагогикаға бұл тұжырымдама тұрғысынан қарау педагогикалық тэжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас іргелі негіздерді қамтамасыз ете алмайды.

Үшінші бағыт тұжырымдамасының өкілі, ғалым В. В. Краевскийдің көзқарасына сәйкес педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.